Антиидиотиптер. Антиидиотиптiк тор. 1974 жылы Н.Ерне ашқан теория бойынша иммунитеттiң гуморалды факторлары
өзара және сәйкес клондардың иммунхабарлы жасушаларының антигентанушы
рецепторларымен әрекеттесетiн идиотиптер торын құрады. Иммунды жауаптың торлық
реттелу теориясын өндеген үшiн Н.Ерне 1986 жылы Нобель сыйлығына ие болған.
Теорияның негiзiне антигеннiң детерминантасына қарсы түзiлген антиденелердiң
активтiк
орталықтары
антиген
детерминанталарына
ұқсас
идиотиптi
иммуноглобулиндер синтезiн шақырады деген ұғым қойылған. Осындай идиотиптi
иммуноглобулиндер антиидиотиптер деп аталған, яғни иммуноглобулиндердiң ауыр
және жеңiл тiзбектерiнiң вариабелдi домендермен құралған антиденелердiң активтi
орталығы
өздерiне
қарсы
антиидиотиптер
синтезiн
шақыратын
антигендi
детерминанталары бар. Олардың активтi орталықтары иммуноглобулиндердiң синтезiн
шақырған активтi орталықтарына комплементарлы болады. Нәтижесiнде антигеннiң
енуiне қарсы түзiлген антиденелердiң активтi орталықтары аутоантиген болып
табылады.
Антиидиотиптi торлық теориясына сәйкес организмде тек антигенге сәйкес
антигентанушы рецепторлары бар лимфоциттер клондары ғана емес, сонымен қатар,
антигентанушы рецепторлардың өздерiне сай рецепторлары бар лимфоцит клондары да
кездеседi.
Нәтижесiнде иммунды жүйе дамыған, тұрақты өзара әрекеттесетiн динамикалық
идиотип-антиидиотип
торшасы
ретiнде
қызмет
атқарады.
Антигеннiң
енуi
динамикалық тұрақтылықты антигенге қарсы иммунды жауапқа қатысушы клон, қарай
ығыстырып, 1-реттiк антиидиотип түзiлуiн күшейтедi және 2-реттiк антиидиотип
түзiлуiн шақырады. Жаңа сапалық жағдай жаңа динамикалық тепе-теңдiктi анықтайды,
бірақ ол үшiн жаңа клондардың мөлшерлік ара-қатынасы қажет (6 сур.).