51
құрылымы жағынан әртүрлі болады. Аллотипиялық маркерлер
ауыр және
жеңiл тiзбектердiң тұрақты аймақтарында анықталады. Ig аллотипін
сипаттайтын антигендік детерминанталарды аллотиптік деп атайды.
Анасында бар иммуноглобулиндердің аллотиптік
маркерлеріне қарсы
антиденелер бір жасқа дейінгі балаларда кездесуі мүмкін. Бұл антиденелер
балада жоқ иммуноглобулиндердің детерминанталарына қарсы бағытталған.
Антиденелердің пайда болуы балаға иммуноглобулиндер трансплацентарлы
түрінде берілуіне байланысты. Туыла салысымен,
балада антиаллотиптік
антиденелер синтезделінуіне себепті баланың антенаталды кезеңінде қан
арқылы өтсе де, ананың иммуноглобулинынің аллотиптік детерминанталарына
төзімділік туылмауы.
«Идиотип» терминін алғашында Oudin (1966)
енгізген, ол
антидененің
антигендік
дара
арнайылығын
көрсетеді.
Иммуноглобулиндердiң идиотиптік арнайылығын анықтаушы антигендік
детерминанталары
гетерогендік,
гомологиялық
және
аутологялық
антиденелер көмегімен анықталады.
Иммуноглобулиндер
идиотиптері
берілген
индивидуумдағы
В-
лимфоциттердiң
әр-бiр
клондары
синтездеген
түрлi
класс
иммуноглобулиндер молекулаларының антигендік айырмашылықтары
көрсете алады. Ол антигендік айырмашылықтар жеңіл және ауыр
тізбектердің гипервариабелдік домендерінің өзгеше аминқышқылдық
құрамымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: