62
Комплементтің нәруыздарын ағзаның көптеген жасушалары өндіреді:
гепатоциттер, моноциттер, макрофагтар, ішектің эпителиі, бүйрек түтікшелері,
эндотелий жасушалары, фибробласттар және т.б. Әртүрлі жасушалар
комплементтің
бір
немесе
бірнеше
компоненттерін өндіруі
мүмкін.
Комплементтің 90% артық нәруыздары бауырда түзіледі. Бауыр сарысулық С4
компонентінің негізгі көзі болып табылады, ал С1 компонентi басымырақ түрде
аш ішектің эпителиінде түзіледі.
Комплемент компоненттерінің түзілуінде басты рөлді макрофагтар
атқарады, мысалы, макрофагтар С1q, С4, С2, С3, С5 және С6 өндіреді. Осы
жағдай макрофагтар мен комплемент жүйесі арасында тығыз байланыс бар
екендігін көрсетеді.
Май тінінде пропердин жүйесінің D және B факторлары, сонымен қатар С3
компоненті түзіледі. Иммундық жауап кезінде С3 компонентінің лимфоидты
тіндермен жергілікті өндірілуі мүмкін. Қабыну алды цитокиндері (ИЛ-1, 6 и
IFN-γ) жедел фазалық нәруыздар қызметін атқаратын комплементтің көптеген
нәруыздарының түзілуін реттейді.
Комплемент нәруыздары тек қан сарысуында ғана емес, сонымен
қатар биологиялық сөлдер мен тіндік сұйықтықтарда да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: