Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу



Pdf көрінісі
бет33/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

 
13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу 
1. Осы Кодексте, еңбек немесе ұжымдық шартта, келісімдерде 
белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен, жылдармен, айлармен, 
апталармен 
немесе 
күндермен 
есептелетін 
уақыт 
кезеңінің 
аяқталуымен айқындалады. Мерзім басталуға тиіс оқиғаны көрсетумен 
де айқындалуы мүмкін. 
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзім жұмыс 
күндерімен есептеледі. 
3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің ағымы оқиғаның 
басталуы айқындалған, оқиға басталған күнтізбелік күннен кейінгі 
келесі күні басталады. 
4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетін мерзімдер 
соңғы жылдың, айдың, аптаның тиісті күндері аяқталады. Егер 
айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға келетін 
болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні аяқталады. Күнтізбелік 
апталармен немесе күндермен есептелетін мерзімге жұмыс күні емес 
күндер де қосылады. 
5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзімнің соңғы күні 
жұмыс күні емес күнге келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні 
мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі. 


69 
 
14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын 
бұзғаны үшін жауаптылық 
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі 
тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта 
болады. 
 
2-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ 
 
4-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ 
24-бап. Еңбек шартының нысанасы 
Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) 
жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға 
міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек 
функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан 
Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге 
де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс 
берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, 
жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге 
міндеттенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет