71
холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық
даму институттарында, дауыс беретiн акцияларының (қатысу
үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздеріне тиесiлi олардың еншiлес
ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу
үлестерiнiң) елу пайызынан астамы аталған еншiлес ұйымдарға тиесiлi
заңды тұлғаларды қоспағанда, бір жыл бойы коммерциялық ұйымға
аталған адамды;
2)
шаруашылық
жүргізу
құқығындағы
мемлекеттік
кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму
институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға,
сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын
орындаумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық
қылмыс жасаған адамды;
3) кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу
және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене
шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік
қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам
өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың
денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа
қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе
террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе
болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған
(Қазақстан
Республикасы
Қылмыстық-процестік
кодексінің 35-
бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға
қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда)
адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді;
4)
Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын
жұмыстардың тізіміне сәйкес әйелдерді ауыр жұмыстарға, еңбек
жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға;
5) Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр
жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті
жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа
орналастыруға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: