90
1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыскерге жұмысқа
орналасуға не шетелдік жұмыс күшін тартуға
арналған рұқсаттарды
кері қайтарып алған не тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімі өткен
кезде;
2) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға еңбек қатынастарын
жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазаға сотталған сот үкімі
заңды күшіне енген кезде;
3) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған
жағдайда, сондай-ақ сот жұмыскерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны
қайтыс болды деп жариялаған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған
жағдайда;
4) сот жұмыскерді әрекетке қабілетсіз
немесе әрекет қабілеті
шектеулі деп таныған, соның салдарынан жұмыскердің еңбек
қатынастарын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайда;
5) бұрын осы жұмысты атқарған
жұмыскер жұмысына қайта
алынған жағдайда;
6) жұмыскер мерзімді әскери қызметке, құқық қорғау және
арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке шақырылған (кірген)
кезде
жұмыскер тиісті құжатты үш күн мерзімнен кешіктірмей ұсынған
күннен бастап тоқтатылуға тиіс.
2. Сот үкімінің немесе шешімінің заңды күшіне енген күні,
жұмыскердің немесе жұмыс беруші жеке тұлғаның қайтыс болған күні
осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген
негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады.
58-бап. Еңбек шартын жұмыскер еңбек қатынастарын
жалғастырудан бас тартқан кезде тоқтату негіздері
1. Жұмыскермен еңбек шарты
жұмыскер еңбек қатынастарын
жалғастырудан бас тартқан кезде:
1) жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа
ауысудан бас тартқан;
2) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер
жұмысты жалғастырудан бас тартқан;
3) еңбек міндеттерін орындауға байланысты
өндірістік жарақат
алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске
байланысты емес өзге де зақым келген кезде жұмыскер денсаулық
жағдайына байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан
жағдайларда тоқтатылуға жатады.
2. Жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде
бас тартқан кезде не жұмыскердің жазбаша
бас тартуының жоқтығы
туралы акт болған кезде еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі.
3. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі (оның ішінде
жүктілігіне және босануына байланысты) және демалысы кезеңінде
91
осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша еңбек шартын
тоқтатуға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: