Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары



Pdf көрінісі
бет73/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

184-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары 
1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) 
құрылысы жағынан өздерінің функционалдық мақсатына және еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болуға тиіс. 
2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік 
нормаларына сәйкес келуге, онда тиісті техникалық паспорттары 
(сертификат), ескерту белгілері болуға және жұмыскерлердің жұмыс 
орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен 
немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс. 
3. Авариялық жолдар мен жұмыскерлердің үй-жайдан шығатын 
жолдар белгіленуге, бос болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа 
шығаруға тиіс. 
4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс 
орындары жұмыстың сипатына қарай жұмыскерге қауіп-қатер 
төндіретін немесе құлайтын заттар бар қауіпті аймақтарда болса, онда 
мұндай орындар бұл аймақтарға бөгде адамдардың кіруін бөгейтін 
құрылғыларымен жабдықталуға тиіс. 
Жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары ұйымның 
аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға тиіс. 
5. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайдағы температура, жарық, 
сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде санитариялық-
эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуға тиіс. 


120 
185-бап. Жұмыскерлерді міндетті медициналық қарап-тексеру 
1. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды 
және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік 
медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізуді 
меншікті қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті. 
2. 
Қаупі 
жоғары 
жұмыстарда, 
машиналармен 
және 
механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін жұмыскерлер 
ауысым 
алдындағы 
және 
ауысымнан 
кейінгі 
медициналық 
куәландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі 
медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет