134
Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы
акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді
тоқтату туралы қаулы;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы;
5) мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер
мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы еңбек
заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал етудің құқықтық
шаралары болып табылады. Актілер екі данада жасалады, оның біреуі
қол қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады.
3. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері лауазымды
адамдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: