Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және



Pdf көрінісі
бет69/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

158-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және 
тараптардың жауаптылығы 
1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады. 
2. Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, ол 
қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптардың орындауы 
үшін міндетті болады. 
3. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың 
атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым жұмыскерлеріне және оған 
қосылған жұмыскерлерге қолданылады. Қосылу тәртібі мен шарттары 
ұжымдық шартта айқындалады. 
4. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық 
шарттың қолданылуы барлық жұмыскерлермен еңбек шарттары 
тоқтатылған күннен бастап тоқтатылады. 
5. Тараптар өкілдерінің ұжымдық шарт жасасу, өзгерту, 
толықтыру жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтаруы немесе 
ұжымдық шарт жасасудан негізсіз бас тартуы, келіссөздер жүргізу 
мерзімдерін бұзуы және тиісті комиссияның жұмысын қамтамасыз 
етпеуі, келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарт ережелерінің 
сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты бермеуі, 
сол сияқты оның талаптарын бұзуы немесе орындамауы Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 
4-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 
17-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 
179-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
мемлекеттік реттеу 
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік 
реттеу: 
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік 
қадағалауды, бақылауды және оған мониторингті; 
2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау 
саласындағы 
нормативтік-құқықтық 
актілерін 
және 
нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді және қабылдауды; 
3) еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды 
жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және 
ендіру, жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғау жөніндегі қызметті 
экономикалық ынталандыру жүйелерін құруды және іске асыруды; 
4) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік, ішкі 
бақылаудың тиімділігін арттыруды; 


114 
5) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау бойынша 
озық отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми 
зерттеулер жүргізуді; 
6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан және 
кәсіптік аурулардан зардап шеккен жұмыскерлердің, сондай-ақ 
олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауды; 
7) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі 
заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды және (немесе) 
қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін кепілдіктер мен өтемақылар 
белгілеуді; 
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды 
даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды; 
9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және 
кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуді; 
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай 
ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді; 
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
халықаралық ынтымақтастықты қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет