Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


Зерттеудің қорғауға ұсынылатын қағидалары



Pdf көрінісі
бет10/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70
Байланысты:


Зерттеудің қорғауға ұсынылатын қағидалары 
1.Метапән – теориялық ойлау және әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру 
тәсілі, дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру құралы. Метапәндік 
тұрғыда оқыту – оқушының пәндер аясында әмбебап оқу әрекеттері арқылы 
қалыптасқан метапәндік нәтижелерді өз тәжірибесінде бекіту үдерісі. Бастауыш 
білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту барысында метапәндік 
нәтижелері қалыптасқан оқушы – бұл мазмұндық, реттеушілік, когнитивтілік 
құрамдас бөліктерге сәйкес теориялық ойлауы жетілген, ақпаратты қайта өңдеу 
дағдылары қалыптасқан, сыни және шығармашыл ойлайтын, реттеушілік 
біліктерін игерген оқыту үдерісінің субъектісі. 
2.Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту оқушылардың 
әмбебап оқу біліктерін, әртүрлі ақпарат түрлерін сақтау және алмасу үшін түрлі 
ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын қолдану біліктері 
мен дағдыларының кең спектрін меңгеруге, зерттеушілік әрекеттің негізгі 
дағдыларын, мұғалімдер, сыныптастары, ата-аналарымен белсенді әрекетке 
және қарым-қатынасқа түсу негіздерін игеруге мүмкіндік береді;
3.Бастауыш 
білім беру пәндерін метапәндік тұрыда оқытудың 
құрылымдық-мазмұндық моделі өзара тығыз байланыстағы мотивациялық-
мазмұндық, танымдық, диагностикалық-нәтижелік құрамдас бөліктерінің 
бірлігін, соларға сәйкес мақсат-міндеттері мен әдіснамалық тұғырларды; 


13 
метапәндік тұрғыдан оқыту үдерісінің мазмұнын, өлшемдер мен көрсеткіштерді 
қарастырады;
4.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту мынадай 
педагогикалық шарттарды сақтаумен қамтамасыздандырылады: әлемдік 
тәжірибені зерделеу және басшылыққа алу; бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыдан оқытуды ұйымдастыруда пәндерді кіріктірудің 
ұстанымдарын жүйеге түсіру; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін 
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуға даярлау. 
5.Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту арнайы 
әдістемені, метапәндік тапсырмаларды, ұтымды әдістерді, жаңа технологиялық 
оқыту құралдарын қолданғанда нәтижелі болады. Метапәндік нәтижелерді 
қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін орындау барысында 
оқушылардың теориялық ойлау мен іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін қолдану 
оқушы санасында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз 
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет