Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет9/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70
Байланысты:


Зерттеу әдістері: теориялық (философиялық, психологиялық және 
педагогикалық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, озық іс-тәжірибелерді 
жинақтау, қорытындылау, салыстыру, жіктеу, нақтылау, нәтижелерді жобалау, 
модельдеу); эмпирикалық (сауалнама жүргізу, диагностикалау, бақылау); 
математикалық және статистикалық (алынған нәтижелерді математикалық-
статистикалық өңдеу, мониторинг, сараптау). 
Зepттeу бaзacы: Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Алматы қаласы Білім 
басқармасының «№76 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік 
мекемесінің бастауыш сыныптарында жүргізілді. Тәжірибеге барлығы
122 оқушы қатысты, оның 59 оқушысы эксперимент сыныбы және
63 оқушысы бақылау сыныбы ретінде алынды. 


12 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі 
– бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту теориялық-
әдіснамалық тұрғыдан негізделді; 
– «метапән», «метапәндік тұрғыда оқыту» ұғымдарының мәні, құрылымы 
және мазмұны айқындалды; 
– бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың 
құрылымдық-мазмұндық 
моделі 
жасалып, компоненттері, өлшемдері
көрсеткіштері, деңгейлері анықталды; 
– бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі 
әзірленіп, тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жағдайында дәйектелді
ұсыныстар берілді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы 
1.Бастауыш сыныпқа арналған «Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік 
тұрғыда оқыту әдістемесі» әзірленді. 
2.Бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
метапәндік 
нәтижелерін 
қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесі жасалды. 
3.Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлау мақсатында «Бастауыш білім берудегі 
метапәндік 
тәсілдеме» 
тақырыбындағы 
арнайы 
курс 
бағдарламасы 
дайындалды. 
Зерттеу нәтижелерін жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш 
сыныбында, жоғары және орта арнаулы педагогикалық оқу орындарында
бастауыш сынып мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау 
институты тәжірибесінде пайдалануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет