Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


Мәселенің ғылымда қарастырылу деңгейі



Pdf көрінісі
бет6/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:


Мәселенің ғылымда қарастырылу деңгейі. Адам санасында әлемнің 
бейнесін тұтастықта тануы, алған білімін өз тәжірибесінде қолдануы мәселесі 
ерте замандардан бері адамзат баласының алдында тұрған міндеттердің 
бастысы, жеке тұлға қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі болған және 
оған барлық тарихи кезеңдерде философтар, психологтер, педагогтер, сондай-
ақ басқа да сала ғалымдары үлес қосқан.
Зерттеу барысында метапәннің негізі болып табылатын ойлау үдерісін 
ғылыми түрде зерттеу классикалық философия өкілдері И. Кант [3], Аристотель 
[4], Гераклит [5], Платон [6] т.б. еңбектерінде танымның ерекше түрі, адамның 
өзінің ақыл-ой әрекетін сыртқы әлем сияқты тануы, өзін-өзі іздеуі, ойлау 
туралы ойлау, сананың жаңа (сараптамалық) жағдайы білім туралы ойлау 
ретінде, ал ұлы ғұламаларымыз әл-Фараби [7], А. Яссауи [8], Ж. Баласағұн [9], 
Х. Дулати [10], М. Қашқари [11], А. Құнанбаев [12] адамның өзін-өзі тануы 
және нені білгісі келетінін ұғынуы, әрбір ісіне қорытынды жасап, өкінбей өмір 
сүру үшін жасайтын ой әрекеті тұрғысынан қарастырылғандығы анықталды. 
Оқу 
үдерісінің 
тұтастығын 
қамтамасыз 
ету 
үшін 
пәнаралық 
байланыстарды анықтаудың маңыздылығын Я.А. Коменский [13], Д. Локк [14], 
И.Г. Песталоцци [15], К.Д. Ушинский [16] оқытудың жүйелілігі мәселесенің 
бөлігі ретінде қарастырған. 
Білім мазмұнын, оқыту әдістерін интеграциялаудың психологиялық, 
дидактикалық астарларын М.Н. Скаткин [17], Г.И. Шукин [18], В.В. Давыдов 
[19], П.Я. Гальперин [20], Д.Б. Эльконин [21], В.Н. Максимова [22],
И.П. Павлов [23], Д.Б. Занков [24] және т.б. еңбектерінде зерделенеді. 
Отандық психология саласының ғалымдары Ж. Аймауытов [25], М. 
Мұқанов [26], Т. Тәжібаев [27], Ә. Алдамұратов [28], Қ. Жарықбаев [29],
С. Қалиев [30], К.С. Жұмасова [31] және т.б. тұлғаны дамытуды оқыту 
барысында балалардың таным үдерістерін дамыту мәселелері психологиясы 
шеңберінде әр қырынан талдайды. 
Білім мазмұнын интеграциялаудың әртүрлі мәселелері:



– кешенді-интеграциялап оқытуды білім мазмұны дамуының бағыты, 
оқыту үдерісі К.Ж. Жүнісова [32], Ж.А. Қараев [33], Т.Қ. Оспанов [34],
Н. Жапанбаева [35], бастауыш сынып білім беру интеграциясы Т.С. Сабыров 
[36], Р.М. Қоянбаев [37], Р.К. Бекмағамбетова [38], Қ.Т. Ыбраимжанов [39], 
Ә.М. Мұханбетжанова [40] секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған; 
– бастауыш сынып оқу үдерісіндегі пәнаралық кіріктіру мәселесі
Т.Б. Байназарова [41], Г.Х. Сарсенбаева [42], Г. Шолпанкулова [43] 
еңбектерінде зерделенген; 
– бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау, танымдық, 
шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын К. Бозжанова [44],
Б.А. Тұрғынбаева [45], М.И. Махмутов [46], А.М. Нұрбекова [47],
Ж.А. Жусупова [48] секілді ғалымдар жан-жақты зерттеп, өздерінің қомақты 
үлестерін қосқан. 
Сонымен қатар ғылым терминологиясына «метапән» ұғымының еніп, 
метапәндік мазмұн аясында жүргізілген зерттеулердің 1980 жылдардан бастау 
алуы; «метапәндік» ұғымының терең және ұзақ тарихына қарамастан, қазіргі 
кезге дейін оның педагогикадағы бірыңғай түсініктемесінің жоқтығы және оны 
әртүрлі ғылыми мектептердің алуан түрлі түсіндіретіні; Ресей педагогикасында 
метапәндік тәсілдеме салыстырмалы түрде ХХ ғасырдың соңында
Ю.В. Громыко [49], А.В. Хуторской [50], А.Г. Асмолов [51], Н.В. Громыко [52], 
М.В. Половкова [53] еңбектерінде қарастырылуы және ғалымдардың 
еңбектеріндегі білім алушылардың білім нәтижелерін жаңа – «метапәндік» 
өлшеуге көшіру бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту 
мәселесінің арнайы зерттеу нысанына алынбағандығын көрсетті. 
Дегенмен жоғарыда зерделенген ғылыми еңбектерде бастауыш білім беру 
пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың арнайы қарастырылмауы біз зерттеп 
отырған мәселенің ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда әлі де болса 
жеткілікті дәрежеде шешімін таппай отырғандығын дәлелдейді. 
Оған қоса:
– метапәндік оқыту негізінде жүзеге асырылатын оқу әрекетін 
қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруге деген қоғамдық сұраныс пен 
бұл бағыттағы бастауыш сынып оқушыларының қабілеттілігі мен дайындығын 
анықтау және оны шешуге педагогтер дайындығының жеткіліксіздігі арасында;
– қазіргі қоғамның талаптарына сай бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқытуды теориялық тұрғыда негіздеу мен оны тәжірибеде 
жүзеге асырудың мазмұны мен әдістемесінің жеткілікті дәрежеде жасалмауы 
арасында қарама-қайшылықтардың бар екендігін көрсетеді. 
Көрсетілген қарама-қайшылықтан туындаған мәселелерді теориялық 
негіздеу мен оның тиімділігін тәжірибелік-экспериментте тексеру зерттеудің 
проблемасын айқындады және бізге диссертациялық жұмыстың тақырыбын 
«Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту» деп таңдап алуға 
негіз болды. 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет