223
дайындалатын салыстырмалы түрде жаңа материал. Плиталар ағаш үйлердің
қоршау конструкциялары, еден элементері және басқа да құрылыс бӛлшектері
үшін қолдануға тағайындалған.
МемСТ 26816 – 86 сәйкес плиталарды физика-механикалық кӛрсеткіш-
терінің деңгейіне байланысты екі түрлі маркада шығарады: ЦСП-1 және ЦСП-2.
Плиталардың қалыңдығы 8...40 мм, ұзындығы 3200 және 3600 мм, ені 1200
және 1250 мм. Плиталардың тығыздығы 1100-ден 1400 кг/м
3
-ке дейін,
майыстыру кезіндегі беріктік шегі ЦСП-1 үшін 9...12МПа, ал ЦСП-2 үшін
7...9МПа құрайды. Плита қалыңдығы жоғарылаған сайын оның беріктігі
тӛмендейді.
Сонымен қатар, басқа да физика-химиялық кӛрсеткіштер
регламенттелген. Плиталарды шаршы метрмен ӛлшейді. Цементті-жоңқалы
плиталар суға, аязға, био және ӛрткетұрақты, улы емес, жақсы ӛңделеді.
Ксиолит. Бұл ағаш ұнтақтары немесе ағаш ұны мен магнезильді
байланыстырушыдан тұратын құрылыс материалы. Еденді жабу, қабырғаларды
қаптау үшін плита түрінде және басқа да мақсаттарда қолдануға арналған.
Ксиолит – тозуға тӛзімді, жанбайды,
суға тұрақты, жоғары беріктіктегі
материал.
Ұнтақталған сүректен жасалатын композициялық материалдардың басқа
түрлері мен оларды дайындау технологиясы нұсқаулықта баяндалған [12].
Достарыңызбен бөлісу: