222
диірменде уатылған отынға айналдырады. Бӛлшектердің ұзындығы 40 мм-ден,
қалыңдығы 5 мм-ден, ені 10 мм-ден артық емес.
Шикізат құрамында қабық,
қылқан жапырақтар, жалпақ жапырақтар үлесі 5% артық болмауы тиіс.
Сүректік тығыздағыш орнына ұнтақталған мақта сабағын, күріш сабанын,
зығыр және кендір діңшесін пайдалануға болады.
Байланыстырғыш ретінде портландцемент қолданылады. Байланысу
үрдісін және цементтің қатуын баяулататын, сонымен қатар, материалдың
беріктігін тӛмендететін суда ерігіш заттектердің әсерін тоқтату үшін арболиттік
массаға минирацлизаторларды енгізеді: хлорлы кальций, сұйық шыны және
әкпен қосылған күкіртқышқылды глинозем. Сонымен қатар, басқа да химиялық
қоспалар қосылады. Арболиттен құрылыс конструкцияларының элементтері,
панель қабырқалары, блоктар және т.б. алынады.
Арболит бұйымдары жылу оқшауланған
және конструкторлық-жылу
оқшауланған болып бӛлінеді, олар металл арматурамен жасаулы мүмкін.
МемСТ 19222-84 сәйкес жылу оқшауланған арболит 400-ден 500кг/м
3
-ке, ал
конструкторлық-жылу оқшауланған арболит 500-ден 800 кг/м
3
-ке дейін жететін
тығыздыққа ие. Беріктігі бойынша жылу оқшауланған арболит келесі
сыныптарға жіктеледі: В 0,35; В 0,75; В 1 (қысылуға беріктік шегі 0,5-тен
1,5МПа-ға дейін), ал конструкторлық-жылу оқшауланған арболит: В1,5; В 2; В
2,5; В 3,5 (қысылуға беріктік шегі 2,5-тен 5МПа-ға дейін). Жылу оқшауланған
арболиттің жылуӛткізгіш коэффициенті 0,08...0,095, ал конструкторлықта
0,105...0,17Вт/м
0
С.
Арболит био, аязға және ӛртке тұрақты, жақсы дыбыс және жылуоқшаулау
қасиеттеріне ие, шегелерді ұстап тұрады. Әсіресе арболитті ауылдық жерлерде
аз қабатты ғимараттардың құрылысында пайдалану тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: