Рылыс академиясы


Сҥрек және қабық пиролизі



Pdf көрінісі
бет22/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   149
Сҥрек және қабық пиролизі. Ауаның қатынасуынсыз сүректі қыздыру 
кезінде (құрғақ айдау) судың шығыны орын алады (120...150
0
С температура 
кезінде) және сүректің бірен-саран ыдырауы жүреді (150...275
0
С кезінде). Сүрек 
заттектерінің негізгі ыдырау реакциясы 275...450
0
С температурада жылудың 
кӛп мӛлшерде бӛлінуімен қатар жүреді. Пиролиздің соңғы кезеңі 450...550
0
С 
кезінде қосымша жылуды сырттан беру арқылы жүреді. Пиролиздің 
нәтижесінде кӛмір, қоймалжың сұйықтық және газ қалыптасады. 
Ӛзінен кейін аз күл қалуымен, зиянды қоспалардың толықтай жоқ 
болуымен, жоғары сорбциялық қабілетке ие болуымен ерекшелетін, ағаш 
кӛмірі жартылай ӛткізгіштердің, күкіртті кӛміртек ӛндірісі үшін, ӛндірістік 
ерітінділер мен ағын суларды тазалау үшін және басқа да кӛптеген мақсаттарда 
пайдаланылады. Ағаш кӛмірді отын етіп жағу кезінде оны негізгі ӛнім ретінде 
алады. 
Қоймалжың сұйықтық – тұнба кезінде екі қабат: жоғарғы – су қабаты 
және тӛменгі – шайыр қабаты қалыптасатын ыдыраған сүрек ӛнімдерінің 
ерітіндісі. Шикі қоймалжың сұйықтықта тұндырылған және ерітілген 
шайырдан бензинді тотықсыздандырғыш, антисептиктерді (креозот) басқа да 
ӛнімдер алынады. Қоймалжың сұйықтықтың сулы қабатынан сірке қышқылын, 
метил спиртін, ацетон және басқа да еріткіштерді бӛліп алады. Соңғы жылдары 
пиролиздің сұйық ӛнімдерін жанармай ретінде қолданады. 
Сүректің пиролизі кезінде қалыптасатын газдарды сүректің термиялық 
ыдырауы жүретін реторт-аппараттарды қыздыру үшін жанармай ретінде 
қолданады.
Сүрек және қабықтың пиролизі кезінде негізгі ӛнімдердің шығысы 2.1-
кестеде кӛрсетілген В.Н. Козловтың мәліметтері дәлелдегендей, ағаш тұқым-
дастығына тәуелді. Қабық құрғақ айдау кезінде сүрекке қарағанда шайыр, кӛмір 
мен газды кӛп береді, алайда сірке қышқылы мен метил спиртін аз бӛледі. 


44 
Қабық тозынан (қайың қабығының сыртқы бӛлігі) былғары, фармацевтикалық 
ӛндіріс үшін және басқа да қажеттіліктерді ӛтеуге қолданылатын қарамай 
алынады. 
Пиролиз және кӛмір жағу үшін қолданылатын дӛңгелек немесе шақпақ-
талған кесек отын түріндегі шикізатқа техникалық шарттар МемСТ 24260 
бойынша регламенттеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет