Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет20/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   149
Сілтілік әдістер тобына сульфатты және натронды әдістер жатады. Бүкіл 
әлемде ӛндірілетін целлюлозаның жартысынан кӛбі алынатынатын сульфатты 
әдіс кең қолданыс тапқан. Мұндай әдіс кезінде кез келген ағаш тұқымдас-
тарының сүректері пайдаланылуы мүмкін, соның ішінде жоғары шайырлы ағаш 
түрлері де (қарағай және т.б.). Ұсақталған сүрек жоңқалары құрамында 
күйдіргіш натр (NaOH) және 3 есе аз күкіртті натрий (Na
2
S) болатын ерітіндіде 
қайнатылады. Қайнату үрдісі 170...180
0
C температурада және 0,7...1,2МПа 
қысымда 2...5 сағ. жүргізіледі. Үрдіс аяқталғаннан кейін қайнатылған ерітінді 
қара түске айналады және ол қара сілті деп аталады. Қара сілтіні буландырады, 
шығындардың орнын толтыру үшін Na
2
S натрий сульфатымен араластырады 
Na
2

4
және қатты қыздырады. Бұл кезде сілтінің органикалық бӛлігі жанып 
кетеді (жанармай ретінде пайдаланылады), ал минералды бӛлігі жаңа қайнату 
еріндісін – ақ сілтіні дайындау үшін қолданады. 
Басқа операциялар сульфитті целлюлозаны алу кезіндегі операциялармен 
бірдей. Жоғары сапалы целлюлозаны алу үшін гемицеллюлозаның кӛп бӛлігін 
жою мақсатында сүректі гидролизден ӛткізеді (буландырумен, сумен қайнату 
немесе басқа да әдістер арқылы). 
Сульфатты әдіс арқан ӛндірісіне немесе басқа да мақсаттарға қажет 
болатын әлдеқайда берік талшықтар алуға мүмкіндік береді. Бұл әдістің 
артықшылықтарының қатарына үрдісті қоршаған ортаның ластануын азайтатын 
тұйық сұлба бойынша (сілтіні регенерациялау жолымен) жүргізу мүмкіншілігі 
жатады. Целлюлозаны сульфатты ӛндіру кезінде скипидар алынады және 
суытылған сілтінің беткі қабатынан сульфатты сабынды түсіріп алады, ол 
шаруашылықта қолданылатын сабынды, кендір майын, жағармайларды, жуғыш 
заттарды, эмульгаторларды және т.б. ӛндіру кезінде пайдаланылады. 
Сульфатты-целлюлозалы ӛндірістің гидролизатынан азықтық ашытқыштарды 
да алуға болады. 
Целлюлозаны алудың натронды әдісі реагент ретінді күйдіргіш натрды 
пайдалануға негізделген; сілтінің шығындары соданы қосумен толықтырылады. 
Бұл әдіс ең алдымен жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректерін ӛңдеу 
кезінде салыстырмалы аз қолданыс тапқан. 
Жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректерінен целлюлозаны алу үшін 
бейтарап әдіс қолданылады, бұл әдіс кезінде қайнату ерітіндісінің құрамында 


40 
натрий сульфиті Na
2

3
немесе аммоний сульфиті (NН
4
)
2

3
болады және 
бейтарап реакцияға жақын реакция орындалады. Бұл әдісті кӛбінесе моно-
сульфитті немесе бейтарап-сульфитті әдіс деп атайды. Қайнату үрдісі периодты 
немесе үздіксіз әрекет қазандықтарында соңғы температурасы 160...180
0
С және 
қысымы 0,65...1,25МПа тең болып 0,2...6 сағ. уақыт аралығында жүреді. Осы 
әдіс арқылы қосалқы заттардың кӛп мӛлшері бар целлюлоза алынады. Негізгі 
кемшілігі – қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректерін пайдалануға 
мүмкіндіктің болмауы. Моносульфитті сілтілер утилизациясының тиімді 
ӛндірістік әдістері әлі де болса табылмай отыр. 
Целлюлозаны алудың барлық ӛндірістік әдістері үшін қандай да бір 
болмасын шамада қоршаған ортаны күкірт байланыстарымен ластайтын 
қалдықтардың туындауы тән. Сондықтан, целлюлозаның күкіртсіз технология-
ларын жобалау ерекше маңызды болып табылады, мысалы, мұнай немесе тас 
кӛмір шикізатынан алынатын антрахинонды пайдалану арқылы. 
Ӛндіріс орындары техникалық целлюлозаны шикізаттан әр түрлі мӛлшер-
дегі ӛнімнің алынуымен шығарады. Қарапайым шығарылымдағы целлюлоза 
(шикізат массасының 40...50%) қағаз ӛндірісінде және бірқатар химиялық 
ӛндіріс салаларында кең қолданыс тапқан. Құрамында лигниннің, геми-
целлюлоза мен басқада заттардың кӛп мӛлшері бар жоғары шығарылымдағы 
целлюлоза (50...60%) қайнату ұзақтығының қысқартылған уақытында және 
тӛмен температуралы үрдіс кезінде алынады. Бұл ӛнімді әр түрлі картон мен 
қағаз ӛндіріс үшін қолданады. Жартылай целлюлозаны – құрамында целлюлоза 
емес заттардың едәуір кӛп мӛлшері болатын талшықты жартылай фабрикатын 
(шығарылым 60...80%) – шикізатты тереңдетілмеген химиялық ӛңдеу жолымен 
және кезекті ұсақтаудан ӛткізу арқылы алады. Жартылай целлюлоза жәшік 
жасау кезінде қолданылатын және басқада картон түрлерінің ӛндірісінде, 
сонымен қатар, тӛмен сортты қағаздардың ӛндірісі үшін пайдаланылады.
Талшықты жартылай фабрикаттардың айтарлықтай кӛп шығарылымын 
қағаз және картон ӛндірістерінде пайдаланылатын сүректік масса түрінде алуға 
болады. Сүректі ұсақтау тәсілі бойынша дифебрерлік сүректік масса (ДСМ) 
және рафирерлік сүректік масса (РСМ) түрлерін ажыратады. Бірінші тәсіл 
кезінде баланстарды дефибрерлерде тез айналатын тастың абразивті бетімен 
сулы ортада ұнтақтайды, екінші тәсіл кезінде жоңқаларды дискілі диірмендерде 
ұнтақтайды.
Алын-ала ӛңдеу жұмысының сипаты бойынша сүрек массасының бірнеше 
түрлерін ажыратады. Шырша, самырсын, кӛктерек, үйеңкі жоңқалары мен 
баланстарынан алынатын ақ сүрек массасы салыстырмалы аз беріктіктегі 
талшықтарға, табиғи түсті сүрекке ие; шығарылым 95...96%. Оның целлюлоза-
мен байланысы қағаз түрлерінің жаппай ӛндірісінде қолданылады. 
Егер ұнтақтау алдында барлық ағаш тұқымдастарының сүректерінен 
жасалған баланстарды алдын-ала буландырса, онда ұнтақтау үрдісі жеңілдейді, 
талшықтар едәуір берік болады, алайда қаралтым түсті болып келеді. Мұндай 
қоңыр сүректік масса қаптама қағаздары мен картон ӛндірісі үшін пайда-
ланылады. 


41 
Алдын-ала буландыру үрдісін жүргізу берік талшықтары бар және 
шығарылымы 90% болатын термомеханикалық сүректік массаны (ТММ) алуға 
мүмкіндік береді. Баланстар мен жоңқаларды алдын-ала химиялық ӛңдеу 
кезінде талшықтары жеткілікті беріктікте ие және шығарылымы 85...90% 
болатын химиялық сүректік массасын алады. Егер жоңқаны химиялық ӛңдеуден 
ғана емес, сонымен қатар, буландыру үрдісінен де ӛткізетін болса, химиялық-
термомеханикалық сүректік массаны алады. Талшықтарының беріктігі 
бойынша оның кӛрсеткіштері ТММ-ға қарағанда 2 есе жоғары; шығарылым 
80...90% құрайды. 
Туынды целлюлозалар басқаларға қарағанда кең қолданыс тапқан. 
Целлюлозаның 18...20% күйдіргіш натр ерітіндісімен әрекеттесуі кезінде 
сілтілік целлюлоза пайда болады, ол вискоз, одан кейін жасанды талшықтар 
және кейінірек жібек, штапель матасын алу үшін пайдаланылады. Әсіресе авто-
кӛліктік және авиациялық шиналардың қаңқасын, тасымалдау ленталарын және 
т.б. құраушы тіндерді жасауда қолданылатын ӛте берік визкоз арқан жіптері 
үлкен маңызға ие. Вискозадан целлофан және басқа да талшықты емес 
материалдар алынады.
Целлюлозаның азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесуінің 
нәтижесінде целлюлоза нитраттарын алады. Құрамында азоттың аз мӛлшері 
бар целлюлоза нитраттарының ерітінділері целлоид, кино және фото 
пленкаларының, нитро лак, нитро желім және басқа да ӛнімдердің ӛндірісі үшін 
қолдаланылады. Құрамында азоттың кӛп мӛлшері болатын целлюлоза 
нитраттарынан (пироксилин) түтінсіз дәріні дайындайды.
Целлюлозаның сірке ангидридімен катализаторлардың (күкірт немесе хлор 
қышқылы) және еріткіштердің (сірке қышқылы) қатынасуы кезіндегі әрекет-
тесуінің нәтижесінде целлюлоза ацетаттары пайда болады. Олар жанбайтын, 
вискоздыға қарағанда әлдеқайда иілгіш және суға тӛзімді болып келетін кино 
және фото пленкаларының, пластмассалардың, лактар мен ацетатты талшық-
тардың ӛндірісінде қолданылады. Осы талшықтардан жасалған маталар 
қыртыстанбайды, алайда қатты электрленеді және тозуға тӛзімділіктері аз 
болады. 
Ӛте жіңішке талшықтар асылдандырылған целлюлозаның мысты аммиак 
ерітіндісінен алынады. Олар органикалық еріткіштердің әсеріне тӛзімді келеді, 
алайда олардан жасалған маталар тез шешіледі және тозады. 
Целлюлозаға басқа полимерлерді ұластыру жолымен немесе оның 
макромалекуласындағы функционалды топтарды химиялық ӛзгерту арқылы 
тозуға, жарықтың, оттың және микроорганизмдердің әсеріне қарсы жоғары 
тӛзімділікке ие болатын талшықтар алынады. Модификацияланған целлюлоза 
талшықтарынан келесілерді дайындайды: майға тӛзімді және су жұқпайтын 
маталар; ерітінділерден алтынды, күмісті, ағын сулардан сынапты және т.б. 
ұстау үшін ионалмасушы материалдар; қан тоқтататын дәкелер және т.б. 
Сонымен қатар, қарапайым целлюлоза эфирлері (этилцеллюлоза, 
бензицеллюлоза, метилцеллюлоза және т.б.) де ӛндіріс орындарының әртүрлі 
салаларында кең қолданыс тапқан. Қарапайым целлюлоза және күрделі 


42 
целлюлоза эфирлерінің негізінде жасалған термопластикалық материалдар – 
этролдар – ұшақ және автокӛлік жасау ӛндірістерінде пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет