ІSBN Әбілқасымов Б.,
Мажитаева Ш., 2009
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
3
АЛҒЫ СӨЗ
Өмірде өз тарихы болмайтын зат, құбылыс болмайды. Кез
келген нәрсені толық танып, жан-жақты білу үшін оның тарихын
білудің маңызы зор. Бұл тұрғыда бүгінгі таңда үлкен әлеуметтік
мәнге ие болып отырған тіліміздің өткен тарихын білудің де
қажеттілігі айқын сезіледі.
Осы орайда қазір жоғары оқу орындарының филология
факультеттерінде ғылым саласы ретінде оқытылып жүрген қазақ
тілінің де өзіндік тарихы бар. Қазақ тілі тарихын үйрететін біреу
емес, бірнеше курс бар. Соның бірі – қазақ әдеби тілінің тарихы,
қалғандары – қазақ тілінің тарихи грамматикасы, тарихи
фонетикасы, тарихи лексикологиясы, диалектологиясы, қазақ
жазуының тарихы. Бұл курстар бір-бірімен тығыз байланысты,
кей жағдайда бұлардың зерттеу нысаны да бөлек болып келеді,
алайда олар бір мәселені әр жағынан зерттейді, зерттеу әдістері
де басқа-басқа.
Мәселен, тарихи грамматика курсы тіліміздегі белгілі бір
категорияның (септеу жүйесі, көптік категориясы т.т.) сонау көне
замандардан бері қарай даму стадиясын нақтылы тілдік деректер
негізінде (жазба әдебиет пе, диалектілер негізінде ме?) сөз
қылатын болса, әдеби тіл тарихы курсы қазақ тілі дамуындағы
басты кезеңдер мен бағыттарды, оның қалыптасу тарихы мен
қазіргі ұлттық жазба әдеби тіл дәрежесіне жету жолдарын,
ондағы стильдік жүйелердің пайда болу тарихын қарастырады.
Тілдегі
болған
өзгерістерге
әсер
еткен
сыртқы
(экстралингвистикалық)
жағдайларды,
ірі
қалам
қайраткерлерінің әдеби тілді дамытудағы орнын көрсетуге
тырысады.
“Қазақ әдеби тілі тарихы” атты курс жүйелі түрде тек кейінгі
жылдарда (60-жылдардан бастап) ғана оқытыла бастады. Ол
әдеби тіл тарихының зерттелуінің кеш қолға алынуымен де
байланысты. Қазан төңкерісіне дейін әдеби тіл деген терминнің
өзі болмаған. Ал әдеби тіл ұғымы ХІХ ғ. аяқ кезіндегі мерзімді
баспасөзде кездеседі, онда ол “жоғарғы тіл” деп аталған. Ал оны
зерттеу деген, ол жайында арнайы еңбек жазу деген болған
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
4
емес. Төңкеріске дейін қазақ тілі жайында еңбек жазған орыс
түркітанушылары
тіл
тарихына
әдейі
бармаған
(Н.И. Ильминскийдің хаты).
ХХ ғасырдағы А. Байтұрсынов сияқты ағартушыларымыз
бен тіпті кеңес үкіметінің алғашқы 20-30-жылдарындағы тілші
ғалымдарымыз қазақ тілінің әр мектептерге арналған оқулықтар
мен оқу құралдарын жасау, әліппе мен емле, терминология
мәселелерінен асып, тіл тарихын зерттеуге мойын бұра алмады.
Бұл кезеңнен Қ.Жұбановтың бірер мақаласынан басқа ауыз
толтырып айтар еңбекті атай алмаймыз. Соның өзінде “әдеби
тіл” емес, “әдебиет тілі” деп атаған. Тек 40-50-жылдардан бастап
жекелеген мақала, ал 60-жылдардан былай қарай монографиялық
еңбектер жарық көре бастады.
1968 жылы “Қазақ әдеби тілінің тарихы” атты алғашқы оқу
құралы жазылды. 1982 жылы пәннің курстық бағдарламасы
түзілді. Жоғары оқу орындарында "Қазақ әдеби тілінің тарихы"
пәні бойынша қазір пайдаланылып жүрген М.Балақаев,
Е.Жанпейісов,
М.Томановтардың
"Қазақ
әдеби
тілінің
мәселелері"
(Алматы,
1961),
М.Балақаев,
Р.Сыздықова,
Е.Жанпейісовтердің "Қазақ әдеби тілінің тарихы" (Алматы, 1968),
Р.Сыздықованың "Қазақ әдеби тілінің тарихы" (Алматы, 1993),
С.Исаевтың "Қазақ әдеби тілінің тарихы" (Алматы, 1996), т.б. оқу
құралдарын атауға болады. Бұл пәнге арналып әр жылдары
құрастырылған біраз әдістемелік талдаулар, бақылау-пысықтау
тапсырмалары да бар: "Қазақ әдеби тілінің кейбір мәселелері"
(Т.Қордабаев), Х.К.Кәрімов "Қазақ әдеби тілінің тарихы"
(Алматы, 1989), т.б. Бірақ осы кезге дейін басы ашылмаған,
даулы мәселелер баршылық. Сондықтан курсты өту үстінде
мұндай мәселелерге әдейі тоқтап, әр автордың көзқарасына
сын көзімен қарап, оған өз пікірімізді айтуға мәжбүр боламыз.
С.Исаев пен Р.Сыздықованың еңбектерінде әдеби тілдің
көне дәуірі бірсыпыра баяндалғанымен, ХХ ғасырдағы яғни кеңес
дәуіріндегі әдеби тіл тарихы қамтылмаған «ХХ ғасырдағы қазақ
әдеби тілі» (2001) аталатын монографияда бұл дәуір тым ғылыми
негізде, өте ауқымды дәрежеде сөз болады. Бұл еңбек
студенттердің пайдалануына тым ауыр. Оның үстіне алғашқы
оқулық та, соңғы монографиялық еңбек те қазір студенттердің
қолына түспей отыр.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
5
Бүгінгі ұсынылып отырған еңбек пәннің типтік оқу
бағдарламасына сәйкес «Қазақ әдеби тілінің тарихы» курсынан
студенттерге жүйелі білім беруге арналған, авторлардың бірнеше
жыл осы пәннен оқыған дәрістерінің негізінде жазылды.
Оқулықтың алғашқы тарауында әдеби тілдің теориялық
мәселелері баяндалса, қалған тарауларында ХҮ-ХҮІІ, ХҮІІІ, ХІХ,
ХХ ғасырлардағы әдеби тіл тарихының өзекті мәселелері яғни әр
дәуірдегі қазақ халқының саяси-экономикалық, мәдени жағдайы,
әдеби тілді танытатын ауызша және жазбаша нұсқалар және
олардың тілдік сипаты сөз болады.
«Қазақ
тілі
мен
әдебиеті»
мамандығы
бойынша
құрастырылған оқу жоспарында “Қазақ әдеби тілінің тарихы”
курсына 2 кредит (90 сағат) бөлінген, оның 30 сағаты дәріске, 30
сағаты практикалық сабаққа белгіленген, семестр аяғында –
емтихан. Қалған 30 сағаты студенттердің өздігінен істейтін
жұмыстарына бөлінген. Студенттер өздік жұмыста берілетін
тақырыптар мен тапсырмалар бойынша реферат жазып, ауызша
баяндамалар жасауына болады.
Бұл еңбекте қазақ әдеби тілінің алты ғасырлық даму, жетілу
жолын қарастырған дәрістер курсы ықшамдалып беріледі.
Әдеби тіліміздің функционалдық стильдер жүйесінің
қалыптасуына әсер еткен экстралингвистикалық факторлар
талданады, ірі қалам қайраткерлерінің әдеби тілді дамытудағы
орны көрсетіледі.
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері
студенттеріне
арналған
типтік
оқу
бағдарламасына
сәйкестендіріліп құрастырылды.
«Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәні болашақ филолог
мамандарға ұлт тілінің ең жоғары даму көрсеткіші – әдеби
тілдің жалпыхалықтық тілмен, ауызекі сөйлеу тілімен
арақатынасы сияқты мәселелердің теориялық–практикалық
негізін ұғындырады, әдеби тілді тарихи кезеңдерге бөлу
принциптері, қалыптасу негізі, нормалық белгілері сияқты
мәселелер көтеріліп, әрбір кезеңге тән зерттелген әдеби тіл
үлгілері келтіріледі. (Типтік оқу бағдарламасы. Алматы: Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2007. Б.70-
71).
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|