Байланысты: bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk
§ 4 Әдеби тілдің нормалары Тілдің әдебилілігі, сол тілде сөйлейтін адамдардың
баршасына түсінікті және олардың бір-бірімен ортақ қарым-
қатынас құралының ең жоғарғы түрі болуы сол тілдің орныққан
жүйелі нормалары негізінде ғана жүзеге аспақ.
Ол нормалар – бір күннің, бір жылдың ғана жемісі емес,
тілдің даму барысындағы көптеген ғасырлардың жемісі. Тілдің
оралымдылығы, әсерлілігі тәжірибеде тілдік материал арқылы
көрінеді, сол материалдан белгілі тәсіл арқылы жасалады, міне,
сондай тілдік материалдардың және тәсілдердің жиынтығы әдеби
тілдің нормасы болып саналады. Екінші сөзбен айқанда, әдеби
тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және стильдік
нормалары болуы тиіс.
Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделгендіктен, олар
жалпы халыққа бірдей түсінікті, тілге жатық, көңілге қонымды
болуға тиіс. Қарым-қатынас жасауды қиындататын, түсініксіз не
түсінігі қиын тіл фактілерінің бәрі – нормадан тыс нәрселер.
Мәселен, түйені жүндеді деудің орнына түйенің жүнін қырықты не жүнін жұлды, қиды, жүзікті шынашағына салды деудің орнына жүзікті шынашағына тықты десе, әрине, бұларды
сөздерді орынсыз қолданудан туған стильдік қате дер едік. Не
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
22
болмаса, біреу орысша-қазақша араластырып, былықтырып
сөйлесе, я болмаса бір сөзді кітап, китап деп жазу нормасын
бұзып, түрліше қате жазса, ол сол кісінің жазу мәдениетінің
төмен екенін көрсетеді.
Тілдік норманың бірқатары келісіп пәтуаласу арқылы
жасалса, енді бір қатары баспасөз бетінде тіл байлықтарын
тыңдап-талғау арқылы жасалады. Олай болса, ауызекі тілде бар
дүниенің бәрі бірдей тіл қазынасы болып есептелмейді, оның
одан тыс жатқандары да болады. Егер соларды білмей, ескермей,
әйтеуір ел аузындағының барлығын әлбетте қолдана берсек, ол
әдеби тілді байыту болмайды, ыбырсыту, шұбарлау болады.
Сөздердің айтылуы мен жазылу нормасы екі түрлі болады.
Дұрысында торы ала ат, балаға ұқсап, айта көр дегендердің
осы жобаларындай етіп айту да, торалат, балағұсап, айтагөр деп айтылуындай етіп жазылу да нормаға жатпайды. Оның себебі
– сөздердің айтылу нормасы мен жазылу нормасы әр уақытта
бірдей болмайды. Қазақ тілінің үндестік заңы, ассимиляция,
диссимиляция заңы, тағы басқа дыбыс заңдылықтары тіліміздің
орфоэпиялық нормасын жасайды. Оны бұзып сөйлеу – тілдің
дыбыстық заңын бұзу болады. Бұл – бір. Екіншіден, жеке
сөздердің, сөз тіркестерінің айтылу дәстүрі бар. Оны елемей,
оларды әркім өзінше бұзып не екпінін өзгертіп айтуға болмайды.
Тілдік норма деп тіл фактілерінің әдебиетте сараланып
жалпыға бірдей қолданылып, кең тараған қалпын айтамыз. Осы
тұрғыдан алғанда, тілде былай да былай қолданыла беретін
дублеттік формалардың қайсысы әдеби, қайсысы әдеби емес
екендігін айқындау қиындық туғызады. Мәселен: диірмен- тиірмен, және–жана, зала-зарар, ғашық-ашық, қазір-кәзір, жоңышқа-жоңырышқа, жиырмасыншы-жиырманшы, домалақ- томалақ, қызылша-қылша, жүз-дүз, ырза-риза-разы. Әрине,
бұлардың алдыңғылары әдеби тілдік нормалар да, соңғылары
ауызекі тілде айтыла жүріп, бара-бара қолданудан мүлдем қалып
қоюы ықтимал. Немесе бір заттың бірнеше атаумен аталуы
(мысалы: шелек, бақыр, бедре, қылдыбақар; сіріңке, оттық, күкірт, шырпы, спичка) жиі кездеседі. Мұның қайсысы әдеби?
Бұлардың да біреуін әдеби тілдік етіп, қалғандарын басқа
стильдік мағынада қолдану қажет. Жалпы тіл мағыналары
жағынан ешбір айырмасы жоқ абсолюттік синоним, дублеттердің
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
23
қатар жүруін көтермейді.
Қазіргі әдеби тілімізде ілім-ғылым, уақиға-оқиға, өкімет- үкімет, өкім-үкім, ауа-әуе сияқты сараланған параллель сөздер
бар. Бұлардың бәрі о баста бір мағынада, бірінің орнынан бірі
жүре беретін еді, кейін дифференцияланып, қазір әрқайсысы өз
алдына жеке мағынаға ие болып кетті.
Жазба тіл нормаларына қарағанда сөйлеу тілінде сөз
тұлғалары өзгеріске жиі ұшырап отырады. Әсіресе, сөз тұлғалары
мүжіліп, апшып, дыбыстық деформацияға ұшырайды. Мысалы,
алып кел - әкел, алып бер - әпер, барамын - барам, келгенге шейін - келгенше, бұл күн - бүгін, келгеннен соң - келген соң - келгесін т.т. тілдің даму барысында жазба тіл ондай өзгерістердің кейбірін
қабылдап, әдеби нормаға айналдырады, кейбірін қабылдамайды.
Әдеби тілдің орфографиялық нормаларын жетілдіре түсуде
көркем әдебиеттің, газет-журналдың, оқу-ағарту ісінің орны
ерекше. Бұл істе емле ережелерінің, орфографиялық сөздік
сияқты құралдардың атқаратын қызметі зор. Сол сияқты
орфоэпиялық нормаларды қалыптастырып, тұрақтандырып,
жетілдіре түсуде театрдың, радио, теледидар арқылы жүргізілетін
ана тіліндегі хабарлардың, жиналыс, кеңес т.б. жиындарды
мемлекеттік тілде өткізудің маңызы ерекше. Соңғы кезде
мектептерде мәнерлеп, көркемдеп оқытудың жеке пән ретінде
бағдарламаға кіруі бұл іске мән берудің салдары болса керек.
Әдеби тілдің қарқынды дамыған шағында, жазу, сөйлеу
мәдениетінің толысқан шағында оның орфографиялық және
орфоэпиялық нормалары жеке-жеке қалыптасады. Ол нормалар
тілдің өзіндік ерекшелігіне, жазу дәстүрінің көнелігіне, жазуда
қандай принципті негізге алуына байланысты бір-бірінен алшақ
немесе жақын бола береді. Қоғамдық өзгерістердің әсерімен
тілдің даму барысында қалыптасқан нормалар негізін сақтап,
кейбір жекелеген өзгерістерге ғана түсуі мүмкін. Әсіресе, елдің
жаппай сауаттанған кезінде жазу дәстүрінің орфоэпиялық
нормаға тигізер әсері мол болып келеді. Жазу дәстүрі ертеде
қалыптасқан тілдердің орфоэпиялық, орфографиялық нормалары
тұрақты болады. Бұдан, әрине әдеби тіл нормалары ешбір
өзгеріске түспейді екен деген ұғым тумасқа керек. Әдеби тілдің
нормалары да қоғамдық өмірге, оның өзгерістеріне сай өзгеріп,
дамып отырады. Бір кезеңдегі нормалар кейінгі кезеңде норма
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
24
болмай қалуы, жаңа нормалар қалыптасуы мүмкін. Мысалы, бір
дәуірдегі қазақтың әдеби тілінде болыс, старшын, әмеңгер, шар салу, құн төлеу, ұрын бару сияқты сөздер мен сөз тіркестері
норма болса, қазір олар күнделікті қолданыстан шығып қалды,
керісінше, депутат, дауыс, беру, ғарышкер, оқырман, аялдама, тоңазытқыш сияқты сөздер нормаға айналды. Сол сияқты
революцияға дейінгі баспасөзде шығыс септігін жазба тілде
бірлән, илән, мынан түрінде жазу норма болса, қазір ол нормадан
тыс тұрған, тұғын, тын. Немесе емледе орыс сөздерін бұзбай
жазу норма болса, қазір ол норма бұзыла бастады. Осыдан барып
әдеби тіл мен оның нормалары арасында екі жақты
диалектикалық байланыс бар екенін көреміз. Атап айтқанда,
әдеби тіл, бір жағынан, қалыптасқан нормаларын бұзбай, қатаң
сақтап отырса, екінші жағынан, тілдің даму барысында жекелеген
нормалар әдеби тіл шеңберінен шығып қалып, жаңа нормалардың
пайда болуына әсер етіп, әрдайым қайшылықта келіп отырады.
Әрине, ондай ауытқулар жөнсіз, қалай болса солай емес, белгілі
шекті болады. Оны бұзушының интуициясы көпшілік оқырман
сезіміне жағымды әсер етсе ғана ол ауытқу сәтті, қажеттіліктен
туған болып табылады.