Байланысты: bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk
у, дыбыстары келетін сөздерде ш, й, ғ, г әріптері жазылған (баш, беш, иол, иоқ, тағ, бағ). Сөз соңында езулікы, і дыбыстары
келетін жерге еріндік ұ, ү жазылған (артұқ, отыз), үндестік заңы
сақтала бермейді.
Грамматикада ілік, табыс септіктерінің н дыбысынан
басталатын варианты (артұқ, орұсның) орын алған, келер шақ
есімше ар жұрнағымен қатар ұр/үр қосымшасы арқылы да
жасалған, есімшенің мыш формасы, барған соң орнына барғач,
мен көмектес септігі қосымшасы бірлән, білән, бірлә арқылы
берілген, есімшенің тын (баратын) жұрнағы тұрған сөзімен
келіп отырады. Бұл ерекшеліктер одан кейінгі, тіпті XІX ғ.
екінші жартысындағы ескерткіштерде де кездеседі.
Екінші бір шежіре – Әбілғазы Баһадұрханның «Түркі
шежіресі» атты кітабы. Автор Хиуаның ханы (1603-1664).
Өмірінің соңғы жылдары жазып, аяқтай алмаған, баласы Ануш
аяқтаған. Бұны XVIIІ ғ. бас кезінде швед офицері Тобыл
қаласынан тауып, немісше, французша, 1726 жылы орысшаға
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
50
аударылған. Алғаш 1825 жылы Қазанда Румянцев бастырып
шығарды. Мұның тілі «Жамиғат тауарихтан» да түсінікті, мұнда
да жоғарыдағы ерекшеліктер сақталынады. Оны байқау үшін
мына үзікті келтірейік: «Ел халқы иұрыттан көңіліні суытды кетейік демекден ғайри сөзні айтмады бір кеткен тобының артындан қудыра кіші ибердүм аны қайтарұб алұб келкенче екі үч бөлекі кетді...»
19
.
Шежіреде кездесетін көптеген фразеологизмдер қазіргі қазақ
тілінде көп өзгеріссіз (мағыналық, құрылымдық) сақталған.
Мәселен, аяғына жығылу, қамын жеу, үміт үзу, ажалы жеткен, таң қалу, бас ұру, аузы ала болу, жүрегі жарылу, ант беру, өш алу, көз тігу т.т. Қорыта айтқанда, бұл екі шежіре XVІ-XVII ғ.ғ
қазақ әдеби тілінің жайын танытатын тілдік материал болып
табылады.