131
мерзім /уақыт/ мезгіл /срок; баб/статья; шығын/ расход; айып
/штраф; мөлшер/норма, жыйылыс/собрание, жоба/ проект т.б.
Қазан төңкерісіне дейінгі ресми іс қағаздары тілін талдау
үшін сол кездегі қолданыста болған бірнеше құжаттарды,
мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған басқа да ресми іс
қағаздары тілін алдық. Мәселен, Қазақстан Республикалық
Орталық архивінен 1903 жылғы бірнеше приговордың (пірі-
гауардың) үлгісін келтіріп, оның тілдік ерекшелігіне талдау жа-
сауды жөн көрдік. Бұл приговор екі тілде жазылған. Жалпы
көлемі бір беттен аспайтын (екінші бетінде адамдардың қолы
қойылған) бұл құжаттардың сол жағында орыс мәтіні де, оң
жағында араб жазуымен басылған оның қазақша аудармасы
берілген. Аударма құжатта татар тілінің элементтері бірден
байқалады. Бұл - бір жағынан, сөз болып отырған кезде аудар-
машылар көбінде сол ұлттан болуына байланысты шығар деп
ойлаймыз.
Алдымен осы құжаттардан кішкене үзінділер келтірейік
(араб жазуынан транслитерациялап бердік):
Достарыңызбен бөлісу: