Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



Pdf көрінісі
бет52/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

 
ПІРІГАУАР 
 
а) 1903 -чы жылында ағұстың 28 күнінде бізлер төменде 
қол қойғучы ... ойазының ...болосының ...чі ауылының үй йеллері 
хисабындағы ыхтиары бар адамлар ойанай сиазда болыб бізнің 
ауылының істаршынына уч жылға 1903-1906 чы жылларға 
жалуане кисбек турасындағы жауабын киңесіб сойласу һәм 
істапной положениенің 75 чі статиасы бойынча ауылдың 
көбдігін һәм халықдың ауқатын аңғарыб байқаб бұлайча тоқтам 
қылдық: ... һәм халықдың үстүне тұсатұғұн ақчалар менен бірге 
жинарға кирек ұшбуның раслығына қол қойамыз..... 
ә) ... 1903 чы жылында ... күнінде бізлер томенде қол қой-
ғучы ... ойазының ...болосының ...чы ауылының үй иеллері 
ауылнай сиазда болыб ауқатқа қарай падшаһлық һәм халықдың 
үстіне тұсатұғұн ақчаларны раскладке қылыб бөлмек учун 
істепной гинирал гүбірнатырының жетісу облысының ойаннай 
гүбірнатырының атына 1897 жылы 16 ынчы ғынуарда 427 нчі 
номірдағы бұйрығының 3 інчі пункіті бойынча бізнің ауылдағы 
һәр бір үй иеллерінің ауқатын кисим қылдық малына қарай қой 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


132 
хисабында һәм егіннан унурунан һаракатдан саудадан һәм ғары 
бұған ұқсаслардан алған файдаларұна қарай инеде ...қойдан кем 
болған үй иеллері болса олардан ... басқа салықларны алмасдыққа
... төменде көрсетуі бойынча кесим қылдық. 
б) 190.. чы жылында .... күнде бізлер томенде қол қойғучы ...
... ойазының ... болосының ...чі ауылының үй ійеллері хисабындағы 
ыхтиары бар адамлар ойанай сиазда болыб бізнің ауылның 
істаршынына үч жылға 1903 - 1906 чы жылларға жалуане кис-
бек турасындағы жауабын киңасыб сөйласдық һәм істіпной по-
ложениенің 75 інчі істатійасы бойынча ауылдың көбдігін һәм 
халықдың ауқатын аңғарыб байқаб бұлайча тоқтам қылдық: 
бізнің ауылның істаршынына ... тенгадан жалуан жылына кисим 
қылдық һәм бұл ақчаларны жылсайын болатұғын халықдың 
үстүне тұсатұғұн ақчалар менен бірге жинарға кирек ұшбуның 
растығына қол қойамыз ..... 
Бұл құжаттар тілінде татар тілінің ықпалы бірден көзге 
түседі. Мәселен, татар тіліне тән мына төмендегідей орфо-
графиялық, грамматикалық белгілерді атап өтейік: 
1. Түбірге қосымша қосылғанда үндестік заңының сақ-
талмауы. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде тиісті, ұқсастар, ақша-
ларды, біздің, жылдар, себепті, адамдарды, растығына, 
халықтың т.б. сөздер бұл құжатта тіишлы, ұқсаслар, ақчаларны, 
бізнің, жыллар, сәбәблі, адамларны, бізнің, жыллар, сәбәблі, 
адамларны, раслығына, халықдың түрінде жазылған. 
2. Қазіргі тіліміздегі емле заңдылығы бойынша ш боп 
жазылатын жерде ч әрпін жазу, ы, і орнына у, ұ, п орнына ф, е 
орнына и, ә жазу, в орнына у жазу орын алған. Мысалы: ақча, 
бұлайча, барчамыз, жалуане (жалование), кесим, кинәсиб, 
кесбек, уйбырнайлар (выборные), файда, бұлайча, үстүне, еки, 
исим т.б. 
3.Сөз соңында ұяң б сақталып беріледі (болыб, қылыб, 
көбдігі, байқаб, аңғарыб, сойлесіб т.б.). 
4. Араб, парсы сөздері түпнұсқа тілдегіше тұлғалары 
сақталып жазылған: рамат, хисаб, файда, һәрәкет, ыхтиар т.б.
Айта кететін жай – бұл құжатта араб, парсы сөздерінің өте аз 
қолданылғандығы, оның үстіне орыс сөздерінің жиі кездесетіндігі 
– құжаттың стильдік ерекшелігіне жатады. 
5. Орыс сөздері ауызекі сөйлеу тілдегі қазақша қалыптасқан 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


133 
түрінде берілген. Мысалы: ауылнай сиаз, ауғұс, ғынуар, ойаз, 
болос, ойазнай, начәлнік, жалобын (жалуане), раскладке, 
істатиа, істаршіна, істіпной положение, генерал гүбірнатр, 
нөмір, песір, пункіт т.б. 
Ресми іс қағаздары стиліне тән кейбір қазақша атаулардың 
да қалыптаса бастағаны осы құжаттың лексикасынан байқалады. 
Орыс тіліндегі атаулардың баламасы ретінде алынған бірсыпыра 
терминдер кірікпей, біраз уақыт өткеннен кейін қолданыстан 
шығып қалып отырды. Ал араб-парсы сөздеріне келсек, олардың 
саны тым шамалы. Терминдер, негізінен, қазақтың байырғы 
сөздерінен жасалған. Бұл құжаттағы ол сөздер: төменде қол 
қойғучы (нижеподписавшие), қол қойамыз (подписываемся), 
төлеу (платеж), кесім қылдық, тоқтам қылдық (постановили), 
жасауылдарды жалдамақ (наем рассыльных), ауқатына қарай 
(сообразно благосостоянию), үй иеллері (кибитковладельцы), 
ақча (сумма), бір ынтымақда болыб (единогласно), т.б. 
Бұл құжатта әскери, әкімшілік орындарының аттары, 
лауазым атаулары және басқа да қоғамдық-саяси лексика 
аударылмай орысша алынып, ауызекі тілде айтылуы бойынша 
жазылған: ойазной начәлник, істипной генерал гүбірнатыр, 
істипной положение, жалуане, раскладке, писер, истатиа, 
податной инспектор т.б. 
Сонымен қатар орыс тілінің ықпалы құжаттың лексикасынан 
ғана емес, сөйлем құрылысынан да байқалады. Құжаттың 
сөйлемдері өткен ғасыр жазбасындай тым шұбалаңқы, өйткені 
жіктері тыныс белгілерімен ажыратылмаған, бірнеше сөйлем-
дерге бөліп айтуға боларлық жайттарды көсемше арқылы тір-
кестіріп, шектен тыс шұбалтып, түсінуге ауырлау берілген. 
Сонымен бірге орысша мәтінге байланысты аударылғандықтан, 
қазақша сөйлем тәртібі бұзылып берілген. Бірнеше мысал кел-
тірейік: 
1903 інчі жылында ауғұстың 28 күнінда бізлер төменде қол 
қойғучы ...ойазының ...болосының ...чі ауылының үй иеллері хиса-
бындағы адамлар ауылнай сиазде болыб ... ойазнай начәлникдің 
һәм податнай інспектірдің алдында бізге қараған ауылдың 
қазақларын рамат һәм халықдың үстүне тұсатұғұн ақчалардан 
төленбей құтқармақ туғырасындағы жалыбын сойласыб кенгес-
дик қайсы адамлар кедей болған сәбәбли бұл ақчаларны төлеуге 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


134 
миндатлы болмаса керек әлі жоқ болған сәбәбли бізнің ауылдың 
ічінен табылады мұндайлардан 125 кіші бұл сәбәбден барчамыз 
бір ынтымақда болыб бұлайча тоқтам қылдық төменде 
аталмыш адамларны барша үч жылға шейүн 1904 - 1906 жыл-
ларға шейүн падшаһлық һәм халықдың үстүне тұсатұғұн 
ақчалардан толеудан ушбу пірігауар бойынча құтқардық һәм 
құтқарамыз қойлары ... дан кем болса 
Енді бұл приговордың морфологиялық құрылысының 
қазіргі тілден айырмашылығына келсек, қазіргі қазақ тіліндегі у 
тұлғалы тұйық рай етістіктің мәнінде бұл құжатта мына 
төмендегі формалар қолданылған: 
1. Барыс жалғаулы -ар, -ер, -р жұрнақты есімше мен керек 
сөзінің тіркесі арқылы: 
... халықдың раскладкесі бойынча рамат һәм халықдың 
үстіне тұсатұғұн ақчалар менен бірге жинарға керек ... 
2. Үшін шылаулы келер шақтық -мақ, -мек формалы 
тіркес: 
... ауқатқа қарай падшаһлық һәм халықдың үстүне 
тұсатұғұн ақчаларны раскладке қылыб болмек учун. 
... һәр ауылға тиушлы ақчаларны болуб салған сомның ири малды 
қойға хисаб қылыб қойды ақчаға исаб қылыб салмақ учун ...
3. Барыс жалғаулы есімшелі тіркес:
... қойдан кем болған үй иеллері болса олардан ... басқа 
салықларны алмасдыққа... 
4. Шартты рай формалы етістік пен керек сөзінің 
тіркесі: 
... басқа салықларны алмасдыққа басқа пірыгауар жасалса 
керек... 
Осы сияқты жиі қолданылатын бірнеше тіркестің орнын  
формалы етістіктің бір өзі ауыстырады, қазір тармақталып, 
бірнеше пункт болып берілетін заң, ережелерде де, қаулы-
қарарларда да үлкен қызмет атқарады. Сонымен бірге бұл 
құжатта өткен шақтық есімше мен себебли сөзді тіркес себеп 
бағыныңқының баяндауышы қызметінде қолданылады: 
... қайсы адамлар кедей болған себебли бұл ақчаларны то-
леуге миндатли болмаса кирек әлі жоқ болған себебли... 
Сонымен, бұл қазақша іс қағаздарында қазақтың 
жалпыхалықтық лексикасымен бірге көне түркі әдеби тілдік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


135 
дәстүрлі грамматикалық формалар мен сөз өрнектері 
сақталғанын көреміз. Дегенмен, олар уақыт өткен сайын 
өзгеріске ұшырап, ондағы өзге тілдік элементтер халықтық 
формалармен алмастырылды. 
Енді "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті беттерінде 
басылған ашық хат, құлақтандыру, жарлық, қаулы, телеграм-
малар т.б. ресми құжаттар үлгілеріне көңіл аударайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет