- оқуға болған ынта деңгейі;
- нақты оқу пəнінің əдістемелік ерекшеліктері;
- материал мазмұны;
- материал игеруге бөлінген уақыт;
- оқу материалының саны мен күрделілігі;
- оқушылардың дайындық деңгейі;
- шəкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дəрежесі;
- дəріс түрі мен құрылымы;
- оқушылар саны;
- балалар қызығулары мен ықыласы;
- оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шəкірт
арасындағы
қарым-қатынас (қызметтестік не əміршіл - əкімшіл);
- материалды – техникалық қамсыздандырылуы;
- педагогтың тұлғалық ерекшеліктері
мен біліктілік
деңгей- дəрежесі.
Аталған жағдайлар
мен шарттарды ескере отырып,
оқытушы нақты əдіс пен құрал – жабдықты іріктеу,
таңдау жөнінде
шешім қабылдайды немесе дəріс өткізудің
жағдайына орай бірнеше
əрқилы əдіс не құралды біріктіре пайдалануды көздейді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Оқу əдісі деген не?
2. Өзіңізге таныс əдістер топтамасына сипаттама беріңіз?
3. Оқу əдістерінің қай топтамасы,
сіздіңше, сəтті берілген?
4. Оқу əдістерін іріктеуге ықпал етуші жағдаяттарды атап беріңіз?
5. Қай жағдайда зат не құбылыс оқу құралы ретінде танылады?
Достарыңызбен бөлісу: