Мектеп парламенті №57 Е. Көшербаев атындағы орта мектеп Парламенттің мақсаты



Дата09.11.2022
өлшемі8,37 Mb.
#48732
Байланысты:
жобаа 1


Мектеп парламенті
№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектеп
Парламенттің мақсаты:
білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Парламенттің міндеттері:
- білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;
- ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;
- әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
- өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.
Құрылымы 8 фракция 
Күтілетін нәтижелер:
  • адал, мейірімді және белсенді тұлғалардың тәрбиелі жас ұрпағы;

  • - қоғамдық сананы трансформациялау мен жаңғыртуда оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен рөлін арттыру;
    - білім алушыларды қызығушылықтары бойынша жобалық қызметке тарту;

Спорт және салауатты өмір салты фракциясы
Қартбай Медет
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы
Уәлиева Гүлдана
Мәдениет және өнер
фракциясы
Абдрасуллаева Нұржанат
Экология және еңбек
фракциясы
Нұралиева Еркенұр
Ақпарат фракциясы
Асанова Айсара
Қамқорлық фракциясы
Шөменов Саят
Дебат қозғалысының
фракциясы
Смайлов Досбол
Құқық және тәртіп
фракциясы
Бөрібаев Бақытбек
Парламент Президенті
Өмірбаев Шаттық
Дебат қозғалысы фракциясы
"Салауаттылық-денсаулық кепілі бола ала ма, жоқ па?"
"Тиктокерлер мен стандапшылардың ұрпаққа тигізер пайдасы мен зияны"
«Қараш-Қараш» оқиғасы повесіндегі басты кейіпкер Бақтығұлдың іс әрекеті сіздіңше дұрыс па, әлде бұрыс па?
«XXI ғасырдағы білім бәсекеге төтеп бере ала ма?»
Күтілетін нәтиже:
  • Пікірсайыс арқылы белсенді азаматтық позициясы бар, жаңарған қоғамның жаңа азаматтары тәрбиеленеді.
  • Жастарды өз бетімен білім алуға, ізденуге дағдыландырады;
  • Жастардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауларына, пікір алмасуына, қарым-қатынас диалогін орнатуға мүмкіндік туғызады.

Қамтылған бала саны-15
Мәдениет және өнер фракциясы
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің желісі бойынша қойылым
Д.Исабековтың «Әпке» драмасының желісі бойынша қойылым
«Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым» қойылым
Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» шығармасы бойынша қойылым
М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы бойынша қойылым
Қамтылған бала саны -20
Жұмыстың нәтижесі:
Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:
  • байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
  • дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
  • театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.

Қамқорлық
фракциясы
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің желісі бойынша қойылым
Д.Исабековтың «Әпке» драмасының желісі бойынша қойылым
«Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым» қойылым
Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» шығармасы бойынша қойылым
М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы бойынша қойылым
Қамтылған бала саны-30
Күтілетін нәтижелер:
Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы біледі;
Жақсылық пен жамандықты салыстырып, ажырата алады;
Өз өмірлеріндегі кездескен сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасаған іс-әрекеттеріне мысал келтіреді.
Қамтылған бала саны-20
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы
"Көшбасшы болу” сайыс
Өзіңді-өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер” атты сыныптан тыс жұмыс
“Бақыт - бірлікте” тақырыбында сыныптан тыс
«Алтын жүрек » челленджі бойынша
8-11 сыныптар және ата-аналар қатысуымен «Спорт!Әлем!Қыс!» атты спорттық сайыс өткізілді
Мақсаты:Балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру
Алғыс айту күнінің қарсаңында «Алтын жүрек » челленджі бойынша
“Мектеп парламентінің” мүшелері мұғалімдеріне, әжелеріне алғыстарын білдіруде.
Мақсаты да ата-аналар мен ұстаздарға деген құрметті арттыру
Мектеп парламенті қатысуымен "Желтоқсан желі ызғарлы" атты желтоқсан оқиғасына қатысушы, Алматы қаласы “Желтоқсан” қоғамдық бірлестігі төрағасы Байниязов Бақыт Сәрсенбайұлымен онлайн кездесу өткізілді.
Мәдениет және өнер фракциясының жетекшісі Н.Абдрасуллаева ұйымдастыруымен "Қыс қызығы" тақырыбында суреттер байқауы өткізілді.
Өзін-өзі басқару ұйымының жоспарына сәйкес ақпарат фракциясының жетекшісі Н.Амантайдың ұйымдастыруымен “Информатика жұлдызы” тақырыбында сайыс өткізілді.
Құқық және тәртіп фракциясының жетекшісі Б.Бөрібаев ұйымдастыруымен оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, құқықтық тәрбие беру мақсатында «Балалар кұқығы әлемі» атты ақпарат сабағы өткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет