Тəрбиелік іс-əрекет тəрбиешінің жекеленген əрекет аймағы түрінде
(өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне
тікелей енген (себебі оқу тəрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
Оқу мен тəрбиенің ортақ белгілері:
- тəрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды:
қандай да
ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын
үйрету қажет;
- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс-
əрекеттің ұйымдастырылу формасына сəйкес өтеді. Өз қызметі
барысында мұғалім оқушыға тəрбиелік ықпал жасайды;
- оқу жəне тəрбие процестерінде бірдей əдістер (түсіндіру,
қадағалау жəне т.б.) пайдаланылады.
Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы
принциптік айырмашылық : оқу барысында шəкірт əртүрлі ғылымдар
негізін
меңгереді, ал тəрбие процесі оқушының тұлғалық сапа-
қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.
Тəрбие процесіне тəн ерекшеліктер:
-
мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нəтиже
тиімділігінің кепілі);
-
мақсаттар бірлігі (тəрбиеші мен тəрбиеленушінің арасындағы
қызметтестіктің көрсеткіші);
-
нəтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нəтиже бірден
көрінбейді);
-
көп жағдаяттылығы (тұлға көп əрі сан қилы ұнамды да,
ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тəрбие барысында олар реттеледі.
Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сəйкес келсе, тəрбие
нəтижесі тиімді болады.
-
ауыспалылығы (тəрбиеленуші мақсатты, көзделген жəне
кездейсоқ əсерлерге бірдей кезігіп отырады).
-
үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мəртелік шара қаншама
жарқын
болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тəрбие
істерінің орнын баса алмайды);
-
кешенділігі (тəрбие мақсаты мен міндеттерінің , мазмұн, форма
жəне əдістерінің бірлігі);
-
баламалылығы (тəрбиеленушілер даралық ерекшеліктері жəне
əлеуметтік тəжірибесінің əр түрлілігімен ажыралады. Тəрбие
процесінде бұлар ескерілуі шарт, себебі əсері бірдей болғанның өзінде
де тəрбиелік нəтиже əрқилы болуы ықтимал);
-
екі тараптылығы (тəрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ол
ықпалды қабылдаушы - оқушы);
-
тəрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
-
тəрбиеші тұлғасы – тəрбие барысына ықпалды маңызды
жағдаят (тəрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі,
шеберлігі, құндылықты бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе
білу қабілеті);
-
қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тəрбиенің
қозғаушы күші ретінде қарастырылады).
Тəрбиенің негізгі қайшылықтары оқу-тəрбие процесінде кездесетін
келесідей құбылыстар арасында көрінеді:
қоғамдық өмірдің жаңа
шарттары мен оған дайындауға арналған əдістер мен формалардың
ескіруі; адамның табиғи даму мүмкіндіктерінің шексіздігі мен бұл
дамудың əлеуметтік жағдайлар бағдарламаларына тəуелді шегерілуі;
адамның табиғаттан белсенді, əрекетшең болуы, оның қоғамдық өмірге
араласу ынта-ықыласы мен өмірлік процеске нақты қатысу үшін қажет
тəжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі жəне т.б.
Сонымен, жоғарыда аталғандарды ескерумен келесідей қорытынды
шығаруға болады: тəрбие процесі оқу процесімен бір қатар жүріп
жатса да, ол бірнеше мəнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына
дербес қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: