«мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтікпроцесс» мəні- процесс нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін.
«əлеуметтік процесс» мəні – тəрбие əрқашан адамды ұнамды
өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-əрекеттердің арнайы түрі.
«тұлға қалыптастыру» мəні – бұл тəрбиеге басқарым, оны іске
асыруға жағдай жасау, тəрбиелік іс-əрекеттерді ұйымдастыру (зорлау,
əкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара
байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет жəне тəрбиеленушінің жауап іс-əрекеті.
«арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе» мəні: неліктен
жүйе? Себебі практикалық іс-əрекет процесінде қандай да жалғыз əдіс,
тəсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бəрі өзара
байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу
нəтижесі тиімді болады.
«тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері» мəні – тəрбие процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс,
ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нəтижесі жөнінде əңгіме
болуы мүмкін емес.
Тəрбие процесінде ықпалдасты іс-əрекеттердің арқасында
тəрбиеленуші ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тəжірибені
игереді. Осыдан, тəрбиелеушінің басты міндеті – оқушыны көргенін,
оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті əрекеті
ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың
жолдарын табу. Сонымен, тəрбие- бұл əрқилы іс-əрекет түрлерін
ұйымдастыру процесі. Тəрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық- іс-əрекеттік атауын алған. Оның мəні: адам барша əлеуметтік
тəжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, əрі қызықтысын
таңдайды.
Тұлғалық – іс-əрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері
төмендегідей:
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бəрінің негізі – ортақтасу
(общение):
- іс-əрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау; - тұлға дамуы мен əлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тəрбие –көзделген мақсатқа
жеткізуші тəрбиелеуші мен тəрбиеленуші арасындағы тиімді
қызметтестік процесі.