42
Осы кезде баланың екі жақ шырышты қабығынан азу тістері айналасынан,
еріннің шырышты
қабығынан, тіс қызыл еттерінен дәннің көлеміндей ашық-қоңыр нүктелерді көруге болады. 4-5 күндері
жаппай бөртпелер шығады. Бөртпелер ұсақ қызғылт нүкте түрінде құлақ сыртына, мұрын үстіне
шығады. Бір тәулік ішінде ол бетке, мойынға, кеудеге, арқаға жайылып, келесі күні бүкіл денені, қолды,
ал 3-ші күні аяқты қамтиды. Бөртпе шыққан кезде баланың қызуы жоғары болады. Сосын қызуы түсіп,
бөртпелер бозғылттанады. Бала 2-3 күн тұрмай жату керек.
Қызылшаға 3 айлық жасқа дейінгі сәбилер төзе алмайды. Себебі,
оның организміне анасымен
берілген иммунитет әлсіз.
Қызылша басқа да аурулар тәрізді әртүрлі болып, кейде жеңіл өтеді.
Бала жатқан бөлмені таза ұстап, жиі-жиі желдетіп тұру қажет. Бөлмені дымқыл шүберекпен
тазалаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: