Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет65/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87
Байланысты:
реферат

 
 
9.2. Оқушылардың оқу жетістіктерін
тексерудің әдістері
Оқушылардың білімі мен іскерліктерін тексеру барлық оқу 
процесімен байланысты болса және нақты бір жүйеде жүргізілсе 
ғана өз функцияларын толық орындайды. Сондықтан оқушы-
ардың білімдері мен шеберліктерін тексеру жоспарлануы қажет 
және ол нақты бір жүйені құрайды. 
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құра отырып, мұғалім 
онда тексерудің орны мен әдісін қарастырады, қандай білімдер 
мен іскерліктері тексерілуі керек екендігін анықтайды. Ол үшін 
тақырыпқа құрылымдық және мазмұнды талдау жүргізіліп және 
белгілі бір оқыту кезеңінде оқушылармен игерілуі керек білім 
элементтері және қалыптасуға тиіс іскерліктері ерекшеленеді. 
Оқушылардың білімдері мен ебдейліктерін тексеру мен 
бағалау оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде жүргізіледі. Дидак-
тикада тексерулер алдын-ала, ағымдағы, мерзімдік және 
қортынды тексерулер болып бөлінеді. 
Алдын-ала тексеру жаңа материалды түсіндіру алдында 
оқушылар білімдерінің бастапқы деңгейін анықтау мақсатында 
жүргізіледі. Ағымдағы тексеру оқу материалын игерудің барлық 
кезеңдерінде жүзеге асырылады. Мерзімдік тексеру тақырыпты, 
физика курсының тарауын өтіп болғаннан соң немесе оқу 
тоқсанының аяғында жүргізіледі. Қортынды тексеру курсты 


150 
оқудың аяғында жүргізіледі. Білімдер мен іскерліктерін ағым-
дағы тексеру үшін ауызша сұрауларды, физикалық диктанттарды, 
қысқа уақытты бақылау жұмыстарын, тестілерді, жеке және 
фронтальды зертханалық жұмыстар мен тәжірибелерді қолдану 
пайдалы. 
Қортынды тексеруде жеке ауызша сұраулар, сағаттық бақы-
ау жұмыстарын, шығармалар мен рефераттарды, фронтальды 
және жеке зертханалық жұмыстарды, физикалық практикумды 
пайдалану біршама тиімді. Білімдер мен іскерліктерді қортынды 
тексерудің
формаларына сонымен қатар сынақтар мен 
емтихандар да жатады. 
Ауызша тексеруде ең маңызды әрі елеулі сұрақтар бөлініп 
көрсетіледі. Білімді тексерудің сәттілігі мен тиімділігі көбіне 
қойылған сұрақтардың сапасымен анықталады. Барлық сұрақтар 
қатаң түрде мақсатқа бағытталған және біржақты жауапты талап 
етуі керек. Сұрақтармен қатар оқушылардың алдына олардың 
ойлауын дамытатын сұрақтар қойылуы тиіс. Бұл арада ең тиімдісі – 
бұл белгілі бір құбылыстың мәні мен себептерін, олардың 
ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіруді талап ететін 
сұрақтарды қою болып табылады. 
Оқушылардың анықтамаларды, физикалық шамалар мәнін, 
олардың бірлігін, графикті оқи білулерін тексеру үшін физикалық 
диктанттар қолданылады. Олар былайша жүргізіледі: мұғалім 
сөйлемнің басын оқиды да, ал оқушылар оны жазып алып, 
сөйлемді аяқтайды. Олар қысқа уақытты болуы мүмкін, 15 ми-
нутқа есептелген, сонымен бірге ұзақ уақытқа, яғни бүкіл сабақ 
бойына арналған диктант болуы мүмкін. Физика курсының нақты 
бір тақырыбын оқып болғаннан соң, бір сабақ бойына есептелген 
бақылау жұмысы жүргізіледі. Мұндай жұмыстың мақсаты – 
оқушылардың тақырыпты білулерін және тақырып бойынша тек 
жаттығулық тапсырмаларды ғана емес, сонымен қатар, аралас 
тапсырмаларды да шешуді білулерін тексеру болып табылады. 
Оқу жылының соңында әр сыныпта әдетте қорыту бақылау 
жұмыстары жүргізіледі, оның мақсаты – сол сыныпта өткен 
негізгі сұрақтар бойынша оқушылардың білімінің беріктілігін 
тексеру. 
Физика бойынша оқушылар білімін және ебдейліктерін 
бағалау. 


151 
Оқушылардың білімі бес баллдық жүйе бойынша бағала-
нады. Білімді бағалауда мұғалімге жалпы білім беру бағдарла-
масында келтірілген физика бойынша білімдері мен ебдейлік-
терді бағалаудың үлгілі нормалары бағдар бола алады. Бағдар-
ламада, әсіресе, бағалау кезінде ескерілетін білімдері мен ебдей-
ліктері бөліп көрсетілген. Олардың қатарына: 
Физикалық құбылыстар жөнінде: 
- құбылыс анықталатын белгілері; 
- құбылыс жүретін жағдайлар; 
- берілген құбылыстың басқалармен байланысы; 
- құбылысты ғылыми теория негізінде түсіндіру; 
- оны есепке алу мен қолдану мысалдары; 
Физикалық тәжірибелер жөнінде: 
- тәжірибе жүргізудің мақсаты, схемасы, жағдайы, тәжірибе 
барысы мен нәтижесі; 
Физикалық ұғымдар, соның ішінде физикалық шамалар жөнінде: 
- берілген ұғыммен сипатталатын құбылыстар мен қасиеттер; 
- берілген шаманы басқа шамалармен байланыстыратын 
формулалар; 
- физикалық шамалар бірліктері
- шаманы өлшеудің тәсілдері; 
Заңдар жөнінде: 
- заңды тұжырымдау мен математикалық көрсету; 
- оның әділдігін дәлелдейтін тәжірибелер; 
- есепке алу мен практикада қолдану мысалдары; 
- қолдану жағдайлары (жоғары сыныптар үшін); 
Физикалық теориялар жөнінде: 
- теорияны тәжірибелік негіздемелеу; 
- негізгі ұғымдар, ережелер, заңдар, ұстанымдар; 
- практикалық қолданулар; 
- қолдану шекаралары (жоғары сыныптар үшін); 
Аспаптар жөнінде:  
- қолданылу міндеті; 
- жұмыс істеу ұстанымы мен құрылғы схемасы; 
- аспапты қолдану және қолдану ережесі. 
Бағалауға жататын келесі іскерліктер: 
- табиғат пен техника құбылыстарын түсіндіру үшін ұғым-
ар, заңдар және теорияларды қолдану; 
- оқулықпен өзбетімен жұмыстану; 


152 
- белгілі заңдар мен формулалар негізінде тапсырмаларды 
шешу; 
- физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану. 
Зертханалық жұмыстарды бағалауда келесі шеберліктер 
ескеріледі: 
- тәжірибені өткізуді жоспарлау; 
- схема бойынша құрылғыны жинау; 
- өлшеу құралдарын қолдану; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет