Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет84/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Байланысты:
реферат

Ғылыми жобалар сайысы: Бұл сайыстың мақсаты – 
оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен өз бетімен 
жұмыстануын дамыту.
Мектептегі физикалық апталықтың өту барысында штаб 
мүшесі мен физика пәнінің мұғалімі тығыз байланыста болады. 
Мұғалім әр сыныпқа сайысқа қандай жобалардың қатыса 
алатынын және оларға қойылатын шарттарды түсіндіреді. 
Жобаны қорғау мына түрде өтуі керек: 
1. Жоба авторы өзінің жұмысының мазмұнымен танысты-
рады, - 2 мин. 
2. Қарсыластар пікірі, яғни қарсыластардың жасаған жоба-
сының тиімді және тиімсіз жақтарын айтуы, - 2 мин. 
3. Жоба авторына қойылатын сұрақтар және оның жауабын 
тыңдау, - 1-2 мин. 


187 
Физика мен техникаға арналған үздік суреттер сайысы 
(7-8 сыныптар). Физика пән мұғалімі және штаб мүшелері 
мектептің сурет пәні мұғаліміне, апталық уақытында оқушыларға 
алдын-ала, сабақта физикалық құбылыстардың суретін салу тап-
сырмасын беруін сұраулары қажет. Қазіргі және болашақ ғылыми 
техниканы, олар қалай елестететіндігі жөнінде салынуы керек 
Физикалық қабырға газеттері мен бұрыштамалар сайы-
сы. «Ғылым мен техника жаңалықтары». Бұл сыныптар ұжымы-
ның сайысы болып табылады және оны үлкен балмен бағалау 
керек. Бағалау кезінде қабырға газеттерінің тақырыбы қанша-
лықты қызықты және мазмұнды екеніне көз жеткізген дұрыс. 
Кештің түрлері. 7-8 сыныптар үшін сыныптан тыс 
жұмыстардың тәжірибесінен үлкен қолдау тапқан кештер – 
қызықты физика, физика-техникалық кештер, тақырыптық және 
мерейтойлық күндерге арналған кештер болды. 
 Физика мен техника кештері. 
Физика мен техника кештері – физикадан көпшілік сыныптан 
тыс жұмыстың тардымды да пайдалы түрінің бірі. Жақсы 
ұйымдастырылып өткен кеш көбінесе оқушыларға ұмытылмас 
әсер қалдырады да, олардың кейбіреулерінің физика мен 
техникаға шынайы еліктеуінің бастамасы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет