Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


Үйірме – сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы



Pdf көрінісі
бет81/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   87
Байланысты:
реферат

Үйірме – сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы.
Сыныптан тыс жұмыстар физика-техникалық үйірмелер тү-
рінде ең көп, әрі жүйелі өткізіледі. Үйірмелер физикалық (төменгі 
сыныптарда - «Жас физиктер», «Проекциялық және дыбыстық 
техника», «Жас конструктор», «Қызықты физика», «Қолдан физи-
калық приборлар жасау», ал жоғары сыныптарда – «Есеп шыға-
ру», «Физикалық теорияларды оқу», «Техниканың физикалық 
негіздері», «Физика-зерттеушілер», «Физик-экспериментаторлар») 
және физика-техникалық (электромонтаж, электр, радио, фото, 
кино, электроника, авто-, авио-, кеме-, моделистер үйірмелері) 
болып бөлінеді. Үйірмедегі оқушылардың саны 10-15 баладан 
аспағаны дұрыс. Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша 
жоспарлануы қажет. Үйірменің күнтізбелік жоспары, оған қажетті 
әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс. 
Физика-техникалық үйірмелер мынадай әдістемелік талап-
тарға сай ұйымдастырылады: 1) үйірмені ұйымдастыру туралы 
ұсыныс-тілекті оқушылардың өздерінің бергені дұрыс. Ол үшін 
мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастырылатындығын, оларды 
кімдер және қандай мерзімде өткізетінін, қызықты әдебиеттердің 
тізімін көрсетіп физкабинетке хабарландыру жазып қою керек, 
оны әр сыныпта талдап, насихаттау қажет; 2) үйірмеге оқушылар 
өз қалауымен қатысқаны абзал; 3) төменгі және жоғары сынып 
оқушылары үшін бөлек-бөлек үйірме топтары болғаны жөн.
4) үйірмедегі балалардың жұмыстарына барынша ерік-ықтияр 
беру нәтижелі болады; 5) үйірме жұмыстарының тәрбиелік 
мәніне де (еңбек дағдысы, техникалық мәдениеті, эстетикалық 
маңызы) жеткілікті мән берген жөн. 6) олардың істеген жұмыс-
тарын мектептегі барлық оқушыларға таныстырып (көрме, 
конкурс, газет) тұру пайдалы; 7) үйірме сабақтарында оқу 
бағдарламасының міндетін орындауға болмайды.


183 
Жүйелі түрде жүргізілген сыныптан тыс жұмыс оқушылар-
дың қабілетін дамытуға және олардың физика мен техниканың 
белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға 
әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет