9
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және
әмбебап тұрғыда қайта құрылулардың салдары білімді үздіксіз және терең
қайта реформа жасау ісі болады. Ол үздіксіздік бүгінгі күнгі қазақстандық
жоғары оқу орындары педагогтары адамзаттық капиталының үлесі жоғары
білім беру жүйесіндегі «жол картасын» жүзеге асыруда табыстылық,
нәтижелілік пен сапаны көздеуі арқылы қолжетімді болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2025 ж. дейінгі әлеуметтік-экономикалық
ұзақ мерзімді дамуы Концепциясының «Білім беру» атты бөлімінде базалық
білім берудің инновациялық сипатын қамтамасыз ету және заманауи тұрғыдағы
үздіксіз білім беру жүйесін құру, кәсіби мамандарды даярлау мен қайта даярлау
мәселелері айтылған.
Жоғары оқу орны педагогтарының үздіксіз білім алу мәселесі ғылыми
және әдістемелік материалдарда көптеген ақпаратты мәліметтер ретінде
қарастырылған және оқырмандарға ұсынылған. Аталған материалдар әлемнің
барлық аймақтарын және алуан түрлі зерттеу әдістері мен апробацияларды
қамтиды. Осы аталғандардың негізінде жасалып отырған әрекеттерді келесідей
мазмұнда түсіну керек, яғни үздіксіз білім беру бұл жаңа білімдер мен дағдылар
түріндегі адами капиталды қалыптастыру болады, әрі тәжірибеде білім
алушылардың құзіретті бағытта өсуіне бағытталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 тамыздағы №645-ші
қаулысына сәйкес «Педагог Мәртебесі туралы» Заңының 4-ші бабында «Тиісті
бейіндер бойынша педагогикалық және (немесе) кәсіби білімі бар, білім
алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және (немесе) тәрбиелеу, оның ішінде
қосымша білім беруді ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру қызметін
ұйымдастыру және (немесе) әдістемелік қамтамасыз ету бойынша кәсіби
қызметті жүзеге асыратын, еңбек саласындағы Қазақстан Республикасы
заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген кәсіптік стандартгарда
көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін адамдардың педагог мәртебесі
болады»-делінген, яғни бұл аса жоғары маңызды нормативтік құжат
педагогтардың мәртебесінің артуына қол жеткізе отырып, білім берудің тиісті
деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтау
жағдайында педагогикалық қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен
нысандарын еркін таңдауға құқылы деп көрсетеді [1].
Үздіксіз білім беру жоғары білімнің ажырамас бөлігі болады және
қоғамның адами капиталы қалыптасатын интеллектуалды өндірістің маңызды
салаларының біріне жатады, әрі ол өз алдынша күрделі процесті білдіреді,
когнитивті, эмоционалды қатысуды, инновацияларға дайындық пен
қабілеттерді қажет етеді.
Үздіксіз көпдеңгейлі білім беру жүйесінде мамандардың кәсіби
даярлығының сапасын арттырып, оны басқарудың бірізділігі мен
сабақтастығын теориялық тұрғыда негіздеп, ғылыми-әдістемемен қамтамасыз
ету Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне
10
ықпалдасу процесін зерттеуді және оны біртіндеп жүзеге асыруды қажет ететін
басты мақсаттардың біріне айналып отыр. Бұған «Қазақстан Республикасында
білім беру жүйесінің 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы» да, «Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2025 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы» да толық дәлел бола алады [2].
Білім беру жүйесінің консервативті мазмұнда жүзеге асуы соңғы уақытта
инновациялық сипатпен ауыстырылды. Білім беру қызметін көрсету нарығы ең
бір аса ерекше мобильді және қарқынды дамушылардың бірі. Дидактикалық
процестер аса белсенді бола түсуде, салдарынан оқытудың белсенді әдістеріне
сұраныс артып отыр. Білім беру мақсаты өзгеруде: бәсекеге қабілетті
мамандардың көптеп шығуы талап етілуде, оқыту процесіндегі басымдылықтар
да ауысып, өзгеруде, күрделі кәсіби ситуациялар өзекті бола түсуде, яғни оқу
процесіне кәсіби ойындарды ендіру қажеттілігі туындап отыр. Бұл тұрғыда
әлемдік педагогикалық тәжірибеде жағымды дұрыс әлеует жинақталған, әрі осы
жағдайда өте оңтайлы жол шетелдік, ресейлік және отандық тәжірибені тиімді
де ұтымды қолдану жөн болмақ. Аталған проблематика білім беру саласында
қалай шешілумен тығыз байланысты. Біздер педагогикалық технологияларды
инновациялық әдістерді қолдана отырып, ең алдымен оны жоғары оқу орнында
апробациялау ісін таңдап отырмыз.
ХХІ ғасырдың басындағы ақпараттық қоғам ғылымның дамуымен және
жасанды интеллектінің өсуімен, әрбір жеке тұлғаның бостандығы шеңберінің
кеңеюімен, жер шарының кез келген түкпіріндегі әрбір адамға түрлі білімнің
сан алуан шаралар көмегімен қол жетімділігін қамтамасыз етумен сипатталады.
Соның ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі жеке адамның
жан-жақты дамуы жүйесінде көрініс табуда. Қазіргі жас ұрпақ прагматизммен,
материалдық пайда алуға деген ұмтылысымен ерекшеленуде. Бұған қоса бүкіл
әлемді қамтыған жаһандану процестері отандық дәстүрлерді, мәдениеттің
өзіндік ерекшелігін сақтауды талап етуде, онымен қоса біліктілік пен аса кәсіби
құзіреттілікті де қажет етуі кездейсоқ жайт емес болып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырза 2020 жылдың 1
қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған кезекті «Жаңа жағдайдағы
Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының іс-қимыл жоспары 11
тармағында ұлттың жаңа болмысы қалыптасу қажеттігін, яғни қазақ қоғамында
жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруы тиіс екендігін атап өткен
болатын. Осыған байланысты университеттегі білім беру процесінің мақсаты
пайдалы ғана емес, моральдық тұрғыдан шешім қабылдай алатын адамды
дамытуға, рухани-адамгершілік мәдениеттің жоғары деңгейіне ие және
адамның өмірлік ұстанымын анықтайтын құндылықтар мен нормаларды
жеткізуші дәнекері бола алатын, жаңа көзқарастағы болашақ мұғалімнің жеке
басын қалыптастыруға бағытталуы қажет [3].
ЖОО-дағы білім беру процесі жинақталған білім, білік және дағдыларды
берудің құралы ғана емес, сонымен қатар тұлғаның әлемдегі жаңа көзқарастың
қалыптасуына, ондағы болып жатқан оқиғалардың өзара байланысы мен өзара
11
тәуелділігін түсінуге, жаһандық мәселелерді түсіну және оларды шешу үшін
жеке жауапкершілігінің дамуына көмектеседі.
Зерттеудің өзектілігі, ең алдымен, заманауи қоғамның үйлесімді дамыған
және кәсіби білімді де білікті мамандарға деген сұранысты зерттеудің
нәтижелері бәсекеге қабілетті сапалар, білім мен дағдыларды меңгеруге
мақсатталған әлеуметтік тапсырыспен шарттасады. Көпдеңгейлі педагогикалық
білім берудің теориясы мен тәжірибесі, үздіксіз кәсіби білім беруді модельдеу,
үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру деңгейлерінің стандарттары мен білім
беру бағдарламалары мазмұнының сабақтастығы және үздіксіз кәсіби-
педагогикалық білім берудің мазмұнын жобалау мәселелері, сонымен бірге
үздіксіз педагогикалық білім беру сабақтастығының ұйымдастырушы-
педагогикалық негіздері мен оны жүзеге асыруды әдістемелік қамтамасыз ету
жүйесі, білім берудің көпсатылы жүйесінде оқыту процесін даярлау мәселелері
бірқатар ғалымдардың (Н.А. Бирюкова, С.М. Годник, В.Л. Ермоленко [4],
Н.А. Завалко, Е.М. Ибрагимова [5], В.А. Кузнецова, В.М. Ушакова, К.К.
Т.А. Қышқашбаев [6], Закириянов [7], К.Т. Өстеміров [8] және т.б.)
зерттеулерінде көрініс тапқан.
Үздіксіз көпдеңгейлі кәсіби білім берудің аймақтық жүйесін құрудың
ұйымдастыру-әдістемелік негіздері, оқу-ғылыми-педагогикалық кешенді
инновациялық білім беру жүйесі ретінде жобалау, аймақтық білім беру
жүйесінің қалыптасуы жағдайында үздіксіз көпдеңгейлі педагогикалық білім
беру сапасын басқару мәселелері В.А. Арнаутовтың [9], Л.Ф. Григорьевтың,
Ю.Н. Петровтың, Н.К. Сергеевтің, В.В. Тарасовтың, Т.П. Досанованың,
А.Қ. Әлімовтің [10], «колледж-жоғары оқу орны» жүйесінде мұғалімдер
даярлаудың үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етудің ғылыми-
әдістемелік негіздері Т.Н. Громова [11], В.С. Щелгунов, Л.И. Мищенко, Л.П.
Стойлова, Н.Н. Светловская [12], С.З. Қоқанбаев [13] және т.б. еңбектерінде
зерттелген.
Бірқатар
еңбектерде
(Х.
Абдукаримов,
В.В.
Арнаутов,
С.И. Архангельский, В.И. Загвязинский, А.И. Мищенко, Б.А. Альмухамбетов
[14], А.А. Жайтапова, Ж.К. Оңалбек [15], К.М. Беркімбаев [16], Р.С. Омарова,
А.А. Молдажанова, А. Қарақов, К.С. Успанов және т.б.) үздіксіз білім беру
жағдайында болашақ педагогтардың кәсіби-тұлғалық дамуының кәсіби
біліктілігі мен педагогикалық шеберлігі қалыптасуының теориялық-
әдіснамалық негіздері, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде
мамандардың біліктілігін арттыру, үздіксіз педагогикалық білім берудің
теориясы мен практикасында мұғалім тұлғасын қалыптастыру, үздіксіз білім
беру процесінде мұғалімнің кәсіби-құндылық бағдарын қалыптастыру
мәселелері зерделенсе, енді бірінде педагогика ғылымында кәсіби
педагогикалық білім беруді ізгілендіру (М.Н. Берулава [17], И.Ф. Исаев,
Л.С. Подымова, А.А. Бейсенбаева, Б.Д. Кисиков, Р.А. Мұқажанова [18] және
т.б.), үздіксіз білім беру барысында адамгершілік-тұлғалық негіздерді жетілдіру
(Ш.А. Амонашвили [19], А.А. Калюжный [20] және т.б.) мәселелеріне мән
беріледі.
12
Бүгінгі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде педагогикалық маман-кадрлар
даярлауды басқару саласында да біршама еңбектер орындалған. Ол еңбектерде
білім беруді басқарудың теориялық-әдіснамалық негіздері (В.Г. Афанасьев,
А.К. Белых, А.И. Берг, Д.М. Гвишиани, А.М. Омаров, Ю.А. Тихомиров [21]
және т.б.), білім беру жүйелерін басқарудың ерекшеліктері (Т.И. Березина,
В.И. Загвязинский [22], Ю.А. Конаржевский, М.И. Кондаков, А.А. Орлов,
М.М. Поташник, И.К. Шалаев, Қ.Ж. Қарақұлов [23], Н.А. Абишев, Н. Асанов,
Д.Н. Кулибаева, С.М. Бахишева және т.б.), білім беру процесін басқару
(В.П. Беспалько, Г.Г. Корзникова, В.А. Якунин, Г.З. Адильгазинов,
У.С. Абдукаримова [24], Л.Н. Ким, М.Ф. Шапиро және т.б.), білім берудегі
инновациялық процестерді басқару мәселелері (А.Е. Капто, А.В. Лоренсов,
Л.П. Редько, Ш.К. Амир, С.М. Бахишева [25], А.К. Рысбаева [26],
А.М. Моисеев [27], Т.М. Баймолдаев, Г.Д. Такенова, Н.И. Хван және т.б.)
негізделеді.
Орындалған еңбектердің ішінде, зерттеу тақырыбына жақын деген
еңбектерде (Қ.Ж. Қарақұлов, Н. Асанов, Т.M. Баймолдаев [28], А.Б. Жусупова
[29], Е.Ш. Қозыбаев [30]) үздіксіз жоғары білім беру жүйесін педагогикалық
менеджменттің негізінде басқару теориясының әдіснамалық негізін жасау,
ИСО-9000 халықаралық стандартына негізделген жоғары оқу орнының сапа
менеджменті жүйесінің моделін жасау, қазіргі орта мектепті басқарудағы
педагогикалық менеджмент мәселесі қарастырылады.
Сонымен, ғылыми зерттеулерге жасалған талдау жұмысы үздіксіз
көпсатылы кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде педагог мамандарды
даярлау мәселесінің әлі де болса терең қарастырылу қажеттілігін көрсетеді.
Осы зерттеу жұмысымызда Б.А. Сайлыбаевтың [31] үздіксіз кәсіби-
педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен
басқарудың ғылыми негіздері жайлы, С.Т. Жарболованың [32] үздіксіз көп
деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің
педагогикалық шарттарын айқындау туралы озық пікірлері зерделеніп,
тұжырымдар жасауда басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасы білім беру саясатындағы басты міндеттердің бірі
үштілде білім беруді жүзеге асыру ісі болып отыр. Қазақстан Республикасының
Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан - 2050" стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына
Жолдауында тағы да «біздің балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және
ағылшын тілдерін белсенді зерделеуі үшін жағдай жасау бойынша» қажетті
шаралар әзірлеу қажеттілігі атап көрсетілген [33].
Қазақстанда көптілді/үштілде білім беру тәжірибесі өзінің тарихын 2007
жылдан бастайды. Дегенменен, үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру
жүйесінде халықаралық қарым-қатынас тілі ағылшын тілін меңгеруге
байланысты педагогтардың даярлығы анықтаудың қажеттілігі артуы мен
заманауи таңдағы білім беру жүйесінде бұл мәселеге әлі де болса өз деңгейінде
назар аударылмауы арасында; үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру
жүйесінде педагогтарды даярлау ісін біріккен-диалогты танымдық іс-
13
әрекеттерін ұйымдастыра отырып, белсенді оқыту әдістері негізінде жаңа
сапаға көтеруге байланысты талаптардың артуы мен оны жүзеге асыруға
байланысты ғылыми теорияға негізделген әдістеменің жоқтығы арасында
қарама-қайшылық анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру
бізге зерттеу проблемасын анықтауға және тақырыпты « Үздіксіз білім беруде
Достарыңызбен бөлісу: |