Сәттілік!!! 1-билет доктрина


)XVIII-XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР



Pdf көрінісі
бет15/49
Дата09.11.2022
өлшемі0,74 Mb.
#48681
түріНұсқаулар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49
Байланысты:
БИЛЕТ ЖАУАПТАРЫ 11А

2)XVIII-XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР 
Қазақстан Ресей құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми зерртеу үдерісі басталды. Қырғыз-
қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов "Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы" 
атты еңбек жазды.Онда автор қазақ және қарақалпақ жерін егжей-тегжейлі сипаттап 
жазды.Ломоносов елде экспедициялар ұйымдастырып, географиялық карта жасад. 1768-1774 жж 
алғашқы Паллас экспедтцтясы болды,нәтижесі ретінде Палластың "Ресей империясының әртүрлі 
провинциялары бойынша жасалған саяхат" атты үш бөолімнен тұратын еңбегі жарық көрді.Онда қазақ 
халқының тарихы мен этнографиясы туралы мәліметтер бар.XVIII ғасырдың аяқ кезінде Андреевтің 
"Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы" еңбегі жарық көрді.Өзінің кітабында Орта жүздің 
тарихы мен шегарасы туралы мәлімет қалдырды.1830 жылы Броневскийдін "Орта жүз қырғыз-
қайсақтары туралы жазбалар" атты жұмысы жарияланды.Белгілі тарихшы Левшин "Қырғыз-қазақ 
немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы" атты үш бөлімнен тұратын еңбегін 
жазды,онда қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы,географиясы туралы аса маңызды мәліметтер 
келтірілді.Добромыслов "Торғай облысы.Тарихи очерк" атты 3 томдық еңбек жазды.Онда Кіші жүздегі 
қазақ хандықтарының тарихи және саяси оқиғалары толық сипатталған.Радловтың "Сібір 
қазақтарының этнографиясы туралы" еңбегі түркология ғылымының дамуына зор ықпал 
етті.Семенов Тян-Шанский Алтай,Жетісу,Орта Азия жерлеріне экспедиция жасап "Қырғыз өлкесі" және 
"Түркістан өлкесі" деген еңбектер жазды. Неміс географы,этнораф әрі тарихшы Фон Хелльвальд 
"Орталық Азия.Жер бедері мен халқы"атты еңбек жазды. 
3)«Салт-дәстүрлер қазақ халқының рухани және адамгершілік құндылықтарының көрінісі 
болып табылады». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел 
келтіріңіз. 
МЕН КЕЛІСЕМІН 
Қазақ қоғамы-осы күнге дейін,көбінесе дәстүрлі,яғни дәстүрмен байланысты қоғам.Ұлттық 
бірегейлікті сақтап,мәдениетті дамытуда салт-дәстүрдің маңызы зор.Басқа да дәстүрлі қоғам сияқты 
қазақ қоғамында өмірлік кезеңдерге байланысты салттар ерекше берік.Әсіресе ол ас беру кезінде 
ерекше байқалады.Өмірлі кезеңдергеқатысты салттар:Ана мен баланың денсаулығын,ырыс-берекені 
қамтамассыз етуге бағытталған және бала босануға байланысты салттар,оларға қырқынан 
шығару,шілдехана,бесіктой және т.б жатады.Баларға байланысты салттарға есім қою,тұсау кесу және 
т.б.Үйленуге байланысты салттарға құдалық,қыз ұзату және т.б. жатады.Той өте салтанатты 
өткізіледі.Жерлеу-еске алу салттары кезінде көңіл айту,қайғыру,жоқтау,дұға оқу,жерлеу рәсімдері 
жатады.Өмірлік кезең дәстүрлерінен бөлек басқа да салттар,қонақжайлылық әдеттері мен онымен 
байланысты жора-жорғалар,салттар бар.Жоғарыда келтірілген мысалдар қазақтардың адамға 
туылғаннан бастап,өлгенге дейін көңіл аударатыны анық көрсетілген.Салт-дәстүрлердің қазіргі 
заманға дейін сақталуы біздің рухани байлығымызды көрсетеді.Қазақтар дәстүрлерге сүйеніп өз жеті 
атасын ұмытпайды.Заманның жанаруына қарай дәстүрлер де өзгеріп отырады.Қазақ халқының 
дәстүрлері 
адамгершілікке,жақсылыққа 
баулиды.Салт-дәстүрлер,әдет-ғұрыптар 
мүлтіксіз 
сақталадыжәне қазақ қоғамын біріктіретін мәдени бірегейліктің нығаюына жағдай жасайды. 
///////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет