дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. Мен келіспеймін Ең алыдмен біз көмірсутектін не екенін түсініп алуымыз қажет.Көмірсутек ретіде Қазақстанда
өндірілетін мұнай мен газды қарастыруға болады.Мұнай Қазақстан экономикасының дамуының ең
басты бағыттарының бірі.Ең алғашқы мұңай көзі Атыау облысында 1899 жылы
табылды.Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами
бастады десе болады. КСРО-да бірегей халық шаруашылығы кешенін құру Қазақстанның аумағында
Бұхар-Орал, Орталық Азия-Орталық және Бухара-Ташкент-Фрунзе-Алматы ірі магистралдық газ
құбырларын салуға себеп болды, олар бойынша осы уақытқа дейін тұтынушыларға көгілдір отын
жеткізілуде.Мұнай өндірісі 1992ж 25,8млн т құрады,ал 2012ж 80млн т жетті. 1985 жылмен
салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл
көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн.
тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын
игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде
көмірсутегі шикізаты өндіріледі.Жоғарыда келтірілген мысалдар көмірсутек экспортына
Қазақстанның тәуелділігінің артуын көрсетеді.Қазақстан шикізатка бай және экономикасы толықтай
шикізатпен байланысты.Мұнай,газ-ең сұранысқа ие шикізат көздері.Сол себепті өндіріс мөлшері әлі
арта түседі.
///////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////
12билет Отар - бұл мықты шет мемлекеттің (метрополия) басқаруындағы тәуелді аумақ. Мұндай жерлер
әдетте экономикалық және саяси биліктен айырылады және олардың басқаруы арнайы режим
негізінде жүзеге асырылды.Отаршылдық - өз елінің шет жағында бос жатқан жерлерді қоныстану және
шаруашылық үшін игеру , сондай-ақ басқа елдерде қоныстар салу. Отаршылдық іс көбіне жергілікті
тұрғындарды күшпен бағындыру және ығыстыру саясатымен (кейде қырып-жоюмен) ұштасады және
басқа аумақтарды тартып алу үшін қолданылады. 15 ғасырдағы географиялық ұлы жаңалықтар
кезінен еуропалықтар жер жүзінің басқа құрлықтарын отарлауды бастады. Әскери-сауда
орталықтарын салу, жаңадан ашылған құрлықтарды игеру, бұрынғы дамыған елдермен сауда жүргізу
қыза түсті. Испандықтар, португалдар, голландтықтар, ағылшындар, француздар, т.б. отаршылдық
саясатын күшпен жүргізді.Көптеген байырғы халықтарды қырып-жою, қалғандарын құлға айналдыру,
резервацияларда ұстау, кемсіту кеңінен орын алды. Отаршылдық саясатын қолданған елдер жергілікті
халықтарды тонау, қанау арқасында қатты байып, отарларды шикізат көздеріне, өздері шығарған
тауарларды үйлестіру базаларына айналдырды. Отарланған елдердің ең құнарлы жерлерін
келімсектер иемденіп, Америка, Африка, Азияның байырғы халықтарын, шөл, шөлейт далалар мен
тауларға ығыстырды. Ресей патшалығы да бір орталыққа бағынған мемлекет болуды аяқтағаннан
кейін 16-17 ғасырларда Еділ бойы, Орал, Қиыр Солтүстік, Сібір, Қиыр Шығыс халықтарын отарлай
бастады. 18-19 ғасырларда отаршылдық саясатын әрі қарай жалғастырып, Кавказ, Қазақстан мен
Орталық Азия халықтары да басып алынды (қ. Қазақстанды Ресейдің отарлауы). Ресейдің
отаршылдық саясатын ұсақ халықтарды жаппай орыстандыру, шоқындыру, бас көтергендерін қатал
жазалау және ішкі аймақтардағы орыс, украин, белорус, т.б. халықтардан шыққан шаруаларды күшпен
қоныстандыру арқылы жүзеге асты. 1991 жылы КСРО-ның тарауымен бұрынғы Ресей отарлары да
егемендікке қол жеткізді.