11-БИЛЕТ 1)«Монархия», «республика» терминдеріне анықтама беріңіз. Монархия - бұл жоғарғы мемлекеттік билік толығымен бір адамға-монархқа тиесілі, мұрагерлік
жолмен келетін басқару нысаны. Қазіргі абсолютті монархиялардың мысалдары: Сауд Арабиясы,
Бруней, Катар, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ).
Республика - бұл жоғары мемлекеттік органдар сайлау негізінде қалыптасатын және белгілі бір
мерзімге сайланатын мемлекеттік құрылым нысаны. Бұл оның монархиядан орталық
айырмашылығы. Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, парламенттік, аралас. Мысалыға
Қазақстан ресми түрде демократиялық, зайырлы, унитарлық, конституциялық республика болып
табылады.
2)Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін сипаттаңыз. Қазақ халқы Ресей империясы құлағаннан кейін алғаш рет 1920 жылғы 26 тамызда жаңадан құрылған
Қырғыз КСР Автономиялық Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының құрамына кірді.
Жаңадан құрылған автономиялық республиканың астанасы Орынбор қаласы болды. 1924-25
жылдары Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу орын алып, 1925 жылғы маусымда РСФСР
бағынысындағы қазақ халқы бар барлық аумақтар біртұтас Автономиялық Қазақ АССР-не біріктірілді.
1929 жылы астананы Қызылордадан Алматы қаласына көшірді. Қазақ АССР 1936 жылдың ақпан
айында Қазақ КССР деп атала бастады. Сол жылы РСФСР құрамынан шығарылып, Қазақ ССР деп
аталатын одақтық республика мәртебесіне ие болды. Республика кеңес Республикасы ретінде 1991
жылдың желтоқсанына дейін, Қазақстан Республикасы тәуелсіз біртұтас қазақ мемлекеті болып
жарияланғанға дейін КСРО құрамында болды
3)«Тәуелсіз Қазақстан экономикасының көмірсутектер экспортына едәуір тәуелділігі ХХ ғасырдың бірінші жартысында аяқталды». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға