Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


кезеңдік қауіп саясат, тілдік саясат емес, ағылшын-латын



Pdf көрінісі
бет163/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   196
Байланысты:
httpsemle.kzbooks8e10fd01cc60087f7a7a338573861826.pdf

кезеңдік қауіп саясат, тілдік саясат емес, ағылшын-латын
стандарты, өркениеттің ғылыми техникасы, нарық пен
эко-номика болатынына көзің жетеді.
Келесі топ қазақ тіліне тән дыбыстар үшін диакритикалақ
таңбаларды ұсынады. Дауысты фонемаларға әріптердің үстіне,
дауыссыз фонемаларға жол астына салуды ұсынады. Мысалы, ă
(ә), ĭ (ы), ŏ (ө), ь (ү), ŭ (ұ), з (ч), р(ғ), s, (ш) s (щ) (Түндікбаев Ж.
Латын-түрік жобасы // АТ. 7.09.00.). Сондай-ақ ű (ү), ĭ (і), к (к), р
(г) (Қондыбаев …); n(ң), ў (й), s (ш), c (ч) (Жұрынов М.
Академик М. Жұрыновтың ұсынысы // АТ. 3.08.00.); ş (ш), ň (ң)
(Латын әліпбиімен лебіз білдірсек // Қазақ елі 14.03.97.). а’ (ә),
с’ (ч), g’ (ғ), ћ’ (ћ), і’ (и), n’ (ң), о’ (ө), (Мереке А. Казахский
язык на латинице? А почему бы и нет? Причем совсем скоро //
Экспресс-К 5.11.99.), s’ (ш), u’ (ү), у’ (й), g’ (і) (Исаұлы А. Латын
жазуына көшсек // Абай. 2000. №4); д (ә), ц (ө), î (ы), р (ғ), ŋ (ң), s
– (ш) (Жиенбай Ә. Еуропалық қазақтар қолданатын латын-
қазақ алфавиті // АТ. 4.01.01.); ź (з), ň (ң) (Мұхаметжанов М.
Қазақ әліпбиінің жаңа жобасы туралы // Заман – Қазақстан.
7.06.96.), ň (ң), ä (ә), ĵ (і), ö (ө), ű (ү) қосымша таңбалары септ-
стандартқа сай келеді (Бапыш Ж. Қазақ әліппесі туралы //
Жұлдыз. 1994.№2. 202б.); р (ғ), ϊ (ы), і (і), ň (ң), ő (ө), ş (ш), ь (ү)
(Қайдар Ә. Жаңа қазақ әліпбиі // ЕҚ. 26.07.00.; Жунисбек А.
Хусаинов К. Уали Н. Казахский алфавит на основе латинской
графики // Известия АН РК. 2000. №1).
Қазақ тілінің үндесім құбылысы диакритикалы әріптерді
қолдану қиындығынан “алып шығатын” тәрізді. Сондықтан бір
топ мақала авторлары қазақ тілі дауыстылары үшін дәйекше
алуды жөн көреді (Бөлеген Ә., Бөлеген Г., Төрехан Г., Алтай М.
Жаңа әліпби қандай болу керек // Заман – Қазақстан. 9.08.96
және ЕҚ. 17.09.96.; Жүнісбек Ә. Ахаңның жолы бізге үлгі // ҚӘ.
29.11.02; Исламбек Т. Латиница или вязь? // Каз. Правда 31.07.92.;
Исламбек Т. И все-таки будущее – за латиницей // Каз. Правда
27.08.93.; Сейтұлы О., Бегалыұлы С. Жаңа қазақ әліпбиі керек //
АТ. 25.10.00.). Инициал позициаға қойылатын дәйекше сөздің
бүтін жіңішке екенін білдіреді (’jihaz – жійхәз, ’Ahmed – Әхмед,
’kinalamay – кінәләмәу); ал аралас үндесімдегі сыңарлары бар
сөздерді А. Байтұрсынұлынша дефис қою арқылы жазуға бола-ды
немесе алдыңғы сыңардың лабиалдығына қарай не бүтіндей
жіңішке, не бүтіндей жуан етіп кіріктіріп жіберуге болады дейді
авторлар (Сейтұлы С, Бегалыұлы С.).
Егер бұл жоба электронды пошта, интернет арқылы
халықаралық коммуникацияға шығу мүмкіндігін берсе, онда
біріккен сөз емлесін дефис арқылы жазуға болады. Онда а-ә
әріптерінің емлесіндегі қиындықтан да құтыламыз. Мысалы ;
күнәға, күмәнданғандықтан, күмәнді, ләззат, ләззаттанған де-
ген тәрізді аралас буынды сөздерді бас позицияға дәйекше қою
арқылы бірыңғай жіңішке жазып, бірыңғай жіңішке оқитын бола-
мыз : ’күнәға [күнәғә], ’kumandangandiktan [күмәндәңғәндіктән].
Әрине, соңғы 5-6 буындағы қосымшалар жартылай жуан айты-
лады.
Осыған сәйкес әріп тіркесі, диакритикалық таңба және
дәйекше арқылы жазылған сөздердің тұрпатын, жазу
үнемділігін салыстырып көрейік (9-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет