Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет67/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   196
и-мен [й], [ый], [ій], у-мен [у], [ұу], [үу] дыбыстарын
таңбалау орынды болар еді. Сөйтіп, әліпбиден бір әріп
қысқарар еді.
Ал һ дыбысы, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов негіздеуі бойын-
ша, төл сөздерде болмаса да, одағайларда кездесетін дыбыс.
Н.Уәлиұлының айтуы бойынша, һ әрпі – кірме сөздердегі
бейүндес буынның жігін жымдастыру қызметінде жұмсалатын
маркерлі әріп. Мысалы, Ахмет, жићаз т.б. сөздерде буындардың
жіңішке/жуан айтылуына сілтеп тұрады. Х әрпі сөз тұлғаларының
мағынасын графикалық тұрғыда ажыратуға көмектеседі, кірме
сөздерде жазылады. Проф. З.Базарбаева тілдің фонологиялық
құрамының кеңеюі, дыбыс вариацияларының фонемаға айна-лу
процесі, өзге тілдердің әсері барлық тілге тән универсал-ды
құбылыс деген. Біздіңше, әліпби сол тілдің фонологиялық
құрамын дәл, нақты көрсетіп тұруы керек. Мысалы, 55 әріптен
тұратын кабардин жазуы өзгелердің сол тілді үйренуін тездеткені
тарихтан белгілі. Әлде И.Бальдауф айқандай, “Әліпби тиімді
болған сайын оның жетілдіретін тұстары көріне бере ме?”.
Пысықтау сұрақтары:
1. Графика мен орфография ұғымдарының шығу себебі неде?
2. Әліпби мен графика ұғымдарының арасында қандай
айырмашылық бар?
3. Әліпбиге қойылатын қандай талаптар бар?
4. Әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген деген пікірге
жауабыңыз қандай болады?
5. Қазақ жазуы 1 әріп: 1 фонема қатынасында әліпби құрған ба?
Салдары нендей болды? Болашақта қандай қатынастағы әліпби
құруға мүмкіндік бар?
Жазу категориялары туралы айтылған төмендегі пікір-
лерді талдап көріңіздер
“Графика – это совокупность оптических средств и правил
их применения для передачи сообщения в целом или же
отдельных его единиц и их сочетаний”... “Орфография – это
правила оп-тической передачи средствами графики данного
языка его зна-чимых единиц с учётом не только плана
выражения но и плана содержания” (Л.В.Зиндер).
“Орфография имеет дело с внешней стороной знака означа-
ющим слова. Орфография облик слова устанавливает соответс-
108
109


твие между элементарными составными частями означающего
и буквами. Означающее же находится в соответствии не только
с семантическим компонентом знака, с означаемым, но и с
праг-матическим компонентам, в том числе в внутренней
формой знака” (Кузьмина С.М.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет