Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет66/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   196
– [ый], [ій], [ұй], [үй]; у – [ұу], [үу]; я – [йа], [иә], [а], [ә]; ю
– [йұу], [йүу] дыбыс, дыбыс тіркесін де береді.
Жалпы, әліпбидегі әріп таңбасын қысқартудың мынадай жол-
дары болды: 1) дәйекше арқылы дауысты дыбысты таңбалауды
үнемдеу; 2) дауысты таңбасын көбейтіп, дауыссыз таңбасын
106
107


азайту; 3) дауыстыны таңбалауды азайтып, дауыссыздар
таңбасын екі есе көбейту. Соңғы тәсіл орхон жазуында, бірін-
шісі А.Байтұрсынұлының төте жазуында қолданылды.
Сонымен, қазақ әліпбиі саясаттың және басқа себептерден
сингарможазудан (төте жазу) → акцентті-фонологиялық жазуға
(латын, орыс графикасы) көшіп, орыс әліпбиінің 33 әрпін
қабылдап, 9 жеке фонемасының таңбасымен бірге 42 әрпі бар
әліпбиге айналып отыр.
Әліпбидегі я, ю, ё әріптері орыс әліпбиіндегі сөзді жіңіш-
кертетін белгісінен айрылып, қазақ сөздері үшін тек й+а,
й+ұ+у, й+ү+у, й+о дыбыс тіркесін беретін болды. э – әрпі тек
кірме сөздерде, ал у, и таңбалары ый, ій, ұу, үу – дыбыс
тіркестерін белгіледі. Щ әрпі қос ш-ны таңбалады.
Сөйтіп, қазақ әліпбиінде бес әріп қосар дыбыс таңбасын бе-
реді. Олар: /я/ – [йа], [йә]; /ю/ – [йұу], [йүу], /у/ – [үу], [ұу],
[у]; /и/ – [ый], [ій]; /щ/ – [ш+ш].
Сонымен, қазіргі әліпбиіміздегі әріптер 1әріп:1фонема, ды-
быс тіркесі: 1 әріп қатынасына құрылған дейміз. Және соңғы
қатынасты көре отырып, әріп саны фонема санынан артық
шыққан әліпби қолданып отырғанымызды көреміз: 9 дауысты
фонема: 9 әріп, 17 дауыссыз фонема: 21 әріп, 3 дыбыс тіркесі: 3
әріп, сонда 26 фонема: 33 әріп (Мұнда цитаталық принцип
үшін алынған орыс жазуының әріптері есепке алынған жоқ).
Бүгінде, қазақ жазуының латын графикасын қабылдау
қарсаңында алдымен әліпбидегі әріп саны мен тілдегі фо-нема
қатынасы ғалымдар назарын аударып отыр. Өйткені қолданыстағы
әліпбиде 42 әріп, латын әліпбиінде 26 әріп бар. Жалпы жазу
теориясында әріп саны фонема санынан кем әліпби
– жетілген, әріп саны фонема санына тең әліпби – жетілдіруге
болатын, әріп саны фонема санынан көп әліпби – жетілмеген,
жетілдірілуі тиіс алфавит болып саналады. Біздіңше, бұл – жазу
дәстүрі қалыптанған, жазу графикасы тұрақты ағылшын, фран-
цуз, неміс жазулары тарапынан шығарылған теория. Сондықтан
жазу үнемділігін жасаған қазіргі әліпбидегі таңбалар туралы
ойлану керек. Мысалы, и, у, ю (и әрпінен басқа тіркесімде), я (и
әрпінен басқа тіркесімде) таңбалары қазақ графикасына жазу
үнемділігін әкелді. Тек й, ы, і әріптері бола тұрып, осы
дыбыстардың тіркесін беретін и әрпінің алынуы, у әрпінің [ұу],
[үу] тіркесінде, [у] дауыссыз фонемасын беруіне сәйкес емес. Яғни


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет