302.
Суда еритін дәрумендер, негізінен, өсімдіктекті өнімдерде (немесе сыра
ашытқысында) кездеседі.
303.
Майда еритін дәрумендер көбінесе жануартекті өнімдерде болады.
304.
Витаминдердің ағзадағы жетіспеушілігі: гиповитаминоз
305.
Күнделікті пайдаланатын тағамдардың құрамында қандай да бір дәруменнің
ұзақ уақыт болмауынан туындайды: авитаминоз
306.
Витаминдерді шамадан тыс көп тұтыну: гипервитаминоз
307.
Гипервитаминоздың белгісі: құсу, іштің өтуі, теріде ұзақ уақыт жойылмайтын
ақшыл
дақтардың пайда болуы
308.
С дәрумені ауамен жанасқан кезде оңай бұзылады.
309.
С дәрумені (аскорбин қышқылы) – алуан түрлі қызмет атқарады және тәуліктік
мөлшері ең көп дәрумен.
310.
С дәрумені Қызметтері:Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Ол
антидене синтездейтін ферменттердің құрамына кіреді. Сүйек пен тістің берік болуына әсер
етеді. Эпителий ұлпасының қалпына келу жылдамдығын арттырады. Соның нәтижесінде
қан тамырларының серпімділігі (эластикалығы) жоғарылап,
оның зақымдануына және
тозуына кедергі келтіреді.Биологиялық тотығу кезінде бөлінетін зиянды заттардың (бос
радикал деп аталатын) бұзылуына қатысады
311.
Достарыңызбен бөлісу: