Казахстан, армия, патриотизм
Төлен Анар
9 сынып, Қоссейін ЖОМ Шардара ауданы
Мен – қазақпын, қазақпын деп мақтанамын
Иә, мен – қазақпын! Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың
ұрпағымын. Ата-бабаларымыздың асыл арманы еңселі ел болу еді.
Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас»,-
деп жырлап өткен ата-бабаларымыздың арқасында мың өліп, мың
тірілген қазақ халқы талас-тартыспен жүріп, тәуелсіздікке ұмтылумен
келді.
Тәубә! Бұған да жеттік!
Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуындағы барлық
жетістіктеріміз, ерекше өрлеуіміз, өркендеуіміз, дүниежүзілік дамыған
озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей
қарым-қатынас жасауымыздың бастауы – біздің мемлекетіміздің
тәуелсіздігінде. Тәуелсіздік халқымыздың талай ғасырлардан бері
ата-бабаларымыздың арманы болғаны – тарихи шындық. Сондықтан
да бұл тарихи шындықты кеудесінде қазақ деп соққан жаны бар, әрбір
азамат жүрегімен сезінуі керек. Әлемнің көптеген озық елдерінің бас-
шылары бұл шындықты мойындап, қазақ елін құрметтейтінін көріп
отырмыз. Мақтанышпен де айта аламыз.
Еліміздің тәуелсіздігінің болашағы үшін, өсіп өркендеуі, нығаюы
үшін ең бірінші – ұлттың бірлігі керек. Бірліктің арқасында елімізде
қаншама ғажап өзгерістер, жаңарулар болуда.
Елді бірлікке бастап, өзінің еңбегімен, көрегендігімен
ұйымдастыра білген Елбасының орны ерекше. Елбасымыз қазақ
елінің жаңа кезеңін ұлтымыздың өркендеп, өркениетке ұмтылуын
керемет ұйымдастыра білді. Тәуелсіздікті сақтап қалу – тәуелсіздікке
жетуден де күрделі екендігін өз сөзінде айтып өткендей, сан түрлі
толқындардың жетегіне ілеспей, ерекше дараланып, алға оза шыққан
бүгінгі қазақ елін тіл көзден сақтасын дегім келеді.
Дана халқымыз: «Бір басшыға – мың қосшы», - деп бекер айт-
паса керек. Елбасыны сайлап алып, соңына ерер халқы болмаса,
«жалғыздың үні шықпастың» күйін кешпесіне кім кепіл?! Ертеде
бір ойшыл: «Саясаткер – сайлау мен сайлау арасында ғана көрінетін
белсенді. Ал шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының
тағдырымен байланысты»,-деген екен. Қандай да басшының сөзі, іс-
әрекеті және сол әрекеттің нәтижесі ел көңілінен, жалпы жұрттың
575
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
ойынан шығып отырса ғана халықтың сеніміне ие болады. Біздің
Елбасы – сондай ел сенімін арқалаған азамат. Сондықтан да оның
соңынан ерген халқы бар, «Нұр Отан « партиясы бар. Біздің еліміз –
көп партиялы ел. Отанымыз нұрлы, жарқын болсын деген мақсатта
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы құрылды. «Нұр
Отан» партиясының мақсаты - егемен еліміздің қарқынды дамуы
үшін қызмет ету. Партияның төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-
ев – жеке тұлға деп айта аламын. Ол «сегіз қырлы, бір сырлы» ерек-
ше жаратылған жан. Ол – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем кісі.
Елбасының « жұмылсақ -жұдырықпыз, жұмылмасақ-құрыдық біз» де-
ген сөзі нағыз шешеннің сөзі емес пе ?!
Нұрсұлтан Әбішұлы жыл сайын халқына жолдау арнайды. Әр жол-
дауында еліміздің ілгері дамуы үшін жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп
отырады. Өткен жылдағы жолдауында «Қазақстан-2050» страте-гия-
сын жария етті. Стратегияның мақсаты – Қазақстанның әлемдегі ірі
30 мемлекеттің қатарына қосылу.
Біз бұған жетеміз! Биылғы жолдауында «Мәңгілік ел» жобасын
беріп отыр. Еліміздің болашағы – жастарға сенім артып «бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» арқылы бәсекеге қабілетті болуға талпы-
нып, алдағы асулардан өтуге даяр болуымыз керек. Біз Мәңгілік елде
өмір сүруге тиіспіз. Қазақ елі – Мәңгілік ел болуға әбден лайықты ел.
Өзінің тарихы да «мың өліп, мың тірілген» қазақ елі енді ешкімге тізе
бүкпейтін, еңкейгенде еңкейетін, шалқайғанда шалқаятын азат ел
болды.
Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясын біз де қолдаймыз.
Еліміздің болашағы-жастардың қолында деп біздердің, жастардың
мүдделерімізді қорғап, терең білім, сапалы тәрбие, болашақта өмірден
өз орындарымызды табу үшін қамқорлық танытып келеді. Ата-баба-
ларымыз: «Арғы атам ер түрік, Біз Қазақ еліміз!»-деп ұрандаған бол-
са, енді біз өз тізгініміз өз қолымызда болғанда неге мемлекетімізді
Қазақ елі деп атамауымыз керек. Мен бұл идеяны қолдаймын және
ел болашағы болып табылатын барша жастарды Елбасы бастамасын
қолдауға шақырамын. Өйткені Мен – қазақ-пын!
576
Казахстан, армия, патриотизм
Тұңғышбаева Гүлбану
11 сынып, Жаушықұм лицейі Шардара ауданы
Еңселі елімнің ертеңі
Қазақ... Бұл сөздің түп қазығын қазбаласақ сонау ҮІІ-ҮІІІ
ғасырларға барып тіреледі. Сол заманда да еркіндікке жаны құмар
халық. Ежелден есімі ел аузына еш кетпеген халық. Жаны жамандыққа
қас, жақсылыққа бір табан жақын халық. Көңілін тапсаң,сол қазақтан
жақсы халық жоқ ғаламда, мейірлене мейманын күтіп құрақ ұшады,
ал сатқындықтың суынан дәм татар болса оңдырмай өзіңе әділдікпен
дәріс беріп қасына жоламастай етеді. Қымызы мен қымыранын
сапырған, қылышымен жауын қайырған бір өр халық. Жусанды да-
ланы жайлаған қазақтың көрмегені жоқ, сірә. Сонау қалмақтың
қорлығын бір көрсе, бертін келе социолизмнің сырығына ұшырап
соғыстыда көрді. Бас болып көтерілді де су сепкендей қан толқын бо-
лып жеңілді. Азапты да, қанауды да, аштықты да басынан кешті.
Тарқата айтқанда, кешпеген суы, көрмеген қиындығы-
қалмағанды. Табаннан таусылып талай біртуар тұлғалар репрессия
шынжырына байланып, қыршынынан қыйылды. Осынша зұлматты
басынан кешкен, қиындықты қасқайып қарсы алған халық, бүгінде
бірлігі жарасқан білдей бір мемлекет. Басына қара бұлыт үйіріліп
тұрса да, бірлігімен шуақты күнге жеткен – Қазақстан. Сан сынақтан
өтіп ақыр аяғында тәуелсіз күнге жеттік, дамыған елу елдің қатарына
іліктік. Бұйыртса, дамушы әлемнің отыз ел қатарына ілігетін ниетіміз
бар. Көш басшымыздың сындарлы саясатының арқасында күннен-
күнге гүлденіп, көркейіп келеміз. Бұл сөзімнің бірден-бір дәлелі
11жылда жауһардай жарқырап көздің жалын алушы – Астана.
Астана – бас қала. Еуразияның маңдайына біткен шолпан жұлдызы.
Елімнің шеберлері шыңдалып, шеберліктерін ұштап астанамыздың
сәніне әр беруде, жаңа нысандар көбейуде. Дей тұрғанмен де, астана
ғана емес, белді қалаларымыз: Алматы, Ақтөбе, Қызылорда сынды
алып шаһарлар да күн санап жаңа нысандармен толықтырылуда.
Ендігі сөз кең байтақ даласының бір бұрышында жатқан қайсар
бір халық жайлы. Ауыл өмірі... Туған жерім...Көк теңіз қоршаған, жу-
сан исі аңқыған жайлаулы мекен. Табиғаты ғажап өлке. Сан түрлі
құстардың сайра-ғаны, әлемдік аркестір сынды естіген сайын
құлағыңның құрышын қандырады. Күлімдеп атқан әр таңы қуат пен
күш әкелгендей. Ауылымның қауырт тірлігі таң атпай қаумалана ба-
577
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
сталады. Шуылдаған мал қыр қуалап жұмысына асыққан жолаушыдай
саябырылмай жан-жаққа тарасады.
Ауылымыздың адамдары бірлігі жарасқан берекелі де мерекелі
халық. Ауыл белсенді азаматтары еңбегінің арқасында жаңа мектеп
нысанына қол жеткіздік. Жаңа мектебімізде оқймын деген баланың
талап тілегі жерде қалмайды. Ұстамды ұстаздар білікті мамандар жол
басшымыз секілді алдымыздан шыққан сынақтан сүрінбей өтуіміз
үшін алдына жан салмай бар білгенін бізге үйретуде, толасыз еңбек
етуде. Ендігі бізге қойылған бірден бір талап жақсы мамандық иесі бо-
лып шығу. Еліміздің даму жолына азғантай болса да сүбелі үлесімізді
қосу. Топ жарып, тарих сахнасында із қалдыру. Ел басымыз айтқандай
қызы қылықты, ұлы ұлықты елімізді жарқын болашаққа жетелер, ұлт
азамат-азаматшалары болуымыз шарт. Білім гранттарын жеңіп алып,
қазақ халқының атын әлем сақнасына көтеру, жанжақты ізденістер
жүргізіп, елінің елеулі, халқының қалаулы азаматы деген атаққа ие
болу. Білім гранты демекші, өзге елдерде білім жолына, жастар жолы-
на мұншама көп көңіл бөлінбеген бүгінде. Алайда ел басымыз ауылдан
келген жас студент үй іздеп сабылмасындеп жылы орын жатақхана,
жұмыс арқаламай тек оқумен шұғылдансын деп шәкіртақы бөлдірген
бюджеттен. Осынау жеңілдіктер заманында оқымай жүру әрбір жасқа
сын болмайма екен? Сондықтан біз, жастардың, алдымызға қойған
мақсатымыз біреу-ақ. Оқу, оқу және оқу.
Тұрлыбек Әсел
9 сынып, «Қоғам» ЖОМ Отырар ауданы, Қоғам ауылы
Менің ауылым
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны
елімен,өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан
да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезім
оянады. Міне, менің де туған жерім бар, ол – Отырар. Мен негізі қатты
қуанам. Осындай өлкенің топырағынан жаралғаныма. Жалғыз мен
емес Отырар топырағынан жаралған барлық адам куанатын сезінентін
сияқты. Негізі Отырар ауданының ішіндегі кішігірім ауылда Қоғам ау-
ылында дүниеге келдім. Біздің қоғамымызда қалыптасқан бір түсінік
бар ол басқа бір ортаға барған кезде «Қайдансың?» деген сұраққа
ауыл десең, адамда бір менсінбеушілік, төмендету сияқты көрсең,
578
Казахстан, армия, патриотизм
ұялатын қасиеттер сол заматта пайда болады. Ал, мен керісінше ауыл-
да туғаныма әрқашан мақтанамын. Мақтанғанда кеудемді кере тұрып
мақтанамын. Себебі, тарихқа толы киелі Отырарда дүниеге келгенім.
Отырарды қазақ халқының «тарихы»
Деп айтар едім... Сонау орта ғасырдан әлі күнге дейін «тарих»
болып жазылып келе жатыр және солай болып қала береді. Туған
жерімнің артықшылығы онда талай даралар мен дарабоздар дүние
есігін ашқан.Қазақ вальсінің королі – Шәмші, Шығыстың ғұлама
ғалымы – Әбу Насыр әл-Фараби, ақын, жазушы – Мұхтар Шаханов, ай-
тыскер ақын апамыз – Әселхан Қалыбекова сынды талай дүлділдер
өмірге келген. Бұл тек ауылымның бір ерекшелігі екіншісі орта
ғасырдың үздік сәулет ескерткіштері, Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы,
сопы «Арыстан баба» кесенесі бар. Ол туралы айтпаса да түсінікті
шығар... Менің Отаным кішкентай болса да мен үшін аса қымбат жер.
Дәл осы жерде менің көңілді де, уайымсыз балалық шағым өтті. Ау-
ылым кішене ғана болса да, Қазақстан таниды десем қателеспейтін
шығармын. Қай мақтанышымды жазамын, бәрін тізіп отырсам елді
жалықтыратын шығармын деген ой келді.
«Отырар» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен,
асқақтықпен айта алам. Ауыл деген ойпырмай-ай еске түссе, көзден
жас шығып,бетіңнен күлкі кетпес... Кейде басқа жерлерге белгілі се-
бептермен бара қалсаң, аяғың сол жаққа барғанымен ойыңның бәрі
ауылыңда. Біраз куннен соң ауылға барамға басасың. Бұл не? Бұл әрине
ауылға деген махаббатыңның қайда жүрсеңде үзілмейді дегені! Басқа
жерді қайдам бір нәрсені анық білемін ол туған жерімді мәңгілікке
сүйіп өтемін және сол үшін қызмет етемін. Басқа айтарым әр адам өзі
туып өскен өңірге пайдасын тигізу керек. Бала өскен сайын оның ор-
тасы, түсінігі де кеңейе береді. Әуелі туған жерің, өсе келе Отаның –
Қазақстан үшін тер төгу керек.
Ғасырлардың куәсісің, ақындардың жыр, әнісің – Отырар!
579
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
Усарова Мадина
7 сынып, № 77орта мектебі Сайрам ауданы
Жетекшісі: Нарқулова Шахида
Қазақ елінде туғаныма мақтанамын
Өзбек болып туғаныма мен ешқашан өкініп көрмеппін,басқада
болмыстарға көп екіленіп,өкініп көрген болсамда өзбек болып
туғаныма өкінбеппін – сірә. Қалай ғана Аллаһ Тағаламыз осынау
ұлаң-ғайыр ұлылық, дарабоз даналық, маңғаз мерей, пайымды па-
расат, қонақжайлылық силапты Өзбегіма. Менің ойымша әрбір өзбек
«Менің ұлтым – өзбек,тілім – өзбек тілі» деген ойды оншалықты
мән бере ұғына бермегенімен, «су түбінде жатқан тас, жел толқытса
шығады» демекші, бәрібір нағыз намыстанғанда қазіргі кейбір мәселе
айналасындағы келеңсіздіктер түп-тамырымен жойылары анық.
Тегі осынау ұлаң-ғайыр даланы жайлап жатқан халықтың санасы,
парасаты, ой-өрісі даласындай кең,көркем,кемеңгер келбетті екенін
әрбір өзбек іштей сезеді, мен оған сенем. Қашанда менің халқым
өнер-білімге шөлдеген, сусаған-ғой? оның түбінде дегеніне жетіп,
өнер-білім, мәдениеттің биік шыңына шықпайды деп айта алмассың.
Тәуелсіздіктің таңына тізерлеп қол жеткізген қазақ халқы өзбек халқы
мен бірге осы күндері аяғына тік тұрып, мәңгі тізе бүкпейтін дәрежеге
жетіп отырғанына бар әлем куә. Аллаһқа шүкір,кім қалай айтса да, со-
лай!
Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ
естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған
сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн
бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте,
осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы
соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне
түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті
ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның
алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың
бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай ба-
стауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз
мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы
ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
580
Казахстан, армия, патриотизм
...23 жыл ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып,
өзін - өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық
дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай
рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар
шаруалар атқарылды.
Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да от-
аны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық
пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен
діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін
көрсетіп берді.
Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан
кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары.
Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек. немістер
және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп,
олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол
еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған,
қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз
қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып,
әлем елдерімен иық тіресуде.
Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген
даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай
ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін
қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы
болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл ар-
маны екен.
Қазақстандық жастардың тілек, армандары бір. Ол – өз елінің
ертеңіне, оның гүлденіп, кемелденуіне үлес қосу. Елбасының да ел
ертеңі жастарға деген сенімі нық. Олардың пейілінен ортақ Отанымыз
– Қазақстанға деген сүйіспеншілік, махаббат сезімі есіп тұрды. Мен де
қазақстандық өзбек екенімнен мақтанамын.
581
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
Хабибуллаев Заманбек
10 сынып, №6 мектеп-гимназиясы Мақтарал ауданы,
Жетісай қаласы
Жетекшісі: Молдабекова Ж.
Қазақстан – алтын бесігім
Тәуелсіздік! Қандай рухты, жүрекке қандай жылы, жаныңа қандай
жайы ұғым. Жаста түсінен, жүрсе есінен кетпеген ата-бабалардың ар-
маны – сол бір ғажайып тәуелсіздік емес пе ?!
Халықта мақал бар: «Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел
тарихын жаспен жазады». Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихын таспен
жазып келді. Оған дәлел, «Орхон-Енисей», «Күлтегін» жазбалары.
Қазақ ұлтының тағдырына әсер етіп, үлкен үлес қосқан
Жұмабай Тәшенов болды. Жұмабай Тәшенов қарсылығы қазақ
ақын-жазушыларын қанаттандырып, шабыт берді. Өмірге Жұмекен
Нәжімеденов пен Шәмші Қалдаяқовтың әні «Менің Қазакстаным»,
Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы, Ілияс Есенберлин
мен Әбіш Кекілбаевтың романдары, басқа да шығармалар – ұлттық
патриотизм идеясын ел санасына сіңірді. Ендігі жерде өзіміздің
халықтық құндылығымыздың сақтап, сол өшпес құндылықтарды
одан әрі дамытуға барлық күш-жігерімізді салуымыз қажет.
«Үш жүз жыл бойы бодандық бұғауында тұншыққан қазақ
халқының қайтадан ұлттық идеяны ту етіп егемен елін, дер-
бес мемлекетін орнатып, айналасы жиырма жылдың ішінде
төрткүл дүниеге танылуына жеткізген қандай ұлы күші еді?» - деп
таңқалатындар болса, сол ұлы күш - осы ғасырлар бойы халкымыздың
көкірегінен өшпеден ұлттық намыс пен азаттық рухы еді.
Жаңа дәуір 1991 жылдың желтоқсанынан басталды. Елбасы-
мыз Тәуелсіздіктің сын сағаттарында мойымай көтеретін қажырлы
қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға ба-
стады.Қазақтың маңдайына біткен ұлы достықтың, бірліктің,
бауырмалдықтың көк туын берік ұстап, тасқа тұяғын қашаған
тұлпар мінген батырларша, халқына тыныштық пен жігер беріп,
шыдамдылық пен төзімділіктің шегіне жеткізіп тәрбиелеп отыр.
Менің Қазақстаным! Бұл сөзді жай ғана айта салу қиын. Тіпті мүмкін
емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп,
санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерғе бөленесің.
582
Казахстан, армия, патриотизм
Бұл, енді нағыз ғасыр жаңалығы, Қазақстанның саяси-
әкономикалық тұрғыдағы ең батыл әрі тәуекелді шешімі болды.
Елбасының өзі бас сәулетші болып Есілдің ен бойында жаңа ел
орда орнығып, Сарыарқаның төсінде Астана бой көтерді. Бүгінде
тәуелсіздігімізге тірек болған Астанамыз күн санап сәулеті де,
дәулеті де өркендеп келеді. Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан әлемдік
саясаттың да салмақты серкесіне айналып үлгерді. Бұл ретте біз
бірінші кезекте Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың табиғи талантына сүйсінуіміз керек. Қандай
форумда, қандай саяси шешім қабылдауда болмасын Елбасымыз
көрегендік, салқынқандылық, табандылық, шешендік, меймандостық
қасиеттерімен қай ортаны болса да өзіне ұйыта алумен оқ бойы алда
жүр. Осындай Қазақстан мен оның басшысына берілген әлемдік
форматтағы бағалаудың бағамын біз Еуропаның Қауіпсіздігі мен
Ынтымақтастығы Ұйымына, яғни ОБСЕ-ге Төраға болған кезеңде,
сондай-ақ ОБСЕ-нің Астана Саммитін өткізу барысында танып білдік.
Ойлап қараңыз, 56 мемлекеттің басшылары мен ірі халықаралық
ұйымдар өкілдерінің жетекшілерін бір арнаға тоғыстырып,
бүкіләлемдік мүддені талдап, талқылаған Астана Саммиті, шын
мәнінде, бүкіл Қазақстанның жұлдызды сағаты болғаны анық. Міне,
осының барлығы да Елбасының кемел ақыл-парасатының арқасы
екенін мойындауымыз керек. Биылғы жылдың өзі-ақ ел тарихындағы
айшықты оқиғаларға толы болып отыр. Ең біріншіден, Қазақстан Ре-
спубликасы тәуелсіздігіне 20 жыл толады.
Біз үшін, бұл – тұғырлы белес! Екіншіден, тұңғыш рет қазақ елінде
Азияданың қысқы олимпиадалық ойындарын сән-салтанат, үлкен
жеңістермен өткіздік. Біз үшін, бұл – байрақты жарыс! Үшіншіден,
биыл тәуелсіз Қазақстан әлемнің 57 мемлекеті мүше саналатын Ислам
Конференциясы Ұйымына төрағалық етіп, бүкіл әлемдік маңызы зор
осы саяси форумды абыройлы өткізді. Біз үшін, бұл – мерейлі мәртебе!
Жалпы, мұндай тәуелсіз қазақ елінің, Қазақстан халқының 20 жылдық
өміріндегі мәртебелі биіктер Ұлт көшбасшысының баға жетпес
жанқиярлық еңбегінің арқасында қол жеткен керемет жетістіктер бо-
лып саналады. Сонымен Қазақстан тәуелсіз ел атанып, дербес мемле-
кет құрғанына 20 жыл болды.
Қорыта айтқанда, тәуелсіздік жолы – касиетті жол. Оған шығар
алдында адам баласы арын да, жанын да тазарту керек, рухани сілкініс
керек. Қасиет тұтқан қазақтың бойтұмары секілді, қазіргі кезде біздің
бойтұмарымыз – Ата Заңымыз.
583
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
Тәуелсіздікке қол жеткізген осынау жарқын күндерде менің туған
өлкемде,алтын бесігім Қазақстанда, бүкіл әлемде тек бейбітшілік бол-
са екен деймін.
Туған жерді біздер, жас ұрпақтар,сүймесек оның ертеңі не болмақ?
Туған жер жайлы толғанысымды «өлеңі өртке тиген дауылдай» Қасым
ақынның жырымен аяқтамақпын:
Мен де өзіңдей байтақ едімдең едім
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Менде аямай барымды саған беремін.
Шайқын Мейрамбек
10 сынып, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебі Отырар ауданы
Жетекшісі: Ноғайбекова Ақмарал
Азаматтық – патриоттық, құқықтық және
полимәдениеттік тәрбие
«Адамзатқа ең алдымен білім емес тәрбие берілу керек. Тәрбиесіз
берілген білім адамзаттың қас жауы» деп жерлесіміз ғұлама ғалым
Әл-Фараби айтқандай, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына
тәрбиенің нәрлі дәнін егетін ең басты ошақтың бірі мектеп болса, сол
тәрбие жүйесінің өзегі – мектеп ұжымы. Қазіргі уақытта руханилық
пен адамгершілікке негізделген, демократия мен гуманизм
ұстанымдарына сәйкес білім беру мен тәрбиелеудің қазақстандық үлгісі
жүзеге асырылуда. Қазақстандық ұлтжандылықты, азаматтықты, ру-
хани құндылықты, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру
мақсатында тәрбие беру жұмысының 12 бағыты айқындалды.
Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоциянал-
ды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және
гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи
тәжірбиені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады.
Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері,
әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жа-
старды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау
бірінші қатарға қойылады. Тләрбиеленушілердің санасында дәстүрлі
584
Достарыңызбен бөлісу: |