Мен елімді сүйемін!
- Отанды сүю – өркениеттің белгісі,-деп елбасымыз айтқандай
Отанымызды сүюіміз қажет. Туған жерім, құтты мекенім – Қазақстан
болып табылады. Қазақстан – дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттер
қатарында. Ол дүниежүзінде үлкендігі бойынша тоғызыншы орын-
да. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Жалпы айтқанда,
туған жер адамның болашағы мен өткенін байланыстырады. Міне,
сондықтан да, тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген
махаббат сезімі оянады. Әр біріміз үшін «Отан – отбасыдан бастала-
ды». Отбасымыздан қандай тәлім-тәрбие алсақ, болашақта туған
жерімізге сондай еңбек етеміз. Қазақтар даналарында асыл сөз бар
ғой: «Иесі жоқ жер жетім» демекші елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа
алғысым шексіз. Ол – Қазақстан елінің басшысы, қамқоршысы болып
табылады.
Адам баласы туылған кезде, кіндік қаны тамған жеріне бауыр
басып қалады. Әр адамның өз туған жері болады. Сол туған жерін
мәпелемесе, құрметтемесе. Оны ешкім құрметтемейді. Сондықтан
Қазақстан жеріндегі әрбір азамат өз Отанын, ұлттық құндылықтарын
сүюі қажет деп ойлаймын.
«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен,
асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы
ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп
күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір,
дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен
теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туылып, жарық
жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.
Қазіргі кезде Қазақстан елі – тәуелсіз, кең байтақ ел. Қазақстанның туы,
66
Казахстан, армия, патриотизм
елтаңбасы, ұлттық әнұраны және мемлекеттік тілі бар. «Отаныңды
сүйсең, өркениетің артады» деп ойлаймын. Біз өзіміз жаңа шыңдарға
шығып, елімізді қадірлейік!
Туған жер – ыстық мекенім болып табылады. Себебі, сен өз туған
жерінде, сүйікті мекеніңде ғана өзіңді еркін, әрі жақсы сезіне аласың.
Жалпы туған жер адамға ыстық болып келеді. Мәселен, «Отан – оттан
да ыстық» деген дана халқымыз адам баласының жүрегінде ең біріші,
ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға де-
ген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған
жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достықта,
татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында
қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер
және т.б. еңбектенуде. Бұл қазақ жерінің жомарттылығын, осындай
ақкөңілдігін байқауға болыды. Сондықтан, татулық – болашақта
гүлденудің маңызды талабы болып табылады.
Менің туған жерім – Қазақстан. Менің туып өскен жерім – егеменді
Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің
еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер,
неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан
жеріә өте кеңбайтақ болып келеді. Дүниежүзінде үлкендігі бойынша
тоғызыншы орында. Қазақстан жерінде қаншама даналар, дарын-
ды адамдар туып өскен, өзінің іздерін қалдырған. Мен мақтанышпен
Қзақстанды «ұлы жер» деп атай аламын. Өйткені, Қазақстан –
жоғарыда айтып кеткендей өте жомарт, кең, үлкен, қазыналы, дара
жер. Қазақстанның осындай ұлы болуына септігін тизізген – елбасы-
мыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы. Ол шет елдермен бейбіт қарым-
қатынаста, саяси-әлеуметтік теңдікте басқарып отыр.
Елім менің – Қазақстан. Қазақ елі көп ұлтты болып келеді. Жүз
отыздан астам ұлт өкілі қазақ жерінде мекен етеді. Сонда да Қазақстан
тату, бейбіт елдердің бірі.
«Ел іші – алтын бесік» демекші, өз елін саған өте жылы, туған бо-
лып келеді. Менің ойымша әр адам өз туған жүргенде өзін үйіндегідей
сезінеді.Сол себепті елімізді мәпелеуіміз қажет. Осыған байланысты
ақын – Сұлтан Сартаев айтқандай:
Арым да сен,елім де сен –
Өмірге арқау болатын.
Алыс жолдан шаршап келсем
Құшып мені алатын.
67
Сочинения школьников Алматы
Осы өлеңнің мән-мағынасын қарастырып көрейік. Өте терең. Ата-
бабаларымыз айтқандай: «Өз үйім – өлең төсегім» туған елің саған
мейірім нұрын шашып, қалай болса да ыстық болып табылады. Өзіміз
білетіндей қазақ халқының ұлттық құндылықтары көп. Ең басты
құндылықтың бірі – туған тіліміз.
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі
Ол тарих, сенің, менің абыройым!
Қорытындылай келе, мен өзімнің туған жерімді, сүйікті мекенімді
мақтан етемін. Осындай керемет өлең жолдарымен аяқтағым кеп
отыр:
«Борыштымыз бәріміз ді –
Туған елге өскен жерге.
Жасымыз да, кәріміз де,
Бас иейік туған елге»,
- демекші, әрқашанда өз туған елімізді сүйіп, мадақтайық.
Қазақстан сияқты елдің болашағы зор екеніне сенемін!
Ақтымбаева Данагүл
9 сынып, Әл-Фараби атындағы № 145 мектеп
Жетекшісі: Тлеболдинова Н.Ы.
Елбасыммен мақтанам!
- Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа,
мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-
бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған
бақытты – толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу
бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі
жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді
68
Казахстан, армия, патриотизм
аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын,- деген Нұрсұлтан
Назарбаевтың сөзі көкейіме үлкен ой салды.
Мен өзімде осындай тәуелсіз елдің қызы болып туғаныма
мақтанамын. Өйткені мен осындай гүлденген, адам айтса сенбестей
ғаламат елде тұрып жатырмын. Елімізде болып жатқан жаңалық
жаршысын күнделікті көріп жатырмыз. Біздің болашағымыз үшін
Елбасы көптеген жаңалықтар жасап жатыр. Мен Қазақстанның
Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен мақтанамын. Тұңғыш
Президентіміз жасаған орасан зор еңбектер мен жаңалықтар бүкіл
әлем халықтарын өзіне аударды десем артық айтпас едік. Бүгінде
тәуелсіз Қазақстанның беделі өсіп, ғаламдағы барлық ел таниды,біледі.
Елбасының жасаған жақсылықтарының арқасында біз әлемге
құлаш сермедік. Оған дәлел жер-жерде болашақ жастар үшін салынған
зияткерлік мектептер, зәулім сарайлар, бүгінгі оқушылардың білімді де
дарынды болуларына барлық мүмкіндіктер жасалған. Мен қарапайым
мектептің оқушысымын. Біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған
жаңалықтар мені бейжай қалдыра алмайды. Өскелең ұрпақтың білім
алуына , дамуына көп көңіл бөлініп жатыр және де қолдау көрсетіліп
отыр.Тәуелсіздігіміздің жарқын бейнесін жасаған, Нұрсұлтандай атама
рахметім шексіз. Ешкімнің пешенесіне жазылмаған бақыт біздің елге
ғана бұйырды. Өйткені, Нұрсұлтандай атамыз барлық күш-жігерін,
қайратын біздің елге арнады. Біздің болашағымыздың жарқын болуы-
на тәуекелге бел буды, Сарыарқа төсінде Ақордамыз бой көтерді. Осын-
дай елде тұрып, менің бақытсыз болуым мүмкін емес. Өйткені, менің
көз алдымда Нұрсұлтан атаның жарқын бейнесі тұр. Қазақстанның
жарқын бейнесі әлемді өзіне қарататынына мен сенімдімін. Мен де
ертең ержетемін. Елімнің болашағы үшін өзімнің үлесімді қосамын.
Алдыма қойған асқақ арманымды орындауға барлық күш-жігерімді,
алған білімімді саламын.
«Менің Отаным – Қазақстан» - деп дүниежүзінің балалары
еститіндей айтқым келеді. Отаным Қазақстанда қазақ болып туылып
өскенімді мақтан етемін. Мұның бәрі маған, мен үшін өте қымбат.
Мен Елбасыммен мақтанамын.
Маралтай ағамыз айтқандай:
«Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
69
Сочинения школьников Алматы
– Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…»
Альмуханова Камила
11 класс, СШ № 118
Руководитель: Абикенова З. Б.
Что же для меня Казахстан?
Что же для меня Казахстан? Какие я ощущаю чувства, когда слышу
это слово?
Странно, но мне представляется, практически каждое утро в шко-
ле, когда звенит звонок, и сонные ученики, лениво направляются в
класс, складывают необходимые принадлежности на парте, прикла-
дывая правую руку где-то в районе левой половины туловища (а кто-
то и правой), и еле выговаривают слова гимна. Обычно в этот момент
голова занята тревогой о невыполненном задании, мыслями о сне,
или что-то абсолютно постороннее. Иногда, для развлечения начина-
ешь рассматривать стенды в классе, словно стараясь заметить что-то
новое, или очередную гримасу одноклассницы, которая поймав твой
взгляд хитро усмехнулась.
А ведь это гимн твоей страны, принадлежность символики Респу-
блики Казахстан. Место, где ты родился, вырос…
Мы – подрастающее поколение. Будущее страны, «надежда»…
Из любопытства, иногда интересуешься у знакомых, которые пре-
бывают в возрасте от 15-19 лет, кем они хотят быть в будущем. Ответы
ужасают, хочется кричать или переехать и поменять гражданство.
«Завтра меня папа посадит в кресло, и я буду сидеть, собирая взят-
ки».
«Ой, хочу замуж, чтобы сидеть дома и нечего не делать».
«А я не знаю, как перепадет по ситуации».
Бездарное молодое поколение, и наблюдая за происходящим, ка-
жется, мы заведем это в могилу. Ну, или вернемся в состав России.
Переполняет восторг и чувство гордости. Через край. Хотя замеча-
тельно, что в государстве хватает людей в государственном управле-
нии, бездельников и домохозяек. А как же остальная сфера трудовых
ресурсов? Как будет процветать государство без рабочих рук?
70
Казахстан, армия, патриотизм
Мы никогда не задумываемся, каким трудом была достигнута не-
зависимость, суверенитет.… Каким трудом предки, не сдаваясь, боро-
лись за границы в центре Евразии. Сколько крови и пота было пролито,
произошло жестокости, похоронено людей. Борьба, идея целостности
и единства, слова о светлом будущем, поднимало на бой многочислен-
ное количество джигитов. Храбрые сердца, с каждым ударом клинка,
с каждым выстрелом пули были на шаг ближе к победе. Против на-
шествия джунгар, колониальной политике царизма… Мы с некой бес-
печностью, рассеянным взглядом смотрим на мир, не понимая, какая
цена была заплачена за наше мирное существование.
А армия? Вооруженные силы Республики Казахстан? Та часть населе-
ния, которая при любой опасности встанет на защиту народа? Где она? На
17 миллионов человек около (всего лишь!) 70 тысяч солдат. При огром-
ной территории в 16 млн2, даже при самой безупречной стратегии, у нас
не будет шанса, не то что дать отпор, а просто держать оборону.
Парни бегут от армии как от огня, отделываясь купленными
справками с «болезнями» или военные билеты. Ради Отечества ты не
можешь 12 месяцев вставать по будильнику, побегать с утра и постре-
лять по мишеням? Численность армии уменьшается с геометрической
прогрессией, что доказывает «патриотизм» в нашей стране. Люди, вы
гордо бьете себя в грудь, крича, что вы «стеной за государство», а при
малейшем призыве разворачиваетесь и убегаете восвояси.
«…готов отдать жизнь за Казахстан, но не за чиновников. Они не
пойдут воевать, откупятся, а мне придется идти».
Инстинкт самосохранения? Вы уверенны, что всегда будут делать
за вас, а вам, «авось», как повезет?
А хотя молодой человек по-своему прав…
Человек будет любить свою Родину, если будут хорошая заработ-
ная плата, «человеческие» условия существования, жилье, доступное
образование. А что мы видим? Растут тарифы и цены на продукты
питания, большинство законов и правительственных программ вы-
полняются только на бумаге, инфляция на рынке, уровень коррупции
зашкаливает, а парламент обеспокоен «глобальными вопросами», как
обложками школьных тетрадей, тем, что в газете была опубликована
фотография главы государства в плавках, учебником «Человек и обще-
ство» («Авторы пособия позволили себе нелестный отзыв о жителях
всех мусульманских стран»), этикетками на упаковке с черным чаем,
учебником «Русская словесность» (Наших детей запугивают всякими
71
Сочинения школьников Алматы
чудовищами, хоббитами, наказанием очень злых или не очень добрых
божественных существ!»).
Может, и наша «монархия» в государстве и убежит в случае опас-
ности, но если это твоя Родина, так докажи, что ты ее достоин. Голубое,
мирное небо будет не всегда существовать, а отвечать за поступки ког-
да-нибудь придется.
Но, можно заметить, что тарифы, коррупция, преступность – это
дело преходящее. Одно из самых главных, считается духовность, мен-
талитет, поведение, образованность, развитость народа. Патриоты в
стране будут тогда, когда есть за что бороться.
Арын Еркежан
11 сынып № 148 мектеп-гимназия
Жетекшісі: Шортанбаев Ш. А.
Қазағым мәңгі жасасын...
Мен үшін «Отан» сөзінің ауқымы кең, түсінігі терең ұғым. «Менің
Отаным – Қазақстан!»-деп мақтанышпен, қуанышпен, жүрегімнің
түбінен лүпілдеп соққан бала сезіммен тебіреніп айтамын. Сәби
кезімнен еміреніп өскен ортам, мәпелеген ата-анам, балапанындай
аялаған Жер-анам... сенің мәртебеңді асыру – менің басты парызым.
Отанды сүю отбасынан басталады. Адам дүниеге келгеннен кейін,
ең алдымен, оның анаға деген махаббаты мен сүйіспеншілігі оянады.
Кейін әкесін, өсе келе туыстарын, бүкіл отбасы мен достарын жақсы
көреді. «Отан» деген сөздің қасиеті мен ұлылығын терең түсінгеннен
кейін, оның Отанға деген үлкен сүйіспеншілігі мен құрметі оянады.
«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас», «Отансыз адам
– ормансыз бұлбұл», «Елім деп өткен ер...» сынды көптеген халық
даналығы мен қанатты сөздерді сәби күнімізден естіп, біліп жатыр-
мыз. Сол арқылы Отанның адам баласы үшін қаншалықты қымбат
әрі ыстық екенін ұғындық. Мен Тәуелсіз Қазақстанда туылдым. Бірақ
оның өз тәуелсіздігін алмай тұғандағы бар тарихын көрмесем де,
білемін, білуге тиіспін. Осы елде тұратын әр азамат Қазақстан тари-
хын білуге міндетті. Бұл – патриотизмге үлкен бастама.
Мен өз Отаным Қазақстанды сүйемін. Елім мен туған жеріме
жақсы істерім мен қызметімді арнағым келеді. Себебі мен қолына қару
алып, елін жаудан қорғаған батыр ұрпағымын. Осы тұста Ұлы Отан
72
Казахстан, армия, патриотизм
соғысында үлкен ерлік көрсетіп, «Кеңес Одағы Батыры» атағын алған
нағашы атам Зәкария Белібаевты ерекше атап өткім келеді.
Зәкария Белібаев – Семей облысының Абай ауданындағы Қарауыл
селосының тумасы (1917 жылы дүниеге келген). 1939 жылы Қызыл
Армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысында түрлі майдандарға
қатысып, үлкен ерлік көрсетті. Сондай ерліктерінің бірі – «алып Днеп-
рден өтуі».
21-дербес понтон-көпір жасау батальоны әскерді өзеннен өткізу
жөнінді бұйрық алады. Оқ-дәрі тиелген қайықтарды судан өткізіп
келе жатқандарды байқап қалып, жау әскері оқ жаудыра бастайды.
Көпшілік жауынгерлермен қатар топ командирі де ауыр жарақат алды.
Осыдан кейін атам топты басқаруды өз қолына алып, жауған оқ пен
жарылған минаға да қарамай, жауынгерлерді құтқарып, понтондарды
сақтап жағаға жеткізді. Жағаға жеткен сәтте фашистермен кескілескен
шайқасқа кірісіп кетеді. Ақыры жау солдаттары шегінуге мәжбүр бола-
ды. Осы кезде ерекше көзге түсіп, Днепрден өткендегі көрсеткен ерлігі
мен батырлығы үшін аға сержант Зәкария Белібаев «Кеңес Одағының
батыры» атағын алды. Осы арқылы тек туғандарының ғана емес, бар
халқының ардақты ұлына айналды.
«Отансүйгіш, патриотизм» сөздерін естігенде, кімнің болсын ойы-
на, ең алдымен, Ұлы Отан соғысы ардагерлері түсетіні – рас. Ол – заңды
дүние. Себебі, соғыс ардагерлері үлкен батырлықпен, үлкен жүрекпен,
үлкен махаббатпен елді, жерді қорғап, жеңіске жетті. Сол арқылы
өзгеге де, келешек ұрпаққа да Отанды сүюдің зор үлгісін көрсетті.
Бірақ Отанға деген махабатты дәлелдеу үшін тек майдандағы
ерлігің міндет емес. Жалпы, патриотизм дегенді Отанға деген ыстық
ықылас, оған деген сүйіспеншілік, Отан алдындағы адалдық деп
түсінемін.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның
отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі
жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық
ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған
жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды,
аса жауапты да қадірменді парызы» – деген еді. Әр дәуірдің тари-
хи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері
болады. Ол, ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «па-
триотизм» ұғымдары сол заманның наным-сенімінен туындайды.
Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы
– «Қазақстандық патриотизм» болды. Елбасымыз өзінің жолдауында
73
Сочинения школьников Алматы
«біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін
сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу
үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары бола-
ды» деп нақты көрсеткен болатын.
Елбасымыз жас ұрпақтың елін сүйіп өсуіне, ел мүддесі үшін
қызмет етуіне көп жағдай жасап отыр. Білім жүйесіне, өнер саласына,
спортқа да біраз көңіл бөліп жатыр.
Спорт демекші, спортшылардың бойында да патриотизм жоғары
болуы тиіс деп ойлаймын. Олар талай жарыста, өзге елдерде ел на-
мысын қорғайды. Жеңіске жетсе – ел алдындағы парызым деп біледі.
Жат елде көк туымызды желбіретсе, әрине, еліміздің мәртебесі арта
түспек.
Елін сүю, Отанын қорғау – қашаннан ер жігіттің де, қыз баланың
да парызы. Қазақта елін, жерін жанқиярлықпен қорғап өткен батыр
ұлдары мен батыр қыздары жетерлік. Батырлық жырлардан белгілі
Алпамыс, Қобыланды батырлардан бастап, Қабанбай, Бөгенбай, Абы-
лайлар, Махамбет, Исатайлар, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельди-
нов, Сұлтан Баймағамбетовтар, қазақтың қос қарлығашы Мәншүк пен
Әлия, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сынды та-
лай-талай отансүйгіш батырлар елін қандай жанқиярлықпен қорғалы
десеңізші?! Олар халқымыздың тыныштығы үшін, біздің бақытты
өміріміз үшін күресті. Отан үшін от кешкен азаматтарымыздың ерлігі
ешқашан да ұмытылмайды, ұмыт болмайды да!
Нағыз патриот өзінің ісімен, үлгі боларлық әрекетімен көрінеді.
Сондай-ақ, отаншыл жан өз туған халқының озық өнеге-дәстүрін,
ұлттық ерекшеліктерін өз бойларына сіңіре отырып, өзгені де орны-
на сай құрметтей білуге тиіс. Міне, нақ осы қасиеттер ұландардың өн
бойынан қалтқысыз табылып жатса, жас мемлекетіміздің қорғаныс
қабілеті күн санап арта түскен болар еді. Ел тәуелсіздігінің баяндылығы
да осында. Осынау туып-өскен, өркендеген жерімізді, бүгінде әлемге
танылған кең байтақ еліміздің топырағын өзге жұрттың табаны-
на таптатпай, көзіміздің қарашығындай сақтап, қастерлеу – қай-
қайсымыздың да қасиетті борышымыз.
Осы ата-бабаларымыздың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі
ел тәуелсіздігіне бастады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз
мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті. Қазақстанның гүлденіп,
өркендеп, көркейіп, жастары оқыған, үлкені ел сыйлаған, патриот-
ты, ұлтжанды, халықтың мықты діттеген ордасын құру – ел мақсаты.
Талай қиыншылықты бастан кешірген халық екенімізді тарихтан
74
Казахстан, армия, патриотизм
білеміз, сонда да ащы мен тұщының дәмін татып, қиыншылық көрсе,
қысылмай, батылдық, табандылық, өжеттілік танытып бүгінге жет-
кен Отанымыз – алтын орда үйіміз. Қазақстанды Отаным деп таныған
әрбір азамат осыны түсінер деп ойлаймын. Ол үшін, алдымен, адамның
Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт дәстүрі мен мәдениетіне деген
сүйіспеншілік сезімі қажет деп танимын. Ата-бабамыздың асыл арма-
ны мен мақсатынан туған қасиетті тәуелсіздік тұғыры баянды болсын
деп тілеймін. Отанымыздың тарихи бастауларына бойлап, бүгінгі күн
өлшемімен таразылау арқылы осынау талай жылғы күреспен келген
тәуесіздіктің құнына баға жетпейді.
Әуесханова Айгерім
5 сынып, Б.Атыханұлы атындағы № 36 гимназия
Жетекшісі: Иманбаева М. Т.
Қазақстан – менің Отаным
Өз Отаныңның, өз елінің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала
ата-бабаларымыздың көздің қарашығында сақтап, найзаның ұшы,
білектің күшімен қорғанының арқасы бізге жетіп отыр. Ендеше, осын-
дай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет.
Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа,
туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.
«Отан оттанда ыстық» дегенді ата-бабалардымызды бекер айтпаған.
Мен өз елімді, өз жұртымды жақсы көремін және мақтан тұтамын!
Елім үшін қолымнан келгеннің бәрін аямаймын!
Базақұлова Дана
6 сынып, Б.Атыханұлы атындағы № 36 гимназия
Жетекшісі: Ибраемова М. С.
Қазақтың салт-дәстүрі
Бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, жалпы адам тәрбиесіне терең
мән беретін халық – қазақ халқы. Қазақ халқы өте қонақжай халық.
Сондай-ақ, қазақтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, өнеге тәрбиесінде
өте терең мән жатыр.
75
Сочинения школьников Алматы
Сәби дүниеге шыр етіп келгеннен, дүние есігін ашқаннан есейген-
ге дейін қазақтардың балаға беретін тәлім-тәрбиесі, ілім-білімі, өнеге-
тағылымы, өткізетін салт-дәстүрі әдет-ғұрпы өте көп. Мысалға айта
кетсек, шілдехана, шашу, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсаукесер,
сүндет той, беташар, тілашар және т.б. Бұлардың тек рухани ғана
емес, сонымен бірге, жас ұрпақ, адам тәрбиесіне де үлкен қызмет
атқаратынын естен шығаруға болмайды.
Әрбір салт-дәстүрге жеке тоқтала кетсек, әрқайсысының өзі
бір өнеге, тәрбие сияқты. Әрбір қазақ баласы қазақ болғандығының
белгісі ретінде, тым құрығанда салт-дәстүр түрлерін, қазаққа тән
ойын түрлерін болсын білуі тиіс. Мысалы, асық, алтыбақан, ақ сүйек,
қыз қуу, тағысын тағы, бұлардың өзі бір тоқталық, зерттеп, айта кетуді
қажет етеді.
Қазақ халқымен басқа елге мақтанғың келсе, «Менің қазақ
елім!» деп еш қысылмай, ауыз толтыра айта алатын халге жеткеніміз
арғы ата-бабалар арқасы! Қазақ елі басқа еш елде кездеспейтін,
қайталанбайтын салтымен, дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, жерімен,
тағысын тағы мақтаныштарымен мақтана алады.
Мен өз елімді, жерімді, салт дәстүрімді мақтан тұтамын және ба-
рынша сақтауға үлес қосамын!
Базарқұлова Іңкәр
8 сынып, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназиясы
Достарыңызбен бөлісу: |