Елубаева Ұлмерек Жолдыбекқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата13.02.2017
өлшемі0,82 Mb.
#4022
1   2   3   4

2   –   Мәтін.  Ұрыс   даласында     жау   қоршауында   қалған 

бөлімнің, қоршаудан шығу мүмкіндігі жоқ екендігіне, толық 

көздері жетті.   Ұрыс сәл саябырлап,   айнала да тыныштық 

орнаған   сәтте,   бөлім   командирі     сенімді   жауынгерлерін 

іріктеп,   оларға   тапсырма   берді.Жауынгерлер   өздеріне 

берілген көгілдір түсті   матаны    көйлектерінің  ішінен орап 

алды.   Сәлден   соң   олар   командирімен,   өз   бөлімдерімен 

көздеріне жас ала отырып қоштасып   жолға шықты.   Кейін 

ол   әскери   бөлім   басқа   жауынгерлермен   жасақталып   ,   өз 

атақтарын сақтап қалды.



Сұрақ:  Бөлім   командирі   жауынгерлерге   нені   тапсырды? 

Құрамында сол матаны алып келген жауынгерлерден басқа 

жасағы жоқ бөлім өз атақтарын қалай сақтап қалды?

Оқушылар тапсырма алған соң өз пікірлерімен, ойларын 

айтады.   Барлық   пікірлер   тыңдалып   болған   соң   ,   нақты 

жауабы оқушыларға жария етіледі.



  Жауабы: « Мемлекеттік Ту »      

  Интерактивті   тақта   алқылы   оқушыларға   толық   мәлімет 

беріледі.           

    3   –   Мәтін.  Ұрыс   кезінде   қолға   түскен   біздің 

жауынгерлерді   жау   офицерлері   қанша   қинасада,   ешқандай 

мәлімет   ала   алмады.   Ақыр   соңында   атып   тастау   жөнінде 

шешімге   келді.   Жар   басында   қатарласа   тұрған 

 ---4 ---


 ---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)

жауынгерлердің     жанарларынан   өз   Отанына   деген 

сүйіспеншілікті аңғаруға болады. Ажал аузында тұрсада олар 

өлімнен   қорықпай   ,Отан   алдында   берген   анттарына   берік 

екендігін дәлелдеді. Үкім орындалар алдында жауынгерлер 

кеудесін   кере   ұстап   әуелете   ән   шырқады.   Мылтық   даусы 

шыққанда ән әуені аспанда әлі қалықтап тұрған еді.

Сұрақ: жауынгерлер орындаған ән қандай ән ?

Оқушылар   ойлары   тыңдалып   болған   соң   нақты   жауабы 

айтылады.  

  Жауабы:    «  Гимн ».

  Сөзін   жазғандар:  Жұмекен   Нәжімеденов,   Нұрсұлтан 

Назарбаев.

Әнін жазған:         Шәмші Қалдаяқов.



                                      Алтын күн аспаны,

                                    Алтын дән даласы.

                                    Ерліктің дастаны,

                                    Еліме қарашы!

                                    Ежелден ер деген,

Данқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой !

    Қайырмасы:

                                    Менің елім, менің елім,

                                    Гүлің болып егілемін,

                                   Жырың болып төгілемін, елім!

                             Туған жерім менің – Қазақстаным!

                                    Ұрпаққа жол ашқан,

                                    Кең байтақ жерім бар.

                                    Бірлігі жарасқан,

                                    Тәуелсіз елім бар.

                                    Қарсы алған уақытты,

                                    Мәңгілік досыңдай.

                                    Біздің ел бақытты,

                                    Біздің ел осындай.

  ҚР   Конституциясы   34   бап.   2   бөлім.   Әркім 

Республикасының   мемлекеттік   нышандарын   құрметтеуге 

міндетті.

ҚР  Конституциясы  36  бап. 1 бөлім. ҚР қорғау – оның 

әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

ҚР мемлекеттік нышандары туралы кеңірек мәлімет беру.

Қазақстан   Республикасының     мемлекеттік   нышандары 

туралы   ҚР   2007   жылғы   4   маусымдағы   №   258 

Конституциялық заңымен бекітілген.

Онда   1-тарау.   1-бабында   Мемлекеттік   Ту,   Мемлекеттік 

Елтаңба,   Мемлекеттік   Гимн   ҚР   мемлекеттік   нышандары 

болып табылады деп атап көрсетілген.

ҚР   Мемлекеттік   Туы   –  ортасында   шұғылалы   күн,   оның 

астында   қалықтап   ұшқан  қыран  бейнеленген  тік   бұрышты 

көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек 

тік   жолақ   түрінде   нақышталған.   Күн   ,   оның   шұғыласы, 

қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені 

мен ұзындығының арақатынасы – 1 : 2.

ҚР Мемлекеттік Туының авторы – Шәкен Ниязбеков.

ҚР   Мемлекеттік   Елтаңбасы   –   дөңгелек   нысанды   және 

көгілдір түс аясындағы шаңырақ             ( киіз үйдің жоғарғы 

күмбез   тәрізді   бөлігі)   түрінде   бейнеленген,   шаңырақты 

айнала   күн   сәулесіндей   тарап   уықтар   шаншылған. 

Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында қанатты пырақтар 

бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты 

кілемді жұлдыз, ал төменгі бөлгінде  « ҚАЗАҚСТАН » деген 

жазу   бар.   Жұлдыздың,   шаңырақтың,   уықтардың, 

аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі , сондай – ақ   « 

ҚАЗАҚСТАН   »   деген   жазу   алтын   түстес.   Елтаңба 

авторлары : Шота-Аман Уалиханов. Жандарбек Мәлібеков.

ҚР Мемлекеттік   Әнұраны – осы Конституциялық заңда 

көзделген   жағдайларда   орындалатын   музыкалық   – 

поэтикалық туынды.ҚР   Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік 

Елтанбасының   эталондары   Қазақстан   Республикасы 

Президентінің Резиденциясында сақталады.

Ал,   осы   заңның   2   –   тарауының   4   –   бабында   ҚР 

Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі туралы айтылған. 



1. ҚР Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде 

көтеріледі   және   орналастырылады.ҚР   Президенті 

Резиденциясының,   Парламентінің,   Сенат   пен   Мәжілісінің, 

Үкіметтің,   Министерліктің,   Қазақстан     Республикасы 

Үкіметінің   құрамына   кірмейтін   орталық   атқарушы 

органдардың, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп 

беретін мемлекеттік органдардың, олардың   ведомстволары 

мен   аумақтық   бөлімшелерінің,   Конститутциялық   Кеңестің, 

ҚР   Жоғарғы   Соты   мен   жергілікті   соттарының,   жергілікті 

өкілді   және   атқарушы   органдардың   ,   жергілікті   өзін   -өзі 

басқару   органдарының,   мемлекеттік   ұйымдардың 

ғимараттарында,   сондай-ақ   ҚР   елшіліктерінде   тұрақты 

сақталады.

2.  Мемлекеттік Әнұран ҚР Президенті қызметке кіріскен 

кезде   –ол   ант   бергеннен   кейін;   ҚР   Парламенті 

сессиялкарының ашылуы және жабылуы кезінде; ҚР Ұлттық 

және   мемлекеттік   мерекелеріне,   сондай-ақ   өзге   де 

салтанатты   «с   –   шараларға   арналған   жиналыстармен 

мәжілістердің салтанатты ашылуы кезінде ; телевизия және 

радио хабарларын таратуды жүзеге асыруға лицензиясы бар 

бұқаралық   ақпарат   құралдарының   теле   және 

радиобағдарламалары   эфирге   шыққан   кезде   тәулік   сайын, 

олардың   хабар   таратуы   басталғанда   және   аяқталғанда 

ойналады.

Мемлекеттік Әнұран көпшілік алдында орындалған кезде 

қатысушылар оны орнынан тұрып айтады, ( тыңдайды) , бұл 

ретте   Қазақстан   Республикасының   азаматтары   өз   қолын 

жүрек тұсына қояды.

Осы Конституциялдық  заңның талаптарын бұза отырып, 

Қазақстан   Республикасының   Мемлекеттік   Туын, 

Мемлекеттік   Елтаңбасын   және   олардың   бейнелерін 

пайдалану,     сондай   –   ақ   Қазақстан   Республикасының 

Мемлекеттік Гимнін орындау және оның міндетін пайдалану 

не   Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік   нышандарын 

қорлау  Қазақстан   Республикасының   заңдарына   белгіленген 

тәртіппен жауаптылыққа әкеп соғады.

Қорытынды  бөлім.

Оқушылармен « Кім жылдам » ойынын ойнау.

 Әрбір оқушыға Әнұран мәтінінің жолдарын кесінділер 

арқылы құрастыру тапсырылады. Бұл кезеңде оқушылардың 

еске сақтау қабілеті тексеріледі.

V        Үйге тапсырма Оқушылар білімін бағалау.

 А.Ә.Д.  оқулығы Тарау І. Сабақ 5. Қ.Р. « Мемлекеттік 



нышандары туралы заңы ».

Сабақтың аяқталғанын жариялау. Мемлекеттік Гимн 

ойналады. « Менің Қазақстаным ». 

Сабақты аяқтау.

 ---5 ---



 ---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)

Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-

лицейдің ағылшын тілі

пәнінің мұғалімі Дәрібаев Болат

ОҚУШЫЛАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА

ЖЕКЕ ОҚУ ТРАЕКТОРИЯСЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Бала - өзінің барлық қырымен жарқырайтын жақұт  

жасайтын маржан. Бұл өте нәзік зергерлік іс.

/Ф.Вассерман/

І.     Ел Президенті 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық 

Азия   барысына   айналады   және   өзге   дамушы   елдерге   үлгі 

болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, «Біздің жас 

мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз 

бен   немерелеріміз   онымен   бірге   ер   жетеді.Олар   өз 

ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады»-

дейді.Ендеше,біздер ұстаздар қауымы 2030 жылдары еңбек 

етіп, ел басқаратын болашақ жастарымыздың білімділігі мен 

біліктілігін   қамтамасыз   етіп,Президентіміздің   үкілі   үмітін 

ақтауға


 

барлық


 

іс

 



-әрекет,күш-жігерімізді 

жұмылдырғанымыз   жөн.Жолдауда   атап   көрсетілгендей   өз 

ұрпағының жауапты да жігерлі болып,өресі биік жеткіншекті 

тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық 

іс-әрекеті   ғылыми   тұрғыда   ұйымдастырғанда   ғана   қол 

жетеді.Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен заңдылықтарын жетік 

білу,жаңа оқу технологиясын жетік білу және дұрыс қолдану 

жатады.Бұл   міндетке   дарынды   балаларды   таңдау   және 

олардың   бойындағы   ерекше   қасиетті   бағалап,өмірден   өз 

орындарын табуға көмектесу де қосылады.

Тарихта   халыққа   басшылық   етіп   әр   салада   жаңалықтар 

ашып,таңдаулы   шығармалар   мен   қызметтер   ұсынған 

дарынды   қабілеттер   аса   жоғары   бағаланған.Оларға   дұрыс 

тәрбие   берудің   алғышарты-дарын   иелерін   жастайынан 

таңдай білу.

Талабы   таудай,   қабілет-қарым   мол   іздемпаз   жастар 

көбейіп,  адамзат  игілігіне  үлес  қосып жатса,олар  ұлтымыз 

үшін   -мақтаныш,еліміз   үшін   –абырой.   Талантты   жасқа 

айрықша назар аудару қажет.

Оқушылардың   бейімділіктерін   дер   кезінде   көре 

біліп,олармен   өз   қабілеттеріне   орай   жұмыс   істеу-біздің 

міндетті борышымыз. Шығармашылық қабілет - әр баланың 

табиғатында   болуы   мүмкін.Біздің   міндетіміз-оқушының 

бойында   жасырынып   жатқан   мүмкіндіктерін   ашып 

көрсету.Кез-келген   оқушы   мұғалімнің   басшылығымен 

орындаған   шығарма   жұмысының   нәтижесінде   өзінің   ішкі 

мүмкіндіктерін   дамытады.Баланың   қабілеті   мен   талантын 

ашуда   неғұрлым   ертерек   бастаса,соғұрлым   оның   қабілеті 

толық   ашылуы   мүмкін.Бұл   орайда   қыл   қаламына   ерік 

беріп,өз   шығармашылығын   бастап   жіберген   оқушылар 

баршылық.           Жеке   тұлғаға   бағдарланған   оқытудың 

тұжырымдамасы   баланы   жанжақты   дамытумен   бірге   жеке 

және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім 

даму   мүмкіндігін   айқындауды   қарастырады.   Жеке   тұлғаға 

бағдарланған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық 

сипатқа   ие   бола   отырып   жаңа   білімді   іздену   арқылы 

тәжірибеде   қолдана   білуге   ықпал   етеді,   мұндағы   басты 

міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің 

даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру 

және қолдану.



ІІ.   Қазақстан Республикасының “Білім туралы” занының 

5-тарауындағы   41-баптың   1-бөліміндегі   “педагог 

қызметкерлер   өз   біліктілігін   арттыруға   міндетті”   деп 

көрсетілуі,   “Қазақстан   –   2030”   стратегиялық 

бағдарламасында   Елбасының   “біз   балаларымызға   өзіміздің 

жақын   және   алыс   көршілерімізбен   достық   қарым-

қатынасымызды  мұра   етіп  қалдыруымыз   керек”   деген  сөзі 

бүкіл   ағартушы   қауым   алдында   оқу-тәрбие   үрдісіне   жаңа 

педагогикалық   технологияларды   енгізу   арқылы 

оқушылардың   білім   сапасын   арттыру,   шығармашылық 

қабілетін дамытуды өзекті мәселелер етіп енгізіп отырғаны 

белгілі.   Мектеп   –   еліміздің   халыққа   білім   беру   жүйесінің 

күрделі   тармағы.   Еліміздің   жарқын   болашағы,   мектеп 

болашағы   –   ұстаздардың   ізденісінде,   балаларға   деген 

сүйіспеншілігінде,   кәсіптік   деңгейіне   байланысты 

екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға 

білім   мен   тәрбие   беруде   үлкен   жауапкершілік   тұр.   Әрбір 

оқушыны   оқытып   тәрбиелеуге   байланысты   мәселелерді 

өздігімен   және   шығармашылық   ынтамен   шешуге   қабілетті 

жаңашыл мұғалім керек.

Мектепке   келгенде   әрбір   оқушы   оқимын   деген   ниетпен 

келеді. Бірақ,бәрінен бірдей озат оқушы шықпайды.Себебі,әр 

оқушының

 

қабілеті,бейімділігі



 

әр

 



түрлі 

болғандықтан,олардың   даму   ерекшеліктері   де   әр   түрлі 

болады.Сол   себепті   оқушының   жан-жақты   мүмкіндігін 

ескере   отырып,   бөліп   оқыту   әдісін   қолдану   қажет.Бұл 

тұрғыдан   алғанда,әрбір   оқушыны   өз   мүмкіндігіне 

қарай,білім,дағды   алатындай   етіп   оқытқан   жөн.   Бөліп 

оқытудың   ең   басты   шарты-оқушыларды   үш   топқа 

бөлу.Мұндай әртүрлі топтардың барлығы туралы ешқандай 

тізім жасалмауы керек.Тек сондай топтардың бар екендігін 

сабақты   жоспарлағанда,үйге   тапсырма   бергенде   ескеру 

қажет.

І топ                                                             

Мынадай   оқушылар   топтастырылады:  

  қабілеті 

жоғары,білім,білік, дағдылары қалыптасқан,өз бетімен ойлау 

қабілеті   бар,сабаққа   деген   белсенділігі   күшті,мұғалім 

көмегін қажет етпейтін топ. Олар пән бойынша теориялық 

және   нақты   материалдарды   біледі,   оны   құрылымға   бөле 

алады,   білімін   шығармашылықпен   ауыстырады,   әртүрлі 

білім   саласы   мен   қайнар   көздерден   мысалдар   келтіреді, 

қажетті   көрнекі   құралдарды,   сызбаларды   пайдаланады, 

қорытынды   жасайды,   материалға   белгілі   және   белгісіз 

жағдайларда   сүйене   алады,   бұл   кезде   оқушы   өзі   жөндей 

алатын 1-2 қате жіберуі мүмкін. Мыс: өзім сабақ беретін 4

б 

сыныпта «Sports» «Спорт» тақырыбында І топ оқушыларына 



тек спорт туралы сурет ғана беріледі. Оқушылар өздері осы 

тақырып көлемінде өз ойларын айтады. I love sport. I like to 

play football (basketball, volleyball…). 

        2 топ   Орташа  қабілетті оқушылар

Білім,   білік   дағдылары   әлі   тұрақсыз,өзіне-өзі   көп   сене 

бермейтін,   мұғалімнің   белгілі   мөлшерде   көмек   көрсетуін 

қажет   ететін   оқушылар.   Белгілі   бір   жағдайда   оқу 

материалдарына   сүйене   алады,   оқулықта   келтірілген 

мәліметтер   негізінде   логикалық,   себеп-салдарлы 

байланыстарды   анықтайды,   берілген   мәліметтер   бойынша 

болжам жасайды, пәндер мен жалпы оқу бойынша арнайы 

интеллектуалдық   біліктер   мен   мұғалімнің   мардымсыз 

көмегімен   қызмет   тәсілдерін   қолданады.   1-5   қателерді 

өздігінен жөндей алады. 

  Мұнда алға қойылған мақсат - білім ,білік дағдыларының 

тұрақты   болуына   өз   бетімен     жұмыс   істеу   қабілетінің 

дамуына   ықпал   етіп,   олардың   бірінші   топқа   көшуіне 

 ---6 ---



 ---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)

көмектесу   Бұл   топ   оқушылары   спорт   туралы   сөздікті, 

грамматикалық   ережелерді   пайдаланып   спорт   туралы 

әңгімелейді.

 

3топ  Үлгірімі төмен оқушылар жатқызылады.

Бұл   тұрақты   назарда   ұстауға,   білім,білік   дағдыларын 

қалыптастыруға,   мұғалімнің   үлкен   күш   –жігер   жұмсауын, 

жүйелі жұмыс жүргізуін, яғни мұғалімнің көмегін көп қажет 

ететін оқушылар. Жекелеген пән және жалпы оқу бойынша 

интеллектуалдық   біліктерді   пайдалануда   қиындықты 

сезінеді. Бұл топ оқушылары көп сөздің ішінен спорт туралы 

сөздерді   табады   немесе   берілген   әріптерден   спорт   туралы 

сөздер құрастырады.

    


Қай   пәнді   болмасын   оқыту   процесінің   негізгі   мақсаты-

арнайы   педагогикалық   әдістерді   жүйелі   түрде 

пайдаланып,оқушылардың шығармашылық ойлауын,

ғылыми   көзқарасы   мен   белсенділігін   қалыптастыру,   өз 

бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.

         Оқушының пәнді оқуға деген мақсаттарын айқындай 

келе   оқушылардың   өз   бетімен   жұмыс   істеу   әрекетін   3 

деңгейге бөлуге болады.



1-деңгей

Бар білімін қолдана білу.Оқушы әсіресе жаттығу орындау 

кезінде   керекті   ережелер   мен   анықтамаларды   қолданып, 

тапсырмаларды орындайды.

  1-деңгейдегі   оқушылар   үлгі   болмаса   тіпті   жаттығуды 

орындай алмайды.

  2-деңгей.

Бірнеше анықтамалар мен ережелерді талқылап, керегін өз 

бетімен   қолданатын   оқушылар.Өздері   анализ   жасайды. 

Жаттығу   орындау   кезінде   тиімді   жолын   таңдап,   бірнеше 

әдіспен орындайды.

    3-деңгей

Оқу   пәндерінің   әртүрлі   тақырыптары   мен   бөлімдері 

мазмұны арасында және пәнаралық байланыстар орнатады; 

ұқсастық   пен   айырмашылық   себептерін   түсіндіреді, 

фактілер,   оқиғалар,   процестер   арасындағы   өзара   әсерді, 

нақты байланыстарды анықтайды.



III.  Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен 

қамтамасыз   ететін   жоғары   құндылық.   Болашақтың 

бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға 

апаратын   күш   тек   білімде   ғана.   Қай   елдін   болсын   өсіп-

өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық 

білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Жаңа 

ғасыр   табалдырығын   білім   мен   ғылымды   инновациялық 

технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен 

үміттің басты нышаны болып табылады. « Ұрпағы білімді 

халықтың   болашағы   бұлыңғыр   болмайды   »   дегендей,   жас 

ұрпаққа   сапалы,   мән-мағыналы,   өнегелі   тәрбие   мен   білім 

беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы 

білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз 

ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен 

қызығуына   қарай   белгілі   бір   мамандыққа   арнайы   әзірлей 

білу.   Жасөспірімдердің   шығармашылық   тұлғасының 

белсенді   бағытын   оның   тек   сабақтарға   жалпы   қатынасы 

және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ 

білімді   тәжірибелік   іскерліктерді   қабылдау   мен   меңгеру 

үрдісінің   өзі   де   анықтайды.   Сондықтан   қазіргі   қоғамның 

өзекті   мәселелерінің   бірі   –   әлеуметтік   экономикалық 

өзгермелі   жағдайларда   өмір   сүруге   дайын   болып   қана 

қоймай,   сонымен   қатар   оны   жақсартуға   игі   ықпал   ететін 

жеке  тұлғаға   қойылатын  бірінші   кезектегі   нақты  талаптар: 

шығармашылық,   белсенділік,   әлеуметтік   жауаптылық, 

жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. 

Қорыта   келкенде,мектеп   –   еліміздің   халыққа   білім   беру 

жүйесінің   күрделі   тармағы.   Еліміздің   жарқын   болашағы, 

мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген 

сүйіспеншілігінде,   кәсіптік   деңгейіне   байланысты 

екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға 

білім   мен   тәрбие   беруде   үлкен   жауапкершілік   тұр.   Әрбір 

оқушыны   оқытып   тәрбиелеуге   байланысты   мәселелерді 

өздігімен  және   шығармашылық   ынтамен   шешуге   қабілетті 

жаңашыл   мұғалім   керек.   Бүгінгі   күні   ХХІ   ғасырдың 

ақпараттанған,   жан-жақты   мәдениетті,   іскер,   өмірге 

икемделген,   бәсекеге   қабілетті   дарынды   шәкірт   тәрбиелеу 

барша ұстаздың міндеті



     IV. Пайдаланылған әдебиеттер:

1.

ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.



2.

Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге 

бейімделуі керек”.//”Егемен   Қазақстан”. 31 

мамыр. 2000 ж.

3.

Ерматов.С.,Әбішева.Т. «Пәнге қызығудың 



қалыптасу динамакасы.» «Қазақстан     мектебі» 

№2, 2007


4.

Иманбекова.Б., Әбдіреймова.К., Мазаржанова.Қ. 

«Оқытудың негізгі формасы   сабақ.» Алматы, 2003

5.

www.45 minut.kz



----------------------------------------------------------------------------

Нұрғалиева Қамар Кенжеғалиқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Атырау қаласы

Қ. Сәтбаев атындағы №19 орта мектеп

Сабақтың  тақырыбы :  Қысқарған    сөздер

Сабақтың  мақсаты: а)  Сауатты  да,  дұрыс жазуға 

дағдандыру, сөздердің байланыстарын   ұғындыру 

ә)  Күрделі  атауларды  қысқартып айта  және  жаза білуге 

жаттықтыру

б)  Адамгершілікке  тәрбиелеу

Сабақтың  әдісі:  түсіндірмелі, сұрақ – жауап, байқау, 

дамыту


Сабақтың  көрнекілігі:  Плакаттар, парақшалар

Сабақтың  типі:  Жаңа  сабақ

Сабақтың  түрі:  Дамытушылық

Сабақтың  барысы:

                                   І. Қызығушылықты  тану

  -     Көңіл – күйді  көтеру

-

Үй  тапсырмасын  сұрау, бағалау, бекіту



Бекіту  сұрағы:

-

Қос    сөз  туралы  не  білеміз ?



                  ІІ.  Мағынаны  тану

       Бірнеше  сөзден  тұратын  атаулар  қысқартылып 

айтылады.  

ҚР , БҰҰ , педкеңес .  Бұларды  қысқарған  сөздер  деп 

атайды.

                    Жаттығумен  жұмыс

66 -  жаттығу    

-

Сөйлемдерді  көшіріп  жаз.



-

Қысқарған  сөздердің  астын  сыз. Олар  қалай 

 ---7 ---


 ---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)

жазылған ?

-

Қысқарған  сөздердің  толық  атауын  айт.



       Біздің  мектептің  директоры  -  облмәслихаттың 

депутаты.  Мектептің  педкеңесінде  біздің  сынып  туралы 

жақсы  пікірлер  айтылыпты.  Асхаттың  әпкесі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет