PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
Ұлттық есеп
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ
PISA 2012
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНІҢ
НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ
Астана – 2013
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
УДК 38.0
ББК 75
Н 37
Н 37 PISA-2012 15-жастағы білімгерлердің білім жетістіктерін халықаралық зерттеуінің
негізгі нәтижелері. А.Құлтуманова, Г.Бердібаева, Б.Қартпаев, И.Иманбек, К.Шарбанова,
М.Рахимова, Ж.Жұмабаева, З.Пирнепесова, Б.Окенова, А.Увалиева. Астана: ҰБСБО,
2013 - 293 б.
ISBN 978-601-7080-81-5
«PISA-2012 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері» Ұлттық есебі Қазақстандық
15-жастағы білім алушылардың нәтижелілік көрсеткіштерін республика/ аймақ/ қала/
ауыл/оқыту тілі тұрғысынан қамтиды.
Ұлттық есеп еліміздің барлық педагогикалық қауымдастығына, сонымен қатар, білім
беру сапасын бағалау саласындағы мамандарға арналған.
УДК 38.0
ББК 75
ISBN 978-601-7080-81-5
Ұлттық есеп ҰБСБО жекеменшігі болып табылады. Кез - келген көшірмеге және мәтінді
қайта жаңғыртуға, сонымен қатар ішінара, немесе кез-келген түрде түпнұсқаға сілтемесіз
қолдануға тыйым салынады.
© Редакциялық –баспа қызметі, ҰБСБО, 2013
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………………………… 3
1. PISA-2012 15-ЖАСТАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН
БАҒАЛАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ……………………………………………
5
1.1. Тұжырымдамалық үлгі …………………………………………………………………..………… 7
1.2. Инструментарийдің сипаттамасы ……………………………………………………………..
10
1.3. Зерттеуге қатысушылар ………………………………………………………………………….
12
2. БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ……………………………………………..
15
2.1. Математикалық сауаттылық ……………………………………………………………………. 17
2.2. Жаратылыстану сауаттылығы …………………………………………………………….……. 47
2.3. Оқу сауаттылығы …………………………………………………………………………………..….
91
3. АЙМАҚТАР ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ……………………………………
121
4. МӘНМӘТІНДІК ТАЛДАУ ………………………………………………………………………………
199
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………………………………….
251
ӘДЕБИЕТ ………………………………………………………………………………………………….……….
256
ҚОСЫМША …………………………………………………………………………………………..…………. 257
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
3
PISA 2012
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
КІРІСПЕ
Білім беру «Казақстан-2030» Стратегиясының басыңқы бағыттарының бірі
ретінде танылған. Елдің тиімді мемлекеттік білім беру саясаты тұрғындардың
өмір сүру деңгейін арттырудағы анықтаушы фактор және елдің бәсекеге
қабілеттілігі шарттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда ғаламдық
экономикада көптеген білім беру жүйелері тек академиялық ықпалдастықты
ғана емес, сонымен қатар адам ресурстарының еңбек жинақылығын да мақсат
етеді. Білім беру сапасын халықаралық салыстырмалы тұрғыдан зерттеуге
қатысу, елдерге көптеген мәнмәтіндік әлеуметтік-экономикалық және мәдени
факторлардың тигізетін ықпалы тұрғысынан оқу үдерісі нәтижелілігінің тәуелсіз
бағасын алуға мүмкіндік береді.
Зерттеуге әлемнің ең дамыған елдері, соның ішінде ЭЫДҰ
елдері де қатысады. Осы елдердің үлесіне әлемдік экономиканың 80% келеді.
Осы зерттеуге Қазақстан екі рет қатысты. Осы жобаға бірінші рет қатысу
тәжірибесі, елдің білім беру жүйесінің, мектептегі білім беру сапасының
көрсеткіштерін жақсарту стратегияларын жасау үшін нақты ұсыныстар алуына
септігін тигізді.
PISA-2012 екінші кезеңінің қорытындысы «Математикалық сауаттылық»
бағытындағы Қазақстандық білім алушылар нәтижесінің 27 ұпайға жағымды
өзгерісін
көрсетті.
ЭЫДҰ
сарапшылары
біздің
еліміздің
табысын
«PISA 2012 нәтижелері» Халықаралық есебінде атап өткен.
ҚР БҒМ Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы
«PISA-2012 негізгі нәтижелері» Ұлттық есебін дайындады, мұнда алынған
мәліметтерді түсіндіру арқылы білім беру үдерісін жетілдіруге негіз болатын
статистикалық мәліметтер мен қосымша ақпараттың үлкен көлемі қамтылған.
4
PISA 2012
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
5
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
I ТАРАУ
PISA-2012 15-ЖАСТАҒЫ
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ БІЛІМ
ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
6
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
7
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
I.
PISA-2012
15-ЖАСТАҒЫ
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ
БІЛІМ
ЖЕТІСТІКТЕРІН
БАҒАЛАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
1.1.
PISA тұжырымдамалық үлгісі
PISA
(Programme for International Student Assessment) 15-жастағы
білімгерлердің функционалдық сауаттылығын бағалаудың халықаралық
бағдарламасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)
үйлестіреді. PISA жобасы зерттеудің үш бағытының біріне көзделіп, үш жылдық
кезеңдермен жүргізіледі. 2012 жылы басыңқы бағыт «Математикалық
сауаттылық» болды.
PISA зерттеуі 15-жастағы білімгерлердің мектепте алған академиялық
білімі мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайлар мен тиімді әлеуметтенуде
қолдану қабілетін анықтауға бағытталған.
Зерттеудегі білімгерлердің тап осы контингентінң іріктелуі, көптеген
әлем елдерінде білім беру бағдарламасының негізгі сатысын меңгеруді
15-жасқа толғанда аяқтауымен түсіндіріледі.
PISA жобасының білімгерлердің функционалдық сауаттылығын бағалау
басыңқылығы үш бағыт болып табылады - оқу біліктілігі, математикалық және
жаратылыстану ғылымдарының біліктілігі. PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу,
мәселені қою және шешу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін
пайдалану секілді қабілеттер бағаланады. Осылайша, халықаралық емтиханға
қатысушылардың оқу біліктілігі әрекеттің үш оқу-танымдық түрлері бойынша
анықталды - жаңғырту, қолдану және пайымдау.
Зерттеудің үш бағыты бойынша білімгерлердің сауаттылығын бағалау
технологиясы PISA жобасы қатысушылардың алған білімін қаншалықты
экстраполяция
(құбылыстың бір бөлігін байқаудан алынған қорытындыларды оның
екінші бөлігіне қолдануға саятын ғылыми зерттеулер әдісі)
жасап, оларды мектептен
тыс қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы тұрғы заманауи
8
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
экономиканың академиялық білімді жоғары кәсіби деңгейде қолданатын
қоғамды қолдайтыны туралы айғақты көрсетеді.
Осыған байланысты функционалдық сауаттылықты зерттеуді бағалау
технологиясы әлемдегі 60-тан астам елдің
15-жастағы білімгерлерінің білім
жетістіктерінің алты деңгейін
қамтиды. Ең жоғары көрсеткіш 5 және 6 деңгей -
өз бетінше ойлау, талдау және өз болжамын ұсыну қабілеті, 4-3 - жаңа ақпарат
алу үшін бар білімі мен қабілетін қолдану мүмкіндігі, 2 - қарапайым оқудан тыс
жағдайда бар білімі мен дағдыларын қолдану мүмкіндігі, 1 деңгей - таяз
білімнің төменгі деңгейі мен тапсырмаларды табысты орындаудың аздаған
ықтималы.
Зерттеудің барлық үш бағыты бойынша қабілеттілік жиынтығы мен
білімді қолдану мүмкіндігіне қойылатын нақты талаптар анықталған. Әрбір
деңгейге халықаралық шәкілдің нақты саны сәйкес келеді. Осылайша, PISA
жобасы білімгерлердің білім жетістіктерін сыни бағалаудың қайталанбас
моделін бекітті (1.1.1 сурет).
1.1.1 сурет. PISA / білім жетістіктерінің деңгейі
PISA-2012
халықаралық
зерттеуінің
мәліметтері
15-жастағы
қатысушылардың функционалдық дайындық деңгейін салыстыруға мүмкіндік
беріп қана қоймай, факторлардың оқыту тиімділігіне тигізетін әсерін анықтауға
9
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
да мүмкіндік береді. Зерттеудің тест тапсырмаларын орындау табыстылығы
қосымша фондық ақпаратпен бірге жүреді. Тек білімгерлерге ғана емес,
сонымен бірге білім беру ұйымының әкімшілігіне де сауалнама жүргізу PISA
жобасына қатысушылардың жетістіктеріндегі өзгешелікті түсіндіруге мүмкіндік
береді.
PISA-2012
халықаралық
жобасын
іргелі
халықаралық
ғылыми
ұйымдармен бірлесе отырып Консорциум және ЭЫДҰ жүзеге асырады.
Консорциумға сонымен қатар педагогикалық зерттеулердің Австриялық Кеңесі
(The Australian Council for Educational Research – ACER), білім беру саласындағы
зерттеулердің Жапония ұлттық институты (National Institute for Educational
Research, NIER), Америкалық ұйым WESTAT кіреді.
ЭЫДҰ мен қатысушы елдердің білім беру Министрлігі арасындағы
жасалған келісім шеңберінде елдегі PISA зерттеуін ұйымдастыратын және
жүргізетін, зерттеудің барлық ақпараттық материалдарына қолы жетімді
ұйымның ұлттық үйлестірушісі айқындалады. Сонымен қатар, ұлттық
үйлестірушілер жалпы тұжырымдық басыңқылықтарды талқылау мен жасау
бойынша арнайы халықаралық конференцияларға, ұйымдастырушылық
сипаттағы оқыту семинарларына қатысады.
PISA жобасының технологиясына сәйкес негізгі зерттеу басталғанға дейін
қатысушылардың саны азырақ болатын апробациялық зерттеу жүргізіледі.
Әрбір қатысушы ел ұлттық, облыстық және мектеп үйлестірушілері үшін
зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу бойынша нормативтік материалдар кешені
«PISA ұйымдастыру және жүргізу бойынша нұсқаулықты», «Тесті жүргізушілер
үшін нұсқаулықты», «Жауаптарға код қою бойынша нұсқаулықты» және т.б.
алады.
Негізгі зерттеуді ұйымдастыру барысында нәтижелердің шынайылығы
мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін әрбір елде халықаралық Консорциум
тағайындаған халықаралық байқаушылар жұмыс жасайды. Зерттеудің негізгі
бағыттары, инструментарий жасаудағы тұжырымдық тұрғы, нәтижелерді өңдеу
10
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
мен ұсыну тәсілдері жобаға қатысушы әрбір елмен талқыланып, келісімге
келтіріледі. Айта кетерлік жайт, әрбір айналымдағы қатысушы елдердің
санының арта түсуі. Бұл білім беру жүйесін жетілдіруде осы зерттеудің
маңыздылығын әлемнің көптеген елдері мойындағанын білдіреді (1.1.2 сурет).
1.1.2 Сурет. PISA / елдердің қатысушылары / кезең
1.2 PISA – 2012 зерттеуі инструментарийінің сипаттамасы
PISA-2012-де зерттеу инструментарийі (материалы) Консорциумның түрлі
халықаралық сараптамалық комиссиялармен және қатысушы елдердің білім
сапасын бағалау саласындағы басты мамандарымен интерактивті әрекетінің
нәтижесінде жасалынды.
PISA-2009 зерттеуінің негізгі параметрлері 2012 жылы да білім беру
жүйелерінің даму бағыттарын анықтау барысында қатысушы елдердің
нәтижелерін салыстыруды қамтамасыз ету үшін сақталған. Осы орайда,
жобадағы білімгерлердің математикалық сауаттылығының түрлі деңгейлерін
бағалайтын тапсырма түрлері арта түсті.
11
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
Осы зерттеудің басыңқы бағытына сәйкес айтарлықтай бөлігін 15-жастағы
білімгерлердің математикалық сауаттылық деңгейін анықтауға бағытталған
тапсырмалар құрады (62%). Оқу сауаттылығының тапсырмалары мен
жаратылыстану ғылымдарының біліктілігі 17% және 21% құрады.
PISA бағалау технологиясы 15-жастағы
қатысушылардың тест буклеттерін қамтиды.
Қосымша ақпарат алу үшін оқушылар мен
білім
беру
ұйымдарының
әкімшілігіне
сауалнама ұсынылған.
Қатысушы елдер кездейсоқ іріктеу
әдісімен берілген білімгердің ID коды бар
зерттеуге қатысушының тестік буклетін алады.
Тест тапсырмалары 13 буклетке бөлінген, осы орайда
тапсырмалардың бір бөлігі бірдей тапсырмаларды орындаған білімгерлердің
нәтижелерін салыстыруды қамтамасыз ету мақсатымен бірнеше буклеттерде
қайталанған. Әрбір буклеттің тест тапсырмаларын орындауға 120 минут
беріледі.
Тест басталудан бұрын халықаралық емтиханды жүргізу технологиясына
сәйкес нұсқаулыққа қатысушының жаттығу тапсырмасын орындауға мүмкіндігі
бар.
PISA-2012 халықаралық тесті математикадан барлығы 50 тапсырмадан
тұрады (85
сұрақ), 13
- оқу сауаттылығынан (28 сұрақ) және
28 -жаратылыстанудан (54 сұрақ).
Зерттеудің тест тапсырмалары жоба қатысушыларының қысқа және еркін
құрастырылатын жауаптар беруіне бағытталған. Тапсырманың жауап
нұсқаларымен берілген сұрақтар халықаралық тесттің аздаған бөлігін құрады.
Әрбір тапсырманың форматы мәтінді, сонымен қатар кестелерді,
диаграммаларды, кескіндерді, карталарды, жарнамалық бүктемелерді, түрлі
нұсқаулықтарды қамтыды.
12
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
Осы орайда, тақырыптық тест тапсырмалары 3-тен 6-ға дейінгі
қиындықтың түрлі деңгейіндегі сұрақтармен бірге жүреді. Сұрақтар
білімгерлердің мәтіндегі ситуациямен қалайда бір байланысқан мәселені түсіну
және пәндік саланың білімін қолданумен шектелмей, түрлі көздерден алынған
ақпаратты пайдаланып шешу қабілетін бағалауға бағытталған.
Тестпен жұмысты аяқтағаннан кейін әрбір қатысушы 30 минут ішінде
жауап берушінің сауалнамасын толтыруы тиіс.
Бұл мектеп туралы (оқытуға қанағаттану мен
сондағы жағдайлар), отбасы туралы (ата-ананың
көмегі,
әлеуметтік
жағдай)
және
жеке
қызығушылықтары туралы (пәнге көзқарасы,
оқуға деген уәждемесі және т.б.) сұрақтар болып
табылады.
Сауалнамаға, сондай ақ, білім беру
ұйымдары да қатысады (мектептің материалдық-техникалық жабдықталуы,
кадрлық әлеуеті, оқу үдерісін ұйымдастыру, ата-ана қауымдастығымен өзара
байланыс және т.б. ).
1.3. Зерттеуге қатысушылар
Халықаралық PISA зерттеуі 15-жастағы білімгерлердің білім жетістіктеріне
мониторинг жасау саласындағы көрнекі жобалардың бірі болып табылады. Осы
санаттағы білімгерлерді іріктеу, осы жаста көптеген елдерде мектептегі міндетті
оқыту аяқталатындығымен және түрлі елдердегі оқыту бағдарламаларының
ұқсастығымен түсіндіріледі. Оқытудың тап осы кезеңінде білімгерлердің
келешегінде пайдалы болатын білім мен дағдылардың жағдайын, сонымен
қатар заманауи өмірге тиімді бейімделу үшін қажетті білімді өз бетімен алу
қабілетін анықтап алу маңызды.
PISA халықаралық зерттеуінің қатысушыларын іріктеуді ықтималды-
үйлесімді әдіс негізінде халықаралық Консорциум жүзеге асырады. Білім беру
13
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
ЗЕРТТЕУ БІРЛЕСТІГІ
ЖАЛПЫ БІРЛЕСТІК
ұйымдарының жалпы іріктелуі әрбір елден 150 қатысушы мектептен кемді
құрамайды (1.2.3 сурет).
1.2.3 Сурет. PISA-2012/ білім беру ұйымдарын іріктеу
Іріктелген мектептерге төрт таңбалы идентификациялық нөмір беріледі.
Бір мезетте іріктеу көрнекілігін бұзу жағдайында, іріктелген орта білім беру
ұйымын алмастыратын мектептер де анықталады (төтенше жағдайлар). Әрбір
мектеп үшін екі алмастырушы анықталады.
Территориясы үлкен мемлекет елдің әкімшілік бөлінуіне сәйкес келетін
страталарға бөлінеді. Жобаға қатысушы елдің ұлттық үйлестірушісі 15-жастағы
білімгерлер оқитын білім беру ұйымдарының тізімін жасайды. Қала/село, білім
беру ұйымының түрі/тұрпаты, оқыту тілі және гендерлік аспект секілді
кластерлік сипаттама мәнмәтініндегі ел бойынша ұлттық мәліметтер базасы
ЭЫДҰ-ға беріледі. Осындай жұмыс кезеңі PISA зерттеуі басталмас бұрын
2 айдан 4 айға дейінгі уақытты алады.
Зерттеу нәтижелерінің салыстырмалылығын қамтамасыз ету мақсатымен
әрбір қатысушы ел тұрғысында іріктелген сыныптар білімгерлерінің
жоспарланған санының 85%-дан кем емес қатысуы міндетті болып табылады.
Білімгерлерді іріктеуді қалыптастырудағы әрбір әрекет арнайы үлгілерде
бекітіліп, PISA үйлестіру орталығына жіберіледі.
14
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
Халықаралық есептің мәліметтері бойынша KeyQuest статистикалық
базасы ЭЫДҰ мүше 34 елдің және 31 серіктес елдің 28 миллион 15-жастағы
білімгерлерін құраған. Осы орайда, PISA-2012 халықаралық зерттеуінің 510 000
қатысушылары 15-жастағы білімгерлерден тұрды.
Зерттеуге қатысу үшін халықаралық сарапшылар 5948 Қазақстандық
білімгерлерді іріктеп алды. Олардың ішінде Қазақстанды PISA-2012-де 218
білім беру ұйымдарының (мектептен 35 оқушыдан) 5808 15-жастағы
білімгерлер берді. Тест өткізу кезінде мектептен кетіп қалған және зерттеуді
өткізу кезінде денсаулығына байланысты сабақта болмауына және басқа да
себепті жағдайлармен сабақта болмауына байланысты 140 адам қатыспады.
PISA-2012 зерттеуіне қатысушылардың ең көп үлесі тұрғындардың
тығыздығы жоғары Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарына келеді
(44 және 27 білім беру ұйымдары).
Осылайша, Қазақстан қатысушыларының ұлттық іріктемесі PISA-2012
зерттеу технологиясына сәйкес қалыптастырылды (2.1.4 суретті қараныз).
2.1.4 сурет. Қатысушылар контингенті қала / село / оқыту тілі / қыздар / ұлдар
15
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
II ТАРАУ
БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ
НӘТИЖЕЛЕРІ
Математикалық сауаттылық
16
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
17
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
2.1. Математикалық сауаттылық
Білімгерлердің түрлі өмірлік жағдайларда математика саласынан пәндік
білімді қолдану дағдыларын қалыптастыру оқыту үдерісі тиімділігінің
қағидалық мақсаттарының негізін қалаушыларының бірі болып табылады.
15-жастағы білімгерлердің математикалық сауаттылығы PISA-2012
халықаралық зерттеуінің басты бағыттарының бірі болды (бұдан бұрын - 2003).
Халықаралық PISA тесті білімгерлердің академиялық білімін - 15-жастағы
оқушының математикадан меңгерген оқу курсының мазмұнын өлшемейді.
Халықаралық емтихан инструментарийінің бірегейлігі оның, мектеп түлегі
үлкен жастағы өмірінде өзін жеке тұлға ретінде толығымен көрсете алуына
мүмкіндік туғызатын білімгерлердің қабілетін анықтайтындығында.
PISA тестінің математикалық сауаттылық бағытындағы бағалау
технологиясы осы берілген жас санатындағылардың математикалық білімді
логикалық тәсіл мен математикалық түйсікті талап ететін жағдайларда қолдану
мүмкіндігін тексереді.
Осылайша, осы жобаның халықаралық сарапшылары
«математикалық
сауаттылық»
секілді осындай педагогикалық - практикалық ұғыммен жұмыс
істейді. Ең алдымен, осы ұғым адамның математика саласындағы білімді түрлі
өмірлік жағдайларды шешудегі жеке таңдауын негіздеу үшін қолдану қабілеті
ретінде анықталады.
Осылайша, «математикалық функционалдық сауаттылық» ұғымының
басты тезисі білімгерлердің:
- математикалық тапсырмаларды шешу арқылы қоршаған ортада
туындайтын мәселелерді айқындау;
18
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
- оларды математикалық білім мен әдістерді қолданып шешу;
- математикалық пайымдау жолымен қабылданған шешімдерді негіздеу;
- қолданылған шешу әдістерін талдау;
- алынған нәтижелерді қойылған міндеттерді ескере отырып түсіндіру;
- қабылданған шешімдерді тұжырымдау қабілеттері болып табылады.
Тест сұрақтарының мазмұнын іріктеу барысында дәстүрлі математикалық
курстың әрбір негізгі тақырыптары ескеріледі: сандар, өлшемдер, бағалау,
алгебра, функциялар, геометрия, ықтималдық, статистика, сандар теориясының
элементтері. Осылардың шеңберінде жоғары практикалық мәнге ие сұрақтар
қатарына айтарлықтай көңіл бөлінеді (геометриялық көлемдерді өлшеу,
бағалау, пайыз, көлем, диаграммаларды және шынайы байланыс кескіндерін
түсіндіру, ықтималдық, статистикалық көрсеткіштер және т.б.).
PISA
жобасының
халықаралық
сарапшылары
«Математикалық
сауаттылық» ұғымының екі негізге алынатын қағидатын анықтайды. Біріншісі,
нақты шындықпен өзара байланысты жалпы математикалық ұғымдар тобы
ретіндегі
фундаменталдық математикалық идеялар.
Бұл орайда, олар түрлі
нысаналар мен құбылыстардың ортақ қасиеттерін сипаттайды және осылайша,
қоршаған шындықты түсіну мен сипаттаудағы математиканың алатын орнын
жақсы түсінуге септігін тигізеді.
Фундаменталдық математикалық идеялар ретінде әрқайсысына тест
тапсырмаларының белгілі саны сәйкес келетін «Өзгерістер мен қатынастар»,
«Кеңістік
пен
пішін»,
«Белгісіздік»,
«Сан»
салалары
ұсынылған
(2.1.1 кестені қараныз).
19
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
2.1.1 Кестесі. Фундаменталдық математикалық идеялар
Салалар
Сипаттамасы
Тапсырмалар
саны, %
Достарыңызбен бөлісу: |