Pisa 2012 Ұлттық есеп Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата13.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#4042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

 
15-жастағы білімгерлердің жаратылыстану ғылымдарынан сауаттылығын 
анықтауға  бағытталған  тапсырмалардың  барлық  сұрақтары  PISA-2012  зерттеуі 
бағалау шәкілінің күрделілік деңгейлері бойынша бөлінген (2.2.9 кестесі) 

559 ұпай 
-  жеке  құбылыстар  айқын  байқалатын  түрлі  жағдайлар  мен 
мәселелерді  тиімді  талдау  және  олардың  ғылым,  немесе 
технологияның ролі туралы қорытынды жасауы талап етіледі; 
-  жаратылыстану  мен  технологияның  түрлі  бөлімдерінің  біліміне 
негізделген  түсініктемелерді  іріктеу,  немесе  қорытындылау  және 
осы  түсініктемелерді  өмірлік  ситуациялардың  түрлі  аспектілерімен 
тікелей байланыстыру; 
- өз әрекеттерін бағалау және жаратылыстану ғылымдары білімдері 
мен  негіздемесін  пайдалана  отырып,  өз  шешімдері  туралы 
хабардар ету. 

484 ұпай 
-  кейбір  жағдайларда  нақты  тұжырымдалған  ғылыми  мәселелерді 
айқындау; 
- құбылыстарды түсіндіруге қажетті айғақтар мен білімді іріктеу; 
- қарапайым модельдер, немесе зерттеу стратегияларын қолдану 

жаратылыстанудың 
түрлі 
бөлімдерінен 
жаратылыстану 
ғылымдары ұғымдарын түсіндіру және тікелей қолдану
- айғақтарды пайдаланып, қысқаша айтылғандарды тұжырымдау; 
-  жаратылыстану  ғылымдары  білімінің  негізінде  шешімдер 
қабылдау. 

409 ұпай 
-  дәлелді  ғылыми  білім  негізінде  таныс  жағдайларда  ықтимал 
түсініктеме беру; 
- қарапайым зерттеу негізінде қорытынды жасау; 
-  тікелей  байланысты  анықтап,  зерттеу  мен  технологиялық 
шешімдердің нәтижелерін дәлме-дәл түсіндіру. 

335 ұпай 
- тек таныс жағдайларда қолданылатын шектеулі білім; 
- көзге көрініп тұрған құбылысты түсіндіру. 

 
64 
 
 
PISA 2012 
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
2.2.9  Кестесі.  Тапсырмалар  картасы  /  жаратылыстану  ғылымдары 
сауаттылығы / деңгей 
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері» 
 
6  деңгей  (708  ұпайдан  жоғары). 
«
Көшетхана  әсері
» 
тапсырмасының                     
5  сұрағы
 
(1  мысал)  6  деңгейдегі  тапсырма  мысалы  және  құбылысты  ғылыми 
тұрғыдан  түсіндіру  құзыреті  болып  табылады.  Берілген  сұрақта  білімгерлер 
көшетхана  әсеріне  ықпалын  тигізетін  факторларды  ескере  отырып, 
қорытындыны  талдауы  тиіс.  Берілген  сұрақта  екі  дағды  аспектілері  ұштасады: 
ғылыми сұрақтарды анықтау мен құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру.  
Білімгердің  кем  дегенде  бақылауға  алынуы  тиіс  бір  факторды  анықтауға 
мүмкіндігі  болуы  үшін  «Жер  жүйесі»  туралы  жеткілікті  білімі  болуы  тиіс.  Осы 
сұраққа  жауап  беру  үшін  қажетті  сыни  ғылыми  дағдыларды  қолдану 
құбылыстарды  ғылыми  тұрғыдан  түсіндіру  құзыреттілігіне  жатады.  Берілген 
экологиялық мәселенің салдары мәнмәтінде анықталған ғаламдық сипатқа ие.  
Тапсырманы шешу үшін білімгердің ең алдымен өзгермелілерді анықтап 
алуы қажет, сондай ақ басқа факторлардың әсерін тану үшін зерттеу әдістерін 
түсінуі  қажет.  Білімгер,  сондай  ақ  мәнмәтіндегі  дамуды  болжауы  және  оның 
Деңгей 
Деңгейдің төменгі 
шекарасы 
Тапсырмалар 

708 
Көшетхана әсері – 5 сұрақ (709)
 

633 
Көшетхана әсері –4.2 сұрақ (659)
 

559 
Көшетхана әсері –4.1 сұрақ (568) 
Киім –1 сұрақ (567)
 

484 
Мэри Монтегю –4 сұрақ (507)
 

409 
Мэри Монтегю –2 сұрақ (436) 
Мэри Монтегю –3 сұрақ (431) 

335 
Физикалық жаттығулар –3 сұрақ (386) 

 
65
 
 
 
 
PISA 2012 
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
бірқатар  абстрактілі  ұғымдарды  қамтитын  негізгі  құрауыштарын  анықтап, 
олардың  жер  температурасы  мен  атмосфераға  тасталынатын  көмірқышқыл 
газы    көлемі  арасындағы  қатынасқа  әсерін  тигізетін  басқа  факторларды 
анықтаудағы  байланыстарын  анықтауы  тиіс.  Берілген  сұрақ  5  және                                   
6 деңгейлердің арасында орналасып, қысқа ашық жауаптарды талап етеді.  
ЭЫДҰ  елдерінде  орташа  есеппен  1,2%  білімгерлер  6-шы  деңгей 
тапсырмаларын  орындаған.  Зерттеуге  қатысушылардың  3%-дан  6%-ға 
дейінгілері  Жапонияда  (3,4%),  Финляндияда  (3,2%),  ЭЫДҰ  елдері  Сингапурде 
(5,8%)  және  Шанхайда  (4,2%)  осы  деңгейде.  Халықаралық  сарапшылардың 
мәліметтері  бойынша,  орташа  алғанда  білімгерлердің  шамамен  ноль  пайызы 
Қазақстанда,  Мексикада,  Туркияда,  Чилиде,  Малайзияда  осы  деңгейге  қол 
жеткізеді. 
5  деңгей  (633  -  708  ұпай).
 
«Көшетхана  әсері»
  тапсырмасының  4  сұрағы                 
(1  мысал)  еркін  құрылымды  жауапты  талап  етеді.  Осы  тапсырма  ғылыми 
мәліметтерді  қолдану  біліктілігіне,  сонымен  қатар  кескіннің  қорытындыны 
негіздейтін  дәлелдерді  қамтамасыз  етпейтін  бөлігін  анықтауға  бағытталған. 
Аналитикалық дағдылар мен терең ұғынуды қолдану осы тапсырмада міндетті 
болып табылады.  
Егер  қатысушы  одан  не  талап  етілетінін  дұрыс  түсініп,  екі  кескіннің 
айырмасын  дұрыс  түсінсе,  оның  жауабы  жартылай  қабылданады.  Осы 
тапсырманы  орындау  графикалық  түрде  берілген  мәліметтерді  түсіндіруді 
талап етеді, және осылайша құзыретті ғылыми түсінідіруге жатқызады.  
ЭЫДҰ елдері арасында білімгерлердің 8,4% 5-ші деңгейіне қол жеткізеді. 
Осы  деңгейге  15%  астамы  білімгерлердің  Жапонияда  (18,2%)  және 
Финляндияда  (17,1%),  серіктес  елдер  Шанхайда  (27,2%),  Сингапурде  (22,7%) 
және  Гонконгта  (16,7  %)  қол  жеткізді.  Осы  деңгей  сұрақтарын  Қазақстандық               
15-жастағы білімгерлердің тек 0,2% ғана орындай алған.  

 
66 
 
 
PISA 2012 
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
4  деңгей  (559  -  633  ұпай).  «
Киім»
  тапсырмасының  1  сұрағы  (2  мысал). 
«Ақылды»  киім  туралы  сұрақ  жаратылыстану  мен  технологияның  байланысы 
санатына  жатып,  әлеуметтік  мәнмәтін  болып  табылады.  Зерттеу  арқылы 
ғылыми  дағдыларды  қолдану  ғылыми  сұрақтарды  тану  мен  қою  құзыретіне 
жатқызады. Сұрақтың форматы «Иә/жоқ» жауабын таңдау.  
ЭЫДҰ жеті елінде білімгерлердің 40% 4-ші деңгейге қол жеткізген, соның 
ішінде  Жапониядағы,  Финляндиядағы,  Кореядағы,  Эстониядағы  және  серіктес 
елдер  Сингапурдегі  40%  -дан  50%  -ға  дейінгі  білімгерлер,  50%  сәл  үлкен 
Гонконгтағы,  және  60%  астам  Шанхайдағы  білімгерлер  4-ші  деңгейге  қол 
жеткізген. Білімгерлердің 5% кемі Мексикада және серіктес елдер Қазақстанда 
(3,3%), Коста-Рикада Малайзияда және т.б. 4-ші деңгейге қол жеткізген.  
3  деңгей  (484-559  ұпай). 
«Мэри  Монтегю»
  тапсырмасындағы  4  сұрақ                  
(3 мысал). Осы сұрақ басқаларға қарағанда қарттар мен балалар неліктен тұмау 
ауыруының  салдарына  көбірек  ұшырағыш  екендігін  анықтауды  талап  етеді. 
Сұрақ  ауыруды  бақылауға  жататындықтан,  мәнмәтін  әлеуметтік  болып 
табылады. Сұрақтың форматы еркін құрылымды.  
ЭЫДҰ  елдерінде  білімгерлердің  58%  3-ші  деңгейге  қол  жеткізеді. 
Шанхайда  және  Гонконгта  білімгерлердің  80%  астамы  осы  деңгей  шарттарын 
орындаған.  ЭЫДҰ  елдері  Эстонияда,  Финляндияда,  Кореяда  және  Жапонияда 
15-жастағылардың  төрттен  үшінен  астамы;  үш  білімгердің  екеуі  Польшада, 
Германияда және серіктес елдер Сингапурде, Въетнамда, Макаода 3-ші деңгей 
сұрақтарына  жауап  берген.  Жаратылыстану  ғылымдары  сауаттылығының  осы 
деңгейдегі  тапсырмаларының  сұрақтарына  Қазақстандық  білімгерлердің                
17,8% жауап бере алған.  
2  деңгей  (409  -  484  ұпай). 
2007  жылы  PISA-2006  негізгі  зерттеуінің 
сұрақтарын  егжей-тегжейлі  талдағаннан  кейін,  жаратылыстану  сұрақтарын 

 
67
 
 
 
 
PISA 2012 
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
басқаратын  PISA  халықаралық  сарапшылар  тобы  2-ші  деңгейді  негізгі  ретінде 
анықтады. Берілген деңгей ғылыми сауатсыздықтың табалдырығын бекітпейді. 
Көбіне білімнің негізгі деңгейін, білімгерлер олардың ғылым мен технологияға 
қатысты өмірлік жағдайларда тиімді және жемісті қатысуына мүмкіндік беретін 
ғылыми  құзыреттілікті  көрсете  бастайтын,  PISA  шәкілі  бойынша  жетістіктер 
деңгейі анықтайды.  
Негізгі  деңгей  мысалы  ретінде 
«Мэри  Монтегю» 
тапсырмасының                         
2-ші  сұрағын  келтіруге  болады.  (3  мысал).  Сұрақтың  форматы  Қазақстандық 
білімгерлердің барлығына таныс жауап таңдау.  
ЭЫДҰ  елдері  Эстония,  Корея,  Финляндия,  Жапония,  Польшада  және 
серіктес елдер Гонконг, Вьетнам, Макао, Сингапурде 90% -дан  95% -ға дейінгі 
білімгерлер осы деңгейдегі, немесе одан жоғары тапсырмаларды орындайды. 
Перу, Индонезия және Катардан басқа, әрбір елдегі дерлік білімгерлердің 40% 
PISA-2012 тестінің бағалау шәкілінде 2 деңгейде болып табылады.  
Алты 
деңгейдің 
ішінде 
Қазақстандық 
халықаралық 
емтиханға 
қатысушылар тест тапсырмаларын орындаудың көбірек көрсеткіштерін берген 
(36,8% адам). 
1  деңгей  (335-409  ұпай). 
«Физикалық  жаттығулар»
  тапсырмасының                    
3-ші  сұрағы  (5  мысал).  Білімгер  бұлшық  ет  жұмысы  туралы  білімді  және 
ағзадағы май жиналуы туралы білімді меңгеруі тиіс. Осы сұрақ құбылыстарды 
ғылыми тұрғыдан түсіндіру құзыреттілігіне жатады.  
335  ұпайдан  кем  жинаған  білімгерлер,  яғни  1-ші  деңгейден  төмен, 
әдеттегідей  PISA  жаратылыстанудың  негізгі  деңгейін  орындай  алмайды.  Осы 
айғақ  білімгерлердің  оқу  мүмкіндігі  үшін  жаратылыстану  саласындағы  білімді 

 
68 
 
 
PISA 2012 
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
қолдану  барысында  және  ғылым  мен  технологиямен  байланысты  өмірлік 
жағдайларда қиындықтарға тап келетінін көрсетеді.  
Осылайша,  PISA-2012  халықаралық  зерттеуінің  бір  буклеті  3-тен  5-ке 
дейінгі  тест  тапсырмаларынан  тұрады.  Әрбір  тапсырма  3-тен  6-ға  дейінгі  түрлі 
күрделілік  деңгейіндегі  сұрақтармен  бірге  жүреді.  Зерттеуге  қатысушы 
Қазақстандық  15-жастағы  білімгерлердің  тест  тапсырмаларын  орындау 
нәтижелілігі төменде берілген  (2.2.2 диаграммасы).
 
 
2.2.2 Диаграммасы. Казақстан / жаратылыстану ғылым сауаттылығы 
деңгейі  
 

деңгейден 
төмен

деңгей

деңгей

деңгей

деңгей

деңгей

деңгей
ЭЫДҰ
ЭЫДҰ
2012
2009
 
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері» 
 
Толығырақ  ақпарат  беру  мақсатымен  бұдан  әрі  ЭЫДҰ  жобасының  тобы 
ұсынған, PISA-2012 халықаралық есебіндегі тест тапсырмаларының мысалдары 
келтірілген.  Осы  орайда,  берілген  тапсырмалар  (1-4  мысалдар)  PISA-2012 
зерттеуінің Қазақстандық қатысушыларының буклетіне енгізілмеген.  
 

 
69
 
 
 
 
PISA 2012 
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
1 МЫСАЛ 
КӨШЕТХАНА ӘСЕРІ 
 
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. 
 
КӨШЕТХАНА ӘСЕРІ: ШЫНДЫҚ ПА, ӘЛДЕ ОЙДАН ШЫҒАРЫЛҒАН БА? 
 
Тірі  ағзалардың  өмір  сүруі  үшін  энергия  қажет.  Жер  бетіндегі  өмірді 
қолдайтын  энергия,  өте  ыстық  болғандықтан,  ғарышқа  энергия  шығаратын 
Күннен келеді. Осы энергияның титтей бөлігі Жерге жетеді.  
Жер  атмосферасы  ғаламшардың  бетін  жауып  жатқан  көрпе  секілді 
қызмет  атқарады  және  оны  ауасыз  кеңістікте  болуы  мүмкін  ауа  айырмасынан 
қорғайды.  
Күн шығаратын энергияның көп бөлігі жердің атмосферасы арқылы өтеді. 
Жер осы энергияның қайсыбір бөлігін сіңіріп алып, басқа бөлігі жер бетінен кері 
түседі. Осы түскен сәуленің бөлігін атмосфера сіңіреді.  
Осының нәтижесінде жер бетіндегі орташа температура, егер атмосфера 
болмағанда  болуы  мүмкінге  қарағанда  жоғары  болып  табылады.  Жер 
атмосферасы көшетхана ретінде қызмет етеді, содан барып «көшетхана әсері» 
термині  туындаған.  Көшетхана  әсері  жиырмасыншы  ғасырда  көбірек 
байқалатын болды деп есептейді. 
Жердің  орташа  температурасының  ұлғайғаны  айғақ  болып  табылады. 
Газеттер  мен  басқа  да  мерзімдік  баспа  беттерінде  жиырмасыншы  ғасырдағы 
температура  ұлғаюының  басты  себебі  атмосфераға  көмір  қышқыл  газының 
тасталуы болып табылады деп атайды.  
Андрей  есімді  оқушы  Жер  атмосферасының  орташа  температурасы  мен 
Жер  атмосферасына  көмір  қышқыл  газының  тасталуы  арасындағы  ықтимал 
байланысқа қызығушылық білдірді.  
Ол кітапханадан келесі екі кескінді тауып алды. 
 
ЖЫЛДАР
ЖЫЛДАР
Жер 
атмосферасының 
орташа 
температурасы
Көмір қышқыл 
газының тасталуы 
(
жылына мың 
миллион тонн
)
 
 
Андрей  осы  екі  кескін  негізінде  Жер  атмосферасының  орташа 
температурасының  ұлғаюы  шын  мәнінде  көмір  қышқыл  газының  ұлғаюына 
байланысты деп қорытынды жасады.  

 
70 
Основные результаты международного исследования 
PISA 2012
 
PISA - 2012 
 
Сұрақ түрі: Еркін құрылымды жауап  
Құзыреттілік: Ғылыми дәлелдерді пайдалану 
Мазмұны: Ғылыми түсіндіру (ғылым туралы білім)  
Қолдану аясы: Қоршаған орта  
Мәнмәтін: Ғаламдық  
Күрделілік деңгейі: Толығымен дұрыс жауап – 659 
Жартылай дұрыс жауап –  568 
Толығымен орындау пайызы: ЭЫДҰ елдері – 34,5% 
 
4 сұрақ: КӨШЕТХАНА ӘСЕРІ 
 
Басқа  оқушы  Вика,  Андрейдің  қорытындысымен  келіспейді.  Ол  екі 
кескінді  салыстырып,  кескіндердің  кейбір  бөліктері  оның  қорытындысын 
растамайтынын 
айтады. 
Кескіндердің 
қандай 
бөліктері 
Андрейдің 
қорытындысын растамайды? Мысал келтіріп, өз жауаптарыңды түсіндіріңдер.  
.............................................................................................................................. 
 
Жауап толығымен қабылданады: 
Бір мезетте көбейетін немесе азаятын белгіленбеген екі кескіннің де бір 
бөлігі көрсетіледі. Тиісті түсініктемелер беріледі.  

 
1900 жылдан 1910 жылға дейін (шамамен) CO
2
 артқан, ал сол уақытта 
температура төмендеген. 

 
1980  Жылдан  1983  жылға  дейін  көмірқышқыл  газы  азайған,                           
ал температура артқан. 

 
Температура 1880 жылы өзгермеген дерлік, ал бірінші кескін артқан. 

 
1950  және  1980  жылдар  аралығында  температура  артпаған,                            
ал CO
2
 лақтырындысы артқан. 

 
1940  жылдан  бастап  1975  жылға  дейін  температура  өзгермеген 
дерлік, ал көмірқышқыл газы лақтырындысы күрт артқан. 

 
1940 
жылы 
температура 
1920 
жылға 
қарағанда 
артқан,                                   
ал көмірқышқыл газы лақтырындысы бірдей. 
 
Жауап жартылай қабылданады: 
Дұрыс уақыт аралығы аталады, бірақ түсініктеме берілмейді. 

 
1930-1933. 

 
1910 жылға дейін. 
Бір  жыл  ғана  аталады  (уақыт  кезеңі  емес),  ақылға  қонымды  түсініктеме 
беріледі. 

 
1980 жылы лақтырынды азайған, ал температура арта берген. 
Екі  қисық  сызық  арасындағы  айырмашылық  уақыт  кезеңін  айтпастан 
көрсетілген. 
                
708 
6 деңгей 
633 
5 деңгей 
559 
4 деңгей 
484 
3 деңгей 
409 
2 деңгей 
335 
1 деңгей 
1 деңгейден 
төмен  

 
 
71
 
Основные результаты международного исследования 
PISA 2012
 
PISA - 2012 

 
Кейбір бөліктерде лақтырынды азайса да, температура артады. 

 
Бұрын  шамалы  лақтырынды  болған,  дегенмен  температура  жоғары 
болған.  

 
1  кескін  ұдайы  артқан  сайын,  2  кескін  ұлғаймайды,  ол  өзгеріссіз 
қалады.  

 
Себебі,  басында  температура  бәрібір  жоғары,  ал  көмірқышқыл  газы 
лақтырындысы өте төмен.  
Кескіндердің бірінің бірдей еместігі көрсетіледі.  

 
1910 жылдар шамасында температура басында азайған, ал содан кейін 
белгілі бір уақыт ішінде көбейген. 

 
Екінші  кескінде  жер  атмосферасы  температурасының  1910  жылға 
дейінгі аз уақытқа азайғаны көрінеді. 
Кескіндердегі айырмашылықтар көрсетіледі, бірақ түсініктеме жеткіліксіз. 

 
 40-шы жылдары ыстық болған, ал көмірқышқыл газы аз болған. 
 
Сұрақ түрі: Еркін құрылымды жауап  
Құзыреттілік: Құбылыстардың ғылыми 
түсіндірмесі  
Мазмұн: Жер мен ғаламмен байланысты жүйелер 
(Жаратылыстану ғылымының білімі) 
Қолдану саласы: Қоршаған орта  
Мәнмәтін: Ғаламдық 
Күрделілік деңгейі: 709 
Дұрыс орындалу пайызы: ЭЫДҰ елдері - 18,9% 
 
5 СҰРАҚ: КӨШЕТХАНА ӘСЕРІ 
 
Андрей  Жер  атмосферасының  орташа  температурасының  артуы 
көмірқышқыл  газы  лақтырындысының  артуынан  туындайтынын  айтып,                      
өз  жауабының  дұрыстығын  дәлелдейді.  Бірақ  Вика  оның  қорытындысы  тым 
асығыс  деп  ойлайды.  Ол:  «Сен  соңғы  қорытынды  жасамас  бұрын  көшетхана 
әсеріне ықпалын тигізетін басқа факторлардың тұрақты екендігіне көз жеткізіп 
алуың қажет» дейді.  
Виканың ойындағы факторлардың біреуін атаңдар.  
 
............................................................................................................................. 
 
 
708 
6 деңгей  
633 
5 деңгей 
559 
4 деңгей 
484 
3 деңгей 
409 
2 деңгей 
335 
1 деңгей 
1  деңгейден 
төмен 

 
72 
Основные результаты международного исследования 
PISA 2012
 
PISA - 2012 
Жауап толығымен қабылданады: 
Энергиямен, немесе Күн сәулесімен байланысты факторлардың бірі 
көрсетіледі.  

 
Күннің  жылы  сәуле  шығаруы,  немесе  жер  орналасуының  ықтимал 
өзгеруі.  

 
Жерден  түскен  энергия.  («Жер»  деген  сөзді  білімгер ғаламшардың  өзін 
емес, жердің беткі қабаты деп түсінеді деп болжанады). 
Жер  табиғатының  жеке  құрауыштарымен,  немесе  қоршаған  орта 
ластануымен байланысты фактор көрсетіледі.  

 
Ауадағы су булары. 

 
Бұлттар. 

 
Жанартау атқылауы. 

 
Атмосфераның ластануы (газ, жанармай). 

 
Лақтырынды газдар көлемі. 

 
Фреондар. 

 
Автокөлік саны. 
 
2 МЫСАЛ 
 
КИІМ 
 
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. 
Британдық  ғалымдар  тобы  дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  «сөйлеп 
кетуіне» көмектесетін «ақылды» киімді жасап жатыр. Бірегей электротекстильден 
жасалған,  сөйлеу  синтезаторына  қосылған  кеудеше  киген  баланы,  оның  қол 
тигенге сезімтал матаны түртуі бойынша түсінуге болады. 
Материал  электр  тогын  өткізе  алатын,  көмірден  тұратын  талшықтармен 
астасып  жатқан  кәнігі  матадан  жасалған.  Матаны  басқан  кезде,  талшық-
өткізгіштен  өтетін  белгі  күшейеді  және  компьютерлік  элемент  матаға  қол  тиген 
жерді  анықтай  алады.  Осы  элемент  оған  қосылған  көлемі  екі  сіріңке  қорабынан 
аспайтын  кез-келген электронды қондырғыны басқара алады.  
 «Ең  бастысы  біз  матаны  қалай  ұштастыратынымыз  және  ол  арқылы  белгі 
беретініміз:  біз  матаның  бар  суреттеріне  арнайы  талшықтарды  ұштастырып 
жіберетініміз  соншалықты,  сіздер  оны  байқамай  да  қаласыздар»-дейді 
ғалымдардың бірі.  
Матаны  бүлдірмей  оны  жууға  болады,  бір  затты  орауға,  немесе  бүктеуге  
болады.  Ғалым  сондай  ақ  материалды  арзан  өндіріске  шығаруға  болатынын 
айтады.  

 
 
73
 
Основные результаты международного исследования 
PISA 2012
 
PISA - 2012 
 
 
Сұрақтың түрі: Жауапты кешенді таңдау  
Құзыреттілік: Ғылыми сұрақтарды тану және қою 
Мазмұны: Жаратылыстану ғылымдар зерттеуі (Ғылым 
туралы білім) 
Қолдану саласы: «Жаратылыстану мен технологияның 
байланысы» 
Мәнмәтін: Әлеуметтік 
Күрделілік деңгейі: 567 
Дұрыс орындалу пайызы: ЭЫДҰ елдері - 47,9% 
 
1 сұрақ: КИІМ 
 
Мәтінде  айтылатын  материалдың  сапасын  зертханада  ғылыми  сынақ 
арқылы тексеруге болады ма? 
«Иә» немесе «Жоқ» қоршаңдар. 
 
Материалды болады 
Материалдың сапасын зертханада 
ғылыми сынақ арқылы тексеруге 
болады ма? 
 
оны бүлдіріп алмай жууға 
Иә
 / Жоқ 
оны бүлдіріп алмай затты орауға 
Иә
 / Жоқ 
оны бүлдіріп алмай бүктеуге 
Иә
 / Жоқ 
арзан өндіріске шығаруға 
Иә
 / Жоқ 
 
 
 
 
 
708 
6 деңгей 
633 
5 деңгей 
559 
4 деңгей 
484 
3 деңгей 
409 
2 деңгей 
335 
1 деңгей 
1 деңгейден 
төмен 

 
74 
Основные результаты международного исследования 
PISA 2012
 
PISA - 2012 
3 МЫСАЛ
 
МЭРИ МОНТЕГЮ 
 
Газет мақаласын оқып, оның соңында тұрған сұрақтарға жауап беріңдер. 
 
ВАКЦИНАЛАУ  ТАРИХЫ 
 
Мэри  Монтегю  сұлу  әйел  болатын.  Ол  1715  жылы  қорасанмен  ауырып, 
тірі  қалды,  бірақ  оның  терісінде  тыртықтар  қалды.  1717  жылы  ол  Түркияда 
тұрған  кезінде,  ол  әдетте  сол  жерде  қолданылатын  екпе  деп  аталатын  әдісті 
бақылады.  Ол  дені  сау  жастардың  терісінде  сызық  жасалынып,  оған  табиғи 
қорасан  вирусының  осал  түрін  енгізуден  тұратын,  одан  кейін  олар  ауыратын, 
бірақ көп жағдайда ауру жеңіл түрде өтетін.  
Мэри  Монтегю  екпенің  қауіпсіздігіне  сенгені  соншалық,  ол  екпені  өзінің 
ұлы мен қызына да салғызуға келіскен.   
1796  жылы  Эдвард  Дженнер  қорасанға  қарсы  антидене  жасау  үшін  
тұқымдас  ауру-  күл  қорасан  ауруының  екпесін  пайдаланған.  Қорасанның 
екпесіне  қарағанда  бұл  екпе  азырақ  қосымша  әсер  берді  және  адам  екпеден 
кейін басқаларға ауру жұқтырмады. Осы тәсілді вакциналау деп атай бастады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет