Зерттелу жолы. Мен өзім тұратын Шымкент қаласы мен оның тұрғындары
жайында айтамын. Бұл үлкен қаламыздың тұрғындарының көпшілігі әр түрлі
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
102
жұмыстарда жұмыс жасайды. Халық біздің қалада өте тығыз орналасқан және
жылдан жылға қала халқы саны өсуде.
Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп
және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау,
химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік
кәсіпорын бар.
Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде «Петро Казахстан Ойл
Продактс» АҚ (мұнай өңдеу), «Интеркомшина» (шина өндеу), «Химфарм» (дәрі-
дәрмек өндіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда
«Южполиметалл» АҚ (қорғасын және т.б. өнімдер), машина жасауда «Карданвал»
(автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), «Южмаш»
(ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру),
«Электроаппарат» (қуатты электр қосқыштары және т.б. өнімдерді өндіру)
кәсіпорындары бар.
Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – «Восход» фабрикасы
(жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), «Адал» (тоқыма өнеркәсібі), «Эластик»
(шұлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде «Шымкентцемент» АҚ
(цемент өндіру) және «Құрылыс материалдары» (құрылысқа қажетті кірпіштерді
өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.
Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен «Шымкентмай» және
«Қайнар» (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын
және т.б. өнімдер), «Шымкентпиво» (сыра ендіру), «Визит» (салқындатылған
сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады. Коммуналдық қызмет жүйесі:
қалалық және қала-аралық көліктер даму үстінде. Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз,
МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір
есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар
және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі
құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.
Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары
жасалып, олардың күші өсті. Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен
урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті. Шу – үлкен санды
қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дұрыс емес, қалыпты емес
дыбыстардың жиынтығы. Шу – өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің
шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.
Қаладағы шу «симфониясы» көптеген факторлардан түзіледі: темір жолдардың
гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен, құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт
цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан – бір сөзбен
айтқанда, адамды қоршайтын барлық заттан тарайды. Шудың ең қуатты аккордтары
автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы алғанда шудың 80% береді.
Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты
алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер.
Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.
Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде. Таза техникалық
проблемалардың шешімі туралы тек айтып қана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі
аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек. Соңғы он жылдықта
шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына
әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің
механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.
Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз
түсуі мүмкін, мысалы, тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
103
импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады.
Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза
үшін импульстік шу қауіпті.
Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі:
қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп
отырып, шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына, жүйке жүйесіне, жүрек
тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді. Бұл еңбек өнімділігінің
төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.
Шу – үлкен қалалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті,
еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді. Бүгінгі күнгі
зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың – жүрек тамыр,
асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.
Сонымен қатар, дүние жүзінде жалпы таза су дефицит болып отыр. Су –
тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ. Бірақ, осы біздің ішіп, қолданып отырған суымыздың
денсаулығымызға әкелетін зияны бар ма, осыны ойланып көрсек. Кейбір дамыған
елдерде халық тұтынатын су арнайы тазартылып барып, содан соң беріледі екен.
Деректерге сүйенсек, адамдардың тістерінің ерте түрлі ауруларға шалдығуы,
судың әсерінен бүйрек ауруларының жоғары көп екендігін айта кету керек.
Жұмыс барысында маған белгілі болғанындай, бұл өте үлкен мәселе және
осындай маңызды мәселені шешу жолын қарастыру керек.
Ұсыныстар. Жоғарыда айтылған дәлелдемелер негізінде табиғатты және адам
денсаулығын сақтау, қорғау мақсатында төмендегідей ұсынысым бар. Табиғатты
қадірлеу, есепсіз жер байлығын шашпау керек, бәрінің белгілі бір өлшемі бар
екендігін ұмытпау қажет. Адам жақсылыққа жаны жақын болып, денсаулығын
сақтау мақсатында салауатты өмір сүруді міндет ету керек.
Мінекей, ауа мен судың адам денсаулығына маңызы мен зияны төңірегінде осы
жұмыс барысында таныстым. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз:
«Болашақ – жастардың қолында...», - дегендей, Отанымыздың дамуы мен
өркендеуіне үлес қосатын жастардың дені сау, күш-жігері мол болуы тиіс!
Ал, ол үшін қазірден бастап ойланатын жағдайлар өте көп. Қазақстанда
Менделеев кестесіндегі пайдалы қазбалардың барлығы дерлік бар. Олардың көбін
біз әлі білмейміз. Күндердің күнінде қазба байлық өндірісінен жеріміз шұрық тесік,
денсаулығымыз нашар болса, Жер-Ананың бізге есепсіз беретін сыйы таусылып,
адам өмірінің мәні кетпей ме?
Бұл зерттеулер нәтижесінде мынадай жаңалығым бар. Өндірістен қалдық
заттардың ауаға таралмау үшін будақтаған түтін шығаратын пештерге тазартқыш
фильтрлерді орналастыру керек.
Сонымен қатар, халық тұтынатын су да тазартылып, фильтр арқылы берілсе.
Ақпарат тарату көздері арқылы халық денсаулығына келетін зиянды шынайы біліп
отыру қажет. Ең бастысы әрқайсымыз спортпен айналысуымыз керек. Себебі «Спорт
– денсаулық кепілі». Дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын қалыптастыру керек.
Еліміздің болашағын ойласақ, денсаулығымызды ойлауымыз керек. Таңғы ас
алдында бір шай қасық табиғи бал, бір шай қасық қара зере майын араластырып
пайдалану адам ағзасын жақсартуға септігін тигізеді.
Қорытынды. Жұмыс барысында маған белгілі болғандай, бұл өте үлкен
мәселе және осындай маңызды мәселені шешу жолын қарастыруым қажет.
Жоғарыда айтылған дәлелдемелер негізінде табиғатты және адам денсаулығын
сақтау, қорғау мақсатында ұсынысым бар.
Жұмысымды Шәкәрім Құдайбердіұлының мына даналық сөзімен түйіндеймін:
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
104
Балам!
Сен бола көр аққа жақ,
Болам десең Адам.
Адал еңбек берер бақ,
Бассаң соған қадам!
РУЗИЕВА Назира Асановна,
НҰҒМАНҰЛЫ Думан,
АЛМАС Ақбаян Сенбекқызы,
«Н. Исмайлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің 10 сынып оқушылары, «Зерделі» ауылы,
Ш. Ділдәбеков ауыл әкімшілігі, Мақтаарал ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ДАРМЕНШЕЕВ Жайсанбек Молдалиевич,
«Н. Исмайлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі «География» пәнінің мұғалімі, «Зерделі» ауылы,
Ш. Ділдәбеков ауыл әкімшілігі, Мақтаарал ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
СУ – ТІРШІЛІКТІҢ НӘРІ
Зерттеудің мақсаты: Адам денсаулығы үшін ауыз су сапасының
маңыздылығын айта отырып, судың қасиеттерімен химиялық, құрамымен, ағзада
әсер ететін факторлардың болуы не болмауын сипаттау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы. Жер бетінде адамзат баласы өзі
ішетін тұнық судың лайланбауын, өзі аясында тіршілік ететін табиғатынан
тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болмақ.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысы барысында газет,
журнал, кітаптар, Интернет арқылы алынған материалдар қолданылды, зерттеу,
жүйелеу, қорыту әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестігі. Судың құрамын, сапасын зерттей
отырып, қолданылатын судың экологиялық жағынан қауіпсіз болуын көрсету жүзеге
асырылды.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы. Жоғары сапалы суды пайдалану
қоғамның салауатты өмір салтының кепілі, демек оның тұрмыс жағдайын
жақсартуының кепілі екенін көрсетеді.
Кіріспе. Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі – су. Су –
тірішілік көзі, жердің нәрі. Жердің климатын жасаған – су. Егер су болмаса, біздің
планетамыз баяғыда-ақ суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді. Сусыз
ешбір организм өмір деуге болады. Су жердің геологиялық тарихында, ғаламшарда,
климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда болуында аса маңызды рөл атқарады.
Су – қасиетті зат. Судың маңызды рөл атқаратынын мына қасиеттерінен көруге
болады. Су – еріткіш. Басқа сұйықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы ериді.
Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болады. Тірі организмде жүріп жатқан
химиялық реакциялардың нәтижесінде бөлінетін жылудың белгілі бір мөлшері
денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға шығарылып отырады. Су
қайнау температурасы жоғары болғандықтан, жер бетіндегі судың қайнап кетуі және
организмдердің қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Тірі организмдердің
тіршілігінде судың биологиялық маңызы зор.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
105
Болжамға сәйкес, зерттеу мақсаты – су құбыры желісіндегі су жалпы
мемлекеттік стандарт талаптарына сай екендігін анықтау. Ауыз судың сапалығы,
адам денсаулығына қалай әсер етуі және суды хлорланған кезде мутагендердің
түзілуі туралы әдебиеттерге шолу жасалды.
Судың құрамы мен сапалығын анықтау әдісі. Адам ағзасында тәулігіне 2,5
л су алмасады. Сондықтан оның сапалығынан адамның күйі, денсаулығы және
жұмыс қабілеті тәуелді. Су құрамындағы әр түрлі заттар суға иіс келтіреді, тәттілеу,
ащы, тұзды татымдар береді.
Ауыз судың татымын иісінің қарқындық бағасын +5 балдық шкала арқылы
анықталады. Судың сапалылығына күмән болса, арнайы сүзгі қолданылады.
Судың зерттеу әдісі: судың мөлдірлігін анықтау; судағы өлшеулі бөлшектерін
анықтау; иісі; татымы; көрсеткіштер әртүрлі әдебиеттер, арнайы әдістер арқылы
анықталады.
Судың химиялық зерттеу әдісі анықтамалар енгізеді: сапалық реакциялар
арқылы судағы иондар; сутек көрсеткіштер, рН; титриметриялық әдіс арқылы тұзды
су.
Иондарды анықтау. Судың кұрамына көп мөлшерде белгілі элементтер ион
түрінде кездеседі. Суда иондардың барын дәлелдеу үшін сапалық химиялық
жартылай микроанализ әдісі қолданады. Судың сапалық үлгі құрамында магний,
темір, мыс, қорғасын катиондарын, бром, йод, хлор және сульфат аниондарының
барлығын анықтайды.
Судың тұздылығы. Судың тұздылығы кальций мен магнийдің болуымен
түсіндіріледі. Бұл – жалпы тұздылығы. Ол карбонатты (уақытша кальций және
магний гидрокарбонатынан құралған), карбонат емес (тұрақты кальций, магний және
темір хлоридінен құралған). Ерітіндіде қалған тұздар қайнатылғаннан кейін тұрақты
судың тұздылығын құрайды.
Жалпы қаттылығын былай анықтайды: 100 мл зерттелетін суды 250 мл
конусты колбаға енгізеді, сілтілі реакция құрастыру үшін 5 мл аммиакты буферлі
ерітінді (NH4OH+NH4CI) сонан соң 7-8 тамшы индикатор қосылады (қара
эрихромды). Үлгі интенсивті қызыл-қошқыл түске боялады. Ерітіндіні араластырып,
қошқыл-қызылдан көк түске өзгергенше 0,05 трилон ерітіндісін баяу қосады. Себебі:
сілтілік ортада трилон «Б» кальций және магний иондарымен әрекеттесіп,
индикаторды ығыстырып, боялмаған қосынды түзіледі. Судың тұздылығын формула
бойынша есептейді: X=(V*N)/V. Мұндағы V – трилон «Б» ерітіндінің көлемі, мл,
титрлеуге жұмсалған; N – қарапайым трилон «Б», мг экв/л (0,05) ерітіндінің
мөлшері; V – титрлеуге алынған, мл (100 мл) зерттеу ерітіндінің көлемі.
Судың қасиетін халқымыз ертеде білген, өйткені сумен жуынғанда адам
денесінде мынадай он түрлі қасиет пайда болады деп есептеген: ақыл ойы
анықталады; адам бетіне жас өң береді; сергектік; денсаулық; күш; сұлулық; жасару
құбылысы; тазалық адам терісі жұмсарып, әрленеді; сұлу әйелдер көңіл аударады.
Осыдан барып «Судай сұлуға жолық» деген қанатты алғыс сөз шыққан.
Су адам денсаулығының кепілі екені бәрімізге белгілі. Қоғамдық өндірістің
жедел дамуы, қалалардың урбанизациясы, халық санының тез өсуі, қоғамның
тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың мәдени деңгейінің өсуі, осының бәрі
судың қажеттілігін өсіреді және қолданылатын су экологиялық жағынан қауіпсіз
болуы керек.
Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда
ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады. Тазалығы жөнінен су мөлдір,
иісі дәмі жоқ болып, ең бастысы, құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар және
ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. Сонымен қатар, адам үшін судағы еріген
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
106
химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің де мәні зор. Ішетін судың құрамында
хлордың, темірдің, күкірттің, марганецтің, мыстың, мырыштың және басқа да
химиялық заттардың қоспалары бар.
Химиялық элементтердің мөлшеріне қарай кейбір су көздерінің емдік
қасиеттері де бар. Сулар емдеу орындарында екі түрлі жолмен – ауыз суы ретінде
және шомылатын су ретінде пайдаланады. Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат
жоқ. Су дегеніміз – өмір.
Су – жер бетіндегі тіршілік көзі. Су – бір тұтас және бөлінбейтін зат. Су – сутек
пен оттектен тұрады. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен
құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор.
Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су
қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы
ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат
және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада
ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі
клетканың негізі болып табылады.
Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43%-ын, ал оттегінің 50%-дан көбін
мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы, өкінішке қарай, жер
бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры,
гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі
жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі.
Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы
мөлшері 38 текше шақырымға жетті. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды
пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары
шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су
тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар екен. Егер ерте кезде, бір адам
басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті
дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. Су
ресурстарының «мұхит – атмосфера – жер – мұхит» жүйесіндегі айналым
үдерістерінде тамаша бір қасиеті – өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан
табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі – табиғи сулардың осы
қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару үдерісінде әсер ететін физикалық факторлардың ішінде
ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады. Қазіргі
кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 текше шақырым шамасындайы
жұмсалады екен. Суды ең көп пайдаланатын сала – ауыл шаруашылығы. Ауыл
шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды.
Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға
10000 тонна су жұмсалады екен.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып,
суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді,
мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық
заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы
өсімдіктер тез көбейіп, өледі. Нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы
артады. Сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су
тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
Ауыз су міндетті түрде таза болу керек және құрамында хлор мен оның табиғи
қоспалары, ауыр металды тұздар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, бактериялар,
вирустар және басқалары болмауы қажет.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
107
Осындай табиғи байлықтың иесі болған еліміздің алдында оны үлкен
жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың
Солтүстік, Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте тұрса да,
зерттеліп, дайындалған жер асты су қорларын халық шаруашылығының қажетіне
игеру өте төменгі деңгейде болып келсе, кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр.
Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерттеліп пайдаланған көптеген
жер асты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді. Кей жерлерде мұндай
кешеуілдеу уақыты су көзінің жалпы пайдалану мерзіміне (25-30 жыл) таяп қалып
отыр. Бұл деген жер асты суларының қорын пайдаланбай жатып оны пайдалану
құқын қайта қарап, бекіту керек деген сөз.
СӘРСЕНБАЕВА Аяжан Нұрланқызы,
№6 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, Шалқар қаласы,
Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ОҢҒАРБАЕВА Сарқыт Есжанқызы,
№6 орта мектебі «Технология» пәнінің мұғалімі, Шалқар қаласы,
Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы
МЕКТЕП ФОРМАСЫНА СӘЙКЕС БИСЕРДЕН ТОҚЫЛҒАН АЛЖАПҚЫШ
Кіріспе. Қазақ халқының қолөнері – халық тұрмысында жиі қолданылатын
өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер
жиынтығынан тұрады.
Халық шеберлері рухани байлық пен материалдық байлық арасында үндестік
табумен қатар сол барды байыпты етуге, тұрмыстық жиһаз мүліктерді, ұлттық киім-
кешектерді сәндендіруге үлкен үлес қосты [2, 3].
Бірақ халық шеберлері әлем мойындаған бисерді тек қана бұйымдарды сәндеу
үшін ғана пайдаланғанымен тұрмыстық бұйым жасауда пайдаланбады. Осы
жағдайларды ескере отырып, ғылыми жоба тақырыбын: «Мектеп формасына сәйкес
бисерден алжапқыш тоқу» деп алдым.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
108
Мақсатым:
1. Қолданыста көп қолданыла бермейтін бисерді тұрмысқа керекті заттар
қатарына қосу;
2. Мектеп формасына сәйкес соңғы сән үлгісіндегі алжапқыш тоқу.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында «Мектеп формасына сәйкес бисерден
алжапқыш тоқу» атты жобамды 2-ге бөліп қарастырғанды жөн санадым. Олар:
1) Бисердің шығу тарихы;
2) Мектеп формасына сәйкес алжапқыш тоқудың барысы.
Достарыңызбен бөлісу: |