№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015


мекемесінің 4 «Ә» сынып оқушысы, №1 «Алпамыс» елді мекені



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата14.02.2017
өлшемі6,89 Mb.
#4086
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

мекемесінің 4 «Ә» сынып оқушысы, №1 «Алпамыс» елді мекені, 
Ш. Ділдәбеков ауылдық округі, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ИБРАЕВА Саулекул Бәженовна, 
«Қ. Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік 
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, №1 «Алпамыс» елді мекені, 
Ш. Ділдәбеков ауылдық округі, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
КАЛЬЦИЙДІҢ ПАЙДАСЫ МОЛ 
 
Кіріспе.  Дәрігерлердің  айтуынша,  20-55  жас  аралығындағы  адамға  күнделікті 
800-1000  мг  кальций,  ал  жас  балаларға  тәулігіне  600-800  мг  кальций  қажет  екен. 
Жалпы, осы кальцийдің адам ағзасына қандай пайда келтіретінін білуге бола ма? 
Ең  бірінші,  кальций  ас  қорыту  жұмысына,  жүйкеге,  адамның  қорғаныс 
қабілетінің  жетілуіне  қатысады.  Екіншіден,  кальций  қанды  тазалау  және  жүректің 
бірқалыпты  жұмыс  істеуіндегі  басты  құрам  болып  табылады.  Адам  салмағының  9 
пайызын  қан  құрайды,  ал  жүрек  –  қанды  айдайтын  «насос».  Кальцийдің  үшінші 
міндеті  –  жүйке  жүйесі  арқылы  белгі  беру.  Оны  ми  басқарып  отырады.  Кальций, 
төртіншіден, бұлшық еттердің ширығуы мен босаңсуына жауап береді. 
Егер кальций жетіспесе, адамның сезу, көру, сөйлеу, тағы басқа мүмкіндіктері 
бұзыла бастайды. Егер кальций аз болса, ми безі ағза мүшесінің белгілі бір бөлігіне 
бұйрық  береді  де,  ол  басқа  бір  мүшенің  есебінен  толықтырылады.  Мысалы,  сүйек-
тегі  қанды  алып,  оны  қан  құрамының  өзегіне  қосады.  Мысалы,  жас  сәбилерде 
кальций  жетіспеуінен  болатын  ауру  мешел  (рахит)  деп  аталады.  Мешел  ауруына 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
96 
шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, сүйек баяу дамиды, ұйқысы 
қашады.  Ал  ересек  адамдарға  кальций  жетіспесе,  есте  сақтау  қабілеті  нашарлап, 
беймаза күй кешеді. Қаңқалары морт сынғыш келеді. 
Кальций жетіспеушілігі адамды іштен «кеміріп», түрлі сырқаттарға соқтырады 
екен.  Мұндай  қателікке  жол  бермеу  үшін  дәрігермен  кеңесіп,  ағзадағы  кальций 
мөлшерін  қалыпты  сақтауға  әрекет  жасаған  жөн.  Сондықтан  да  кальций  дәрумені 
жетіспеуінен сақтанайық, балалар. 
 
Негізгі  бөлім.  Құрамында  ең  көп  кальций  бар  тағамдар.  Сүт  тағамдары: 
ірімшік,  құрт,  айран,  сүт,  қатық,  саумал,  қымыран,  сондай-ақ  құс  жұмыртқалары. 
Құрамында ең көп кальций – күнжітте. 
Айран құрамында кальций, протеин, көмірсу, В витамині, мырыш және фосфор 
бар.  Қаражидек  –  денені  ең  жақсы  азықтандыратын  тағамдардың  бірі.  Құрамында 
калий, С витамині, көмірсу және антиоксиданттар бар. 
Адам ағзасында кальций өте маңызды рөл атқарады. Ағзадағы барлық кальций 
қорының  99  пайызға  жуығы  сүйек  тінінде  орналасқан.  Ересектерде  кальцийдің 
мөлшері   шамамен  килограмға  шаққанда  20  г  болады.  Кальций  сүйекке  беріктік 
мықтылық қасиет береді. 
Қаражидек  –  аршагүлдер  тұқымдасына  жататын  көпжылдық  бұталы  өсімдік. 
Биіктігі  10-50  см  аралығында  болады.  Құнарлы  және  жарығы  мол  жерлерде  жақсы 
өседі.  Тік  сабақты,  жапырақтары  жұмыртқа  пішіндес  сопақтау,  жиектері  аратісті. 
Мамыр, маусым айларында гүлдейді.  Гүлдері  жасыл-күлгін түсті,  қысқа гүлсағақта 
орналасқан.  Хош  иісті.  Гүлдерінің  хош  иісі  жеміс-жидектерді  тозаңдандыратын 
жәндіктерді,  әсіресе,  араларды  өзіне  тартады,  сондықтан  қаражидекті  бал  өсімдігі 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
97 
деуге болады. Жемісі шар тәріздес домалақ, диаметрі 5-8 мм, қара және көкшіл қара 
түсті болып келеді. 
Қаражидек құрамында су, ақуыз, көмірсулар, органикалық
 
қышқылдар, калий, 
натрий, кальций, магний, фосфор, темір, мыс, марганец, кобальт, никель, В1, В6, РР, 
С
 
дәрумендері,  фитонцидтер,  өзектер,  илікті,  пектинді
 
заттар
 
бар.  Қаражидектің 
адам  ағзасы  үшін  пайдасы  өте  көп.  Қаражидектің  қаншалықты  пайдалы  екенін 
көрсету  үшін,  мына  қызықты  деректі  келтіруге  болады:  қаражидек  міндетті  түрде 
ғарышкерлердің  ас  мәзіріне  қосылады.  Кептірілген  күйінде  де  барлық  пайдалы 
заттарын  бойында  сақтайтын  қаражидектің  жапырағы  құрамында  органикалық 
қышқылдар,  С  дәрумені,  эфир
 
майы
 
бар.  Сондықтан  жапырақтарынан  жасалған 
қайнатпаның  антисептикалық  қасиеті  жоғары  болады.  Диабет  ауруы  бар  адамдарға 
қаражидек жапырақтарының қайнатпасы және жидегі аса пайдалы. 
Қаражидек жеген адамның көз тамырының қан айналымы жақсарады. Асқазан 
қабыну  ауруларына,  қан  аздыққа,  жұқпалы  іш  ауруларына,  түрлі  инфекцияларға 
қарсы,  бүйрек  тасын  шығаруға  қаражидектің  пайдасы  өте  көп.  Қаражидектің 
жапырақтарын  бұқтырып,  шайдың  орнына  ішеді.  Сонымен  қатар  қаражидектен 
тосап, қайнатпа, шырын алады. Түрлі кондитерлік өнімдерге қосады. 
100  г  картопта  –  90  ккал.  Картоптың  құрамында:  C,  B1,  B2,  B6,  B9,  PP,  K 
дәрумендерінің  бай  көзі,  кальций,  темір,  магний,  натрий  және  фосфор  бар.  Ал  ең 
басым  бөлігін  –  75%  су  құрайды.  Картоп  ең  қолжетімді  тауарлардың  бірі  болып 
табылады. Оны кез келген  уақытта сатып алуға болады, ешқандай арнайы шаралар 
керек емес, тек құрғақ жерде сақтау керек. 
Картоптың  құрамындағы  кальций  және  калий  біздің  ағзамызда  ас  тұзының 
зиянды  әсерін  бейтараптандырады.  Өз  кезегінде,  магний  жүректі  нығайтады,  оның 
арқасында  біз  кез  келген  күйзелісті  бастан  жақсы  өткереміз,  сондықтан  картопты 
күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы 
зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге 
және  қызыл  иекке  пайдалы  әсер  етеді,  сондай-ақ  өсу  процестеріне  қатысады, 
сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір  иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, 
нашар  көңіл-күйді  болдырмайды.  Картоптың  ағзаңызға  берер  пайдасын  біліп 
алдыңыз деген ойдамыз. 
Тауық  жұмыртқасының  қабығы  –  оңай  қортылатын,  ағзамызға  пайдалы  – 
таптырмас кальций көзі. Рахит, балалардың тістерінің дұрыс өспеуі, омыртқалардың 
қисаюы  мен  осал  тістер,  кәрі  адамдар  сүйектерінің  тез  шытынағыштығы  мен 
сынғыштығы  –  сүйектердегі  кальций  жетіспеушілігінің  салдары.  Ағзадағы  кальций 
алмасудың  бұзылуы  қанның  аздығына,  тез  салқын  тигіштікке,  аллергияға  душар 
етеді.  Ал  енді  ағзамыздағы  бұл  жетіспеушілікті  түзеу  қиындау  мәселе.  Хлорлы 
кальций, гипс, бор сияқты нәрселердің адам ағзасына қортылып сіңуі өте қиын. 
Тауық  жұмыртқаларының  (бөдененікі  айтпаса  да)  қабығы  90%  кальций 
карбонатынан  тұрады  (көмірқышқылдық  кальций)  да  оңай  қортылады.  Оның 
құрамында  ағзаға  қажетті  барлық  микроэлементтер:  мыс,  фтор,  темір,  марганец, 
молибден,  фосфор,  күкірт,  цинк,  кремний  және  басқалары  –  барлығы  27  элемент 
табылады!  Ең  маңыздысы  кремний  мен  молибденнің  барлығы  –  біздің  күнделікті 
тамағымызда  бұл  элементтер  жоқтың  қасы.  Олар  болса  ағзамыздағы  биохимиялық 
реакциялардың дұрыс түзілуінің негізгі себепшілері. Жұмыртқа қабығының құрамы 
адамның сүйектерімен тістеріне таңқаларлықтай сәйкес, онымен қоймай жұлындағы 
қан жасаушаларының жұмысын күшейтеді. Сәйкесінше, ағзаның түрлі радиациалық 
әсерлерге шыдамдылығы арта түседі. 
Тамаққа  қосылатын  ұнтақталған  қабықтардың  –  ағзаға  пайдалы  жоғары 
терапевтік белсенділігі мен бактериялық немесе басқа зиянды нәрселердің жоқтығын 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
98 
көрсетті. Үйрек немесе қаз жұмыртқаларының ондай қасиеті жоқ. Бір жастан бастап 
сәбилерге берудің пайдасы айтарлықтай. 
Венгриялық 
доктор 
Кромпехер 
төмендегідей 
кеңестер 
береді: 
профилактикалық  мақсатта  1  жаспен  6  жас  аралығындағы  балаларға  берілуі  аса 
маңызды; 19-20 жасқа дейінгі жастағыларға да артықтығы жоқ; ересектерге жылына 
екі рет жасалған алдын алу шарты пайдалы. 
Жұмыртқа  қабығы  ағзадағы  радионуклидтерді  шығаруға  да  үлкен  себебін 
тигізетіндіктен, экологиялық қауіпті аймақтардағыларға пайдасы орасан зор. Себебі 
ол жұлынға жиналып қалатын стронцийды жойып отырады. Күніне 2-ден 6 граммға 
шейін қолданылуы керек. Қолдану әдісі тым оңай. Тазалап жуу жеткілікті. Кішкене 
балалар үшін 5 минуттай қайнатылады. 1,5-нан 3 гр жақсылап майдалап, күнде бір 
рет  жас  мөлшеріне  байланысты  қабылданады.  Таңертеңгілік  аспен  бірге 
қабылданады. 
Сүт  –  бағалы  тағамдық  өнім.  Сүт  –  барлық  жастағы  адамдар  үшін 
жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 
грамм  эмульгацияланған  оңай  сіңетін  май,  көптеген  мөлшерде  оңай  сіңірілген 
кальций  мен  фосфор  қосындылары,  сондай-ақ  белгілі  мөлшерде  А1,  В2, 
Д витаминдері бар  және  де  жазғы  уақытта  сиыр  сүтіндегі  бұл  витаминдер 
қыстағыдан едәуір  көп болады. 100 грамм  сүт  организмге 60-қа жуық  килокалория 
береді.  Мәселен,  қымыз  құрамындағы  ақуыз  мөлшері  2,3-2,9%  болса,  шұбаттағы 
ақуыз 2,91-4,93% мөлшерінде. Қымыздың майлылығы 1,3-2,5% болса, шұбат одан да 
майлырақ 8-9%. 
Шұбаттың  құрамында  С  дәрумені  де  молырақ.  Түйе  сүтінің  құрамында 
кальций  (0,13-0,21%)  мен  фосфор  (0,05-0,072%)  секілді  микроэлементтері  де 
кездеседі.  Бірақ  құрамындадағы  көміртегі  жағынан  шұбаттан  (1,07-1,78%)  гөрі 
қымыз (3,6-7,3%) бай. Осылармен қатар шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, 
күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері де жетерлік. 
Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар 
әзірленеді.  Сүтті  тартып,  шикі  қаймақ  алады.  Ешкінің  сүтін  емге  ішеді.  Қымыз  – 
биенің  сауылған  сүті  –  саумалды  ашытып,  күбіде  пісіп,  дайындайды.  Өте  шипалы, 
адам  жанына  күш-қуат  беретін  сусын.  Сүт  сауын  малдан,  яғни  жылқыда  –  биеден, 
түйеде – інгеннен, сиырда – сауын сиырдан, қой-ешкіде – саулықтан алынатын сүтті 
және  оның  қымыз,  шұбат,  айран,  қатық  сияқты  өнімдерін  бір  сөзбен  «ақ»  деп 
атаймыз. 
Сүт  және  одан  жасалатын  тағамдардың  сапасы  да,  құнары  да,  нәрі  де  өте 
жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы ақтың орнын басқамен айырбастамайды. 
«Аузы  аққа  тиді»,  «уызында  жарыған»  немесе  «уызында  жарымаған»  деген  сөздер 
арқылы  адам  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  сүттің  орны  зор  екенін  көрсетеді.  «Ақты 
төкпе»,  «ақты  аттама»,  «ақты  ысыраптама,  малдың  желіні  кетеді»  деген  қағида 
қалыптасқан ел ішінде. Көш алдынан ақ алып шығу, ұшынған өртке қарсы ақ төгу, 
үйге  кірген  жыланның  басына  ақ  құйып  шығару,  кісіге  ақтан  ауыз  тигізу  халық 
дәстүрінде  бұлжымас  заң,  белгіленген  жол-жоралғы  болған.  Ел  ішінде,  ауылда  бұл 
әдет  әлі  де  сақталған.  Балаларға  сүт,  басқа  да  ақ  ішкізу,  дімкәс,  науқас  адамдарды 
сүт, қымыз, шұбат, тосаппен емдеу сүттің қазақ өмірі мен тұрмыс-салтында, емшілік 
өнеріңде ертеден келе жатқан тәжірибе қазір де бар. 
Мыңдаған жылдар мал өсірумен және оның қыр-сырын терең меңгерген қазақ 
елі оның сүтін тағам ретіңде ұтымды әрі сәтті пайдалана білді. Мысалы, бие сүтінен 
қымыз,  түйе  сүтінен  шұбат,  сиыр,  қой-ешкі  сүтінен  май,  қаймақ,  құрт,  ірімшік, 
ежігей тағы басқа алуан түрлі тамаша тағамдар жасап даланың дарқан дастарқанын 
барынша  байытты.  Бұлардың  бәрі  де  жеңсік,  дәру,  әрі  зәру  тамаққа  айналды.  Бір 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
99 
сөзбен  айтқанда,  кәдімгі  сүттің  өзі  де  дәмді  тағам.  Оны  қайнатып  ішеді,  шайға 
катады.  Сөйтіп  сүт  және  оның  өнімдері  аты  да,  заты  да  халық  мәдениеті  мен 
тұрмысындағы  айтуға  тұрарлық  және  мақтанарлық  дастарқан  мәзірі.  Демек,  -  сүт 
қазақтың тағам байлығының бірі және оның қайнар көзі. 
Зерттеу  бөлімі.  Пайдалы  кеңестер.  Сүттің  құрамы.  Сүт  ішуді  әдетке 
айналдыру  керек.  Батыста  бұған  үлкен  мән  беріп,  тексеріп,  өткізіп  ішеді.  Сүттің 
табиғи ерекшеліктерін және азықтық құндылығын жоғалтпастан тұтынушыға ұсыну 
үшін  пастеризация  өңдеуінен  өтуі  және  дұрыс  түрде  ыдысқа  құйылуы  керек. 
Құрамындағы кальций еттен 10 есе, наннан 5 есе, алмадан 15 есе, сәбізден 3 есе көп. 
Күнделікті  ішіп  тұрса,  іштің  құрамын  тазалайды.  Сырқаттанған  кезде  де  өте 
пайдалы. Тасты да тазалап түсіреді. 
Қалада  немесе  қала  типтес  елді  мекендерде  тұратын  адамдарға  сүтті  табиғи 
түрде жеткізу үшін, ғалымдар сүттің ұзаққа шыдауы үшін бірнеше түрін шығарды. 
Сүттің екі құрамы бар: 
Пастерленген сүт – сүттің 75 градус ыстықта 20 секунд ысытылғаннан кейін 
дереу  5  градуске  дейін  суытылған  түрі.  Адам  денсаулығына  зиянды  бактериялар 
жойылады.  Пастерленген  сүттің  ерекшелігі:  құрамында  қоспа  болмайды;  шыны 
ыдыстарда күнделікті сатылады; азықтық құндылығын 3 күн сақтайды. 
Ультрапастерленген сүт – сүттің 135 градус ыстықта 6 секунд ысытылып, 20 
градусқа  дейін  суытылған  түрі.  Зиянды  бактериялар  және  сүттің  бұзылуына  себеп 
болатын  бактериялар  жойылады.  Үйде  қайнатылғанда  азықтық  құндылығын 
жоғалтатын  сүт  осы  жолдармен  азықтық  құндылығын  жоғалтпастан  тұтынушыға 
ұсынылады. 
Ультрапастерленген  сүттің  ерекшелігі:  құрамында  қоспа  болмайды.  Бірақ 
дәмін  беру  үшін  иісі  болады.  Картон  ыдыстарда  сатылады.  Ашылмаған  жағдайда 
ерекшелігі  мен  азықтық  құндылығы  ең  аз  дегенде  4  ай  сақтайды.  Мерзімінен  өтіп 
кетсе,  түрі  сарғылданып,  дәмі  қышқылданып,  иістеніп  кетеді.  Бөлме 
температурасының режимімен сақтауға да болады. 
Қорытынды.  Еліміздің  келешегі  жас  буын  екені  белгілі.  Ал,  олардың 
денсаулығын  қорғау  мемлекеттік  деңгейде  жүзеге  асырылуда.  Білікті  мамандарды 
жұмылдыра  отырып,  қазірде  сол  бағытта  арнайы  бағдарламалар  да  түзілуде.  Осы 
бағдарламаларды  жүзеге  асыру  үшін  ел  қазынасынан  арнайы  ақша  да  бөлінуде. 
Нәтижесінде  бірнеше  жылдар  бойына  созылған  ғылыми  жұмыстар  жүзеге  асып 
жатыр.  Солардың  қорытындысы  бойынша  бүгінде  балалар  үшін  пайдалы 
төмендегідей пайдалы тағам түрлері анықталды. 
Балалар үшін ең жақсы 10 тағам: 
Сүт  –  құрамында  протеин,  көмірсулар,  А  витамині,  магний,  кальций,  фосфор 
және көптеген минералдар бар. 
Сиыр  еті  –  құрамында  протеин,  В  витамині,  никотин  қышқылы  және  ферум 
(темір) бар. Жұмыртқа сияқты мидың дамуында үлесі бар. 
Айран  –  құрамында  кальций,  протеин,  көмірсу,  В  витамині,  мырыш  және 
фосфор бар. Балғын жемісті қосып та беруге болады. 
Балықтар  –  протеин,  ниацин,  В  витамині,  ферум  және  мырышқа  деген 
қажеттілігін кетіре алады. Құрамында Омега – 3 май қышқылы бар балық еті мидың 
дамуына және жүректің саулығына ықпал етеді. 
Жұмыртқа – өте пайдалы азық түрі. Оннан астам витамин мен минералдарға 
ие. 
Картоп – құрамында калий, А витамині, С витамині, фоли қышқылы, кальций 
және ферум бар. Қант диабеті ауруына шалдыққандарға шипалы. 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
100 
Брокколи  –  талшыққа  толы  болған  брокколи,  витаминдер  мен  минералдар 
қоймасы. Брокколиді піспеген түрде жеген пайдалырақ. 
Дәнді дақылдар – нанда, крекерлерде және дәнді тағамдарда фоли қышқылы, 
мырыш, ферум және В витамині көп. 
Қаражидек – денені ең жақсы азықтандыратын тағамдардың бірі. Құрамында 
калий, С витамині, көмірсу және антиоксиданттар бар. 
Сыр  –  жақсы  тағам.  Кальций,  протеин  және  В  12  витаминіне  өте  бай.  Сүйек 
құрамында болатын фосфорда табылады. 
 
Әдебиеттер 
1 Христенко А.Н. Кальций наш союзник. – М., 1997. 
2 Александров Е.С. Молочные реки Евразий. – Тюмен, 2001. 
3 Костин А.Д. Молоко – лучший друг детей. – Астрахан, 2003. 
4 «Википедия» материалдары. 
5 Интернеттен алынған ақпараттар. 
 
ПЕРНЕШ Шадияр, 
«Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 «Б» сынып оқушысы, 
Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: БАЙМУРАТОВА Кансулу Туртаевна, 
«Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Есту қабілетін дамыту 
және дыбыстандыру» пәнінің мұғалімі, Шымкент қаласы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
АУА ЛАСТАНУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН АУРУЛАР 
 
Жұмыстың  мақсаты:  Жер  бетіндегі,  жалпы  өмірдегі  қоғамның  ең  құнды, 
маңызды  тіршілік  иесі  –  адам  екендігіне  тоқталу;  адам  денсаулығын  қорғау 
мәселелері; жергілікті жердегі ірі өндіріс орындарының адам денсаулығына тигізетін 
зияны және зиянды болдырмау жолдарын ұсыну. 
Өзектілігі.  Өмірді  жалғастырушы  да,  дамытушы  да  адам  болғандықтан 
адамның өмірі мен денсаулығы қазіргі таңда ең маңызды өзекті мәселелердің бірі. 
Аңдатпа.  Біздің  өмір  сүріп  отырған  қоғамымызда  саналылығымен 
ерекшеленіп, өмір сүру қабілеті арқылы дараланып, қоғамды алға қарай өркендетіп, 
ұрпақ  жалғастығын  дамытып  отырған  тіршілік  иесі  –  адамның  пайда  болуы  ең 
құдіретті  және  маңызды  мәселенің  бірі.  Адамның  ерекше  қасиеттері  арқылы  оны 
танып білуге болады. 
Адам – еңбегі мен қызметі арқылы танылып, алдымен өзіне, сонан соң қоғамға 
пайда  әкеледі.  Жоғарыда  айтқандай,  қоғамды  білімі  мен  шеберлігінің  арқасында 
дамытып,  ғылым  мен  техниканы,  өндірісті  алға  өркендеткен  сайын  экологияның 
нашарлауы  жаһандық  проблема  болып  отыр.  Адам  мен  табиғат  өте  тығыз 
байланыста болғандықтан экологияның адам ағзасына әсері күшті екендігі белгілі. 
Адамның  басты  байлығы  –  денсаулығы.  Дені  сау  адамның  қол  жеткізер 
биіктері  де  көп  болады.  Әр  өңірдің  өндіріс  көздері  мен  орналасу  жеріне  сай  түрлі 
экологиялық  мәселелер  бар.  «Жақсы  ізгі  қоғам  құру  үшін  ең  алдымен  сол  қоғам 
мүшелерінің денсаулығынан бастау керек», - дейді ғалымдар. Сол себепті, ірі өндіріс 
орындарының  халық  денсаулығына  әкелетін  зияны  жөнінде  зерттеу  жұмысын 

№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015     ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
101 
жүргіздім.  Ең  маңыздысы  ауа  мен  судың  біздің  ағзамызға  өндіріс  арқылы  тигізіп 
жатқан зияны негізге алынды. 
Кіріспе.  Қазақстан  Республикасында  қоршаған  ортаны  қорғау  күрделі  әрі  аса 
өзекті  мәселелердің  бірі.  Қазақстанның  тарихи  табиғи  жағдайлары  жағымсыз 
әсерлерге  қарсы  тұра  алмады,  бұл  орны  толмас  салдарға  әкеліп  отыр.  Тың  және 
тыңайған  жерлерді  игеру,  топырақтың  жалпы  эрозиясына  әкелді,  Семей 
полигонында  ядролық  қаруды  сынау  –  табиғатты  радиоактивпен  ластандырды,  су 
ресурстарын  есепсіз  пайдалану  –  Арал  көлінің  толық  дерлік  жойылуына  әкелді. 
Қазақстанның  ұлан-ғайыр  аумағын  қамтыған  экологиялық  ахуал  сын  сызығына 
жетті,  бұл  адам  денсаулығының  ғана  емес,  ұлттық  ген  қорының  да  бұзылуына 
(нашарлауына) әкелетіні сөзсіз. 
Қазақстан  Республикасындағы  қазіргі  экологиялық  ахуалды  талдау,  біздің 
ұлттық байлығымыз: мұнай ресурстары мен жер асты пайдалы кені азаматтарымызға 
зиян  келтірудің  орнына,  олардың  игіліктеріне  қызмет  ететіндей  бағытта  мемлекет 
пен қоғам тарапынан нақты негізделген тұғырнама жасау қажеттілігін көрсетті. 
Егер экологиялық проблема болса, демек, халықтың денсаулығы зардап шегіп 
отыр  деген  сөз.  Сол  себепті  адамдардың  денсаулығын  қадағалап,  осы  жағдайды 
шешіп  алу  керек.  Әрине,  егер  бізді  қоршап  тұрған  табиғат  әсем  де,  көз  тартарлық 
сипатта  болса,  қандай  ғажап  болар  еді.  Сонымен  қатар,  адамдардың  денсаулығы 
мықты,  экологияның  әсерінен  туатын  дерттің  саны  аз  болса,  адамдар  әр  жұмысқа 
қабілетті,  ел  экономикасының  одан  әрі  дамуына  әсер  етер  еді.  Ұлан-ғайыр  кең 
даламыз бар, ал сонда тұратын халықтың саны тек 17 миллиондай ғана, демек, бізге 
дені сау, білімді, қабілетті ұрпақ қажет. 
Адам  –  жер  жүзіндегі  ең  құнды,  маңызды  тіршілік  иесі.  Себебі,  осы  өмірді 
жалғастырушы,  дамытушы  және  болашақтың  иесі  де  адам  болып  табылады. 
Дегенмен, адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысын қанша зерттесе де, 
таусылмайтын құпияға толы ғажап дүние. 
Жер бетіндегі өзге тіршілік иелерінен яғни, жан-жануарлардан айырмашылығы 
саналылығымен  ерекшеленіп,  сөйлеу  және  ойлау  қабілеті  арқылы  қалаған  ісімен 
айналыса  алатындығында.  Мен  өзімнің  ғылыми  зерттеуімде  қоғамның  ең  құнды 
бөлігі  адам  туралы  және  қазіргі  кездегі  адам  денсаулығын  қорғау  мәселелеріне 
тоқталғым келеді. 
Ағылшын  ғылымы  Чарльз  Дарвин:  «Адам  маймылдан  пайда  болды»,  -  десе, 
кейбір елдердің көне жазбаларында адам ғарыштың бір бөлігі делінген. Қандай пікір 
айтылып  зерттелсе  де,  бір  кездері  адам  пайда  болып,  даму  мен  жетілудің 
нәтижесінде қоғамның, табиғаттың ажырамас бір бөлігіне айналғаны рас. 
Адам  жалғыз  өмір  сүре  алмайды.  Адамды  адам  ететін  –  қоғам.  Әр  адамның 
өзінің  айналысатын  жұмысы,  сенетін  нәрселері,  ұлтына  сай  тәрбиесі,  мәдениеті, 
салт-дәстүрі секілді өзгеге ұқсамайтын айырмашылығы болады. 
Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша тұлға, сонша өмір, сонша тағдыр бар. 
Қазақ тілінде тіршілік деген сөз бар. Яғни, барлық тіршілік иесі тіршілік етеді, демек 
өмір  сүруді  білдіреді.  Бұл  дегеніміз  –  еңбек  ету,  бір  пайдалы  іспен  шұғылдану, 
мағыналы  өмір  сүру  және  өзінен  кейін  ұрпақ  қалдыру.  Маған  белгілі  болғандай, 
адамның  өмірі  тұтастай  қызметпен  өтеді.  Ал  адам  қызмет  ету  үшін  және  жасаған 
еңбегінен нәтиже болсын десе, алдымен денсаулығы мықты болғаны жөн. 
Адам – қоғамның ең маңызды бөлігі болғандықтан, оның денсаулығын қорғау 
да қоғамдағы ең негізгі мәселелердің бірі болып танылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет