Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор


ғылыМ Мен бІлІМнІҢ кИелІ отАуынДА



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата14.02.2017
өлшемі3,67 Mb.
#4089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ғылыМ Мен бІлІМнІҢ кИелІ отАуынДА
Мен  1958  жылы  Ақтөбе  облысы  Ырғыз  ауда-
нында  Сталин  атындағы  (қазір  Ы.  Алтынсарин 
атында)  орта  мектепті  үздік  бітіргеннен  кейін 
еңбек  жолын  сол  облыстың  Темір  қаласындағы 
Кең-қияқ  МТС-інде  жұмысшы  болумен  баста-
дым.  Ол  кезде  жастар  мектепті  бітіргеннен 
кейін  өндірісте  1-2  жыл  жұмыс  істегені  дұрыс 
деген  үкімет  шешімі  бар  болатын.  Оларды  оқуға 
қабылдауда  жеңілдік  (конкурста,  алдымен,  солар 
қабылданатын) берілетін. Сол саясатқа байланы-
сты бір жыл жұмыс істеп 1959 жылы қазіргі әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
механика-математика  факультетіне  оқуға  түс-
тім.  Содан  бері  еңбек  және  ғылыми-ұстаздық 
қызметім осы факультеттің қабырғасында өтуде. 
Бұл жыл физика-математика факультеті атала-
тын факультет негізінде жаңадан құрылған физи-
ка және механика-математика факультеттерінің 
ашылған жылы болатын. Факультеттердің ашы-
луына  елде  болып  жатқан  ғылыми-техникалық 
өзгерістің,  оның  ішінде  айрықша  орын  алған, 
атомдық  физика  мен  электрондық  есептегіш 
техниканың қарыштап өсуі және осы салалар бой-
ынша мамандардың жетіспеушілігі себеп болды. 
Механика-математика  факультетінің  ашылуы  үшін  физика-
математика  факультетінің  деканы  профессор  Хасен  Ибрашұлы 
Ибрашевтың  сіңірген  еңбегі  ерекше.  Қажетті  құжаттарды  дай-
ындау,  жаңа  кафедралар  құрып,  олар  үшін  қажетті  кадрларды 
табу,  жаңа  мамандықтар  ашу,  оқу  жоспарларын  жасау,  ғылыми 
жұмыстардың  даму  бағытын  айқындау,  басқа  да  ұйымдастыру 
жұмыстарын жүргізуде ол елеулі еңбек сіңірді. Бұл жұмыстарда 
оны  университет  ректоры  Дарқанбаев  Темірбай  Байбосынұлы, 
Министрлер  кеңесі  төрағасының  орынбасары  Закарин  Асқар 
Закарияұлы,  Ғылым  академиясының  академигі,  профессор 
К.П. Персидский қолдап, қызу атсалысты.

Аманат
74
1959  жылы  механика-математика  факультеті  ашылып,  оның 
бірінші  деканы  болып  Х.И.  Ибрашев  тағайындалды.  Хасен 
Ибрашұлы  студенттер  мен  оқытушылар  ұжымы  аса  құрметпен 
қадірлейтін сүйікті декан болды. 
Х.И.  Ибрашевтың,  әсіресе  университет  ректоры  А.З.  Зака-
ринмен бірлесе отырып, математикадан ұлттық жас мамандарды 
дайындауға  бағытталған  қызметтері  айтарлықтай.  Факультетте 
қазақ бөлімі және «есептеу математикасы», «математикалық фи-
зика» кафедралары ашылды. Қысқа мерзім ішінде механика-ма-
тематика факультетінің оқу ғимараты салынып, онда уақытқа сай 
электрондық есептегіш машиналар жүйесі қондырылды. 
Математика ғылымын дамыту мен жоғары сапалы мамандар 
дайындаудың деңгейін көтеру мақсатында Х.И. Ибрашев Мәскеу, 
Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург), Киев, Новосібір, Ташкент 
сынды ірі-ірі математикалық орталықтарда қызмет ететін атақты 
ғалымдармен қызметтік тығыз байланыс орнатты. Олардың ара-
сында КСРО Ғылым академиясының Сібір бөлімінің ғалымдары, 
академиктер:  М.А.  Лаврентьев  (Сібір  бөлімінің  басшысы), 
С.Л. Соболев (Математика институтының директоры), Г.И. Мар-
чук  (Есептеу  орталығының  директоры),  М.М.  Лаврентьев, 
Н.Н. Яненко, т.б. ғалымдармен жақсы қатынаста болуы жастарға 
Новосібірдің Академқалашығына кеңінен жол ашты. 
Бірінші курс студенттері үшін негізгі сабақ «Математикалық 
талдау» болатын. Сабаққа дәріскер болып Мәскеудегі М.В. Ло-
моносов  атындағы  университеттің  аспирантурасын  жазда 
ғана  бітірген,  бірден  аға  оқытушылық  қызметке  қабылданған, 
Үмбетжанов Дәулет Үмбетжанұлы жоспарланыпты. Бұл ағамыз 
біздің топқа куратор (эдвайзер) болуға келісіпті. Оның тәрбиесі 
біздердің тұлғалық қалыптасуымызға көп ықпал етті.
Ол кісі 2-курс оқып жүргенімде жазғытұрым өтетін студент-
тер  конференциясына  баяндама  жасауға  «автономдық  жүйенің 
траекториялары»  атты  тақырып  берді.  Мен  ғылыми  жұмыспен 
айналысудың не екенін бірінші рет сонда білдім. Конференция-
ны басқарушы атақты ғалым профессор В.Х. Харасахал болатын. 
«Мына зерттеуіңді жалғастырсаң, бағалы нәтиже алынғалы тұр 
екен» деп қолдау көрсетті. 
1968 жылы мен кандидаттық диссертация қорғағанда, Дәукең 
ағамыз Мәскеудің мемлекеттік университетінде мамандық ұштау 

Аманат
75
курсында  болатын.  Сонда  жүрсе  де  қорғау  нәтижесінен  хабар-
дар болып, «ойдағыдай қорғауыңмен құттықтаймын, докторлық 
диссертацияның  авторефератын  асыға  күтемін»  деп  жедел  хат 
жолдады. 
Математика институтында жай дифференциалдық теңдеулер 
зертханасының меңгерушісі болып жүргенінде, Ғылым академия-
сының  мүше  корреспонденті  болған  кезінде,  жасап  жүрген 
жұмыстарымыз  жөнінде  баяндама  жасауға  шақырып  тұратын. 
Кеңесін беріп, әрі қарай өрбіту бағытын ұсынатын. Сырқаттанып 
қалып,  ғылыми  жұмысын  үйде  отырып  жалғастырды  Менің 
дифференциалдық  теңдеулерден  оқулықтарым  шыққанда  қатты 
қуанып,  «тілің  жатық  математикалық  тұжырымдарды  ұтымды 
пайымдапсың,  ауылдан  келген  оқушыларға  жақсы  болды»  деп 
тілек білдірген. 
Дәулет  Үмбетжанұлы  сүйікті  ұстаз  болып  қана  қоймай, 
бәріміз  ардақтайтын  аяулы  асыл  ағамыз  болды.  Оның  бейнесі 
оқушыларының жүрегінде ілтипатты сезіммен мәңгі сақталады!
3-курста қазақ бөлімі жоқ болатын. Курстағы барлық студент-
тер  іргелік  дәрістерді  бірге  тыңдайтынбыз.  3-курс  студенттерін 
Жоғарғы оқу министрлігінің арнайы шешімі бойынша үш топқа 
бөліп  оқытты:  зерттеушілер,  есептеушілер  және  мектеп  мұға-
лімдері  топтары.  «Зерттеушілер»  атты  арнайы  топ  20  үздік 
оқитын  студенттерден  құрылды.  Онда  мен,  К.  Стамғазиев,  
А. За харов, А. Зайцев , Ж. Рашбаев, Ш. Хакимжанова , Н. Арен-
баев, С. Қожағұлова , С. Қасымбеков  М. Алтыбасаров, т.б. сту-
денттер оқыды. Бұл топ республикалық жоғары оқу орындары-
на  ғылыми-ұстаздық  кадрлар  даярлау  үшін  құрылған  болатын. 
«Зерттеушілер» тобындағы оқу мерзімі 5,5 жыл болды. Алайда 
жоғарғы оқу министрлігінің шешімі дәйекті болмай шықты. Қыс 
ішінде оқуды бітірген жас мамандар министрліктің қарамағына 
ілігіп, одақ көлемінде ғылыми-зерттеу институттарына, жоғары 
оқу  орындарына  жұмысқа,  аспирантураға  оқуға  қабылдануы 
жоспарланбаған  болып  шықты.  Министрлік  өз  тапсырмасын 
өзі  «ұмытып  кетіпті».  Дегенмен  осындай  келеңсіз  жағдайға 
қарамастан  «зерттеушілер»  тобында  оқыған  студенттердің  бәрі 
дерлік  кейін  ғылыми  дәрежелерді  (кандидат,  доктор)  қорғап 
шықты. 

Аманат
76
«Зерттеушілер»  тобына  одаққа,  шетелге,  атағы  жайылған 
ғалымдар  мен  ұстаздар,  профессорлар:  К.П.  Персидский, 
Е.Н.  Ким,  Х.И.  Ибрашев,  Г.Н.  Багаутдинов,  В.Х.  Харасахал, 
В.А. Сапа, Ө.М. Сұлтанғазин дәріс берді. Менің ғылыми тұрғыда 
ұстаз болып қалыптасуыма олардың еткен әсері елеулі. Әсіресе 
менің  оқытушым  –  республикада  математикадан  алғашқы  ғы-
лыми мектепті ашқан, орнықтылық теориясының негізін қалау-
шылардың бірі, бұл саладан жер жүзі математиктері мойындаған 
ұлы ғалым, академик К.П. Персидскийдің орны бөлек. 
Константин  Петрович  Персидский  –  В.И.  Ульянов-Ленин 
атындағы  Қазан  университетінің  физика-математика  факуль-
тетінің  деканы,  дифференциалдық  теңдеулер  кафедра сының 
меңгерушісі,  профессор  қызметтерін  атқарып  жүргенінде, 
1940 жылы тамыз айында КСРО Жоғары оқу орындары бойын-
ша одақтық комитеттің С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік 
университетіне  математикадан  мамандар  дайындау  ісіне  көмек 
көрсету  туралы  ұсынысын  қабылдап,  Алматыға  отбасымен 
бірге  көшіп  келді.  Бүкіл  қалған  өмірін  Константин  Петрович 
Қазақстандағы математикалық ғылым мен білімді ұйымдастыру 
ісіне  арнады.  Ол  көшіп  келе  салысымен  математикалық  талдау 
кафедрасына  меңгеруші  болып  сайланды,  орнықтылық  теория-
сынан қалалық семинар ұйымдастырды, математикалық талдау, 
дифференциалдық теңдеулер, т.б. іргелі пәндердің мазмұндарын 
реттеп,  негізгі  пәндердің  оқу  жоспарларын  жасады.  Алматыда 
осылайша  математикадан  ғылыми  зерттеулер  басталып  кетті. 
К.П. Персидский бастаған семинарға ҚазМУ, ҚазПИ, Қазақ тау-
кен институты, Қазақ педагогикалық қыздар институты, т.б. оқу 
орындарының  оқытушылары  тартылды.  Уақытының  аздығына 
қарамай  Константин  Петрович  кең  көлемді  ғылыми  зерттеулер 
жүргізіп, докторлық диссертациясын аяқтады. Соғысқа байланы-
сты қорғау мерзімі созылыңқырап кетіп, оны 1946 жылы М.В. Ло-
моносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде қорғады. 
Докторлық диссертацияны ойдағыдай қорғап келгеннен кейін 
1946  жылы  ҚазМУ-да  дифференциалдық  теңдеулер  кафедрасы 
ашылып оған К.П. Персидский меңгеруші болып сайланды. 
1951 жылы Константин Петрович ҚазКСР Ғылым академия-

Аманат
77
сының толық мүшесі болып сайланды. 1951 жылдан 1954 жылға 
дейін  Ғылым  Академиясының  физика-математика  бөлімінде 
төраға.  Өзі  ашылуына  белсене  атсалысқан,  1965  ж.  құрылған 
Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  Математика  және  механика 
институтының  бірінші  директоры  болып  тағайындалды.  Оның 
басқаруымен  институттың  ғылыми  зерттеулерінің  кең  көлемді 
тематикасы құрылып, ғылыми ізденістер басталып кетті. 
3-курста мамандандыру бойынша негізгі сабақтар болып са-
налатын нақты айнымалының функциялар теориясы (Г.Н. Багаут-
динов), функционалдық талдау (Ю.Г. Золотарев), математикалық 
физика  (С.А.  Усольцев),  есептеу  әдістері  (Ө.М.  Сұлтанғазин), 
математикалық логика және ықтималдықтар теориясы (К.П. Пер-
сидский) пәндерінен дәріс тыңдадық. 
Менің  математиканың  әдістемесі  бойынша  зерттеулеріме 
К.П.  Персидскийдің  шәкірті  –  профессор  Багаутдинов  Ғазиз 
Нұрмұхамедұлы. 
Ғазиз  Нұрмұхамедұлы  (60  жылға  жуық  оқытушылық 
қызметінде) жас мамандардың, ғылыми зерттеушілердің бірнеше 
буынын тәрбиелеген жұмысқа жауапкер, тиянақты, талап қойғыш 
оқытушы болды. Дәрісті толығынан оқып, барлық бағдарламалық 
материалды беруге тырысатын. Студенттен де оларды білуді та-
лап ететін. Барлық сұрақтарға жауап беріп, олардың мәнін аша-
тын  көптеген  есептерді  шығармай  Ғазиз  ағаның  емтиханынан 
өту  мүмкін  емес-ті.  Уақытқа  ол  кісі  көп  мән  бермейтін,  қашан 
керек  жауапты  естігенше  сұрай  беретін.  Көбінесе  ертеңгі  9-10 
сағаттарда кіріп студенттер түс ауа босайтын. Кейде, тіпті, түнгі 
12 немесе 2 сағаттарда шығып жататын. Бірде, осылайша, емти-
хан алып отырғанда Құрат жеңгеміз келіп терезеден: «Ғазиз, өзің 
отырсаң отыра бер, қызды жібер үйге» деп дауыстағаны есімде. 
Емтихан  тапсырушылардың  арасында  Ғазиз  аға  мен  Құрат 
жеңгеміздің қызы – Нұрия бар болатын. Сөзге орай айта кеткен 
жөн:  Ғазиз  ағаның  балаларының  бәрі  үлгілі  оқыды.  Жұмысты 
беріле істеуі, шығармашылық қасиетінің барлық кезде бойынан 
кетпеуі, өзіне деген талап қойғыштығы ол кісінің 90 жасқа дейін 
белсенді  қызмет  атқаруына  себеп  болды  деп  есептеген  дұрыс. 
Оның осы қасиеттерінің көбісі біздің де бойымызға сіңді. 

Аманат
78
Мен  Академик  К.П.  Персидскийдің  жетекшілігімен  ди-
плом  жұмысын  жазып,  ол  меңгеретін  дифференциалдық 
теңдеулер  кафедрасының  аспирантурасына  түстім.  1968  ж. 
К.П. Персидскийдің жетекшілігімен «Об устойчивости решений 
и характеристичных числах систем дифференциальных уравне-
ний»  атты  кандидаттық  диссертация  қорғап,  дифференциалдық 
теңдеулер  кафедрасына  оқытушылық  жұмысқа  қабылдандым. 
Дипломдық  жұмысымды  бітіріп  көрсеткенін,  көңілі  толып 
«иди  к  защите,  я  блогославляю»  деген  сөзі,  өз  кафедрасына 
аспирантураға  қалдырып,  оны  бітіру  қарсаңында  жоғары  оқу 
министрлігіне  барып  мені  кафедраға  оқытушылыққа  сұрағаны 
есімнен кетпейтін жағдайлар.
Сол  1968  жылдан  осы  кезге  дейін  (1969  жылдан  аға 
мұғалім,  1971  жылдан  доцент,  1998  жылдан  профессор)  Қазақ 
ұлттық  университетінің  аталған  кафедрасында  үзбей  қызмет 
істеп  келемін.  Бұл  аралықта  студенттерге  «Дифференциалдық 
теңдеулер»,  «Интегралдық  теңдеулер»,  «Функциялық  талдау» 
атты  негізгі  пәндермен  қатар,  дайындау  мамандығына  тікелей 
қатысты  «Орнықтылық  теориясы»,  «Сипаттаушы  көрсеткіштер 
теориясы»,  «Дифференциалдық  теңдеулердің  сапалық  теория-
сы», «Периодты және периодты дерлік шешімдер және олардың 
орнықтылығы»,  «Сызықтық  дифференциалдық  жүйелердің 
алгебралық теориясы», т.б. арнаулы дәрістер оқыдым және оқып 
келемін. Дифференциалдық теңдеулер мен олардың қолданылуы 
саласында  көптеген  студенттер  мен  жас  ғалымдардың  ғылыми 
жұмысына жетекшілік еттім. Олардың бірнешеуі республикалық 
конкурстардың  жеңімпаздары  болып,  дипломдар  алды.  Канди-
даттық диссертацияларға жетекшілік еттім. Механика-математи-
ка, физика-математика және физика факультеттерінде сабақ беру-
мен қатар үзбей жоғары оқу орындары оқытушыларының білім 
дәрежесін көтеру факультетінде тыңдаушыларға дәрістер оқып, 
семинар басқардым. Бірнеше жылдар бойы республикалық теле-
дидардан сырттай оқушыларға дәріс бердім. 
Мен  университетте  оқу  жұмысын  ұйымдастыруға,  оқыту 
әдістемелерін  жетілдіруге  белсене  қатыстым,  сол  салада  ал-
пыстан  астам  еңбек  жарияладым.  Факультеттің  әдістемелік 
кеңесін  ондаған  жылдар  басқара  отырып,  оқу-әдістемелік  кон-

Аманат
79
ференциялар  мен  студенттердің  өз  ықтиярынша  жүргізетін 
жұмысын  оңтайластыру  шараларына  арналған  семинарлар 
ұйымдастырдым. 1991-1992 жылдары университеттің оқу-әдісте-
мелік  басқармасын  басқарып,  екі  сатылы  білім  беру  жүйесіне 
көшуге  көп  еңбек  сіңірдім.  Кафедра  меңгерушісі  қызметін 
атқарған  кезеңдерде  пәндердің  оқу-әдістемелік  кешенін, 
жұмыстық оқу бағдарламаларын жетілдіруге, студенттер білімін 
бағалауға арналған түрлі бақылаулар мазмұнын айқындауға көп 
жұмыстар істедім.
Менің  көп  жылғы  дәріс  оқу  тәжірибем  дифференциалдық 
теңдеулер  курсынан  қазақ  тілінде  алғашқы  оқулықтар  мен 
оқу  құралдарының  тууына  бірден-бір  себеп  болды.  «Диф-
ференциалдық  теңдеулер  курсы»  (1991  ж.,  360  б.),  «Диф-
ференциалдық теңдеулер2» (1996 ж., 256-б.) атты оқу лықтарым 
студенттердің қолдан түсірмейтін кітаптарына айналды. «Бірінші 
ретті жай дифференциалдық теңдеулерді интегралдау әдістері», 
«Сызықтық дифференциалдық теңдеулерді интегралдау әдістері» 
оқу  құралдарым  мен  көптеген  оқу-әдістемелік  құралдарым 
(жалпы көлемі 200 – ден астам баспа табақ) белгілі бір топтағы 
теңдеулердің  қасиеттерін  талдап,  нақты  есептерді  шығаруға 
арналған нұсқау іспетті. 
Бірегей  туынды  болып  саналатын  бұл  оқулықтар  мен  оқу 
құралдарында  көптеген  дифференциалдық  теңдеулерді  шешу 
үшін  бұрын  соңды  қолданылмаған  тиімді  әдістер  ұсынылды. 
Әсіресе  сызықтық  теңдеулер  мен  жүйелерді,  сызықтық  шека-
ралық есептерді, ерекше шешімді табу мәселесін ұтымды шешу 
жолдары  мамандардың  жоғарғы  бағасына  ие  болып  отыр.  Бұл 
оқулықтарым үшін жоғары оқу орындары қауымдастығы беретін 
«Саңлақ  автор»  атағын  иеленіп,  А.  Байтұрсынов  атындағы  ме-
дальмен марапатталдым (2003 жыл).
Менің  жарияланған  152  ғылыми  және  ғылыми-әдістемелік 
еңбектерімнің  алпыстан  астамы  дифференциалдық  теңдеулер 
шешімдерінің  бар  болуы  мен  орнықтылығын,  периодтылығын, 
сипаттаушы көрсеткіштерін және де басқа сапалық қасиеттерін 
зерттеуге бағытталған. Ғылыми нәтижелерім туралы елуден астам 
халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және басқа да кон-
ференцияларда  баяндама  жасадым.  Оқитын  арнаулы  дәрістерім 

Аманат
80
ғылыми жұмысымның саласымен тікелей байланысты. Олар бой-
ынша  «Орнықтылық  теориясы»,  «Введение  в  теорию  показате-
лей Ляпунова» атты оқу құралдары мен бірнеше оқу-әдістемелік 
нұсқаулар шығарып, оқу үдерісіне енгіздім.
Мен мемлекеттік емес орта оқу орындарын Алматыда ашу-
ды ұйымдастырушылардың алғашқыларының бірі болдым. 1992 
жылы ашылып, мен өзім басқарған «Фараби» колледжі балалар-
ды оқытудың жаңа бағытының үлгісі болды. Мектеп оқушылары 
мен абитуриенттерге арнап «Сборник конкурсных задач по ма-
тематике»,  «Математикадан  конкурстық  есептер  жинағын» 
(М.Қ. Дауылбаевпен бірге) шығардым. Соңғы 20 жылдар ішінде 
дифференциалдық теңдеулерді сапалық теория бойынша зертте-
умен  қатар  ғылыми-әдістемелік  зерттеулер  жүргізіп,  солардың 
негізінде  2004  жылы  «Методическая  система  обучения  диф-
ференциальным  уравнениям  студентов  физико-математиче-
ских  факультетов  университетов»  атты  докторлық  диссертация 
қорғадым.  Бұл  кезеңде  жоғарыда  келтірілген  екі  оқулық  пен 
жеті-сегіз оқу құралдарынан басқа «Қазақ университеті» баспа-
сынан  «Дифференциалдық  теңдеулер  курсы»  іргелі  оқулығын 
(2009 ж., 440-б.), «Научно-методические основы обучения диф-
ференциальным уравнениям» монографиясын (2003 ж., 272-б.), 
«Методика  преподавания  дифференциальныз  уравнений»  (2009 
ж., 200-б.), «Дифференциалдық теңдеулердің сапалық теориясы» 
(2013 ж. 224-б.) оқу құралдарын жазып, баспадан шығардым. 
Менің  жетекшілігіммен  соңғы  жылдары  1  кандидаттық, 
1  PhD  докторлық  диссертациялар  қорғалды.  Қазіргі  уақытта 
менің жетекшілігіммен бірқатар ізденушілер өздерінің жүргізген 
зерт теулері  негізінде  ғылыми  атақ  алуы  үшін  диссертацияла-
рын қорғауға дайындау үстінде. Мен 2005-2008 жылдар арасын-
да ҚазҰУ жанындағы Д14А02.33, 2009-2013 жылдары ҚР Білім 
академиясы  жанындағы  БД14.65.02  докторлық  диссертациялар 
кеңесінің мүшесі болдым.
Жоғарыда аталған білім беру саласындағы жұмыстарым ның 
нәтижесінде,  2008  жылы  «Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің өте үздік оқытушысы» атағын алдым, 2009 жылы 
ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының 
иегері  болдым,  2009  жылы  «Қазақстан  республикасының  білім 

Аманат
81
беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, 2010 жылы «ҚР Білім 
және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен» марапаттал-
дым.  2012  жылы  «Халықаралық  ақпараттану  академиясының» 
академигі болып сайландым.
Менің  жұбайым  –  Игібаева  Үміт  Баялықызы  да  осы  біздің 
ұлттық  университетімізді  бітірген,  есептеу  машиналары  зерт-
ханасында  көпжылдар  қызмет  істеп,  зейнетке  шықты.  Үлкен 
ұлым  Серік  университеттің  механика-математика  факультетін 
қызыл дипломмен бітірді, кейінірек заң, құқықтану мамандығын 
тәмамдады.  Қазақ  Республикасының  Еңбек  және  халықты 
әлеуметтік  қорғау  вице-министрі,  мемлекеттік  зейнетақы  жи-
нақ  қорының  бастығы,  т.б.  қызметтерде  болды.  Қызым  Лира 
№56  орта  мектептің  физика-математика  сыныбын  алтын  ме-
дальмен аяқтап, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік 
университетінің механика-математика факультетін үздік бітірді. 
Эксимбанкте  департамент  басқарып,  ҚазТрансГаздың  Алматы 
қаласы бойынша басдиректоры қызметтерін атқарды. Кіші ұлым 
Ерлан  біздің  университеттің  экономика  факультетін,  кейінірек 
Қ.  Сәтбаев  атындағы  Ұлттық  политехникалық  университетті 
бтірді. «Қарағанды су» компаниясының директоры, «Алматы су» 
холдингі директорының орынбасары болып жұмыстар жасады.
Немерем  Айша  (Лираның  қызы)  Оксфордта  дайындық  кур-
сында, Лондон университетінде бакалавриатта оқып, Кембридж 
университетінің магистратурасын бітірді. Қазір Англияда Rolls-
Royce компаниясында қызмет етеді. Қалған немерелерім: Инеш, 
Ясмин,  Айсара,  Шахназар,  Жәнібек  мектеп,  Айсұлтан  бала 
бақ шасы  жасында.  Осы  аталған  жандар  –  менің  қуатым  мен 
шабытымның қайнар көзі.
Мен  студенттермен  жұмыс  жүргізуді  қызметімнің  негізгі 
бөлігі  деп  есептеймін.  Біздің  сабағымыз  2-курста  бастала-
ды.  Ол  курста  студенттерге  алған  білімді  тиянақтап  бекіту 
мақсатында  және  оқу-зерттемелік,  ғылыми-зерттемелік  бағытта 
екі семестрлік жұмыс беремін. Екінші жұмыс – өз ықтиярымен 
қызыға  істейтін,  шешімін  табу  үшін  біраз  еңбек  қажет  ететін 
тақырыптар. Үшінші курста ғылыми-зерттемелік тақырыптарды 
шешу  жолында  студенттер  біраз  тер  төгіп  кішкене  болса  да 
ғылыми нәтиже алады. Ол нәтижесінен СӨЖ қабылдауда баянда-

Аманат
82
ма жасап, реферат жазады. Төртінші курста ғылыми тақырыпты 
орындау бітіру жұмысына әкеп тіреледі. Осылайша, үзбей жұмыс 
жасау  арқасында  республикалық  конкурс,  конференцияларға 
қатынасады.
Менің ғылыми-әдістемелік жұмысым оқу үдерісін дамытуға 
бағытталған.  Студенттермен  жұмыс  жасауға,  оларға  білімді 
қалай беру керектігіне арналған. Докторлық диссертациямда осы 
бағытта жүргізілген зерттеулерім баяндалған.
Кейінгі  жылдары  модульдеп,  проблемалап  оқыту  әдістерін 
талдап,  оқу  үдерісіне  енгізіп  жүрмін.  Бұл  бағытта  студенттерді 
оқу-зерттемелік,  ғылыми  зерттемелік  жұмыстарға  баулу  жан-
жақты  қарастырылған.  Студенттер  тарапынан  әрқашан  түсіну-
шілік және қолдау тауып отырамын.
2011 жылдан дифференциалдық теңдеулер және басқару те-
ориясы  кафедрасының  меңгерушісі  болып  физика-математика 
ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану академиясының 
және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академия-
сының корроспендент мүшесі, Халықаралық ақпараттану акаде-
миясының академигі, Мұхамбетжанов Салтанбек Талапе ден ұлы 
істейді.
С.Т. Мұхамбетжанов математикалық пішіндеу, дербес туын-
дылы дифференциалдық теңдеулер теориясы салаларынан білікті, 
жетекші маман болып саналады. ҚР БжҒМ-нің мұнай-газ саласы 
мәселелерін шешу үшін жасалып жатқан компьютерлік техноло-
гия мен бағдарланған өнім жобаларының ғылыми жетекшісі. 
С.Т.  Мұхамбетжанов  кафедра ұжымында жұмыстық-шығар-
машылық жағдайды орната білді. Негізгі бағыт ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  жүргізуді  қазіргі  сұранысқа  сай  қарқынды  жасау, 
оқу  үдерісін  ұйымдастыру  ісіне  инновациялық  технологияны 
қолдану.
Механика-математика факультетінің ашылуына биыл 55 жыл 
толды. Жоғарыда келтірілген қысқаша тарих сол ашылған жылдан 
бері осы факультетте студент, аспирант, оқытушы болып қызмет 
істеп  келе  жатқан  адамның  көзбен  көргендері.  Қорытындылай 
келгенде айтуға болатын ойлар мыналар:
1.  Факультетті аяғынан тік тұрғызу, дамыту жұмысының ба-
сында өз елінің, халқының адал ұлдары тұрды. Олар өз бастарын 

Аманат
83
ойламай  қазақстандық  математика  ғылымының  болашағы  үшін 
аянбай  қызмет  етті.  Сол  еңбектердің  нәтижесінде  Қазақстан 
математикасының, факультеттің жетістіктері қазір халықаралық 
деңгейде.
2.  Ол  кезде  республикада  математикалық  орталық  болып 
университеттің математика факультеті саналды. Сондықтан одақ 
көлеміндегі, шетелдердегі негізгі математикалық орталықтармен 
тығыз  байланыс  жасау,  сол  орталықтарда  математик-жастарды 
оқыту  керек  болды.  Бұл  сынақтан  университет  математиктері 
мүдірмей елеулі жетістіктермен өтті.
3.  Математика  саласынан  жаңадан  өрбіп  келе  жатқан 
ғылымдарды тез игеріп, оларды оқу үдерісіне енгізу факультеттің 
негізгі мақсаттарының бірі болды.
4.  Оқытушылардың  математикалық  деңгейлерін  көтеру 
мақсатында  мамандандыру  дәрежесін  көтерудің  аймақтық 
факуль теті  ұйымдастырылды.  Оған  біздің  республикадан  басқа 
Қырғыз, Тәжік, Түрікмен республикаларының жоғары оқу орны 
оқытушылары келіп тұрды.
5.  Факультеттің  қазіргі  мүмкіндігін  аталған  кездегімен 
салыс тыруға болмайды. Оқу ғимараты, зертханалар, кабинеттер, 
дәрісханалар көрсең көз тойдырады. Студенттердің оқу-үдерісін 
игеріп  қана  қоймай,  оқу-зерттемелік,  ғылыми-зерттемелік 
жұмыстар жасауына кеңінен жағдай жасалған. Тек студенттердің 
білім мен ғылымға деген ынтасын күшейту керек.
6.  Тәрбие жұмысында өзіміздің ежелден келе жатқан халық 
педагогикасына арқа сүйеу керек. Білімді орнықты және сапа-
лы  түрде  меңгеруге  тырысатын,  болашақта  «өз  елімнің  елеулі 
азаматы боламын» деген ұмтылысқа, «отанның болашағы үшін 
барымды салып еңбек етемін» деген ойларды бойына сіңірген, 
сол арманының орындалатынына сенімі мол мамандар дайын-
дау керек.

Ж.С. Сүлейменов механика-математика факультетінің М-74-4 топ 
студенттерінің кураторы. Алматы, 1977 ж.
ҚР БҒ Министрі Ж.Қ. Түймебаевтың қолынан 
«Республиканың үздік оқытушысы» белгісін алу кезеңі

Жұбайы Үміт Баеліқызымен немерелері арасында
Механика-математика факультетінің 1964 жылғы түлектерінің 
1979 жылғы кездесулері

Аманат
86
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет