Қазақ тілін орыс тілді мектептерде интерактивті оқыту технологиясы


  Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  интерактивті  оқытудың



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата14.02.2017
өлшемі493,91 Kb.
#4092
1   2   3   4   5   6



Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  интерактивті  оқытудың 

лингвистикалық негіздері  

 

Тіл  –  адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауының  құралы, 



сондықтан  адамдар  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасау  үшін  алдымен  сөзді, 

сонан  соң  сөздерді  қалай  қолдануды  білуі  керек.  Міне,  сондықтан  да  тілді 

үйретуде  оқушының  сөздік  қорын  байыту  мен  сөздердің  қалай 

қолданылатынын үйрететін грамматиканы оқыту қатар жүріп отырады. Екінші 

тілді  оқытуда  оқушының  сөзді  білуі,  сөздік  қорының  мол  болуы  оның  тілді 

меңгеру  дәрежесінің  негізгі  көрсеткішінің  бірі  болып  табылады.  Оқушының 

сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым оқушының ойын толық, дәл, анық 

жеткізуге  мүмкіндігі  мол  болады.  Бұлардың  әрқайсысы  өте  өзекті  мәселелер, 

олар  қазақ  тілін  орыс  мектептерінде  оқыту  әдістемесінің  негізгі  объектісі. 

Оқушыларға  қазақ  тілін  үйрету  барысында  қазақ  тілінің  дыбыстық 

ерекшеліктерін үйретудің маңызы үлкен. Оқушы дыбыстарды дұрыс айта білу 

арқылы түсінікті сөйлеуге үйренеді. Зерттеушілер бұл туралы: «Қазақ тіліндегі 

дыбыстардың айтылуы мен жасалуын үйрету мұғалімнің шеберлігін ғана емес, 

бірнеше тәсілді қатар меңгерген әдісқойлығын да қажет етеді. Өйткені сабақта 

мұғалім  тек  дыбыстардың  айтылуымен  ғана  шектелсе,  сөйлеуді  үйрету 

мақсатына  жетпейді.  Сондықтан  ұстаз  дыбыстардың  ерекшелігін  сөз  ішінде, 

буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, жалпы тілдік қатынастың 

қағидаларын  естен  шығармайды  және  тілді  үйретудің  жинақтық  әдісін 

пайдаланады»  [15].  Демек,  оқушы  дыбыстардың  дұрыс  айтылуын,  жазылуын 

меңгере  отырып  оны  тұрақты  дағдыға  айналдыруы  тиіс.  Сондай-ақ  мұғалім 

оқушылардың фонетикалық дағдыларын тұрақты дамытып отыруы қажет.  

Оқушының  сөйлеу  әрекетін  дамыту,  біріншіден  тілдің  лексикалық, 

грамматикалық  білім  нормаларын  меңгертуге  байланысты  болса,  екіншіден, 

сөйлеу  дағдылары  сөйлеу  әрекетінің  оқылым,  тыңдалым,  айтылым  жазылым 

түрлерімен  байланысты  болады.  Қазақ  тілінің  сөздік  құрамын  меңгеру, 

лексикалық  қор  арқылы  тілді  үйреніп,  еркін  сөйлеу  мектепте  лексика  курсын 

оқыту  барысында  жүзге  асырылады.  Тіл  үйренуші  оқушыға  жаңа  сөздерді 

меңгертудің  жолдары  көп  десек,  профессор  З.С.  Күзекова  оларды  былай 

топтастырады:  

1. 


Сөздерді көрнекі құралдар арқылы меңгерту;  

2. 


Жаңа сөздерді контекст арқылы түсіндіру;  

3. 


Синонимдер арқылы түсіндіру;  

4. 


Антонимдер арқылы түсіндіру;  

5. 


Туынды сөздердің жасалуын талдау арқылы түсіндіру;  

6. 


Сөздерді олардың мағынасына сипаттама беру арқылы түсіндіру;  

7. 


Жаңа сөзді санақ (перечисление) арқылы түсіндіру;  

8. 


Сөзді ана тіліне аудару арқылы түсіндіру [16].  

Осы айтылған әдістерді оқушыға меңгертудегі интерактивті әдістердің бірі 

кластер,  диаграмма,  мақсатты  оқылым,  сурет,  сызба,  қозғалыстағы  көріністар 

және  басқалар.  Кластер  тәсілін  қолдану  оқушының  танымдық  түсінігін 

кеңейтіп,  ойлау  мен  есте  сақтау  қабілетін  дамытады.  Мұғалім  тақтаға  белгілі 

17 


 

бір  тақырыпты  (кілт  сөзді)  жазады.  Оқушылардың  да  дәптерлеріне  осылай 

жазып, осы сөздің төңірегінде ойланып, сөйлемдер жазуын сұрайды. Одан әрі 

оқушылар  топтық  жұмыс  арқылы  бір-бірлерімен  пікір  алысып,  берілген 

тақырыпты  талқылап,  тақырыптың  мазмұнын  ашады.  Оқушы  сөздерді  түсіну 

арқылы  тілдің  орфографиялық,  орфоэпиялық  нормаларын  түсінеді,  сөздерді 

орнымен қолдана білуге дағдыланады. Интерактивті тапсырмалар түрі өте көп, 

оның  барлығы  мұғалімнің  шығармашылық  қабілетіне  байланысты 

қолданылады.  Әдіскерлер  дидактикалық  ойындардың  да  балалардың  қазақша 

сөйлеп,  сауатты  жазу  дағдыларын  қалыптастыруға  жәрдемдесетінін  айтады: 

«Дидактикалық  ойындар  барысында  оқушылар  диалог  және  монолог  арқылы 

бір-бірімен  қарым-қатынас  жасайды.  Қазақ  тілін  дидактикалық  ойындар 

арқылы  қатысымдық  тұрғыдан  меңгертудің  негізгі  мақсаты  –  сөйлесім 

әрекетінің  түрлері  арқылы  әдеби  нормада  өз  ойын  түсінікті,  сауатты,  дұрыс 

жеткізуге  үйрету.  Сөйлесім  әрекетінің  түрлері  арқылы  оқушыны,  біріншіден 

қазақ  тілінен  игерген  білімдері  мен  біліктерін  тәжірибеде  қолдана  алуға, 

екіншіден,  өзіндік  пікірі,  көзқарасы  бар  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруға, 

үшіншіден,  тілдік  қарым-қатынаста  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіріп,  сөйлеу 

нормаларын  сақтауға  дағдыландыруға  болады»  [10].  Демек,  бұл  тәсілдер 

арқылы  оқушыларды  диалогты  және  монологты  сөйлеуге  үйрете  отырып 

олардың тілдік қатынаста өзінің дауыс ырғағына, сөйлеу мәнеріне көңіл бөліп, 

жұптағы  серіктесінің  сөйлеген  сөзіне  мән  беріп,  сөйлеу  тілін  жетілдіруіне 

көмектеседі.  Лексикалық  материалдарды  меңгеру  оқушылардан  оларды 

бірнеше  рет  қайталауды  талап  етеді.  Ал  бұл  бір  сарындылықтан  оқушылар 

жалығып кетеді.  

Әдіскер-ғалымдардың пікірінше: «Применение игрового метода обучения 

способствует выполнению важных задач по обучению иноязычной лексики: 1) 

Создание  психологической  готовности  учащихся  к  речевому  общению.  2) 

Обеспечение  естественной  необходимости  многократного  повторения  ими 

лексического  материала  3)  Тренировку  учащихся  в  выборе  нужного  речевого 

варианта,  что  является  подготовкой  к  спонтанной  речи»  [17].  Оқушылардың 

лексикалық  дағдыларын  қалыптастырудың  бір  жолы  қиындығы  шектеулі 

жаттығуларды  пайдалану болып табылады. Бұл жаттығулар оқушылардың тіл 

үйренудегі  қызығушылығын  туғызу  мақсатында  ойын  жаттығулары  түрінде 

немесе  жағдаяттық  тапсырмалар  түрінде  болуы  мүмкін.  Оқушылар 

тапсырмалардың  барлығын  топпен  немесе  ұжымдық  жұмыс  түрінде  іске 

асырады.  «Тіл  үйренудің  ұжымдық  формасы  дегеніміз  –  үйренушінің  бүкіл 

топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасу арқылы олардың екеу ара 

бірін-бірі  үйретуі,  оқытуы,  адамдардың  бірінен  екіншісінің  үйренуі,  пікір 

алысуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым 

мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге 

асуы»  [18].  Мысалы:  1)  «Жарыс»  ойыны.  Сипаттамасы:  екі  кезеңнен  тұрады. 

Оқушылар  екі-екіден  жұппен  ойнайды.  Бірінші  кезеңде  оқушылар  берілген 

тақырып бойынша қаншалықты жаза алғанынша сөздер жазады. Екінші кезеңде 

осы  берілген  сөздермен  диалог  құрастырады.  Мұғалім  оқушылардың 

лексикалық  қорын  дамыту  мақсатындағы  жүргізетін  жаттығулар  түрін 

18 


 

шығармашылық тұрғыдан, топтың деңгейіне қарап қарастырғаны жөн. Бұл әдіс 

мәтінді меңгертуде маңызды. Интерактивті оқытудың тиімді әдістерінің бірі – 

катысым.  Профессор  Ф.Ш.  Оразбаеваның  пікірінше:  «сөз  жеке  сөздікте 

тұрғанда  –  тілдік  тұлға  да,  сөйлем  құрамында,  тексте  қолданылғанда  – 

қатысымдық  тұлға  болып  табылады».  [19].  Егер  оқушы  берілген  сөздерді, 

грамматикалық тұлғаларды жатқа біліп, оны сөйлеуде пайдалана алмаса, онда 

сабақтың  мақсаты  орындалмағаны.  Бүгінгі  таңда  қазақ  тілін  оқытудың  жаңа 

технологиясы осы тілдің қатысымдық қызметін ескере отырып іске асырылады. 

Қазақ  тілін  орыс  мектептерінде  қатысымдық  әдіс  арқылы  оқыту  жүйесінде 

әдіскер-ғалым  Ф.Ш.  Оразбаеваның  мынандай  ұстанымын  келтіруді  жөн 

санадық:  

Тіке  байланыс  ұстанымы  сабақ  үстінде  ғана  емес,  өмірде  де  жүріп 

жатады. Тіке байланыс ұстанымының ерекшелігі – кез келген жағдайды, ортаны 

дұрыс пайдаланып, барлық уақытта ойға оралған пікірді сыртқа шығарып айта 

білу және оған қатысты жауап алу. Сөйтіп сөйлесу мен түсінісуге жол табу.  



Адамның  жеке  қабілетін  ескеру  жөніндегі  ұстаным  тіке  байланыс 

ұстанымына  негізделеді.  Бұл  қағида  оқыту  әдісінде  тіл  үйренушінің  жеке 

басына  тән  барлық  қасиеттерді  психологиялық,  педагогикалық  тұрғыдан 

зерттеуге  және  онымен  үнемі  санасып  отыруға  негізделеді.  Барлық  оқыту 

жүйесі оқушының зердесіне, ынтасына, қабілетіне қарай бейімделеді. Мысалы 

тілге бейім оқушыға қосымша қызықты тапсырмалар беру, өз бетінше белгілі 

бір  тақырыпты  меңгерудің  бағыттарын  ұсыну,  мәтіндерді  жаңа  сөздермен 

толықтырып, ізденіс арқылы жаңарту т.б. осы сияқты жұмыстарды орындатуға 

болады.  

Сатылап даму ұстанымы бойынша адам мен адамның тіке байланысы да, 

оқушының жеке қабілетін ескеру де, сөйлеуге үйрету де жүргізілетін жұмыстың 

түрлері де бірте-бірте  жеңілден  қиынға, қарапайымнан күрделіге, аздан көпке 

т.б.  сатылап  өсуүстінде  болу  керек.  Мысалы  мұғалім  мәтінді  оқи  отырып, 

алдымен оқушыларға түсінікті сөздерді бөліп алып оларға жаңа сөз тіркестерін 

ойлап табуды тапсырады. Оқушылар мәтіндегі өздеріне таныс сөздермен өз сөз 

байлықтары арқылы, яғни өздері білетін сөздер арқылы тіркестер құрастырады. 

Енді айтылған тіркестермен сөйлем құрау іс жүзіне асырылады.  



Өзектілік  ұстанымы  барлық  тіл  үйрету  мен  оқыту  жүйесінің  ең  басты 

мақсатқа  –  тілдік  қарым-қатынасқа  бағынуын  талап  ете  келіп,  сабақ  беру 

жолдарының әрқайсысы ортақ бір өзек болатын қағидаға сүйенуін қажет етеді. 

Әр  сабақ  үстінде  өтілетін  тақырыптар,  істелетін  жұмыстар,  сөйлесу 

жаттығулары мен тапсырмалар т.б. – бәрі сөйлесімді жүзеге асыратын шешімге 

келіп тірелуі керек [15].  

Әдіскер-ғалымдардың  пікірінше,  қазақ  тілін  оқытуды  жандандыру  үшін 

тілдік  және  қатысымдық  қатынастарды  қатар  қалыптастыру  қажет.  «Мұндай 

жағдайда оқушылар теориялық материалды алдын ала жаттамайды. Олар оны 

алдында  тұрған  ассоциативтік  интерпретатормен  жұмыс  жасау  барысында 

түсініп,  оған  анықтама  сөздерді  шығарады.  Мұндай  ассоциативтік 

интерпретаторларға тірек схемалар жатады. Тірек схема дегеніміз – қазақ тілін 

меңгерту  барысында  оқушылар  мен  мұғалімнің  уақытын  үнемдеуге, 

19 


 

оқушылардың  танымдық,  логикалық  қабілетін  дамытуға  аз  күш  жұмсай 

отырып, терең де көп білім меңгеруге жағдай жасайтын белгілер» [18]. Демек, 

тірек  схемаларды  қолдану  оқушылардың  ойлау  қабілетін  ұштап,  лексика-

грамматикалық материалдарды тез, өнімді игертуге мүмкіндік береді. Қатысым 

оқушының топтық немесе жұптық әрекеті негізінде жүзеге асады. Ынтымақтаса 

оқыту әдістерінің бірі оқушының «Бірге оқимыз» ұраны бойынша жұмыс істеуі. 

Сыныптағы оқушылар 2-3 жұпқа бөлініп, бір жаңа тақырыптың бөлігі болатын 

тапсырмалармен жұмыс істейді. Осы интерактивті тәсілдің негізінде оқушылар 

біріге  отырып  тақырыптың  мазмұнын  толық  ашады.  Бұл  әдісті  сөйлеу 

әрекетінің барлық түрі бойынша қолдануға болады. Бұл әдіс оқушыларды тілдік 

әрекет  түрлерінің  қалыптасып,  дамуына,  түрлі  танымдық,  шығармашылық 

мақсатқа  жетуіне,  сөйлеу  мәдениетінің  дамуына  машақтандырады.  Сондай-ақ 

ұжымдық әдіс арқылы оқушының жеке мүмкіндігі ескеріліп, белсенділігі өседі.  

Қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологиялардың  даму  кезеңінде 

оқушыларды  білімді,  жаңа  технологияларды  меңгерген  азамат  етіп  тәрбиелеу 

мұғалімнің  басты  міндеті.  Білім  ошақтарын  заманауи  ақпарттық 

технологиялармен  жабдықтау,  интерактивті  тақталармен,  аудио-видео 

құралдарымен, 

мультимедиалық 

кабинеттермен, 

арнайы 

пәндерден 



электрондық  оқулықтармен  қамтамасыз  ету  бүгінгі  күннің  басты  мәселесі. 

Мұғалім  интерактивті  тақтаны  пайдаланудың  арқасында  шәкірттердің 

қызығушылыған туғыза отырып, сабағының қызықты, мазмұнды өтуіне ықпал 

етеді. Бұл оқушының сабақ тақырыптарына байланысты өз бетінше ізденуіне, 

шығармашылық  жұмыспен  айналысуына  септігін  тигізеді.  Бүгінде  тіл 

үйренудің  қатысымдық  дағдысын  дамыту  үшін  оқытудың  экрандық,  аудио, 

визуальдық  құралдары  маңызды  орын  алады.  Интерактивті  тақталарды 

пайдалану  –  интерактивті  оқыту  әдістерінің  ең  маңыздысы.  Тіл  үйрету 

барысында  интерактивті  тақталарды  сабақтың  әр  кезеңінде  пайдалануға 

болады. Интерактивті тақталардың тіл білімінің лексика, фонетика, грамматика 

салаларын  меңгерту  мақсатындағы  жаттығу  жұмыстарын,  грамматикалық 

материалдарды жандандыру, оқушының басқа тілді тыңдау арқылы қабылдауы 

мен  сауатты  жазуын  қалыптастыруда,  елтанымдық  материалдарды  игеруде 

пайдасы  зор.  Мысалы  орыс  мектептерінің  7  сыныпқа  арналған  оқулығында 

«Астана»  деген  тақырып  бар.  Осы  тақырыпты  өту  барысында  алдын  ала 

дайындалған  суреттер,  қозғалыстағы  көріністер,  түрлі  жаттығуларды 

интерактивті  тақта  арқылы  өтуге  болады.  Оқушы  осы  тақырып  бойынша  өз 

бетінше ізденіп, түрлі слайдтар, елорда туралы қысқаша ақпарат дайындайды. 

Тілді оқытып, үйрету сабақтарының басты мақсаты – біліктілік пен шеберлікті 

дамыту. Бұл сабақтың мақсаты оқушының өз қаласы, еліміздің басқа қалалары 

туралы түсінік-танымын кеңейтіп, сол лексикалық тақырып көлеміндегі сөздік 

қорын  дамыта  отырып,  өз  бетінше  жұмыс  істеуді  дамыту  болып  табылады. 

Мұғалім  берілген  тақырыпқа  тыңдалым  бойынша  тапсырма  түрлерін  беріп, 

сабақты түрлендіріп, сабақты мазмұнды өткізуге болады. Тест тапсырмаларын 

компьютер арқылы беріп, білімдерін тексеру де маңызды. Осындай жұмыстар 

арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі артып, тіл үйренуге 

деген  қызығушылығы  дамып,  өз  бетінше  іздену,  топпен  жұмыс  істеу, 

20 


 

жауапкершілік  қасиеті,  шығармашылық  қабілеттері  дамиды.  Интерактивті 

тақтамен жұмыс сабақ материалының толық, келісімді, сабақтастықта берілуін 

және оқушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді.  

Қазақ тілін оқытуда тіл туралы білім берумен бірге оқушыны тілдік қарым-

қатынасқа даярлау  міндеті  қойылады. Ол  баланың  тілін дамыта  оқыту,  сөздік 

қорын молайту, сөз, сөйлем, мәтіннің мағынасы мен ұғымы, ойы және мазмұны 

арқылы  оқушылардың  ойында  ұлттық  танымды  қалыптастыру.  Интерактивті 

оқыту әдісінің өзі мұғалім мен оқушының  арасындағы өзара байланыс дейтін 

болсақ,  ол  әрекеттер  пікір  алмасу,  талқылау,  сұрақ-жауап  әрекеті  және  тіл 

үйренушілердің  сөйлеуіне  көмектесетін  тапсырмалар  мен  жаттығулар  арқылы 

іске  асады.  Мұғалім  бұл  тапсырмалар  түрін  өзінің  шығармашылық  қабілетіне 

сәйкес түрлендіріп қолдануына болады.  

Сонымен, қазақ тілі сабағында оқыту, жазу, оқу грамматикасы, тіл дамыту, 

сөздік  қорын  молайту  сияқты  мәселелер  бір-бірімен  байланыста  жүргізіледі. 

Оқушының  танымын,  ойын,  тілін  дамытып  қатысымдық  әрекетін  жүйелі  де 

нәтижелі  жүргізу  үшін  алдымен  сөз  бен  ойдың  мағынасын  меңгерту  және 

сөздерді  бір-бірімен  байланыстырып  сөйлем  құрастыруға  төселдіру  қажет. 

Соның  негізінде  оқушының  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  әрекеті, 

икемділіктері мен дағдылары қалыптасып, нәтижесінде сөздік қоры дамып, өз 

ойын  белгілі  жағдайда  жеткізуіне  мүмкіндік  туады.  Қорыта  келгенде, 

оқушылардың  қатысымдық  әрекет  арқылы  қазақша  сөздік  қорын  молайтып, 

сөйлеуге,  сауатты  жазуға  дағдыландыру  лингвистикалық  білім  негізінде 

жүргізіледі.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

21 



 

4  Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  оқыту  технологиясының 

құрылымдық-жүйелік моделі  

 

4.1 

Оқытудың интерактивті әдістерінің топтастырылуы  

 

Қазіргі  педагогика  баланың  оқуға,  өзінің  танымдық  қуатын  ашуға,  жаңа 

білімді алуға үнемі талпынуға үйренуіне бағытталған. Оқу процесінің табысты 

болуы мұғалімнің балалармен, балалардың бір-бірімен, әр баланың мұғаліммен, 

оқушының ұжыммен өзара қарым - қатынасына байланысты.  

Оқыту  әдістемесі  деп  біз  нені  түсінеміз?  Бұл  -  оқушының  өзіндік  ойлау 

қабілеттері  мен  қызығушылықтарын  арттыруға  мүмкіндік  беретін  мұғалімнің 

оқушылармен  жүйелі  жұмыс  тәсілі,  білімді  және  ептілікті  меңгеруі,  оны 

тәжірибеде  қолдана  білуі.  Педагогикада  оқыту  әдістерін  топтастырудың 

бірнеше  түрі  бар.  Дәстүрлі  түрде  оларды  пассивті,  активті  және  интерактивті 

деп үш топқа бөледі.  

Пассивті  –  бұл  мұғалім  мен  оқушылардың  өзара  әрекет  ету  формасы. 

Мұнда мұғалім негізгі әрекет етуші тұлға және сабақ барысын басқарушы, ал 

оқушылар  мұғалім  нұсқауына  бағынатын  пассивті  тыңдаушылар  рөлін 

атқарады.  Мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  байланыс  түрлі  сұрақтар,  өзіндік 

бақылау  жұмыстары,  тест  жұмыстары  арқылы  іске  асады.  Заманауи 

педагогикалық  технология  тұрғысынан  алғанда,  оқушылардың  оқу 

материалдарын меңгеруінде пассивті әдіс тиімсіз болып саналады. Бірақ өзіндік 

артықшылықтары  да  жоқ  емес.  Ол  мұғалімнің  сабаққа  оңай  дайындалуына 

және  шектеулі  уақыт  аясында  оқу  материалдарын  көбірек  беруге  мүмкіндік 

береді. Осы артықшылықтарды есепке ала отырып, көптеген мұғалімдер басқа 

әдістерге қарағанда пассивті әдісті жөн көреді.  

Активті  –  бұл  оқушы  мен  мұғалімнің  сабақ  барысындағы  өзара  әрекеті, 

мұнда оқушылар пассивті тыңдаушы емес, сабақтың белсенді қатысушылары. 

Пассивті  сабақта  негізгі  әрекет  етуші  тұлға  мұғалім  болса,  мұнда  оқушы  мен 

мұғалім  тең  құқылы  болады.  Активті  тәсіл  демократиялық  стилді  қалайды. 

Негізгі  әдістері  –  бұл  шығармашылық  тапсырмалар,  оқушылардың  мұғалімге, 

мұғалімнің оқушыларға сұрақтар қоюы.  



Интерактивті  оқытудың  мұғалім  мен  оқушылардың  өзара  әрекеттесуі 

арқылы  жүзеге  асатындығын  біз  білеміз.  Мұнда  мұғалім  мен  оқушы  оқу 

үрдісінің  субьектісі  болып  табылады.  Мұғалім  ұйымдастырушы,  топтың 

көшбасшысы, ақыл-кеңес беруші, оқушы әрекетіне жағдай жасаушы қызметін 

атқарады. Білімді меңгеруде, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмысын 

бағалауда, талдауда оқушылар өздері жетекшілік етеді, өздерінің тәжірибесіне 

сүйенеді.  Мұғалім  шығармашылық  жұмыстарды  орындау  барысында  тың 

мәселелерді  туғыза  отырып,  оқушылардың  таным  белсенділігін  арттыруды 

көздейді.  Туындаған  мәселе  төңірегінде  оқушылар  өз  пікірін,  көзқарасын 

білдіреді, оның дұрыстығын дәлелдейді. Оқушылардың жаңа білімі, шеберлігі 

осындай  тәжірибе  негізінде  қалыптасады.  Интерактивті  оқыту  оқушының 

22 


 

санасына  ғана  әсер  етіп  қоймайды,  олардың  сезіміне,  еркіне  (әрекетіне, 

дағдысына)  жағымды  әсер  етеді.  Ғалымдардың  зерттеуі  де  интерактивті 

тәсілдер  арқылы  оқушының  оқу  материалдарын  жылдам  меңгеретіндігін 

дәлелдеген.  Оқытудың  интерактивті  тәсілдері  мынандай  міндеттерді  шешуге 

көмектеседі:  

 

Әрбір оқушының оқу материалын меңгеру үрдісіне белсенді араласуы;  

 

Танымдық мотивациясын арттыру;  

– 

Табысты  қатынас  жасау  дағдыларын  қалыптастыру  (бірін-бірі  тыңдай 



білу, сөйлесім құра білу, түсіністікпен сұрақтар қоя білу);  

– 

Өзіндік  оқу  қызметінде  дағдыларын  дамыту:  жетекші  және  аралық 



тапсырмаларды анықтау, өз таңдауының нәтижесін алдын-ала қарастыра білу, 

оны объективті бағалау;  

– 

Лидерлік қасиетін тәрбиелеу;  



– 

Топпен және топ ішінде жұмыс істей алу;  

– 

Біріккен  және  жеке  қызметте  жетістіктерге  жету  үшін  жауапкершілікті 



сезіну.  

Оқытудың интерактивті әдістерінің көпшілігі бірнеше тәсілдердің күрделі 

өрілуі  болып  табылатындықтан  оларды  топтастыру  өте  қиын.  Қай  әдісті 

қолдану  түрлі  себептерге:  сабақтың  мақсатына,  қатысушылар  мен  мұғалімнің 

тәжірибесіне,  олардың  талғамына  байланысты.  Көптеген  әдістердің  атауының 

шартты  түрде  екендігін  де  айта  кеткен  жөн.  Бір  ғана  атау  бірнеше  мазмұнды 

белгілеу  үшін  жиі  қолданылса,  керісінше  бір  ғана  әдіс  түрлі  атаулармен 

кездеседі.  

– 

Шығармашылық тапсырмалар.  



– 

Шағын топтармен жұмыс.  

– 

Ойындар (рөлдік, іскери, білімдік).  



– 

Сергітулер (разминки различного рода).  

– 

Мәселелерді шешу және талқылау (жобалау әдісі, пікірсайыс, зерттеу).  



– 

Жаңа материалды үйрену және бекіту (оқушы мұғалім рөлінде, көрнекі 

құралдармен жұмыс, практикалық сабақтар).  

– 

Әлеуметтік жобалар (жарыстар, спектакльдер, қойылымдар, көрмелер).  



– 

Қоғамдық ресурстарды пайдалану (мамандарды шақыру, саяхаттар).  



Оқушыларды топқа бөлу тәсілдері. Оқушыларды оқу топтарына бөлудің 

бірнеше тәсілдері бар. Топ мүшелерінің тізімін алдын ала анықтап, іліп қоюға 

болады.  Оқушыларды  топқа  бөлудің  ең  қарапайым  жолы  –  «бір»,  «екі» 

сандарымен  санату.  Бір  санын  атағандар  бірінші  топты,  екі  санын  атағандар 

екінші топты құрайды. Сандардың орнына түстерді немесе жыл мезгілдерін т.б. 

атауға  болады.  Енді  бір  жолы  оқушылардың  көзқарастары  мен  ұстанымдары 

бойынша (өз қалауымен) құрауға болады. Қажетті уақыт бойы топ құрамының 

тұрақты  сақталуы  оқушылардың  топпен  жұмыс  істеуде  жетістікке  жету 

шеберліктерін шыңдайды. Интерактивті  оқытуда тұрақты топ болмайды, олар 

үнемі ауысып отырады. Ал топ құрамының ауысуы барлық оқушыларға әртүрлі 

адамдармен жұмыс  істеуге және оларды тануға мүмкіндік береді. Топты құра 

23 


 

отырып, мынандай жағдайларға көңіл бөліңіз: оқушылардың топтық жұмысты 

орындауға  білімі  мен  іскерліктерінің  жететіндігіне  көз  жеткізіңіз.  Өз 

нұсқауларыңызды  мейлінше  анық  жасаңыз.  Оларды  тақтаға  немесе 

карточкаларға  жазып  қойыңыз.  Тапсырманы  орындауға  жеткілікті  уақыт 

беріңіз.  Тапсырманы  басқа  топтардан  бұрын  аяқтаған  топтың  немен 

айналысатынын  да алдын  ала ойластырыңыз.  Сіздің  бағалау  және  марапаттау 

тәсілдеріңіздің  топтық  жұмысты  қолдануға  қалай  әсер  ететінін  де  ойлаңыз. 

Топтың  күшімен  жеткен  жетістікті  топтық  марапаттаумен  қамтамасыз  етіңіз. 

Топішілік  басқару  мәселесін  де  назардан  тыс  қалдырмаңыз.  Егер  бір  оқушы 

топтың жұмысы туралы есеп берсе, әділ шешім жасаңыз. Топтың әр мүшесінің 

бір-бірінің  құқығын  қалай  сыйлайтынына  көңіл  бөлуге  тырысыңыз.  Бірігіп 

әрекет  етуге  тән  жұмыс  барысындағы  шуларға  дайын  болыңыз.  Шағын 

топтардағы жұмыстарға тапсырма дайындау барысында әр топтан күтілетін оқу 

нәтижесін ойластырыңыз.  

1. 

Оқушыларды  тапсырма  түрімен  олар  топқа  бөлінбей  тұрып 



таныстырыңыз.  

2. 


Тапсырманың түсінікті екендігін оқушылармен бірге талқылаңыз.  

3. 


Топта жұмыс істеу ережесін естеріне түсіріңіз.  

Интерактивіті оқыту әдістері мынандай мүмкіндіктер туғызады (1-сурет):  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет