Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата14.02.2017
өлшемі3,31 Mb.
#4097
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Қирабаев  С.  Талантқа  құрмет:  Мақалалар,  зерттеулер,  портреттер.  –  Алматы: 
Жазушы, 1988. – 248 б. 
2
 
Тоқбергенов Т. Қос қағыс. – Алматы: Жазушы, 1988. – 218 б. 
3
 
Бөкеев О. Біздің жақта қыс ұзақ. Повестер. – Алматы: Жалын, 1984. – 432 б. 
4
 
Қаратаев М. Төрттаған туынды // Қазақ әдебиеті. – 1986. - 10 қазан. 
5
 
Қанахин Ө. Екі повесть туралы бірер лебіз // Қазақ әдебиеті. – 1984. - 4 ақпан. 
6
 
Лихачев Д.С. Поэтика древнерусской литературы. – Москва: Наука, 1979. – 352 с. 
7
 
Хамзин  М.  60-80  жылдардағы  қазақ  романының  стилі  мен  типологиясы.  Филол. 
ғылым.  докт.  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  дисссертация.  10.01.02.  – 
Алматы, 1997. – 339 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  теоретического  подхода  в  исследовании 
художественного времени и пространства в казахском литературоведении, жанровые особенности 
повести  «Жетім  бота»  О.Бокеева  раскрываются  через  своеобразие  художественного  времени  и 
пространства,  сюжетосложения.  Также  исследуется  роль  художественного  времени  и 
пространства  в  построении  сюжета,  раскрытии  характера,  в  частности  на  основе  конкретных 
анализов выявлена взаимосвязь хронотопа и сюжета, сюжета и характера.  
 
RESUME 
 
In  the  article  the  author  considers  the  questions  of  the  theoretical  approach  to  researching  the 
artistic time and space in the Kazakh literary studies. The main genre peculiarities of the novels «Жетім 
бота» of O.Bokeyev are shown through the artistic time and space, through the plot. Also in the process 
of analysis the author exploring the role of the artistic time and space in constructing the plot, particularly 
the interconnection between the chronotop and the plot, the main heroes’ characters and the plot.  
 
 

 
213 
ӘОЖ 82.001 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.А. Мамыт  
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 
педагогикалық институты,  
филол. ғыл. канд., доцент 
 
Қазақ 
фольклорындағы 
хандық дәуір  
көрінісі 
 
Аннотация 
Мақалада  автор  қазақ  фольклорындағы 
хандық  дәуір  көрінісін  ғылыми  тұрғыда 
талдайды. 
Тарихи 
шындықтың 
аңыз 
әңгімелерде  бейнелену  ерекшелігі  сараптаған. 
Жалпы 
дәуір 
келбетінің 
халықтық 
шығармаларда 
көркем 
берілуін 
нақты 
мысалдармен тұжырымдайды.  
Түйін 
сөздер: 
фольклор, 
халық 
шығармашылығы, поэтика, көркем бейне, дәуір 
келбеті. 
 
 
Алтын 
Орданың 
ыдырап, 
Қазақ 
хандығының  құрылуы  халықтың  тарихи 
санасына  айрықша  әсерін  тигізді.  Ел  арасында 
ертеден  айтылып  келе  жатқан  жыр-аңыздарға 
өзгерістер енгізіліп, ол жаңа дәуір, жаңа уақыт 
санау  көрсеткішіне  айналды.  Осы  дәуірге 
дейінгі  тарихи  оқиғалар  мен  белгілі  аңыздық 
тұлғалар жаңа орданың негізін қалаған Жәнібек 
пен 
Керей 
хандардың 
маңына 
шоғырландырылды.  Жәнібек  хан  аңыздарда 
«әз»  деген  құрметті  атауға  ие  болып,  оның 
жанына  қалың  бұқараның  қамы  мен  мұңын 
жырлаған  жырау  (Асан  Қайғы),  қарадан 
шыққан  тапқыр,  өткір  тілді  шешен  (Жиренше) 
жиналды. 
Әз-Жәнібек 
хан 
жанында 
тұрақты 
көрінетін атақты аңыздық тұлға – Асан Қайғы. 
Асан Қайғы туралы аңыздардың үлкен екі тобы 
бар. Бірі – шежірелік-тарихи еңбектердегі Асан 
туралы  аңыздар.  Мұнда  оның  есімі  «Ел 
айырылған»  күй  аңызы  мен  сол  күй 
орындаларда  айтылатын  «Ор  орманы  күйген 
күн,  Орманбет  би  өлген  күн,  Он  сан  ноғай 
бүлген  күн»  деген  жыр  жолдарында  жиі 
аталады.  Екіншісі  –  қазаққа  Жерұйық  іздеген 
Асан  Қайғы  жайындағы  аңыздар.  Онда  күні 
ілгеріде  не  болатынын  біліп  отыратын  сәуегей 
Асан  –  жасы  келген  қария,  ханның  кеңесшісі, 
ақылшысы.  Кеңесші,  сәуегей  Асан  Әз-
Жәнібектің  жасаған  істеріне  көңілі  толмай, 
қазақ елін өзге қонысқа көшіріп алып кетеді. 
Аңыздардағы  Асан  Қайғы  үшін  орыс 
шеберлеріне сарай салдырып, отырықшылыққа 
жол  берген,  қарадан  қатын  алып,  ақсүйек 
тұқымды    аздырған,     тектіні     амал-айламен 

 
214 
тексізге  жеңдірген  Жәнібек  сынды  ақылсыз  басшыдан  және  ел  қонысына  қала  сала 
бастаған жаудан құтылар жалғыз жол – көшу. Асанның басты қайғысы – көшпелі тірлікті 
қорғау. Екінші сөзбен айтсақ, Асан Қайғы – отырықшылықты жақтырмай, ғасырлар бойы 
қалыптасқан көшпелі тірлікті аңсаған халық тілегінің көрінісі. 
Тарихи-шежірелік  еңбектердегі  аңыздар  Асан  Қайғыны  «Ел  айырылған»  күй 
аңызымен  тығыз  байланыстырады.  Күй  аңызы  мен  Орманбет  би  өлген  күнді  ел  басына 
қайғы-шер, мұң орнаған кезең деп бағалайтын жыр жолдарына арқау болған оқиға – XVІІ 
ғасырдың  басында  түбегейлі  күйреген  Ноғайлы  Ордасының  тағдыры.  Ноғайлы 
Ордасының  күйреуін  бейнелейтін  жыр  жолдары  қазақ  халқына  ғана  таныс  емес,  кезінде 
Жошы  ұлысында  болған  башқұрт,  ноғай,  қарақалпақ  халықтарының,  тіпті  Жошы 
ұлысының  шекарасынан  тыс  жерде  болған  қырғыз  халқының  арасына  да  белгілі.  Бұл 
халықтарда Орманбет бидің өлген күні – ноғайлардың басынан бақ ауып, елдің жан-жаққа 
тозуына себеп болған қайғылы оқиға. 
Антқа адал болу түркі-моңғол тектес көшпелілер танымында ерекше құрметтелген. 
Антты бұзу болған жағдайда қатты айыпталған. Антты бұзған кісіні айыптап, оны жазалау 
көрінісі  Шыңғыс  хан  туралы  моңғол  шежірелерінде  суреттеледі.  Шыңғыс  хан  өзінің 
андасы Жұмақаны антты бұзып, өзіне қарсы шыққаны үшін өлім жазасына кеседі. 
Сюжеттік  желісі  даңқты  батырдың  немесе  атақты  билеушінің  өз  сертіне  адал 
болуына қатысты баяндар XVІІ-XVІІІ ғасырларда өмір сүрген белгілі тұлғалар мен тарихи 
оқиғалар туралы аңыздарда жиі кездеседі. Ал, Қазақ хандығы тұсындағы Есімнің Тұрсын 
ханды өлтіруі оқиғасының аңыздық баяны антқа адалдық тұрғысынан суреттеледі. Аңыз 
мазмұны  бойынша,  ант  беріп,  жауға  қарсы  күресуге  күш  біріктіруді,  бір-біріне  қас 
болмауды  ұсынатын  –  Тұрсын  хан.  Бұл  дерек  аңызда  былай  берілген:  «Қатаған  деген 
жұрттың  ханы  Тұрсын  хан  Есімге  елші  салып,  бір-бірімен  жау  болмасқа  бата  қылысып, 
анттасады» [1, 136]. 
Шыңғыс  тұқымы  Тұрсын  мен  Есім  хандарды  анттастырып,  туысқан  етіп  тұрған  – 
халық  аңыздарының  аңсары.  Бұлар  –  онсыз  да  бір  атадан  тарайтын  ағайын  жандар. 
Аңыздардың  түркі-моңғол  халықтарында  кең  сақталған  андалық  дәстүрге  «сүйенуі»  – 
шындық  өмірде  үлкен  билік  үшін  таласқан  атақты  қазақ  хандарының  жұртқа  үлгі  емес 
ісіне берген бағасы. Басқаша айтсақ, өз туысқаны Тұрсынмен соғысқан Есім ханның ісін 
ақтау. Антты бұзған Тұрсынды Есім ханның жазалауы – әділ, орынды іс. Түптеп келгенде, 
Есім  хан  Тұрсынды  жазалап  тұрған  жоқ,  достыққа  қастық  ойлаған  алдамшы  ханның  өзі 
берген анты оны жазаға ұшыратып отыр. Арамдық жасаған Тұрсынды  «ант ұрды» деген 
түсінік Марғасқа жырау толғауына да түскен [2, 56]. 
Хан  кеңесі  қазақ  қоғамында  қалыптасқан  саяси-әлеуметтік  жағдайларды  талқылау 
үшін  шақырылады.  Оның  тұрақты  мүшелері  –  би,  батыр,  жырау–жыршылар.  Хан 
билермен  елдің  бірлігі  мен  болашағы  туралы  әлеуметтік  мәселелерді,  ал  жырау-жыршы, 
батырлармен  саяси  мәні  ерекше  жорық  жайын  талқылайды.  Хан  кеңесіндегі  билердің 
саяси салмағы «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деген аңыздық мәтелде бейнеленген. 
Ханның  кеңес  құруы  жорық  үстінде  де,  жорық  алдындағы  дайындық  пен  бағыт-
бағдарды  талқылау  алдында  да  жүреді.  Ханның  жорық  үстіндегі  кеңесіне,  негізінен, 
батырлар  қатысады.  Кеңесте  хан  өз  батырлармен  жорық  барысында  қалыптасқан 
жағдайларды талқылайды. Кеңесте батырлар өз пікірін бүкпесіз айтып, кейде хан пікіріне 
қарсы  шығып  отырады.  Бұл  –  шарықтау  шегіне  жеткен  әскери  демократияның  белгісі. 
Халықтың  пейілі  үнемі  батыр  жағында.  Сондықтан  ел  үшін  жанын  шүберекке  түйіп 
жүрген батырдың пікіріне ден қоймаған ханның жорығы сәтсіздікке ұшырайды. Мысалы, 
1771 жылы Еділ бойынан Ұлы Жоңғарияға қарай қашқан жоңғар қалмақтарына жасалған 
атақты «Шаңды жорық» барысында бітім сұраған қалмақтардың тілегіне орай Абылай хан 
батырлармен кеңес құрады. Хан бітімге келуді қаласа, кеңеске қатысқан Баян батыр оған 
қарсы шығады. Батырдың кеңесін алмаған Абылай хан қалмақтың алдауына түсіп қалады. 

 
215 
Алдап  қашқан  жаудан  кек  алмаққа  ұмтылған  батыр  Баян  жорық  үстінде  қайтыс  болады. 
Аңыз ханға батырлармен санасу қажеттігін көлденең тартады. 
Хан  кеңесінде  алда  жасалатын  жорықтардың  тиімді  бағыт-бағдарлары,  қолды 
бастайтын  батырларды  анықтау  сияқты  мәселелер  талқыға  салынады  [3,  106].  Сонымен 
қатар,  хан  кеңесінде  сыртқы  елмен  қарым-қатынас  мәселелері  де  қаралады.  Мұндай 
мәселені  шешуге  Үш  жүздің  атақты  билері  шақырылады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  ханның 
кеңес  құру  мотивінде  көшпелі  хандық  мемлекеттің  жаугершілік  тұсында  орын  алған 
тарихи шындығы көрініс тапқан. Мұнда көшпелі  тайпалардың басын біріктірген ханның 
тұлғасы, мемлекеттік істегі негізгі атқарған қызметінің мазмұны ашылып отырады. 
Әлемдік фольклордың сюжетіне кең, терең орныққан мотивтердің бірі – кейіпкердің 
ғайыптан  тууы.  Ғайыптан  туу  мотиві  барлық  фольклорлық  қаһарманның  ғұмырнамалық 
баянында  тұрақты  орын  алып,  көне  мифтерде,  діни  әпсаналарда,  батырлық  және 
ғашықтық жырларда, ертегілерде, аңыздарда да кездеседі. 
Қазақ тарихи аңыздарында ғайыптан туу  мотивінің тотемдік, аруақтық түсініктерге 
негізделген көне үлгілерімен қатар, оның хандық дәуір шындығына орай өзгерген түрлері 
де  молынан  ұшырасады.  Әсіресе,  қаһарманның  төтенше  жағдайда  дүниеге  келуі  сынды 
сол  қоғамның  шындығына  қарай  өзгерген  «тұрақты  формуласы»  жиі  кездеседі.  Бұл 
тұрақты  формуланың  мән-мағынасы  –  кейіпкер  әкесінің  әмірші  бұйрығымен  жазаға 
ұшырап,  болашақ  ел  билеуші  қарапайым  кісі  қолында  тәрбиеленуі.  В.Жирмунскийдің 
пайымдауынша,  қаһарманды  төтенше  жағдайда  дүниеге  келтіру  халықтың  «қайырымды 
билеушіні»  армандаған  аңсары  мен  билеушінің  қалың  бұқарамен  демократиялық 
байланысын білдіреді [4, 24]. 
Зерттеуімізге  негіз  болып  отырған  заманның  «тұрақты  формуласы»  Абылай  хан 
туралы аңыздарға да тән. Әкесі Түркістанды жаулап алған көрші билеушінің қолынан қаза 
тапқан он үш жасар Абылайды оған қалтқысыз берілген бір құлы аман алып қалады. Ол 
оны қазақ даласына алып қашады. Қазақ даласына келген Абылай Жақсылық руының бір 
бай кісісіне қызмет етеді [5, 111]. 
Ғайыптан  туу  мотивіндегі  көне  түсініктер  қаһарманның  жай  қарапайым  кісілерден 
тегі  бөлек  жан  екенін  көрсетуге  ұмтылса,  хандық  дәуір  тұсында  сомдалған 
қаһармандардың бейнесінде билік үшін жүрген саяси талас-тартыстың, күрестің шындығы 
көркем  бейнеленген.  Бұл  көріністерге  халықтың  тегі  асыл,  әділетті  билеушіден  үлкен 
жақсы  істер  күткен  арман-аңсарлары  орныққан.  Эпикалық  сюжеттердегі  тұрақты 
кездесетін  мотивтердің  бірі  –  болашақ  лауазым  иесінің  немесе  батырдың  лақап  есіммен 
жүруі.  Бұл  сарынның  шығу  тегі  адам  баласының  ертедегі  дуалистік  (егіздік) 
мифологияның  түсінігінен  бастау  алады.  Ертедегі  адамдардың  түсінігі  бойынша  адам 
баласының бұл өмірдегі лауазымдық өзгерістері мен ерлік істері жоғары дүние немесе о 
дүниелік  (төменгі  дүние)  тылсым  күш  иелерінің  қолдауымен  болады.  Тылсым  күш 
иелерінің жердегі өкілі – шамандар (бақсылар). О дүние иесі – Ерлік хан. Бақсылар адам 
жанын  арашалау  үшін  оның  рухын  іздеп  қиян-қияметке  толы  Ерлік  хан  еліне  барады. 
Сібір халықтарының көне мифологиялық түсінігінде, бақсылардың өлілер дүниесінің иесі 
Ерлік  ханның  еліне  барып  келуі  жасампаз  қаһарманның  даңқты  ісі,  басынан  өткізген 
үлкен сыны ретінде бағаланған [6, 74]. 
Көне  мифологияда  басқа  әлемге  өтіп,  ерлік  іс  істеген  кісі  жаңадан  дүниеге  келген 
адам  ретінде  саналып,  сол  себепті  қаһарманға  жаңа  есім  беріледі.  Ол  есім  оның  өзге  де 
ерлік істерін қолдап, желеп-жебеп жүреді. Кейін әлеуметтік жіктелу пайда болған қоғамда 
бұл  өмірде  үлкен  қаһармандық  істер  жасаған  кісілер  көне  мифологиядағы  Ерлік  ханның 
еліне барып-келу ісімен пара-пар құбылысқа теңеліп, оған «ер» деген атақ беріледі де, ісі 
«ерлікке»  бағаланады.  Ерлік  іске  орай  кісіге  жаңа  есім  беріледі.  Батырлар  атқарған 
қаһармандық  істің  баламасына  саналатын  «ерлік»  ұғымы  мен  «ер»  деп  атақ  берілетін 
әскери лауазымның өзі  де  сол Ерлік ханның есімінен ауысса керек. Бәлкім, кісінің жаңа 
есімі оның бұл  дүниеден өткеннен кейін, яғни қайтыс болғаннан кейін о дүниедегі  есімі 

 
216 
болып  табылуы  да  ғажап  емес.  Айталық,  көне  дәуірдегі  атақты  тұлғалардың 
құлпытастарында жай есім мен ерлік есімнің қатар жазылуы тегінен-тегін болмаса керек 
[7, 237]. 
Түркі  халықтарында  лақап  есім  беру  қаһармандардың  әлеуметтік  тегіне  орай 
лауазымдық, ерлік істеріне қарай батырлық сипатта жүреді. Лауазымдық лақапта ханның 
немесе әміршінің ел билеу ісіндегі даналығы мен данышпандық қызметіне сай рең-мағына 
болса,  батырлық  лақап  қаһарманның  жаужүректігі,  қайсарлығы,  батылдығы  сынды 
істерінің белгілеріне қарай қойылады. 
Қазақ  аңыздары  лақап  есімді  таңуда  қаһарманның  лауазымы  мен  атқарған  ерлік 
істеріне  байланысты  беретін  көне  түркілік  дәстүрді  сақтаған.  Ел  билеген  хандардың  бір 
тобына  даналық,  данышпандық  қызметтері  үшін  (Әз-Жәнібек,  Әз-Тәуке  хан)  «әз»  деген 
лақап қосылса, жауға қарсы ерлік, батырлық істерімен көзге түскен хандарға «арыстан, ер, 
салқам,  баһадүр»  (Еңсегей  бойлы  ер  Есім,  Салқам  Жәңгір,  Әбілқайыр  баһадүр,  Абылай 
баһадүр) деген лақап есімдер қосылып отырады. 
Қазақ  арасында  атақты  хандар  ғана  емес,  айтулы  батырлар  да  жаңа  есім  алады. 
Батырларға қойылатын лақап есімдердің билеушіге берілетін есімдерден ішкі мағыналық 
жағынан айырмашылығы бар. Билеушілерге жаңа есім көбіне «білгір», «данышпан», «әз», 
«жеңімпаз» деген сынды ел билеу ісіне қатысты лауазымдық ұғымдағы есімдер қойылса, 
батырларға  олардың  қайсарлығы,  жаужүректілігі  мен  алып  күш  иесін  білдіретін 
мағынадағы есімдер қойылады. Билеушілердің жаңа есімі хан тағына отырғаннан кейін, ал 
батырлардың лақабы алғашқы ерлік жасағанннан кейін қойылады. 
Қазақ-жоңғар  арасындағы  болған  жаугершілік  заманның  шындығынан  мол  хабар-
дерек  беретін  аңыздардың  дені  XVІІІ  ғасырда  орын  алған  тарихи  оқиғаларға  қатысты 
болып  келеді.  Көшпелі  Қазақ  пен  Жоңғар  хандығы  арасындағы  ұзақ  уақытқа  созылған 
соғыстың ең шешуші кезеңдері аталмыш ғасырда болды. Қақтығыстың соңы ірі көшпелі 
Жоңғария хандығының жер бетінен толық жойылуымен аяқталады. 
Қазақтардың  XVІІІ  ғасырда  жоңғар  қалмақтарымен  болған  ұрыс-соғыстарын 
баяндайтын аңыздарда жиі кездесетін оқиғалар – қазақ батырының жау қолына тұтқынға 
түсуі, батырдың жауда кеткен кегін қайтаруы және қазақ елшілерінің елдің жоғын жоқтап, 
барын асқақтатып жау еліне баруы. 
Қазақ  билеушілері  мен  батырлары  бетпе-бет  келген  ұрыстарда  ғана  емес,  жау 
қолында тұтқында болған уақытында да аса қайсарлық пен төзімділік, өжеттілік пен өрлік 
танытады.  Аңыздардағы  қазақ  билеушілері  мен  батырларының  тұтқынға  түсу  оқиғалары 
тарихи  шындықтардың  ізінен  туындаған,  бірақ  тұтқындағы  қаһарманның  іс-әрекеті 
фольклорлық  көркемдік  шарттылықпен  суреттеледі.  Шарттылықтың  негізгі  мақсаты  – 
батырдың  ерлік  істерін  дәріптеу,  жаудан  қазақ  халқының  мерейін  үстем  ету.  Сонымен 
қатар қаһарманды тұтқын азабына салу – оның асыл тегін, батырлығы мен ержүректігін, 
қайсарлығын, қадір-қасиетін тағы да бір сынау жолы. Қазақтың Абылай хан, Малайсары, 
Жапақ,  Байғозы,  Жауғашты  батырлары  жау  тұтқынында  болып,  түрлі  сынға  түсіп,  сый-
сыяпатпен оралады. Батырдың жау қолында тұтқында болуы – елдің мерейін арттырудың, 
екі  ел  арасында  бейбітшілік  орнатудың  төте  жолы.  Бейбітшілікті  ұсынатын  –  жау  жағы. 
Айталық, жау қолына тұтқынға түскен Малайсары батырды қалмақ қоңтайшысы құдадай, 
күйеудей сыйлап күтіп, екі ел арасында бейбітшілік орнатады [8, 124]. Жау тұтқынындағы 
қазақ  батырының  ерлігімен  қатар  оның  киесінен,  әулиелік  қасиетінен  де  сескеніп,  оған 
көп сый-құрмет көрсетіп, бағып күтеді. Мұндай мазмұн Жауғаш батыр туралы аңыздарда 
кездеседі. 
Тұтқынға  түскен  батырды  жау  жағының  әбден  сынап,  оның  жаужүректігі  мен 
қайсарлығына  көз  жеткізгеннен  кейін  сыйлап  күтуі,  жаудың  ел  арасына  бейбітшілік 
орнату ұсынысын жасауы сынды көріністердің аңыздарда кең сипатталатыны соншалық, 
мұндай мазмұндағы оқиғалар бір аңыз кейіпкеріне жинақталып беріліп, эпикалық сипатқа 
ие болады. Мұндай аңыз үлгісі – Абылайдың қонтайшы Қалдан Серенге тұтқынға түсуі. 

 
217 
Жаугершілік заманның көкейкесті мәселелерінің бірі – жау қолынан өлген батырдың 
кегін немесе жауда кеткен елдің намысын қайтару. Әдетте, батырдың кегін қайтарушы  – 
оның  баласы  немесе  кейінгі  ұрпағы,  болмаса  ағайыны,  ал  кейде  қазақтың  қамын  тұтас 
ойлаған атақты билеушісі. 
Жорыққа  аттанған  батырдың  басты  мақсаты  –  жауда  кеткен  жеке  басының  немесе 
елдің  кегін  қайтару.  Егер  батыр  ол  мұратты  орындай  алмаса,  оның  баласы  сол  істі 
жалғастыруы  қажет.  Кек  қайтару  атадан  балаға  аманат,  өсиет  ретінде  де  қалады  [8,  139-
140].  Сондықтан  сүйікті  батырдың  өлімі  немесе  ел  намысы  үшін  жаудан  өш  алу  қазақ 
билеушілерінің,  яки  батырларының  қалмақтарға,  қырғыздарға  жасаған  жорықтарына 
басты  әрі  негізгі  себеп  болады.  Өйткені  кек  алу  –  басқыншылық  емес,  әділетті  жорық. 
Аңыздар  қазақтардың  қырғыздармен  және  Орта  Азия  хандықтарымен  жүргізген  ұрыс-
соғыстарының  негізгі  себептерін  жау  қолынан  өлген  сүйікті  батырдың  кегін  алу  немесе 
елдің жауда кеткен есесін қайтару мақсатынан туындатып отырады. 
XVІІІ  ғасырдағы  жоңғар  шапқыншылығы  Қазақ  хандығының  саяси  тыныс-
тіршілігіне ерекше әсер етті. Күші  басым жаудан қорғану үшін Қазақ хандығы көршілес 
елдерден  саяси  қолдау  мен  көмек  сұрап  елшіліктер  жіберді.  Қазақ  хандығының  көрші 
елдермен  түрлі  мәселелер  бойынша  жүргізген  келіссөздері,  қазақтар  атынан  өзге  елге 
барған  елшілер,  қазақтарға  сырт  елдерден  келген  елшіліктер  –  жаугершілік  заман 
шындығының  ажырамас  бір  бөлшегі.  Қанша  қан  төгіліп,  ел  күйзелген  заман  болмасын, 
елді  басқыншыдан  қорғау,  ел  мұраты  мен  мақсатын  жүзеге  асыру  жолдары  тек 
шапқыншылық, жорық, ұрыс-соғыстар арқылы ғана жүзеге аспаған, сонымен қатар бейбіт 
келісімдер  арқылы  шешуге  жауласушы  жақтар  әрдайым  ұмтылып  отырған.  Басқаша 
айтсақ, елдің мүддесін, намысын жоқтау, ердің құнын даулау елшілік қызметтер арқылы 
да жүзеге асқан. 
Хандық билікті баянды, мәнді етуге көп септігі бар рубасы би-батырлар мен билеуші 
хан-сұлтандар  арасында  ел  басқару,  көші-қон,  жорық  жүргізу,  жорықтан  түскен  олжаны 
бөлу  сынды  саяси  істерде  қайшылықтар  орын  алып  отырды.  Хан  мен  оның  қарашасы 
(батыры, биі, жырау-жыршысы) арасындағы түрлі қарама-қайшылықтар, орын алған теке-
тірестер  халық  жыр-аңыздарының  мазмұнына  арқау  болған.  Ол  жыр-аңыздарда  қарсы 
тұрушылардың  кім  екені,  араздықтың  не  себептен  туындағаны  баяндала  келіп,  хан 
шешіміне  қарсы  шыққан  тұлғалардың  саяси  салмағы  ардақталады,  асқақталады.  Ондай 
тұлғалар,  әдетте,  қарадан  шыққан би-батырлар,  жырау-жыршылар  болып  келеді.  Атақты 
батырлардың  хан  шешіміне  келіспей,  қарсылық  көрсету  оқиғалары  тарихи  аңыздарда 
біршама кең баяндалады. Айталық, XVІІ ғасырда билік құрған Есім мен Тәуке хандардың 
шешіміне Алшын Жиембет, Найман Алдияр сынды батырлар, XVІІІ ғасырда билік құрған 
Нұралы  ханға  Сырым  батыр,  Абылайға  Қаракесек  руының  басшысы  Қазыбек  би  (кейде 
оның баласы Бекболат би) қарсы көтеріледі. 
Бекболат  би  мен  Абылайдың  қақтығысы  халық  жадында  «Абылай  аспас  сары  бел» 
деген  бейнелі  мәтелмен  сақталған.  Бұл  мәтелдің  туындау  себебін  баяндайтын  бірнеше 
нұсқалы  аңыздар  бар.  Аңыздық  баяндар  хан  мен  би  арасындағы  жанжал  өртінің  тұтану 
себебін саяси күрестен іздемейді, оны құн дауы, мал дауы сынды әлеуметтік-тұрмыстық 
кикілжіңдер  аясынан  туындатады.  Бұл  –  хан  мен  билерді  жоғары  билік  үшін  таласқан 
кісілер  емес,  халықтың  қамын  жеген  тұлға  ретінде  суреттеудің  бір  жолы.  Оған  дәлел  –
қақтығыс біткеннен кейін, Абылай ханның қақтығыс кезінде елдің елдігін сақтап қалған, 
қантөгіс болдырмауға ұмтылған кісілерге өз қолымен сый тартуы [1, 59]. 
Түптеп  келгенде,  фольклорлық  шығармалардың  басты  мақсаты  –  хан  мен  рубасы 
билердің  араздық  оқиғасын  көрсету  емес,  ел  бірлігін,  хан  мен  қарашаның  бір-біріне 
құрметін,  жарасымдылығын,  халықтың  тұтастығын  үлгі  ету.  Бұл  көріністер  –  хандық 
дәуірдегі  аңыздық  оқиғаның  басты  шешіміне  тән.  Халық  танымында  елді  сыйлаған, 
онымен  санасқан  ханның  абыройы  биік,  билігі  баянды.  Сондықтан  ел  бірлігі  мен 
татулығын көксеген көреген Бұқар жырау былай деп жырлайды: 

 
218 
Ханның жақсы болмағы– 
Қарашаның елдігі. 
Қарашы халық сыйласа, 
Алтыннан болар белдігі [2, 187]. 
Қорыта  келгенде,  қазақ  фольклорлық  туындыларының  сюжеттік  құрамы  өзінің 
бастау  арналарын  түркі-моңғолдық  кезеңнен  алады.  Бірақ,  бұл  көркем  бейнелеулер 
хандық  дәуірде  орын  алған  тарихи  оқиғаларға  байланысты  өзгеріске  ұшырап,  оған  сол 
кезеңде  қалыптасқан  қоғамдық-тарихи  жағдай  мен  халықтық  таным-түсінікке  орай 
түзілген  түрлі  көркем  бейнелеулер  қосылады.  Ауыз  әдебиеті  мұралары  тарихи 
тұлғалардың  атқарған  қызметі  мен  кескін-келбетін  фольклорлық  тәсілдермен,  көркемдік 
дәстүрмен  суреттейді.  Халықтық  туындылардың  басты  мақсаты  хабар-дерек  беру 
болғанымен,  оның  мазмұнында  тағылым-насихатқа,  үгіт-өсиетке  құрылған  мәнді  де 
маңызды  ғибраттар  орын  алған.  Бұл  –  уақыт  пен  замана  тегеурінінен,  көркемдік  таным 
мен  тәсілдерінің  әсерінен  үнемі  өзгерісте  болатын  фольклорлық  туындылардың  басты 
ерекшелігі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет