Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата14.02.2017
өлшемі3,31 Mb.
#4097
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

 
Еуразия 
гуманитарлық 
институтының 
 
ХАБАРШЫСЫ 
 
Тоқсандық журнал 
2001 ж. шыға бастаған 
2016 
№ 2 
АСТАНА 
Редколлегия төрағасы 
А.Қ. Құсайынов, т.ғ.д., проф. 
 
Бас редактор 
А.Ж. Исмаилов, психол.ғ.к., проф. 
Бас редактордың орынбасары 
Қ.Ә. Ахметов, т.ғ.д., проф. 
Жауапты хатшы 
Т.В. Кривощапова, ф.ғ.д., проф. 
 
Редколлегия 
Т.Қ. Айтқазин, филос.ғ.д., проф. 
А.Ж. Аманбаев, т.ғ.к., доц. 
В.В. Алексеев, т.ғ.к., доц.  
(Ресей Федерациясы)  
А.А. Арабаев, з.ғ.д., проф. 
(Қырғыз Республикасы) 
Қ.Ә. Әбiшев, з.ғ.к., проф. 
С.Б. Байзақов, э.ғ.д., проф. 
Қ.Ж. Балтабаев, з.ғ.д., проф. 
Х.Э. Боланьос, PhD, профессор (Испания) 
Л.В. Волкова, п.ғ.к., доц. 
Т.А. Дронзина, с.ғ.д., проф.  
(Болгария Республикасы) 
М.М. Жанпейiсова, т.ғ.к., доц. 
В.А. Жексембекова, с.ғ.д., проф. 
М.Ы. Жүкiбай, э.ғ.к., проф. 
С.Б. Загатова, ф.ғ.к., проф. 
О.В. Иншаков, э.ғ.д., профессор 
(Ресей Федерациясы) 
Ә.С. Исмаилова, э.ғ.к., доц. 
А.Ш. Қадырбаев, т.ғ.д., проф. 
(Ресей Федерациясы)  
Б.Р. Кадыров, психол.ғ.д., профессор 
(Өзбекстан Республикасы) 
Ш.М. Қаланова, п.ғ.д., проф. 
Д. Қамзабекұлы, ф.ғ.д., проф. 
Е.В. Кодин, т.ғ.д., проф. 
(Ресей Федерациясы)  
Қ.А. Мамадiл, ф.ғ.к., доц.  
Л.В. Пакуш, э.ғ.д., проф. 
(Беларусь Республикасы)  
В.Г. Рындак, п.ғ.д., проф.  
(Ресей Федерациясы) 
М.Н. Сарыбеков, п.ғ.д., проф. 
Б.С. Сарсекеев, п.ғ.д., проф. 
Л.Ч. Сыдыкова, з.ғ.д., проф.  
(Қырғыз Республикасы) 
Р.Н. Юрченко, з.ғ.д., проф. 
ВЕСТНИК 
 
Евразийского 
гуманитарного 
института 
 
Ежеквартальный журнал  
Основан в 2001 г. 

 

МАЗМҰНЫ 
 
 
 
 
 
 
 
     СОДЕРЖАНИЕ 
 
 
ТАРИХ 
 
 
Бексеитова А.Т. Нұсқаулық кітаптар мәліметтері бойынша Ақмола облысының этникалық құрамы  
 және әлеуметтік жіктелуі (ХІХ ғасырдың 2-ші жартысы – ХХ ғасырдың басы)……....... 
 

Еңсенов Қ.А. Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы этномәдени орталықтардың қызметі............  15 
Базаров К.Т. Административно-территориальное разграничение между Акмолинской областью и  
 Омской губернией 1920-1922 гг.................................................................................................... 
 
20 
Каженова Г.Т. Деятельность продовольственных отрядов в уездах Акмолинской области.........................  27 
Ахметова Г.М. Купечество Казахстана на рубеже XIX-XX веков: социально-демографический анализ...  33 
Кенжебаев Д.А. Развитие космонавтики в Республике Казахстан в контексте выявления основных  
тенденций (2007 – 2015 гг.)....................................................................................................... 
 
39 
Ильясова К.М., Байжанова Г.Д. История создания и деятельности Лисаковской специальной  
 экономической зоны..................................................................................... 
 
46 
Алпыспаева Г.А., Алпыспаев А.Т. К вопросу о реформировании ОБСЕ......................................................  54 
Канжил Ш. Ғани Мұратбаевтың қоғамдық-саяси қызметі................................................................................  61 
 
 
САЯСАТТАНУ 
 
 
Мухамбеткалиева Г.М. К вопросу о методологии преподавания политологии в высшем учебном  
заведении……………………….................................................................................. 
 
66 
Байжұмақызы З., Тлеуова Н.Ж. Ақпараттық геосаясат түсінігі және оның негізгі мәні………………….  71 
Байдибекова Л.А., Бегім А.Б.  Классикалық геосаяси тұжырымдамаларының қалыптасуы және  
дамуының негізгі мәселелері........................................................................... 
 
77 
 
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ 
 
 
Сарсекеев Б.С. Модели обучения средствами учебных книг...........................................................................  83 
Альмурзаева Б.К., Шункеева О.А.,    Организационно-методическая работа по функционированию 
Наурзалина Д.Г., Жайтапова А.А.     образовательно-информационного технопарка.................................... 
 
88 
А
А
х
х
м
м
е
е
т
т
о
о
в
в
 
 
Т
Т
.
.
А
А
.
.
,
,
 
 
Д
Д
а
а
у
у
м
м
о
о
в
в
а
а
 
 
Б
Б
.
.
Б
Б
.
.
 
 
 
 
П
П
с
с
и
и
х
х
о
о
л
л
о
о
г
г
и
и
ч
ч
е
е
с
с
к
к
о
о
е
е
 
 
с
с
о
о
п
п
р
р
о
о
в
в
о
о
ж
ж
д
д
е
е
н
н
и
и
е
е
 
 
п
п
р
р
о
о
ф
ф
е
е
с
с
с
с
и
и
о
о
н
н
а
а
л
л
ь
ь
н
н
о
о
г
г
о
о
 
 
р
р
а
а
з
з
в
в
и
и
т
т
и
и
я
я
 
 
п
п
е
е
д
д
а
а
г
г
о
о
г
г
а
а
 
 
 
 
д
д
о
о
п
п
о
о
л
л
н
н
и
и
т
т
е
е
л
л
ь
ь
н
н
о
о
г
г
о
о
 
 
о
о
б
б
р
р
а
а
з
з
о
о
в
в
а
а
н
н
и
и
я
я
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
 
 
 
93 
Кульбаева Б.С. Қазақ ағартушылары мен ойшылдарының этнопедагогикалық идеяларындағы еңбекке  
баулудың тарихи-педагогикалық алғышарттары................................................................... 
 
97 
Боброва В.В. Психолого-педагогические особенности ребенка дошкольного возраста,  
 испытывающего трудности при усвоении дошкольной образовательной программы........... 
 
104 
Нәби Л., Нұрмұханбетова Н.Н., Ещанова Ә.Қ. «Диалогтік оқыту» модулін қолдану арқылы  
   оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту......... 
 
110 
Утегенова Б.М. Дифференциация обучения как стратегия личностно-ориентированного образования в  
современной школе.................................................................................................................... 
 
116 
Тлебалдина Н.Қ. Мұхтар Әуезовтің«Көксерек» әңгімесін орта мектепте оқыту жолдары...........................  121 
Куралбаева А.А., Керімбаева Б. Пәнаралық байланыстың психологиялық-педагогикалық негіздері.......  126 
Смаглий Т.И., Баймухамбетова Б.Ш. Технология формирования готовности будущих учителей к  
профессионально-педагогическому сотрудничеству..................... 
 
131 
Мейрманов А.Б. Жоғары білім беру жүйесінде дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық  
  технологияларды дамыту......................................................................................................... 
 
136 
Одинцова С.А.Одинцова Е.А.  Автоматизированная обучающая программа «Знатоки права» как  
средство формирования правовых представлений младших  
школьников.................................................................................................... 
 
 
141 
Кaлтaевa Г.К. Развитие профессиональной компетентности педагогов организаций технического и  
профессионального образования................................................................................................. 
 
147 
Альмурзаева Б.К., Салиш С.С. Влияние самостоятельной работы на развитие познавательной  
деятельности учащихся начальной школы................................................. 
 
156 
Каудырова А.О., Смагул А.К., 
Молдахметова С.С
. Пути повышения эффективности занятий 
по  
 культуре речи
..............................................................
 
 
162 
Жусупова Г.М., Устелимова Н.А. Шетел тілін оқытудың студенттердің креативтілігін дамытуға  
 ықпал ету ерекшеліктері........................................................................... 
 
167 
Танирбергенова А.Ш., Оспанова Ә.Ә. Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жолдары.............  173 

 

 
Аубакирова Ж.К., Танирбергенова А.Ш, Зеренханова А.З. Бастауыш сынып оқушыларының өзара  
әрекеттесуге қабілеттілігін жетілдіру............. 
 
179 
 
ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Загатова С.Б., Ильясова А.У. Национальная специфика репрезентации концепта дом в английском,  
русском, казахском и турецком языках......................................................... 
 
185 
Садықбеков Қ.А. Мәмлүк қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі рай категориясы.....................................  190 
Доскеева Ш.А. Ә.Нұршайықов қаламынан туған бейнелердің әлеуметтік сипаты мен тәрбиелік мәні......  195 
Хамзин М. Қазақ тарихының білгірі (І. Есенберлиннің тарихи романдары негізінде)..................................  201 
Құралқанова Б.Ш. О. Бөкеевтің «Жетім бота» повесіндегі көркем уақыт пен кеңістік...............................  207 
Мамыт А.А. Қазақ фольклорындағы хандық дәуір көрінісі..............................................................................  213 
Мейрамбекова Л.К. Түркілік түбірді зерттеу мәселесіне.................................................................................  219 
Жарылғапов Ж.Ж., Амангелдина М.С. Әбіш Кекілбаевтың экзистенциалистік концепциясы.................  226 
Агманова А.Е., Инкарбай О.А. Особенности усвоения средств выражения субъективной модальности... 233 
Журавлева Е.А., Немцева А.Г. Основные принципы использования форм речевого этикета  
  казахстанцами в глобальной сети интернет (на примере веб-форумов)... 
 
238 
Абылова Г.Е.  «Батырлық – Заман - Соғыс» триадасы контекстіндегі батырлық концептісінің  
ерекшеліктері................................................................................................................................. 
 
 
 
243 
 
 
Жарияланған  материалдар  автордың  көзқарасын  білдіреді,  олар  журналдың  Редакциялық 
алқасының  пікірімен  сәйкес  келмеуі  мүмкін.  Жарияланымдардағы  деректер  мен  мәліметтердің 
дұрыстығына автор жауап береді. Қолжазбалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.  
 
Публикуемые  материалы  отражают  точку  зрения  авторов,  которая  может  не  совпадать  с 
мнением Редакционной коллегии журнала. Ответственность за достоверность фактов и сведений 
в публикациях несут авторы. Рукописи не рецензируются и не возвращаются.  

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тарих
 

 

ӘОЖ 2.394.46(5каз) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Т. Бексеитова  
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау 
мемлекеттік университеті,  
тар. ғыл. канд., доцент 
 
Нұсқаулық кітаптар 
мәліметтері бойынша 
Ақмола облысының 
этникалық құрамы 
және әлеуметтік 
жіктелуі 
(ХІХ ғасырдың 2-ші жартысы 
– ХХ ғасырдың басы) 
 
Аннотация 
Мақала  ХІХ  ғасырдың  2-ші  жартысы  – 
ХХ  ғасырдың  басындағы  Ақмола  облысының 
этникалық  құрамы  және  әлеуметтік  жіктелуін 
зерттеуге  арналған.  Осы  аралықта  шығып 
тұрған  нұсқаулық  кітаптар  және  басқа  да 
деректер  мәліметтерін  негізге  ала  отырып, 
автор  аталған  уақыттағы  Ақмола  облысының 
этникалық 
құрамындағы 
өзгерістерге 
сараптама жасайды. 
Түйін сөздер: Ақмола облысы, нұсқаулық 
кітаптар,  этникалық  құрам,  қоныс  аудару, 
отарлау,  казактар,халық  саны,  әлеуметтік 
жіктеліс. 
 
 
ХІХ  ғасырдың  2-ші  жартысы  –  ХХ 
ғасырдың 
басында 
Ақмола 
облысының 
аумағын,  негізінен,  екі  этникалық  топтан: 
қазақтардан  және  орыстардан  тұратын  халық 
мекендеді.  Нәсілдік  белгілері  жағынан,  өмір 
салты 
және 
мемлекетке 
қатысты 
міндеткерліктері  бойынша  облыс  халқы  үш 
негізгі  топқа  бөлінді:  1)  қазақтар  ‒  облыстың 
байырғы  тұрғындары,  2)  казактар  ‒  қазақ 
даласын алғашқы әскери отарлаушылар және 3) 
шаруалар  ‒  Ресейдің  еуропалық  губерния-
ларынан  қоныс  аударушылардан  құралған 
келімсек элемент [1, 64].  
Облыстың  30  млн  десятинаға  жуық 
аумағын 
қазақтар 
мекендеді. 
«Ақмола 
облысының 
нұсқаулық 
кітаптарында» 
қазақтарды  «қырғыздар»,  «қырғыз-қайсақтар» 
немесе «түземдіктер» деген атаумен көрсеткен. 
Аталған  деректердегі  мәліметтерге  сәйкес, 
«қырғыздар  (яғни,  қазақтар)  бір  кездері  Алтай 
мен Оралдың аралығында көшпелі өмір сүрген 
түркі-моңғол  тайпаларының  ұрпағы.  Өздерінің 
этнографиялық  және  экономикалық-мәдени 
өмір салты бойынша қазақтар облыс халқының 
ерекше  бөлігін  құрайды»  [2,  5].  Қазақтардың 
барлығы 
дерлік 
мал 
шаруашылығымен 
айналысады,  тек  аз  ғана  бөлігі  егіншілікке 
ауысқан. Жылдың басым бөлігін қазақтар ашық 
далада,  жеңіл  әрі  көшпелі  өмір  салтына 
ыңғайлы  киіз  үйлерінде  өткізеді.  Олар  рулық 
салт-дәстүр   бойынша   алдын   ала   белгіленіп 

 

қойылған  бағыттарда  көшіп-қонып  отырды  және  қыс  мезгілінде  ғана  суық  пен  қарлы 
борандардан  қорғануға  неғұрлым  ыңғайлы  жерлерге  тұрақтады.  Мұндай  қыстауларды 
салу  көшпелілердің  отырықшылыққа  табиғи  жолмен  өтуінің  және  жерді  неғұрлым 
тұрақты  түрде пайдалануының  алғашқы  қадамы  болып  табылды.  Облыс  аумағында  өмір 
сүрген  қазақтар  Орта  жүз  қазақтарына  жатты  және  арғын,  найман,  қыпшақ,  керей,  уақ 
рулары мен ру тармақшаларына бөлінді [3, 290].  
XVIII  ғасыр  –  ХІХ  ғасырдың  1-ші  жартысында  Қазақстанға  алғаш  қоныс  аударған 
казактар  қазақ  даласын  алғаш  отарлаушылар  болды.  Олар  алғашқыда  уездердің 
отырықшы  егіншілікпен  айналысатын  халқының  басым  бөлігін  құрады.  Қазақстанның 
аумағында  үш  казак  әскері:  Орал,  Сібір  және  Жетісу  казактарының  әскері  орналасты. 
Сібір  казак  әскерінің  халқы  табиғи  өсімнің  есебінен  де,  сондай-ақ  Ресей  империясы 
халқының  әр  түрлі  категорияларын  казактар  қатарына  өткізу  салдарынан  да  көбейді. 
Жетісуды  қоныстандыруға  байланысты  Сібір  казак  әскерінің  құрамынан  Жетісу  казак 
әскері бөлініп шықты.  
Сібір  казак  әскері  территориялық  жағынан  Ақмола,  Семей  облыстары  мен  Томск 
губерниясының  Змеиногорск  және  Бийск  уездерінде  орналасты.  Тығыздығы  жағынан 
казак  тұрғындары  негізінен  облыстың  солтүстік  бөлігінде  шоғырланды.  Олардың 
иелігінде:  
а) станицалар мен поселкелердің қауымдық басқаруындағы станицалық жерлер;  
ә)  станицаларға  қосымша  жер  үлестерін  және  казак  офицерлері  мен  әскери 
шенеуніктерге  мұрагерлік  меншікке  қалдырылатын  жер  үлестерін  беруге  арналған 
«әскери» жер қоры болды.  
Сібір  казак  әскері  Ақмола  облысындағы  ірі  жер  иеленушілер  болып  табылды. 
Облыстағы  Сібір  казак  әскерінің  территориясы  24  513,4  в
2
  немесе  2  549  500  десятина 
жерді  құрады.  Оның  ішінде  1  974  937  десятина  жер  Петропавл  және  Омбы  уездерінің 
үлесіне тиді. Мұнда казактар уездік территорияның 1/5-ге жуық бөлігін иеленді. Олардың 
жерлері  облыстың  солтүстік  және  солтүстік-шығыс  шекарасы  бойымен,  Орынбор 
губерниясындағы  Звериноголовск  станицасынан  бастап  Омбы  қаласына  дейін  ұзындығы 
572 верста, ені 25-30 верста үздіксіз жер телімін алып жатты. Бұл аралық Пресногорьков 
желісі  деп  аталды  (тұзды  көлдердің  көп  болуына  байланысты).  Әрі  қарай  Ертіс  өзені 
бойымен  Семей  облысының  шекарасына  дейін  ұзындығы  170  верста  Ертіс  желісі 
жалғасты.  Егер  бұл  кеңістікті  казак  отбасыларының  санына  бөлсе,  онда  олардың 
әрқайсысына  шамамен  200  десятинадан  келді.  Сондай-ақ,  казак  әскерінің  территориясы 
Сібір  темір  жолының  желісі  бойында  (10  версталық  жер  телімі),  Көкшетау  уезінің 
ауқымды бес бөлігінде, Атбасар және Ақмола қалалары маңында шоғырланды [4, 5].  
Ресейдің  еуропалық  бөлігінен  қоныс  аударған  шаруалар  облыс  аумағының  едәуір 
бөлігін ‒ 5 723 244 десятина жерді иеленді. Олардың басым бөлігі Омбы уезінің солтүстік 
және солтүстік-шығыс бөліктерінде, Петропавл уезінің солтүстік және батыс бөліктерінде, 
Көкшетау  уезінің  шығысынан  басқа  барлық  бөліктерінде,  Атбасар  уезінің  солтүстік 
бөлігінде  және  Ақмола  уезінің  солтүстік-батысынан  оңтүстік-шығысына  қарай  бағытта 
қоныстанған.  ХХ  ғасырдың  басында  облыстың  басқа  да  аймақтарынан  егіншілікке 
жарамды  жер  бөліктері  алдағы  уақытта  шаруаларды  қоныстандыру  үшін  белгіленіп 
қойылған. 
Облыстың жер аумағы мен халқы ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінді. Жер аумағы 
оны иелену жүйесі бойынша былай бөлінді:  
1)  Сібір  казак  әскерінің  жерлері,  қалалық  жерлер  және  қоныстанушы  шаруаларға 
берілген жерлер (25 464,9 в
2
);  
2) мемлекеттік жерлер және көшпелі қазақтар мекендеген жерлер (453 735,3 в
2
). 
Ал халық экономикалық және азаматтық жағдайына сәйкес: отырықшы халық (Сібір 
казак  әскерінің  казактары,  қала  халқы,  шаруалар,  әр  түрлі  шенділер,  барлығы  –  132  578 
адам)  және  көшпелі  халық  (қазақтар,  334  823  адам)  болып  ажыратылды.  Көріп 

 

отырғанымыздай, көшпелі халықтың саны отырықшы халықтан екі жарым есе көп болған 
[5, 19-20].  
ХІХ ғасырдың 80-ші жылдары Ақмола облысының уездері бойынша жер аумағы мен 
халық саны келесі кестеде көрсетілген:  
 
Кесте 2 
 
 
Уездер 
Жер аумағы 
Халық саны 
Бір 
отырықшыға 
қатысты 
көшпелілер 
саны 
Казактардың
1
 
және т. б. 
жерлері 
Қазақтардың 
жерлері 
Отырықшы 
халық саны 
Көшпелі 
халық 
саны 
Омбы 
Петропавл 
Көкшетау 
Атбасар 
Ақмола 
9 271,3 в
2
 
9 951,3 в
2
 
5 434,7 в
2
 
411,8 в
2
 
395,8 в
2
 
31 776,7 в
2
 
51 002,3 в
2
 
58 254 в
2
 
118 218 в
2
 
194 434,3 в
2
 
47 734 
46 462 
30 766 
2 337 
5 279 
36 278 
55 839 
60 326 
61 769 
120 611 
0,7 көшпелі 
1,2 көшпелі 
1,9 көшпелі 
26,4 көшп. 
22,9 көшп. 
1
  Ақмола  облысының  аумағындағы  Сібір  казак  әскерінің  жерлері  24  670  в
2
  аумақты  алып  жатты.  Оның 
ішінде станицалық және поселкелік қауымдардың пайдалануындағы жер көлемі – 16 284,7 в
2
.  
[5, 20]. 
 
Халықтың елді мекендер бойынша орналасуын келесі кестеден көруге болады:  
Кесте 3 
 
 
 
Уездер 
Қ
ала
ла
р 
Казак елді 
мекендері 
Қазақ елді 
мекендері 
Ша
руа
 қ
он
ыс
тары
 
Қ
ала
 тұрғын
да
ры
1
 
 
К
аз
ак
тар
 
 
Ша
руа
ла
р 
 
Қ
аз
ақ
тар
 
С
тан
иц
ала
р 
Пос
елк
еле
р 
Б
олыс
тар
 
Ауы
лдар
 
Омбы 
Петропавл 
Көкшетау 
Атбасар 
Ақмола 










23 
40 







19 
32 
69 
69 
55 
131 


11 


33 750 
13 985 
5 755 
1 557 
4 743 
13 876 
30 985 
21 451 
99 
472 
99 
1 492 
3 560 
681 
64 
36 278 
55 839 
60 326 
61 769 
120 611 
Барлығы: 

20 
70 
49 
356 
19 
59 799 
66 883 
5 896 
334 823 
1
 Қала халқының санына қаламен шектесіп жатқан станицалардың халқы:  
Омбыда – 2 121, Петропавлда – 1 670, Көкшетауда – 1 946, Атбасарда – 1 557, Ақмолада – 1 158, барлығы – 
8  472  адам  және  қалаларда  тұратын  шаруалар:  Омбыда  –  2  390,  Петропавлда  –  4  112,  Көкшетауда  –  40, 
Атбасар станицасында – 77, Ақмолада – 114, барлығы – 6 773 адам енгізілген.  
[5, 21]. 
 
Облыстың  солтүстік  уездері  (Омбы,  Петропавл  және  Көкшетау)  облыстың  барлық 
аумағының  1/3-нен  астам  бөлігін  алып  жатты  және  бұл  аумақта  278  000-ға  дейін  адам 
(немесе облыс халқының 60%-ға дейінгі бөлігі) мекендеді. Оның ішінде отырықшы халық 
125 000-ға дейін (немесе облыстың барлық отырықшы халқының 94%-дан астамы) жетті. 
Бұл үш уезде халық облыстың оңтүстігіндегі Ақмола және Атбасар уездеріне қарағанда 3 
есеге  жуық  көп  қоныстанған:  солтүстік  уездерде  1  в
2
  жерге  1,7  адамнан,  ал  оңтүстік 
уездерде  небәрі  0,6  адамнан  келді.  Облыстағы  113  отырықшы  елді  мекендердің  103-і 
солтүстік  уездерде  орналасқан.  Жер  аумағының  кеңдігі  және  отырықшы  тұрғындар 

 

үлесінің  неғұрлым  төмен  болуы  себепті  облыстың  оңтүстік  бөлігі  көшпелі  мал 
шаруашылығымен  айналысқан  халықтың  өзіндік  мәдениетін  дамытуға  қолайлы  аймақ 
болып табылды. 
1897  жылы  Ресей  империясында  бірінші  жалпы  халық  санағы  өткізілді.  Бірқатар 
кемшіліктерге қарамастан, оның мәліметтері ХІХ ғасырдың соңы  – ХХ ғасыр басындағы 
Қазақстан  халқының  қалыптасуының  жалпы  бағыттарын  айқындауға  мүмкіндік  береді. 
Осы халық санағының мәліметтері бойынша 1897 жылы Ақмола облысы халқының саны – 
682  608  адамды,  оның  354  962-і  ер  адамды  (52%),  327  646-і  әйел  адамды  (48%)  құрады. 
Қала  халқы  жалпы  облыс  халқының  11%-ын  құрады  және  сословиелік  құрамы  жағынан 
уезд халқына қарағанда әр түрлі болып келді [6, 4]. 
Облыс уездері мен қалалары бойынша халық санын келесі кестеден көруге болады:  
 
Кесте 4 
Облыс уездері мен 
қалалары 
Аумағы 
(верста) 
Халық саны (1897 ж.) 
ер 
әйел 
барлығы 
Омбы уезі 
Омбы қаласы 
37 170 
52 722 
20 084 
47 817 
17 292 
100 539 
37 376 
Петропавл 
уезі 
Петропавл қаласы 
63 590 
79 853 
10 095 
75 284 
9 593 
155 137 
19 688 
Көкшетау уезі 
Көкшетау қаласы 
69 290 
80 457 
2 576 
75 004 
2 386 
155 461 
4 962 
Атбасар уезі 
Атбасар қаласы 
219 420 
44 645 
1 553 
41 768 
1 485 
86 413 
3 038 
Ақмола уезі 
Ақмола қаласы 
108 300 
97 285 
5 075 
87 773 
4 613 
185 058 
9 688 
Барлығы 
облыс 
бойынша  
Оның 
ішінде 
қалаларда 
497 860 
 
– 
354 962 
 
39 383 
327 646 
 
35 369 
682 608 
 
74 752 
[6, 11].  
 
Бірінші  халық  санағының  мәліметтеріне  сәйкес,  Ақмола  облысы  бойынша  қазақ 
халқының  жылдық  орташа  өсімі  0,8%-ды  құрады.  Қарастырылып  отырған  кезеңде 
облыстың  шекарасы  өзгертілген  жоқ,  жалпы  ел  бойынша  қазақ  халқының  қандай  да  бір 
елеулі  түрде  келуі  немесе  кетуі  байқалмады.  1897  жылы  Ақмола  облысында  қазақ 
халқының  абсолюттік  саны  427  389  адамды  құраса,  жылдық  орташа  табиғи  өсімнің 
нәтижесінде 1914 жылы облыстағы қазақтардың саны 489 315 адамға жетті [7, 241]. 
ХХ ғасырдың 2-ші онжылдығының ортасына қарай Қазақстан жеріне қоныс аударып 
келген  ең  көп  этникалық  топ  –  орыстар  Дала  өлкесінің  барлық  уездері  мен  Түркістан 
өлкесіне  дейін  қоныстанды.  Олардың  көбі  Қазақстандағы  орыс  халқының  57  %-дан 
астамы  тұрып  жатқан  солтүстік-батыс,  солтүстік,  шығыс  және  оңтүстік-шығыс 
аудандарына қоныс тепті.  
Орыс  халқының  ең  көп  этнотерриториялық  топтары  Орал  облысының  Орал  уезіне 
(237 мың адам), Кенді Алтайға (130 мың адам), Ақмола облысының Көкшетау (105,8 мың 
адам)  және  Петропавл  (98,6  мың  адам)  уездеріне,  Торғай  облысының  Қостанай  уезіне 
(80,1  мың  адам),  Жетісу  облысының  Верный  уезіне  (72,7  мың  адам)  және  Семей 
облысының Өскемен уезіне (41,7 мың адам) шоғырланды [8, 248]. 
1911  жылы  облыстағы  казак  тұрғындарының жалпы  саны  113  167  адамға  жетті,  ал 
шаруалардың жалпы саны 694 628 адамды құрады, оның ішінде уездерде 634 475 шаруа, 
қалаларда 60 153 шаруа мекендеді [2, 5]. 

 

ХХ ғасырдың  басында Қазақстан жеріндегі  украин халқының саны да айтарлықтай 
өсе түсті. 1915 жылдың соңында украиндар өлкенің барлық облыстарында тұрып жатты, 
бірақ әркелкі шоғырланды. Олардың көбі Солтүстік, Орталық және Солтүстік-Шығыстың 
кейбір аудандарына тығыз топтасып орнықты. Украиндардың ең көп этнотерриториялық 
топтары  Торғай  облысының  Қостанай  уездіне  (126,9  мың  адам),  Ақмола  облысының 
Көкшетау (124,9 мың адам) және Петропавл (87,1 мың адам) уездеріне қоныстанды. 
ХХ  ғасырдың  басында  Дала  өлкесіне  қоныстанған  славян  халықтары  айқын 
бейнеленген  аграрлы  кейіпте  болды  және  құрамы  жағынан  шаруалардан,  әскери 
міндеткерліктер  атқарған  казактар  мен  мещандардан  құралды.  Қазақ  даласына  Ресейдің 
орталық  губернияларынан  қоныс  аударған  орыс  және  украин  шаруаларының  басым 
көпшілігі  жүдеубасты  жұтаңданған  адамдар  еді.  ХХ  ғасырдың  басында  қоныстандыру 
мәселесін зерттеген орыс публицисті А. Глебов: «Жыл құстары суық түсісімен үлкен топ 
болып мұхиттың арғы жағындағы жылы жерлерге қалай ұшса, өз Отанында әбден ашығып 
кедейленген шаруалар да дәл солай өздеріне бейтаныс жерлерден кеңшілік пен молшылық 
іздейді», – деп жазған болатын [9, 137]. 
Қазақстан  жеріне  қоныс  аударған  славян  халықтарының  халін  Ақмола  облысының 
губернаторы  В.С.  Лосевский  өзінің  1907  жылдың  ресми  есебін  беруінде:  «Соңғы 
жылдардағы  қоныс  аударушылардың  экономикалық  жағдайы  өте  әлсіз  пікір 
қалыптастырады.  Жеке  қаражаттарының  аздығы  соншалық,  жол  несиесі  болмаса,  көбі 
өздерінің тіркелген жерлеріне жете де алмайды», – деп атап көрсетті [8, 249]. 
Ақмола облысының уездеріндегі орыс және украин шаруаларының көбіне 20-30, кей 
жерлерде  40-тан  асатын  шаруа  үйлерінен  тұратын  деревнялары  бір-біріне  өте  жақын 
орналасқан. Жаңа жерлерге орналасуға кеткен бірнеше жыл ішінде қоныстанушылардың 
40 %-дан астамы өздерінің тұрмыстарын біршама жақсарта алды, ал шаруалардың қалған 
көпшілігі 1917 жылға дейін кедейшілік қалпында қала берді. 
1898-1905  жылдар  аралығында  Ақмола  облысының  аумағына  немістер  неғұрлым 
қарқынды  түрде  орын  тепті.  Бұрынғы  жерлестерінің  хаттарынан  осы  аудандарда  бос 
жерлер бар екендігін естіген Самара, Саратов және көршілес губерниялардың кедейленген 
колонистері  қарқынды  түрде  ең  алдымен  осы  жерлерге  ұмтылды.  Омбы  уезіндегі 
мемлекеттік  жерлерде  бірінші  неміс  поселкелері  құрылғаннан  кейін  (1893-1896),  дәл 
сондай қоныстар бірден Ақмола облысының басқа уездерінде де пайда болды. 
Ақмола  уезінде  неміс  шаруалары  7  қоныс  салды:  Павловское  (1898),  Пушкинский 
(1898),  Новоузенское  (1901),  Долинское  (1903),  Самаркандское  (1903),  Волынское  (1905) 
және Кронидовское (1905). 
Алғашқы  6  неміс  қоныстары  Көкшетау  уезінде  пайда  болды.  Оларға  Келлеровское 
(1900), Любимовское (1900), Розовское (1900), Венедское (1900), Златорунное (1901) және 
Линеевское (1901) поселкелерін жатқызамыз. 
ХХ ғасырдың басында Петропавл уезінде Новодворское (1900) деген бір ғана неміс 
қонысы  пайда  болды.  Тек  8  жылдан  кейін  Воронеж  губерниясынан  қоныс  аударушылар 
мұнда Петерфельд (1909) атты поселкені құрды [9, 16]. 
Мордвалардың қоныс тепкен басты аудандары Ақмола облысының Көкшетау және 
Петропавл  уездері  болды.  Ең  алғаш  рет  1849-1850  жылдары  Хвалын  уезінен  келген 
мордвалар  Көкшетау  уезінің  Щучье  станицасына  қоныстанды.  Сондай-ақ,  1850  жылы 
мордвалар  Зеренді  станицасына  да  жер  аударылып,  казактардың  қатарына  алынды.  1895 
жылғы мәліметтер бойынша Зеренді станицасында 459 мордва, 743 украин және 524 орыс 
халқының  өкілдері  тұрды  [10,  220].  1917  жылы  Көкшетау  және  Петропавл  уездерінде 
мордвалардың  пайыздық  көрсеткіші  сәйкесінше  1%-ға  жуық  және  5,1%-ды  құрады. 
Мордвалар  Қазақстанның  басқа  аудандарына  көп  келген  жоқ,  сондықтан  олар 
ассимиляцияға тез ұшырап отырды. Сәйкесінше мордвалардың абсолюттік саны әрдайым 
қысқарып отырды [8, 253]. 

 
10 
1913  жылы  облыс  халқының  ұлттық  құрамы  бойынша  орналасуы:  қазақтар  ‒  562 
698, орыстар ‒ 487 267, украиндер мен белорустар ‒ 372 326, немістер ‒ 41 279, мордвалар 
‒  23  894,  татарлар  ‒  22  232,  поляктар  ‒  8  906,  еврейлер  ‒  4  482,  басқа  ұлттар  ‒  2  459 
адамды құрады [11, 9]. 
ХІХ  ғасырдың  80-ші  жылдары  облыстың  отырықшы  халқы  сословиелер  және  діни 
сенімі бойынша былай бөлінді: 
 
Кесте 5 
 
қалаларда 
уездерде 
облыс бойынша 
ер 
әйел 
ер 
әйел 
ер 
әйел 
Дворяндар 
5 484 
1 277 
339 
330 
5 823 
1 607 
Діни қызметшілер  
112 
126 
191 
181 
303 
307 
Құрметті  азаматтар 
мен саудагерлер 
590 
690 
17 
18 
607 
708 
Мещандар 
13 419 
13 483 
195 
181 
13 614 
13 664 
Шаруалар 
3 529 
3 204 
3 085 
2 811 
6 614 
6 015 
Солдаттар 
4 870 
2 571 
158 
142 
5 028 
2 713 
Казактар 
3 264 
3 295 
32 454 
32 223 
35 718 
35 518 
Қазақтар, татарлар 
және орта 
азиялықтар 
 
 
1 906 
 
 
1 950 
 
 
226 
 
 
228 
 
 
2 132 
 
 
2 178 
Әр түрлі шенділер 
22 

– 
– 
22 

Барлығы 
33 196 
26 603 
36 665 
36 114 
69 861 
62 717 
Діни сенімі бойынша: 
Православтар 
26 679 
20 321 
35 592 
35 081 
62 281 
55 401 
Раскольниктер 
– 
– 
60 
75 
60 
75 
Католиктер 
512 
564 
– 
– 
512 
564 
Протестанттар 
175 
148 


176 
149 
Иудейлер 
710 
781 


711 
782 
Мұсылмандар 
(татарлар) 
3 558 
3 270 
1 011 
956 
4 569 
4 226 
[6, 21-22]. 
 
1909 жылы жарық көрген Ақмола облысының нұсқаулық кітабындағы мәліметтерге 
сәйкес,  облыс  қалаларындағы  халықтың  әлеуметтік  және  діни  құрамы  келесі  түрде 
көрінді:  
1909  жылғы  1  қаңтарда  облыс  орталығы  ‒  Омбы  қаласында  халық  саны  88  000 
адамға жетті, оның ішінде 44 167 ер адам, 43 833 әйел адам болды. Сословиелер бойынша: 
дворяндар ‒ 5 094 адам, православие діни қызметшілері ‒ 137 адам, құрметті азаматтар ‒ 
650  адам,  саудагерлер  ‒  489  адам,  мещандар  ‒  30  022  адам,  шаруалар  ‒  25  637  адам, 
әскери сословие ‒ 7 407 адам, орыс емес ұлт өкілдері ‒ 12 808 адам, оның ішінде еврейлер 
‒ 557 адам. Діни сенімі бойынша: православтар ‒ 78 243 адам, раскольниктер ‒ 103 адам, 
католиктер ‒ 2 395 адам, протестанттар ‒ 854 адам, сектанттар ‒ 400 адам, иудейлер ‒ 557, 
мұсылмандар ‒ 5 275 адамды құрады. 
Қаладағы тұрғын үйлер саны ‒ 7 559, оның ішінде қазыналық үйлер ‒ 233, шіркеуге 
қарасты  үйлер  ‒  26,  қоғамдық  үйлер  ‒  36,  жеке  меншік  үйлер  ‒  7  264.  Православие 
шіркеулерінің  саны  ‒  20,  католик  шіркеуі  ‒  1,  протестант  шіркеуі  ‒  1,  синагога  ‒  2, 
мешіттер  ‒  2.  Омбы  қаласындағы  барлық  фабрикалар,  зауыттар  мен  өнеркәсіп 
орындарының  саны  ‒  141,  оларда  1  143  жұмысшы  жұмыс  істеп,  жалпы  өнімділігі  1  175 
530 сомды құраған. Сауда орындарының саны ‒ 752, қолөнершілер мен шеберлер ‒ 4 000 

 
11 
адам,  оның  ішінде  370-сі  оқушылар.  Қаладағы  оқу  орындарының  саны  ‒  43,  оларда  326 
мұғалім және 5 569 оқушы болған [1, 134-135].  
1909 жылы Омбы уезінің бастығы қызметін подполковник Н.И. Гринченко атқарды, 
оның  көмекшісі  ‒  ротмистр  К.А.  Михалев,  хатшылары:  Андреев,  Теплов,  Станкеев, 
тілмаштары: Шмокин, Первушин, ал Омбы уездік шаруа бастықтары съезінің төрағасы ‒ 
статтық кеңесші Я. А. Граников болды.  
Омбы  қаласында  шығып  тұрған  мерзімдік  баспасөз  құралдары:  «Акмолинские 
областные  ведомости»  ‒  әр  апта  сайын  шығарылып  тұрды,  жазылу  бағасы  ‒  3-5  сом, 
«Омский  телеграф»  ‒  апталық  басылым,  жылдық  бағасы  ‒  7  сом,  «Омское  слово», 
«Омский  вестник»  апталық  басылымдары  және  айына  2  рет  шығарылған  «Омские 
Епархиальные ведомости» [1, 169]. Петропавл қаласы Сібір темір жолының бойында, Есіл 
өзенінің  оң  жақ  жағалауында,  Омбы  қаласынан  280  верста  қашықтықта  орналасқан. 
Қаланың негізі 1752 жылы Пресногорьковск шебінің бойында салынған 11 бекіністің бірі 
ретінде  қаланды.  1807  жылы  Әулие  Петр  және  Павел  бекінісіне  қала  мәртебесі  берілді. 
Белгілі өлкетанушы, Сібірді зерттеуші И. Я. Словцов Петропавл қаласында ХІХ ғасырдың 
70-ші жылдары 1 247 үй болғандығы, оның 91-і тастан салынғаны, ал халқы 10 301 адам, 
оның ішінде 4 623 адам мұсылмандар болғанын өз жазбаларында мәлімдеді [12, 10]. 
ХХ  ғасырдың  алғашқы  онжылдығында  Петропавл  қаласы  Дала  өлкесінің  біршама 
дамыған  қалаларының  бірі  болып  саналды:  мұнда  су  құбыры,  жаңа  қасапханалар,  үлкен 
қалалық бақ, электр жарығы болды, басты көшелеріне тас төселді. Тұрғын үйлер саны ‒ 
10 026, сауда дүкендері ‒ 677, православие шіркеулері ‒ 6, мешіттер ‒ 6, католик шіркеуі – 
1,  синагога  ‒  1.  Сондай-ақ  қалада  реалдық  училище,  әйелдер  гимназиясы,  6  қалалық 
училище,  бір  5  сыныптық,  бір  4  сыныптық  училище,  2  сыныптық  православие  шіркеуі 
мектебі,  5  несие  беру  мекемесі,  биржа,  почта-телеграф  кеңсесі,  мемлекеттік  банктің 
бөлімшесі, қалалық аурухана, ветеринарлық емхана, баспаханалар мен қонақүйлер болды 
[13, 76].  
1909 жылы Петропавл қаласында халық саны 37 973 адамды құраса, оның ішінде 18 
727  ер  адам,  19  246  әйел  адам  болды.  Сословиелер  бойынша:  дворяндар  ‒  300, 
православие  діни  қызметшілері  ‒  41,  еврей  діни  қызметшілері  ‒  8,  мұсылман  діни 
қызметшілері  ‒  33,  құрметті  азаматтар  ‒  40,  саудагерлер  ‒  373,  мещандар  ‒  16  070, 
шаруалар  ‒  6  839,  орыс  емес  ұлт  өкілдері  ‒  11  640,  шетел  азаматтары  ‒  106  адамды 
құрады. Діни сенімі бойынша: православие дінін ұстанушылар ‒ 25 876 адам, иудейлер ‒ 
399 адам, мұсылмандар ‒ 11 355 адам. Петропавл уезінің бастығы ‒ Б.А. Оссовский, уезд 
бастығының  көмекшісі  ‒  К.С.  Виноградов,  хатшылар:  Креков,  Туранов,  тілмаштар: 
Панаев,  Петровский  болды.  Петропавл  шаруа  бастықтары  уездік  съезінің  төрағасы 
қызметін А.П. Магнус атқарды [1, 177]. 
Ақмола  қаласының  негізі  1832  жылы  округтік  приказ  ретінде  салынды,  ал  1862 
жылы  округтік  қала  болып  өзгертілді.  Омбыдан  870  верста  қашықтықта,  Есіл  өзенінің 
жағасында,  қазақ  даласының  орталығында  орналасқан  Ақмола  қаласы  халқының  саны 
1914 жылы ‒ 14 293 адам; оның ішінде 6 989 ер адам, 7 304 әйел адам болды. Сословиелер 
бойынша:  дворяндар  ‒  94,  православие  діни  қызметшілері  ‒  11,  мұсылман  діни 
қызметшілері ‒ 5, құрметті азаматтар ‒ 33, саудагерлер ‒ 93, мещандар ‒ 3 201, шаруалар 
‒ 1 655, орыс емес ұлт өкілдері ‒ 7 491, әскерилер ‒ 442, басқалары ‒ 227 адамды құрады. 
Діни сенімі бойынша: православтар ‒ 6 064 адам, иудейлер ‒ 152 адам; мұсылмандар ‒ 7 
532 адам. Үй саны ‒ 1 221, сауда дүкендері ‒ 185, православие шіркеуі ‒ 1, синагога ‒ 1, 
мешіттер ‒ 2. Қалада 7 қалалық училище және Мариинск қыздар училищесі жұмыс істеді 
[13, 91]. 1909 жылы Ақмола уезінің бастығы ‒ А.Г. Нехорошков, оның көмекшісі ‒ А.К. 
Линден,  хатшылар:  Верченко,  Низковский,  тілмаш  ‒  Кондратьев,  ал  Ақмола  шаруа 
бастықтары съезінің төрағасы ‒ А.П. Плахов болған [1, 183].  
1824 жылы 29 сәуірде округтік приказ ретінде негізі салынған Көкшетау қаласы ХХ 
ғасырдың  басында  екі  бөліктен:  мещандық  слобода  мен  казак  станицасынан  тұрды. 

 
12 
Көкшетау қаласы халқының әлеуметтік құрамы: қала тұрғындарының саны ‒ 3 523 адам; 
оның  ішінде  1  790  ер  адам,  1  733  әйел  адам.  Сословиелер  бойынша:  мещандар  ‒  2  058, 
шаруалар  ‒  655,  орыс  емес  ұлт  өкілдері  ‒  393  адамды  құрады.  Діни  сенімі  бойынша: 
православтар  ‒  2  858  адам,  мұсылмандар  ‒  647  адам.  Тұрғын  үй  саны  ‒  566,  сауда 
дүкендері  ‒  108.  Қалада  2  православие  шіркеуі,  1  мешіт,  5  училище  болды.  1909  жылы 
Көкшетау уезінің бастығы ‒ статист кеңесші А.И. Соловьев, уезд бастығының көмекшісі ‒ 
Н.А.  Рутланд,  хатшылар:  Кранчев,  Бржезовский,  тілмаштар:  Бархатов,  Каргаполов, 
пристав ‒ А. С. Веретенников деген адамдар болған. Көкшетау уездік шаруа бастықтары 
съезінің төрағасы қызметін Е.П. Пухальский атқарды [1, 186]. 
Атбасар  қаласының  негізі  1854  жылы  казак  қонысы  ретінде  салынды.  1859  жылы 
онда  Атбасар  округтік  приказы  орналасты.  1869  жылы  Атбасар  станицасында  Сарысу 
уездік  басқармасы  құрылды,  ол  1878  жылы  Атбасар  қаласы  болып  өзгертілді.  Атбасар 
Омбыдан 610 верста қашықтықта, Жабай өзенінің бойында орналасқан. 1909 жылы мұнда 
қала  тұрғындарының  саны  ‒  2  741  адам;  оның  ішінде  1  492  ер  адам,  1  249  әйел  адам. 
Сословиелер бойынша: саудагерлер ‒ 45, мещандар ‒ 230, шаруалар ‒ 385, орыс емес ұлт 
өкілдері  ‒  964  адамды  құрады.  Діни  сенімі  бойынша:  православтар  ‒  1  761  адам, 
мұсылмандар  ‒  937  адам.  Тұрғын  үй  саны  ‒  586,  сауда  дүкендері  ‒  197,  православие 
шіркеулері ‒ 3, мешіттер ‒ 2. Атбасар уезінің бастығы қызметін П.И. Гринченко атқарды, 
ал  оның  көмекшісі  Г.  А.  Белозеров,  хатшылары:  Трошков,  Олендзский,  тілмашы  Ә. 
Жылқайдаров болды [1, 189]. 
1911  жылы  облыстағы  қазақ  халқының  саны  540  016  адамды  құрады,  оның  ішінде 
532 828 көшпелі қазақтар және 7 188 отырықшы қазақтар болды. 1912 жылғы 1 қаңтарға 
қарай  облыстағы  қала  халқының  саны  196  175  адамға  жетті.  Оның  ішінде  қалалар 
бойынша: Омбыда ‒ 129 422 адам, Петропавлда ‒ 43 393 адам, Көкшетауда ‒ 4 835 адам, 
Атбасарда  ‒  3  760  адам,  Ақмолада  ‒  14  765  адам.  Алдыңғы  жылмен  салыстырғанда, 
облыстағы қала халқы 3 473 адамға көбейген [2, 6]. Ал 1914 жылдың басында облыстағы 
барлық халық саны 1 525 543 адамға жетті,  оның ішінде ерлер ‒ 785 083, әйелдер ‒ 740 
460  адам.  Бұл  1913  жылғы  халық  санымен  салыстырғанда  29  874  адамға  артық.  Қала 
халқының саны 204 346 адамға жетті. Оның ішінде қалалар бойынша: Омбыда ‒ 137 245 
адам,  Петропавлда  ‒  42  340  адам,  Ақмолада  ‒  16  581  адам,  Көкшетауда  ‒  5  038  адам, 
Атбасарда ‒ 3 142 адам тұрды. 1913 жылға қарағанда, облыстағы қала халқының саны 5 
317 адамға өскен. Шаруа халқының саны 725 088 адамды құрады, оның ішінде уездерде ‒ 
658  642  шаруа,  қалаларда  ‒  66  446  шаруа  мекендеді.  Облыстағы  казак  тұрғындарының 
саны 115 060 адамға жетті. Қазақ халқының санына келсек, 1914 жылдың басында облыс 
аумағында 562 698 қазақ мекендеді, оның ішінде көшпелі қазақтар ‒ 551 453, отырықшы 
қазақтар ‒ 11 245 адамды құрады [14, 8]  
Бірінші  дүниежүзілік  жылдары  Ақмола  облысының  аумағына  соғыс  болып  жатқан 
аудандардан  босқындардың  келгені  туралы  мәліметтер  бар.  1915  жылы  жазда  келген 
босқындарды  тіркеу  және  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  жөніндегі  барлық  жұмыстар 
қалалық комитетте жүргізілді. Сонымен қатар, облыс басқарушысы әскери губернатордың 
шақыруымен  босқындарға  көмек  көрсетуді  реттеу  мәселесі  бойынша  қоғамдық 
ұйымдардың өкілдері қатысқан мәжіліс өткізілді. Бұл кеңестің шешіміне сәйкес:  
1) облысқа келіп жатқан босқындарға Омбы мен Петропавлдағы қоныс аудару және 
әскери азық-түлік пункттерінде азық-түлікпен көмек көрсетілді;  
2)  барлық  босқындарды  медициналық  тексеруден  өткізілді,  күмәнді  сырқаттары 
Омбы  станциясындағы  оқшаулау  пунктіне  жіберілді,  босқындарды  бөлу  пунктінен  олар 
қалаларға  немесе  шаруа  және  казак  елді  мекендеріне  орналастырылды.  Петропавл 
қаласына келген босқындар қоныс аударушыларға арналған барактарда тұрды;  
3)  Петропавл  және  Омбы  қалаларында  қалуға  тілек  білдірген  босқындарға  жұмыс 
қарастырылды;  

 
13 
4)  Шығындарға  қажет  ақша  мәртебелі  княжна  Татьяна  Николаевнаның  комитеті 
қаржысынан сұралды.  
Босқындар  тасқынының  облысқа  жаппай  келуі  1915  жылғы  қыркүйектің  аяғында 
басталды. Олардың ұлттық құрамына қарай облыс аумағында поляк-литва, латыш, эстон 
және  еврей  ұлттық  комитеттері  құрылды.  Бұл  комитеттер  Омбы  қалалық  босқындарға 
көмектесу  комитеті  жанынан  өз  қызметтерін  біріктіріп,  жалпы  ұлттық  комитетті  құрды. 
Ұлттық  комитет  келіп жатқан  босқындармен  кездесу,  оларды  тіркеу,  медициналық  және 
азықтық  көмек  көрсету,  жұмыс  іздестіру  бойынша  қамқорлықты  өз  міндетіне  алды. 
Петропавл  қаласында  еврей  комитеті  ашылды.  Ұлттық  комитеттер  Омбы  қаласында  өз 
пункттерін  ашты,  ал  Томск  округінің  қатынас  жолдары  барактарында  Қалалық  комитет 
босқындарды  бөлу  пункті  орналасты.  Барактар  жазғы  уақытта  ғана  тұруға 
арналғандықтан,  күн  суытқаннан  кейін  оларды  қыс  мезгілінде  тұру  үшін  ыңғайлау 
қажеттілігі  туындады.  Губернатордың  өтініші  бойынша  Ішкі  істер  министрлігі  осыған  8 
000 сом көлемінде қаржы бөлді. Петропавл қаласы басшысының төрағалығымен қалалық 
босқындарға  көмек  жасау  комитеті  құрылып,  Петропавл  станциясында  өтіп  бара  жатқан 
босқындарды тамақтандыру пункті ашылды [15, 10-11].  
Бұл  уақытта  босқындардың  келуі  өзінің  шарықтау  шыңына  жетті,  күніне  орта 
есеппен  4  000-ға  дейін  адам  келді  және  Омбы  станциясында  босқындарды  әкелген 
бірнеше  поездар  жиналып  қалды.  Қалалық  комитет  бұдан  әрі  өтіп  бара  жатқан 
босқындарға  көмек  көрсете  алмай,  1  қазаннан  бастап  өзінің  Омбы  теміржол 
станциясындағы  бүкіл  қызметін  қалдырып,  Омбы  қаласында  орналасқан  босқындарды 
тіркеумен  ғана  айналысты.  Осыған  байланысты  губернатордың  тапсырмасы  бойынша 
шұғыл  түрде  босқындарды  Ертіс  өзенінің  бойындағы  казак  станцияларына  параходпен 
жіберу ұйымдастырылды. Бұл Омбы станциясындағы жұмысты біршама жеңілдетті.  
1916 жылғы 1 қаңтарға қарай облыста орналасқан босқындардың жалпы саны 32 786 
адамға жетті [15, 12]. 
Сонымен,  Ақмола  облысының  нұсқаулық  кітаптарындағы  мәліметтерді  негізге  ала 
отырып, ХІХ ғасырдың 2-ші жартысы – ХХ ғасырдың басында облыс халқын этникалық 
жағынан  ең  алдымен  өлкенің  байырғы  тұрғындары  қазақтар,  одан  кейін  орыстар, 
украиндар,  белорустар,  немістер,  поляктар,  мордвалар,  татарлар,  еврейлер,  литвалықтар, 
латыштар және т. б. ұлт өкілдері құрағанын көреміз.  
Әлеуметтік  құрамы  жағынан  облыс  уездері  халқының  басым  бөлігі  көшпелі  мал 
шаруашылығымен  айналысқан  қазақ  және  отырықшы  егіншілікпен  айналысқан  орыс 
шаруаларынан,  казактардан  тұрды.  Қоныс  аударушы  барлық  этникалық  топтардың 
әлеуметтік  құрылымында  аграрлық  топтар  –  шаруалар  мен  мещандар  басым  болды.  Ал 
қала  халқының  әлеуметтік  құрамында  тұрақты  әскери  қызметшілердің,  азаматтық 
шенеуніктердің,  діни  қызметшілердің  және  саудагерлердің  үлестік  салмағы  едәуір 
артқаны байқалды. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет