Заман талабына сай



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата14.02.2017
өлшемі10,09 Mb.
#4098
1   2   3   4   5   6

А.БАЙДАУЛЕТОВ.

Ербосын Абишев, 

начальник Административно-

хозяйственного управления.

ҰШҚАН ҰЯ

Жетісу 


университеті

бейсенбі, 17 наурыз, 

2016 жыл

4

БІЛІМ ШУАҒЫ

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ



Gazeta.zhgu@mail.ru

Тәрбиенің тамыры – 

ата-ана

Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-

тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлініп 

келеді. Осыған орай, қазақ мектептеріндегі оқыту 

жүйесінде ұлттық, әлемдік негізде жеке тұлғаны да-

мыту бағыттарын енгізу қолға алынуда. Ертеңгі ел 

тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы. 

Сондықтан да, оны тәрбиелей білуде ата-ана мен 

мектептің рөлі бірдей. Отбасы адам баласының өсіп-

өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты 

қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің 

алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі боры-

шы- тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Сын тұрғысынан ойлау 

стратегияларын қолдану

Е

ң бастысы, заман 

талабына сай білім 

беру мен тәрбиеленудегі 

тиімді ізденістер және озық 

тәжірибелерді жүзеге асыра 

отырып, қоғамдық ортада 

өз ойларын еркін айта ала-

тын, саналы тәрбиелі азамат 

қалыптастыру – әр ұстаздың 

міндеті. Нағыз сабақ – ол 

әрқашан диалог, іздене, дайын-

дала, үйрене, кеңесе, шәкірттер 

болашағын ойлай жасалған 

еңбек пен тәжірибенің бірлігі  

болса,  педагогикалық техно-

логиялар оқыту мақсатына 

жетудің тиімді, нақты жолда-

рын көрсетеді.

 Ж. ДЖАДИРОВА, 

К. Ушинский атындағы №7 орта 

мектептің қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

Бала  тәрбиелеу  оңай  жұмыс  емес, 

ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты 

талап  етеді.  Сондықтан,  халқымыз 

өмір  есігін  енді  ғана    ашқан  бөбек 

тәрбиесін  бесіктен  бастаған.  Бүгінгі 

таңдағы  отбасы  тәрбиесі  қоғам  ата-

аналар алдына үлкен жауапкершілікті 

жүктеп  отыр.  Бүгінгі  тәрбие  берудің 

негізгі  міндеттерінің  өзі  «ең  алды-

мен  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі 

оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік, 

ар-ожданы  мол,  мәдениетті,  пара-

сатты,  еңбекқор,  іскер,  бойында 

басқа  да  ізгі  қасиеттер  қалыптасқан 

адамды  тәрбиелеу»  деп  көрсетілген 

Қазақстан  Республикасының  тәлім-

тәрбие  тұжырымдамасында.  Отбасы 

тәрбиесінің  негізгі  мәні  отбасындағы 

өзара  ынтымақтастық  пен  түсіністік 

болып  табылады.  Балалар  ата-

анасының  еңбектегі  ісіне  көңіл  бөліп, 

оны  түсінуге  тырысады.  Ата-аналар  да 

балаларының  күн  сайынғы  әрекеттерін 

қадағалап  жағдайларын  біліп  отырады. 

Отбасының берік негізі-осы рухани мүдденің 

бірлігінде.  Оның  біртұтас  ынтымақта  бо-

луы,  әке-шешенің  бір-біріне,  балаларына, 

олардың достары мен жолдастарына деген 

қарым-қатынасына байланысты болады.

Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы 

баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан 

жіберілетін  кемшіліктерді  ескерте  отырып, 

отбасы  тәрбиесін  ұйымдастыруға  кеңестер 

береді.  Абай  өзінің  10-шы  сөзінде:  «Әуелі 

балаңды  өзің  алдайсың:  әне,  оны  берем, 

міне,  мұны  берем  деп,  баста  балаңды 

алдағаныңа  мәз  боласың.  Кейін  балаң  ал-

дамшы  болса,  кімнен  көресің?»-деп,  бала-

ларына  теріс  тәрбие  берген  ата-аналарды 

сынайды.

ата-ананың  өзі.  Балаға  дүниеге  келісімен 

көп  көңіл  аударып,  өнегелі  қасиеттерді  от-

басында қалыптастырған жөн. 

Баланы  балабақшаға,  мектепке  бер-

ген  соң  ата-ана  тәрбиешімен,  мұғаліммен  

тығыз  қарым-қатынаста  болып,  оның 

дұрыс  тәрбиесі  мен  білім  алуына  бірлесе 

әрекет  етуі  тиіс.  Еліміздің  өркендеуі,  да-

муы,  болашағы  қазіргі  жас  ұрпағымыздың 

тәрбиелі,  жан-жақты  білімді  болуына  көп 

байланысты.  Үй  ішіндегі  тірлікке  баланы 

қатыстыра  отырып,  онымен  сөйлесу  ата-

ана  дағдысына  айналса  құба-құп.  Тіпті 

баланың  көзге  көрінер-көрінбес  кейбір  ізгі 

қасиеттерін  де  айтып,  жақсы  талпыныста-

рын бағалап, үміт білдіріп отырса, соғұрлым 

ол  сенімді  бағалай  біледі,  ашыла  түседі. 

Өйткені,  білгенін  айта  білуге  ұмтылдыру  

ата-ананың  да  міндеті  екенін  ұғына  білген 

дұрыс.  Отбасындағы  шынайы  ұлттық 

«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. 

Балаларын  бесікке  бөлемеген  елден  қорқам.  Екінші,  немересіне  ертегі  айтып 

беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар 

өсіп келеді. Солардан қорқам» 

Бауыржан Момышұлы.

«Баланың  дене тәрбиесі және білім-танымы бірге жүргізілуі қажет»

 Ибн Сина.

Қазақ 


ағартушыларынан 

Спандияр 

Көбеев  те  отбасы  тәрбиесі  мәселесіне  аса 

үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы семья-

да  тәрбиелеу»  атты  еңбегінде  ата-ананың 

балалары  алдындағы  беделі  отбасындағы 

тәрбие  нәтижесі  екендігін  атап  көрсетеді. 

Әрине, әркім өз баласының тәрбиелі, білімді 

болғанын қалайды, әрі еңбексүйгіш, жақсы 

адам болса, халыққа пайдасын тигізетін бір 

маман иесі болса екен деп тілейді.

Шынымен  де,  мектепті  білім  ошағы, 

тәрбие  қолға  алынса,  бала  нағыз  ұлт  аза-

маты  болып  қалыптасады.  Керісінше,  әже 

әжелігін,  ана  -  отбасы  ұйытқысы  қызметін 

атқармаса,  әке  өз  міндетін  білмесе,  әр 

баланың болашақта өзін де, өзгені де сый-

лап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын 

ойлап  жарытпайтыны  белгілі.  Балалар-

ды  тәрбиелеуде  ата-аналарды  сабаққа, 

тәрбиелік  шараларға  қатыстыру,  олармен 

тығыз  байланыс  жасаудың  өзіндік  орны 

бар. Сондықтан, мектептегі әр іс-шараға тек 

тәрбие  ордасы,  тағылым  табалдырығы 

деп  түсіне  біліп,    отбасында  өзінен  өрген 

ұрпағына тағылымды, өсиетке толы тәрбие 

берер  үлкендердің  азайып  бара  жатқаны 

жанды қинайды. Бала тәрбиесінде ұстаз бар 

ауыртпалықты өз мойнымен көтермей, ата-

анамен бірлесе көтеруді мұрат етеді. Бірақ, 

күнделікті  күйбең  тірлікті  теледидардағы 

шетелдік сериалдарға айырбастап үлгерген 

ата-аналарға баланың көп уақыты өздерінің 

жанында  болуға  тиіс  екенін  ұғындыра  ал-

май келеміз. Баланың күнделікті әрекетінің 

бір  де  біреуін  ескерусіз  қалдырмау  ке-

рек.  Жақсылығын  мақтап,  білмегенін  ай-

тып  түсіндіріп,  үйретіп  отыру  баланы 

жетістіктерге  жетелейді.  Жақсы  тілек  пен 

ниеттің  орындалуына  мүмкіндік  жасайтын 

уақыт  өткізу  деп  қарамай,  оның  тәрбиелік 

мәні  өте  зор  деп  ұққанымыз  жөн.  Бірлесе 

еңбек етейік, сол еңбегіміздің жемісін бірге 

көрейік. 



ТҮЙІН: Олай болса, Абай ата-

мыз айтқандай, “көкірек көзін оята 

тәрбиелеу” ата-анадан басталуы 

қажет деп ойлаймын. Әрбір ата-ана 

өзінің алдына осындай мақсат қойып, 

оның жүзеге асуына мән беретін болса, 

сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі, 

білімді болып өсуіне жол ашады.

Б. ОТАРШИНОВА, 

Шестаков атындағы орта 

мектептің тәрбиешісі

Ескелді ауданы.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін 

дұрыс  таңдау.  Жаңа  педагогикалық  техно-

логиялар  оқушының  жеке  тұлғалық  күшін 

арттырып,  шығармашылық  ойының  даму-

ында басты рөл атқарады.

Жаңа 

технологияларды 



меңгеру 

мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, 

рухани,  азаматтық  және  де  басқа  да 

көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына 

игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-

тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына 

көмектеседі.  «Өз  еңбегін  талдай  білген 

адам  ғана  тәжірибелі  ұстаз  бола  ала-

ды»  деген  В.  Сухомлинскийдің  сөзін 

оқытушының  талмай  ізденген  еңбегінің 

нәтижесінде  ғана  көрінетіні  белгілі.  Қазіргі 

кезде  білім  мен  техниканың  даму  деңгейі 

әрбір  оқушыға  сапалы  және  терең  білім 

беруіне  жағдай  жасап  отыр.  Оқытушы  

баяндайды,  әңгімелейді,түсіндіреді,  ал 

оқушы  тыңдайды,  қабылдайды,  ойлайды 

т.б, таным әрекетерін жасайды.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді 

тұстары  көп.  Бірқатарына  тоқталатын 

болсақ,  ол  алдымен  оқушының  пәнге 

деген  жеке  қызығушылығын  оятады, 

танымдық  қабілеттілігін  қалыптастырады 

және  ортада  әлеуметтік  мәдени  тәрбие 

қалыптастыратындығы  аян.  Әр  оқушыны 

шығармашылық 

жұмысқа 


баулып, 

оқытушының  уақытын  үнемдейді  әрі 

қосымша  мәліметтер  алуға  мүмкіндік 

туғызады. Мұғалімге не береді? деген сауал 

төңірегінде жауап берсек, біріншіден, барлық  

баланы  оқыту  кезінде  оқу-тәрбие  үрдісін 

тиімді  ұйымдастыруға  көмектесе  отырып, 

білім  берудің  формасын  оңайландыру 

міндеттерін  атқару  және  оқушының  жеке 

қабілетін  айқындауға,  ізденіс  қарқынын 

таразылауға 

жәрдемдеседі. 

Бұрын 

оқушылар  тек  тыңдаушы  болса,  енді 



ізденуші,  ойлаушы,  өз  ойын  дәлелдеуші, 

ал  мұғалім  осы  әрекетке  бағыттаушы, 

ұйымдастырушы.

Сын  тұрғысынан  ойлау    жобасы  мына-

дай  үш  құрылымнан  тұратындығын  жақсы 

білеміз.  Олар:  қызығушылығын  ояту, 

мағынаны  тану  және  ой  толғаныс.  Сын 

тұрғысынан  ойлау  –  өз  алдына  сұрақтарға 

жауап  іздеп,  жан-жақты  пікірлесу,  талдау 

жасап  отыру,  яғни  оқушы  санасын  сол 

тақырыпқа  байланысты  ояту,  ой  шақыру, 

ойын  жеткізу  оны  дәлелдей  алу.  Сонымен 

қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, 

сол пікірлерді салыстыру.

Бұл  технологиялық  негізгі  ұстанымдар: 

әлсін–әлі  қайталау,  міндетті  кезеңдік 

бақылау, 

тіректерді 

пайдалану, 

келіспеушіліктің 

болмауы, 

оқушының 

жетістіктерінің  жариялылығы,  қателерді 

түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар 

дарынды,  табысқа  жетуге  жағдай  жасау, 

оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамы-

ту  күрделі  процес  болып  келеді.  Сыни 

ойлау 

ақпарат 


алудан 

басталып, 

қаралатын  мәселеге  байланысты  шешім 

қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез 

– келген жас аралықтарына тән. Сыни ой-

лау  күрделі  үрдіс  болғандықтан,  оқушыға 

сыни  ойлау  ортасын  жасау  қажет.  Мұнда 

әр  оқушының    ойы  шыңдалып,  өз  даму 

деңгейіне  сай  жетістіктерге  жетуге  бола-

ды.  Сын  тұрғысынан  ойлау  стратегиясын 

қолданып,  сабақ  өткізу  кезінде  әр  оқушы 

өзіне  нақты  мақсат  қоюға  дағдыланып, 

өзіне  деген  сенімі  артары  анық.  Содан 

соң  оқу  процесіне  белсенді  қатысады 

және  жолдастарының  пікірін  сыйлайды 

да,  өзін  толғандыратын,  проблемалық 

сұрақтар  қоя біледі. Сондай-ақ, сараптауға, 

бағалауға    дағдыланып,  пәнге  деген 

қызығушылығы  артады.  Сын  тұрғысынан 

ойлау  технологиясының  кейбір  стратегия-

ларын өз сабақтарымда кеңінен қолданып, 

оны  өз  тәжірибемде  қолдану  арқылы  көз 

жеткізіп жүрмін.

Бұл  технологияда    бұрынғы  білім  мен 

жаңа  ұғым  ұштастырылады.  Ал  соңғы 

кезеңде  оқушы  өз  шығармашылығынан 

қабілетін  таныта  алады.  Мұнда  оқушыға 

ойланып  толғануға  уақыт  берілуі  керек, 

ойын  айтуға  оқушы  шығармашылығын 

қалыптастыратынын атап өту керек.



Жаңа  технологияның  принциптері 

-  оқытуды  ізгілендіру,  өздігінен  білім 

алып,  ізденіс  арқылы  дамитын,  өзіндік 

дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге 

бейім  жеке  тұлғаны  қалыптастыру. 

Жаңа  оқыту  технологиясы  арқылы 

оқушы қандай да болмасын ақпаратты 

өздігінше  игеріп,  өз  өміріне    жарата 

алатын  әмбебап  тәсілдерді  үйрену  ке-

рек. Технологиялық жүйелілікті сақтай 

отырып,  қазіргі  сабаққа  қойылатын 

талаптарды  қатаң  ескерген  мұғалім, 

оқушылар  шығармашылығын  арт-

тырып,  білім  бәсекелестігіне  дұрыс 

бағыт – бағдар бере алады.

Жетісу 

университеті



АДАМ және ЗАҢ

бейсенбі,  17 наурыз,

2016 жыл

5

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІН ӘЛЕМНІҢ САЯСИ ӘДЕБИЕТІНЕ ЕН-

ГЕН САЯСИ ТҮСІНІКТЕРДІҢ БІРІ "ГЕНОЦИД" ДЕГЕН ЖАҢА ТЕРМИН ПАЙДА БОЛДЫ. 

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ  ОҚИҒАЛАРЫ ӘЛЕМДІК ҚОҒАМНЫҢ БҰЛ АРСЫЗ  

ҚҰБЫЛЫСПЕН КҮРЕСУГЕ ШЫНДАП КӨҢІЛ БӨЛУІНЕ СЕБЕП БОЛДЫ. БҮГІННЕН  

БАСТАП  ҰСЫНАТЫН БАҒДАРЛАМА ТОПТАМАСЫНДА АТАЛМЫШ ҚҰБЫЛЫСТЫҢ ТА-

РИХЫ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІМЕН ТАНЫСТЫРУҒА ТАЛПЫНЫС ЖАСАУМЕН ҚАТАР, ӨТКЕН  

20 ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ОСЫ САЛАДА ОРЫН АЛҒАН КЕЙБІР АПАТТАРДЫ ТАЛҚЫЛАЙМЫЗ.

Gazeta.zhgu@mail.ru

ХАЛЫЌАРАЛЫЌ ЌЫЛМЫСТАЃЫ 

ГЕНОЦИДТIЊ Ќ¦ЌЫЌТЫЌ ЌЫРЛАРЫ

Геноцид  ежелден  келе  жатқан  қылмыс 

болғанымен  жаңа  термин.  Әрине,  бұрынғы 

мен  бүгінгі  кездегі  геноцид  болмысының 

айырмашылығы  бар.  Жаппай  қырып-

жоятын қару-жарақ пайда болмастан бұрын 

ешбір  адам  жалғыз  өзі  мыңдаған  адам-

ды  өлтіре  алмайтын  еді.  Сол  себепті  дене 

түршігерлік  қылмысты  іске  асыру  үшін 

басқалардың  көмегін  қажет  ететін.  Осыған 

орай  бұрынғы  кезде  геноцид  шын  мәнінде 

көп  адамның  басқа  көп  адамға  қарсы 

әрекетінің  нәтижесі  болды.  Бірақ,  өкінішке 

орай, өткен онжылдықтарда геноцид аз сан-

ды  адамдарға  қарсы  іске  асырылуда.  Екі 

дүниежүзілік соғыс жиіркеніш, қатыгездік пен 

жаппай  қырып-жоюдың  таралуына  қажетті 

жағдай  тудырды.  Сол  себепті  Польшаның 

әйгілі заңгері Рафаэль Лемкин 1933-ші жылы 

геноцидті қылмыс деп санау туралы ұсыныс 

жасады.  Ол  қылмыс  құқығын  бірқалыпты 

етуге  қатысты  Мадридтегі  халықаралық 

конференцияда этникалық, нәсілдік немесе 

діни топ өкілдерін түгелдей немесе жекелеп, 

қасақана  қырып-жоюды  аса  ауыр  қылмыс 

деп  санауды  ұсынды.  Екінші  дүниежүзілік 

соғыс  аяқталып,  БҰҰ  құрылған  соң, 

1946-шы  жылдың  желтоқсанында  қарар 

қабылданып,  геноцидтің  қылмыс  екендігі 

және  өркениетті  әлемнің  оны  айыптайты-

ны  қуатталды.  БҰҰ  9-шы  желтоқсанда 

№260-3  қарарына  байланысты  геноцидқа  

тыйым  салатын  конвенцияның  мәтінін 

бекітті.  Аталмыш  конвенция    1951-ші 

жылдың  12-қаңтарынан  бастап  іске  асы-

рылатын  болды.  Сөйтіп,  әлемдік  ең 

жоғары  мақсат  пен  адамзаттың  арманын 

айқындаған адам құқығы жарлығынан кейін 

халықты  жоюға  тыйым  салатын  геноцидқа 

қарсы конвенция бекітілді. 

БҰҰ-ның  геноцидке  берген  түсініктемесі 

бірнеше  ерекшелікті  қуаттады.  Мына-

дай  әрекеттер  геноцид  болып  есептеледі: 

белгілі  бір  топтың  мүшелерін  өлтіру; 

оларға  қасақана  түрде  физикалық  және 

психикалық  тұрғыдан  ауыр  зақым  келтіру, 

оның  тұтастай  немесе  бір  бөлігінің  құрып 

кету қаупін туғызатын жағдай туғызу; осын-

дай топтың ішінде бала тууды болдырмауға 

бағытталған  шаралар;  бір  топтың  бала-

ларын  зорлықпен  тартып  алып,  басқа 

топқа  беру.  Геноцидтің  өзімен  қатар,  оны 

ұйымдастыруды  мақсат  ету  қастандығы, 

геноцидті  ұйымдастыруға  тікелей  және 

жария  түрде  арандатушылық,  геноцидке 

бірге  қатысу  да  жазаланады.  Геноцидтің 

ерекшелігі  бұл  құбылыс  тек  мыңдаған 

адамды өлтірумен шектелмейді. Геноцидтің 

мақсаты  –  белгілі  бір  топты  нысанаға  алу. 

Бұл топтың  мүшелері өлім қатерімен кезігіп, 

айыпталады. Өз мүлкі мен қаржысынан ай-

рылып, азап көреді. Үйі мен ата-бабасының 

жерінен    қуылып,  нәтижесінде  қырылып-

жойылады.  Тарих  ұлттық  топтардың  оңай 

түрде құрбанға айнала алатынын көрсетеді. 

Бұл  топтар,  әсіресе  аз  санды  болса, 

көбінесе  жаман  адамдар  болып  көрсетіліп, 

қоғамда да бөтен саналады. Геноцидтің  та-

мыры кеңейген сайын оның құрбандары да  

өз  елі  үшін  үлкен  қатер  саналып,  соңында 

осы күнгі және алдағы әрекеттеріне байла-

нысты нысанаға алынып, жазаланады.    

Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  бұл 

қылмыс  халықаралық  сахнада    ең  үрейлі 

қылмыс болып тіркелгенімен, өкінішке орай, 

әлем  халықтары  әртүрлі  кезеңдерде  түрлі 

апаттардың    куәсі  болды.  Геноцид  оған 

дейін    адамзатқа  қарсы  қылмыс  ретінде 

талқыланды,  бірақ  уақыт  өте  адамзатқа 

қарсы  қылмыс  пен  геноцид  арасындағы 

айырмашылық көбейіп, олардың әрқайсысы 

қудаланып,  жазаланатын  тәуелсіз  қылмыс 

ретінде  танымал  болды.  Геноцид  соғыс 

кезінде немесе бейбіт кезде де орын алуы 

мүмкін. Адамзатқа қарсы қылмыс деп әскери 

емес қарапайым халыққа қарсы үкімет не-

месе  бір  ұйымның  саясатын  іске  асыру 

мақсатында  іске  асырылған,  кең  ауқымды 

және ұйымдастырылған шабуылды айтады. 

Мұндай  әрекеттерге  қырып-жою,  құлдық, 

азап-қорлық, жыныстық шабуыл, жыныстық 

құлдық, 


кемсітушілік, 

халықаралық 

құқықтардың  негіздеріне  қайшы  келетін 

тыйым  салулар  жатады.  Сол  себепті 

адамзатқа  қарсы  қылмыстарды  іске  асыру 

үшін үш фактор, атап айтқанда әскери емес 

халыққа қарсы шабуыл жасау, шабуылдың 

ауқымдылығы  мен  ұйымдастырылуы  және 

жасалатын  шабуылға  қатысты  білім  қажет 

саналады.  Бұл  қылмыс  халықаралық  не-

месе  халықаралық  емес,  сондай-ақ, 

үкіметтік және үкіметтік емес болуы мүмкін. 

Кемсітушілік, дерт, қатыгездік, жақын адам-

дар мен босқындардың өлімі бұл адамдарға 

үлкен  соққы  болады.  Бұл  құрбандар 

жақсырақ  күндерге  жету  үшін  әділетке 

жетеміз деп үміттенеді. Бірақ олар әрқашан 

геноцидтің  теріске  шығарылуымен  бетпе-

бет келді. 

Қылмыстылық  жағдайы  және  онымен 

күрес  проблемалары  мамандардың  ғана 

емес, сонымен қатар маман емес көпшіліктің 

де назарын осы салаға аударып келеді. Бұл 

мәселе  криминология  құзыретіне  кіреді. 

Ол  қылмыстылықты  мемлекетте  немесе 

оның  жеке  аймағында  белгілі  бір  нақты 

кезеңде  жасалған  барлық  қылмыстардың 

жиынтығын 

сипаттайтын 

қоғамдағы 

әлеуметтік  құбылыс  деп  айқындайды. 

Қылмыстылық — бұл болып, өзгеріп тұратын 

құбылыс, яғни ол қоғамның белгілі бір даму 

сатысында  пайда  болады,  әлеуметтік-

экономикалық  құрылымдар  мен  нақты  

саяси  жүйелердің  тарихи  ерекшеліктеріне 

сәйкес түрлі елеулі өзгерістерге де ұшырап 

отырады. Мемлекеттің қылмыспен күрестегі 

рөлі  қандай?  Ол  көбіне-көп  сақтандырушы 

-превентивті,  репрессивті  және  тәрбилеу 

сипатындағы  ішкі  мемлекеттік  шараларды 

қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады.  Де-

генмен,  мұндай  шаралар  оң  нәтижелерге 

жету үшін аздық етеді. Қылмыспен күресте 

мемлекеттер ынтымақтастығына үлкен рөл 

беріліп келеді.          

Сонымен,  саланың  зат  құрылымын  са-

ралауды  ескере  отырып,  халықаралық 

қылмыстық құқық - бұл халықаралық шарт-

тарда  көзделген  қылмыстармен  күресудегі 

мемлекеттердің 

ынтымақтастығын 

реттейтін  қағидалар  мен  нормалар  жүйесі 

екенін атап өту қажет.

Халықаралық 

қылмыстық 

құқық 

халықаралық жария құқықтың жеке бір са-



ласы. Соған орай, халықаралық қылмыстық 

құқықта  дербес  зерттеу  заты,  құқықтық 

нормаларды  қамтамасыз  етудің  ерек-

ше  тәсілі,  арнаулы  қағидалар  жүйесі, 

халықаралық  қылмыс  субъектілері  бар. 

Сондай-ақ, 

халықаралық 

қылмыстық 

құқыққа  қылмыстық  құқықтың  көпшілік 

мойындаған институттары да тән: қылмысқа 

бірге қатысу, қажетті қорғану, аса қажеттілік 

және т.б.

Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  қылмыспен 

күрестегі  мемлекеттер  мен  халықаралық 

ұйымдар 

қызметтерінің 

үйлестіру 

орталығы  болып  табылады.  Мұндай 

қызмет  қылмыстылықтың  алдын  алу, 

онымен  күресу  және  құқық  бұзушыларға 

ізгілік  көзқарасқа  көмектесу  саласында 

тәжірибелер  алмасу  арқылы  жүзеге  асы-

рылады.  БҰҰ  қызметінің  бұл  бағыты  1872 

жылы  құрылған  Халықаралық  қылмыстық 

және  пенитенциарлық  комиссия  (ХҚПК) 

қысқартылғаннан  кейін  1950  жылы  орнай 

бастады.

БҰҰ 


қызметіндегі 

халықаралық 

ынтымақтастықтың 

дамуы, 


қылмыстылықтың  алдын  алу,  онымен 

күресу  және  құқық  бұзушылармен  қатынас 

жасауды бірқатар факторлар айқындайды:

• Қылмыстың нақты қоғамның объективті 

негізделген  әлеуметтік  құбылысы  ретінде 

болуы,  мемлекеттердің  олармен  күресте 

жинақталған 

тәжірибелермен 

алмасу 

қажеттігі:



• 

Халықаралық 

қауымдастықта 

м е м л е к е т т е р д і ң ұ л т а р а л ы қ 

корпорацияларының қылмыстық әрекеттері 

алаңдатушылық туғызуда;

•  Ұйымдасқан  қылмыстар  үлкен  залал 

әкелуде – олар мемлекеттердегі қылмыстық 

істердің ажырамас бөлігіне айналды;

•  Бірқатар  мемлекеттер  үшін  есірткі  зат-

тарын заңсыз сату, ұшақтарды айдап әкету, 

әйелдер мен балаларды сату сияқты елеулі 

проблемалардың бірі болып отыр.

Жарты  ғасырдан  астам  кезең  ішінде 

БҰҰ  қарастырып  отырған  мәселедегі 

халықаралық  ынтымақтастықты  үйлестіру 

мен тиімді қолдауға жәрдемдесті. Сонымен 

бірге,  БҰҰ-ның  қосалқы  органдарының  да 

белсенді  рөлі  бар,  оның  ішінде,  БҰҰ-дың 

қылмыстылықтың  алдын  алу  және  құқық 

бұзушылар  мен  қатынас  жасау  Комитетін 

айтуға болады.

Жағымсыз, 

теріс 


құбылыс- 

қылмыстылықтың 

алдын 

алу 


және 

бұлтартпау шаралары туралы мәселелерді 

шешуге 

бағытталған 



мемлекеттердің 

кез  келген  әрекеттері  халықаралық 

ынтымақтастық  заңдарына  негізделуі  тиіс 

және  халықаралық  құқықтың  мынадай 

қағидаларының  негізінде  жүзеге  асыры-

луы  керек:  мемлекеттердің  дербес  теңдік 

қағидасы, мемлекеттердің ішкі істеріне қол 

сұқпау қағидасы, бейбітшілікті қолдау және 

халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қылмыстық 

істердің 

алдын 


алу  

проблемалары.  БҰҰ  Конгрестерінде,  Ко-

митет  мәжілістерінде  қарастырылатын 

мәселелердің жартысынан көбі қылмыстың 

алдын 

алуға 


жатқызылады. 

Осы 


саладағы  БҰҰ  органдарының  қызметін 

күшейту  кейінгі  жылдардағы  қылмыстық 

істердің  криминологиялық  аспектілерінің 

үдеп  кетуіне  байланысты  болып  отыр. 

Халықаралық 

қылмыспен 

күрес 

іс-


тәжірибесі  халықаралық  және  ұлттық 

органдардың  құқық  бұзушылықтардың  ал-

дын  алу  қызметтерінің  келешегін  көрсетіп 

отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет