Заман талабына сай


сақтап,  әлемдік  сахнаға  жаңашылдық



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата14.02.2017
өлшемі10,09 Mb.
#4098
1   2   3   4   5   6

сақтап,  әлемдік  сахнаға  жаңашылдық 

енгізіңдер,  көмектесеміз"  десе,  қандай 

өтініш білдіретін едіңіз?

Әлбетте, 



кез-келген 

саланың 


тұралап  қалуы  да,  биікке  самғап  асулар-

ды  бағындыруы  да,тікелей  қаржылық 

мүмкіндіктерге  байланысты.  Мата,  тігін 

жұмысы,  оны  көрсетілімдерге  апару  та-

лап,  талантпен  қатар  қаржыны  қажет 

етеді.  Жеке  басымнан  өткенді  мысалға 

келтірейін. 2012 жылы атақты франциялық 

сәнгер Пьер Карден 90 жасқа толып, соған 

орай  әлемдік  деңгейде  небір  мықты  ди-

зайнерлер  сынға  түскен  сайысқа  шақырту 

алдым.  Ресейдің  намысын  атақты  Вален-

тин  Юдашкин  қорғаса,  еліміздің  атынан 

жалғыз мен бардым. Сол жерге отыз шақты 

мемлекеттің сәнгерлері жиналды. Менің ба-

сты мақсатым берілген мүмкіндікті пайдала-

нып, ұлттық нақышымызды көрсете білу еді. 

Тек көрсетіп қана қоймай, ұзақ уақыт есте 

сақтайтындай  әсер  қалдыру  болатын.  Сол 

кезде  заманауи  технологияны  киімдерге 

кірістіру  ойыма  келді.  Шара  соңында 

дәстүрімізге сәйкес Пьер Карденнің иығына 

шапан  жауып,  алғысына  бөленіп,  ерекше 

аталып  қайттық.    Бүгінде  сол  топтаманың 

бір  көйлегі  Пьер  Карденнің  мұражайында 

ілулі  тұр.  Сол  көрсетілімде  еліміздің 

абыройын  қорғап,  ойымдағыларды 

жүзеге  асыру  үшін  12  мың  евродай 

қаражат жұмсадым. 



-Әлемдік сән сахнасына отандық 

дизайнерлер  мықтап  аяқ  басқан 

кезде оң ықпалын жасайтын және 

кері  ықпалын  тигізер  ақпарат 

ағыны 

қоғамды 

шарпитыны 

түсінікті.  Оның  ішінде  түрлі  ауру-

лар бар. Теріс жақтарынан қорғану үшін 

не істеу қажет?

-  Шындығы  сол,  өнер,  еңбек,  мәдениетті 

түйістіріп  қана  қоймай,  қоғамның  санасы-

на  тікелей  ықпал  жасайтын  біздің  салаға, 

өкінішке  орай,  бүгінде  қажетті  назар  ауда-

рылып  жүрген  жоқ.  Құдайға  шүкір,  елдің 

әлеуметтік-экономикалық жағдайы түрлі күй 

кешіріп  жатса  да,  мемлекетіміз  қарқынды 

даму  үстінде.  Алайда,  отандық  дизайнер-

лер көбіне өз күшіне сеніп жұмыс атқаруда. 

Әлемдік  сән  сахнасының  жілігін  шағып, 

майын  ішіп  жүрген  дизайнерлердің  отаны 

бүгінде  оның  пайдасымен  қатар  зарда-

бын  да  шегуде.  Бірінші  кезекте,  модель-

дерге  еліктеймін  деп  сол  елдерде  шаман-

дан  тыс  арықтау  яғни  анарексия  ауруына 

шалдығушылар саны көбеюде, булимия да 

сән  қуушылардың  жиі  шалдығатын  дерті 

(ред.  аяқ  астанан  қарын  ашу  арқылы,  ша-

мадан  тыс  ас  жеумен  сипатталатын  тал-

ма  ауруына  ұқсас  психикалық  ауытқу,  ол 

орталық жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйе 

жұмысының бұзылуына әкеледі). Сондай-ақ 

бүгінде  Еуропада  кеңінен  тараған  жыны-

сты  өзгертушілер  мен  дәстүрлі  емес  отба-

сын құрушылардың санасына бір ықпалын 

тигізген сән әлемі дейді мамандар. Моданың 

аталмыш  теріс  ықпалын  қоғамымызда 

болдырмас  үшін,  оның  алдын-алған  жөн. 

Мәселен,  сәнгерлер  бірігіп  бір  қоғам  құру 

керек  шығар.  Жиі  бас  қосып,  елдегі  сән 

саласының оң-солын екшелеп, ұсыныстары 

мен  идеяларын  жоғары  жаққа  жолдап 

тұруы  қажет.  Тіпті,  тиісті  заң  қабылдау 

үшін  ұсыныстар  жасауы  тиіс.  Мемлекет 

те  бұл  салаға  бей-жай  қарамағаны  жөн. 

Дүниені  дүрліктіріп  жатқан  жат  дүниелер 

бізді  де  айналып  өтпеуі  мүмкін.  Мәселен, 

Испания,  Бразилия,  Италия,  мемлекеттері 

арық  модельдердің  жарнамаға  қатысуына 

тыйым  салған.  Израильде  модельге 

қойылатын  заңды  талап  бойы  175  см  бол-

са,  салмағы  кем  дегенде  57  кг  болуы  тиіс. 

Одан  төмен  болса  онымен  келісімшартқа 

отыруға  заңдық  тұрғыда  тыйым  салынған. 

Сондай-ақ, суретке түскенде иығы мен жам-

бас  сүйектері  көрінбеуі  қажет.  Өз  елінің 

азаматтарын  іс  жүзінде  сән  сахнасының 

салқынынан қорғау деген осы.

-  Қазақы  нақыш,  басқа  да  бір  сәндік 

бағыттың  қоғам  арасында  қолданысқа 

еніп, сіңіп кетуіне не ықпал жасайды? 

- Бұл өте қиын үдеріс. Бес саусақ бірдей 

болмайтындай,  адамдардың  талғамы  да 

сан түрлі. Біреу тумасынан ұлттық нақышқа 

іштей  жақын  болса,  олар  аталмыш 

бағытты  қос  қолдап  көтермелейтіні  анық. 

Алайда,  қоғамдағы  түп  негізінен  ажырған 

қандастарымызға  сәннің  бұл  тенденция-

сын  мойындату  оңай  емес.  Дегенмен  де, 

жалпы  қоғам  үшін  зиялы  қауым  өкілдері, 

өнер, мәдениет саласында үнемі халықтың 

көз алдында жүретін адамдар шешуші рол 

атқара  алады.  Сіз  меңзеп  отырған  бүгінгі 

азаматтарымыздың 

күнделікті 

киім 


киісіндегі 

ою-


өрнектің 

көрініс 


табуына 

меніңше 


бірқатар  адамдар 

әсер  етті.  Киімдері 

еуропалық 

үлгіде 


болса  да,  оған  сәл 

де  болса  ою-өрнек 

салғызып 

киетін 


Қарақат 

Әбілдина, 

соңғы  кездері  кешкі 

ж а ң а л ы қ т а р д а 

оюланған  тамаша  же-

леткелермен 

шығып 

жүрген  Жанат  Бақыт, 



ұлттық 

нақыштағы 

бұйымдар 

тағатын 


жұлдыздар 

көпшілік 

үшін  тамаша  үлгі  болу-

да.  Ерлер  жағына  ке-

лер  болсақ,  Бекболат 

Тілеухан, 

Балғынбек 

Имашев 


ағаларымыздың 

күнделікті 

киім  киісінде  ұлттық  болмысты  сақтай 

білуі  көпшіліктің  назарына  ілігуде.  Бұл 

тек  көзтартар  сән  емес,  ұлттық  рухты, 

патриоттық сезімді оятады. Шығармашылық 

жолында  жүрген  біз  сияқты  адамдарды  игі 

істерге итермелейді. 



-  Бүгінде  көпшілік  сізді  имиджмей-

кер, яғни әр адамның жеке дене бітіміне 

сай  киім  таңдаудың,  жеке  стиль 

қалыптастырудың  маманы  деп  тани-

ды.  Ендеше,  үйлесімді,  стильді,  алай-

да  ұлттық  нақышта  киінгісі  келетін 

адамдарға  берер  әмбебап  кеңесіңіз  бар 

ма?

- Итальяндық сәнгер Джании Версаченің 

топтамаларын 

мысал 


ретінде 

алар 


болсақ,  оның  пайдаланатын  өрнегі  біздің 

ботамүйізге ұқсас келеді. Алайда, ол киімнің 

жағасына,  аксесуарлардың  жиектеріне 

жіңішкеленіп орналасады. Бұл бірден көзге 

түспесе де, өзіндік ерекшелік беріп тұрады. 

Қазақы  оюды  қолданғанда  да  оған  баса 

назар  қоюдың  қажеті  шамалы,  бұл  біраз 

ерсілеу көрінуі мүмкін. Сондықтан, біртіндеп 

асқан  талғаммен  ұлттық  нақышымызды 

үгіттей беру қажет.  Ерлерге қатысты айтар 

болсақ, іскерлік киім киген кезде бірден көзге 

түспесе де, кішкене болса да болмысыңызға 

ұлттық  нақыш  беріп  тұратын  көзәйнектің 

жиектемесі,  әлде  көйлектің  жең  ілгегі  ою-

мен өрнектелген болуы мүмкін немесе оюлы 

белбеу  тағуға  болады.  Қуанышымызға 

орай  бүгінде  қолөнер  шеберлерінің  жаңа 

бір  толқыны  бой  көтеріп  келеді,  солардың 

қолмен  жасалған  әмиян,  белбеу,  түрлі 

әшекей  бұйымдарын  дүкеннен  табу  қиын 

емес. Оларды күнделікті киіммен үйлестіріп 

қолдану бүгінде өте сәнді. Үлесімді, талғамға 

сай киінемін дейтін қыз-келіншектер жағына 

келер  болсақ,  әуелі  әрбіреуі  өзінің  жеке 

дене бітімінің ерекшеліктерін ескеруі қажет. 

Әдетте  әйел  сымбаты  төрт  түрлі  болады: 

алма,  алмұрт,  құмсағат  және  аударылған 

үшбұрыш.  Одан  соң  адамдар  көз,  шаш, 

тері  түсінің  ерекшеліктеріне  орай,  қыс, 

көктем,  жаз,  күз  болып  бөлінеді.  Әр  мезгіл 

адамының  өзіне  ғана  жарасатын  түстері 

болады.  Осының  барлығын  ескерсе,  өзіне 

жарасатын киімді таңдау да қиын емес. Ал 

әмбебап  киім  ретінде  желеткені  атар  едім. 

Қазір  ұлттық  нақышта,  заманауи  үлгілер 

шығып  жатыр.  Оны 

қонаққа 

барғанда, 

әшекей  бұйымдармен 

толықтырып  киюге  бо-

лады.  Іскерлік  киіммен 

де  үйлестіруге  болады 

және  күнделікті  далаға 

киюге жарайды.    



-Кәсіби арманыңыз.

-  Өзім  сияқты  сти-

л и с т - и м и д ж м ей к е р 

мамандардың  санын 

арттыру,  нәтижесінде 

ірі  жобаларды  жүзеге 

асыру.    Сол  мақсатта 

еліміз  бойынша  «Стиль  теоремасы» 

атты  тренингтер  өткізіп  жатырмын.  Бізде 

дамымаған  бұл  кәсіптің  болашағы  зор. 

Бәрі де өз қолымызда, тек талап пен еңбек 

қажет.


- Ісіңізге сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан Гүлназ ҚАДЫР.

Газет Талдықорған қаласы

Қабанбай батыр көшесі, 32-

үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ 

филиалы «Офсет» баспахана-

сында басылады.

Индекс: 64568

Газет айына екі рет шығады.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

Байланыс телефоны: 

223329; ішкі нөмір.1143

Бас редактор Үсен Өмірзақов

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

Жарнама мәтініне тапсырыс беруші жауапты.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Тапсырыс № 367

Таралым 2500 дана

Тілшілер Б.Жаңабаева, 

                 Т.Кәрім,                                

                 А.Байдаулетов

Корректор Ұ.Жолдасова

Беттеуші П.Қалиханқызы

Суретке түсірген Б.Айменов

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

бейсенбі, 17 наурыз, 

2016 жыл

12

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

ДЕМАЛЫС БЕТІ

Жетісу 


университеті

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

КЕРЕК-ДЕРЕК

С‰т туралы

Гүл туралы қызықты деректер

Мәліметтерді ғаламтор желісінен дайындаған 

Перизат ҚАЛИХАНҚЫЗЫ.

Gazeta.zhgu@mail.ru

Сүт - сусын ретінде де, тамақ 

ретінде де қолданылатын бірден-

бір өнім. Ол Еуропаның көп 

бөлігінде мұнайдан да қымбат 

екен. 100 мл сүттің құрамында: 87 

грамм су, 4,8 грамм қант, 0,1-3,8 

грамм май, 3,4 грамм ақуыз, 120 

милиграмм кальций, 12 милилитр 

магний, 3,3 мкг. йод, 32 мкг. А 

витамині, 0,18 мкг. В витамині 

және 0,4 мкг. В12 витамині бар. 

Сүтті энергия беретін сусын 

ретінде де қолданады. Әсіресе, 

спортшылар жарыс кезінде көп пайдаланады. Халықаралық сүт мейра-

мы 1 маусым күні атап өтіледі.

Безеуден құтылуға



1. Таза су. 

Теріні  сау  әрі  жас  етіп  сақтау  үшін,  су 

ішкен  дұрыс.  Сонымен  қатар,  қандай  да 

бір  газдалған  сусын  ішпеңіз.  Күніне  басқа 

да  сусындар  мен  сорпаны  есептемегенде, 

кем дегенде 8 стакан су ішіңіз. Су безеуден 

арылтатын  ең  негізгі  құрал  болып  сана-

лады.  Оның  үстіне,  су  тері  жасушаларын 

жаңартады.

2. Зәйтүн майы. 

Тамақты  зәйтүн  майымен  дайындаңыз. 

Бұл  көптеген  артықшылығы  бар  керемет 

тағам. Зәйтүн майы теріні безеуден тазарта-

ды. Ал ең негізгі қасиеті май қышқылдарының 

ішіндегі табиғи, тазасы екендігінде.



3. Көк шай. 

Асқынуға  қарсы  химиялық  элемент 

катехиннің негізгі көзі болып табылады. Бұл 

зат  теріні  безеуден  арылтуға  көмектеседі. 

Тері  жасушасының  бұзылуына  әкелетін 

еркін радикалдардың алдын алады.



4. Бидай және жаңғақтар. 

Бұл  тағамдар  тері  жасушаларының 

саулығына әсер ететін селеннің негізгі көзі. 

Селен бұзылған тері жасушаларын қалпына 

келтіріп,  безеуді  кетіреді.  Ал  жаңғақтарда 

теріні жұмсақ әрі тегіс ететін омега-3 майы 

бар.  Бұл  тағамдарды  тамаққа  қоссаңыз, 

безеуден де құтыласыз, теріңіз де жасара-

ды.

5. Ет пен балық. 

Ақуыздың  ең  негізгі  көзі.  Ақуызға  бай 

тағамдарды  пайдалану  арқылы  безеумен 

күресуге болады. Сенің күнделікті тамақтану 

мәзіріңде  ақуыз  міндетті  түрде  болуы  ке-

рек. Бұл теріні жұмсақ әрі тегіс етіп қоймай, 

сымбатыңызды  жақсартуға  көмектеседі. 

Өйткені, зерттеулерге сүйенсек, ақуыз артық 

салмақтан арылтады.

Безеудің қаптап кетуінен сақтаныңыз. 

Дәл қазірден бастап алдын алыңыз. 

Тамақтану рәсіміңді бірнеше рет бақылап, 

керекті тағамдарды мәзірге қосыңыз. 

Сонда безеудің ізі де қалмайды. Ал сіз 

өзіңізді өте бақытты әрі әдемі сезінесіз.

Сүт  десе  сиыр,  сиыр  десе  Үнді  елі  көз 

алдымызға  елестейді  емес  пе?!..  Сиыр 

ежелден қасиетті жануар болып есептеледі. 

Бала  шыр  етіп  дүниеге  келісімен-ақ,  оған 

болашақта  білгір,  білімді  болсын  деген 

мақсатпен сиырдың сүтін ішкізеді. Бұл елде 

сиыр сүті - ана сүтімен пара-пар. Сүт өнімі ел 

экономикасының  маңызды  бөлігі.  Әлемде 

үнді елі сүт өнімін өндіруден 2-орынға ие.

Германияның 66% халқы сүт құрамындағы 

витамин  жетіспеушілігінен  зардап  шегіп 

жатыр.  Германия  халқы  қолданысы  бой-

ынша  сүт  сырадан  кейінгі  орынды  алады. 

Әлем бойынша сүт өнімін өндіруден 5-орын 

алады.  Алғашқы  төрттік:  АҚШ,  Үнді  елі, 

Қытай  және  Ресей.  Сүт  туралы  заң  алғаш 

рет  1930  жылы  31  шілде  күні  Германияда 

қабылданған.

Ал,  Қытай  көбіне  сүтті  экспорттайды. 

Себебі,  сүт  құрамындағы  қант  —  қант 

диабетінің  ауыруына  алып  келетін  ең  

басты себептердің бірі. Бес алпауыт елмен 

бәсекелесу барысында Қытайдағы сүт өнімі 

күннен-күнге дамып келеді.

Ежелгі  кезде  Ресей  халқы  сүт  ашып 

кетпеуі  үшін  ішіне  тірі  бақа  салып  қоятын 

болған. Ресей дүкендерінде шикі сүт сатуға 

тиым  салынған.  Ресейдегі  сүттің  бағасы 

шет  елдің  бағасынан  қымбат  көрінеді.  

Германияда  1  л.  сүтті  45  евроцентке 

алсаңыз, бұл көрсеткіш Ресейде 1 евро.

Америка  сүт  өндіруден  әлемде  алғашқы 

орынға  ие  бола  тұра,  Еуропа  елдері  және 

Канада бұл елдің сүт өнімін қолдануға тиым 

салды.  Себебі  аталмыш  елдің  сүтінен  рак 

ауруы туыпты. 

Өзіміздің  еліміз  де  сүт  өнімдерін  өндіру 

жөнінен  басқа  елдерден  қалыс  қалмайды. 

Кезінде  Еуропа  саяхатшылары  қазақтың 

сүттен  қалай  май  алатыннын  таңдана 

жазғаны ақиқат. «Су сұраса, сүт берген, ай-

ран берген» қазақ сүттен көптеген өнімдер 

мен тағамдар даярлайды.

Әрбір  гүл,  тіптен  ең  кішкентай  және  қарапайым  гүлдің  өзі  - 

табиғаттың  таңғажайып  жұмбағы.  Гүлдерге  сүйсіне  қарап, 

ерекше  сезімде  боламыз.  Ендеше,  таңғажайып  гүлдер  әлеміне 

саяхат  жасап,  гүлдер  туралы  қызықты  фактілермен  таныс 

болайық.

Өткен  ғасырда  адамдар  гүл  сыйлау 

арқылы  өзінің  кез  келген  сезімін  білдіретін 

гүлдер тілі болған. Гүлдеген шие ағашының 

бұтағын  сыйлау  арқылы  махаббатын 

білдірсе, сыйланған сүмбігүл (гиацинт) саны 

арқылы  кездесу  күнін  белгілейтін  болған. 

Сол кездің серілері ғашықтарына ақ раушан 

гүлін  сыйлау  арқылы  ұсыныс  жасап,  одан 

келісім ретінде үміттене дәстүргүлді (марга-

ритка) күтетін болған. 

Сүйкімді  кішкентай  ботакөз  (незабуд-

ка)  гүлі  әлемнің  көп  тілінде  бір  мағынаны 

білдіреді екен. Мысалы, ағылшынша forget-

me-not, немісше Vergissmeinnicht деп атала-

ды. Алайда бір мағыналы атауға қарамастан, 

әр елде бұл гүлдің өз аңызы бар. Аңыздың 

бірі  бойынша,  Құдай  әлемдегі  кішкентай 

гүлден  басқа  гүлдердің  барлығына  атау 

беріп, кішкентай гүлге былай депті: "Ұмытпа 

мені!". "Осы сенің атың болады". 

Әлемдегі ең үлкен гүл — Раффлезия Ар-

нольд.  Оның  салмағы  11  кг  және  диаметрі 

91  см.  Ол  Индонезиядағы  Суматра  ара-

лында  өсіп  жатыр.  Ең  кішкентай  гүл  Ряски 

Вольфияның  әр  түрі  бар.  Оның  ұзындығы 

1  мм,  ал  ені  0,5  мм.  Ең  биік  гүл  (шамамен 

3  метр)    —  Аморфофаллус  Титанум.  Ең 

қымбат гүл Алтын Орхидеяның бағасы ша-

мамен 5000 $ тұрады. Ол алғаш рет 15 жыл-

да гүлдеген, Малайзиядағы Кинабалу тауын-

да өседі. 

1720  жылы  Карл  Линней  гүлдердің 

"уақытпен  бейімделу"  қасиетін  пайдала-

нып,  Швейцарияның  бір  шағын  қаласында 

тұңғыш гүлді сағат ойлап тапты. Бұл ерекше 

сағаттың  циферблаты  (сағаттың  цифрлы 

беті)  бірнеше  бөлімнен  тұрды.  Әр  бөлімде 

гүлдің нақты бір түрі өседі. Мұндай сағаттың 

көмегімен уақытты дәл анықтауға болатын. 

Гүлді  сағаттың  бір  кемшілігі  бұлтсыз  шуақ 

күнде ғана жұмыс істейді.



Атақты сібірлік микроминиатюршы 

Анатолий Коненко ең ерекше жинақ 

ойлап тапты. Оның жинағы раушан 

гүл күлтесінен дайындалып, өлшемі 

30*32 миллиметр болды. Жинақ әйгілі 

орыс ақыны А.С.Пушкиннің өлеңдерінен 

құралды. Ол оны өзінің әйеліне сыйлады.

Егер бетіңізге шыққан безеуден 

әбден ығыр болсаңыз, ашуға бой 

бермеңіз. Бүгіннен бастап дұрыс 

тамақтануға көңіл бөліңіз. 

Тамақтану мәзіріңізді реттеу 

арқылы, сіз безеуден құтыла 

бастағаныңызды байқайсыз. Ал 

ол үшін безеуді кетіретін 5 азық-

түлік көмектеседі.

Ағзаның саулығын зерттейтін 

арнайы бағдарлама дайындап 

шығарған диетологтар без-

еуден құтқаратын 5 тағамға 

басымдық беруді ұсынады.

көмектесетін 5 тағам



Күйеуаяқ

Күйеуаяқ  (ғұрып).  Жігіт  қалыңдығын 

алғаннан  кейін  әдеп  бойынша  енесін 

қошаметпен  өз  үйіне  апарып  салады.  Ата 

енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны 

«күйеуаяқ» дейді.



Түйемұрындық

Түйемұрындық 

(ғұрып). 

Ұзатылып 

жатқан  келіншек  көшінің  жолында  отырған 

ауылдың  адамдары  (жастары,  әйелдері) 

керуен  атының  ноқтасынан,  не  түйесінің 

бұйдасынан  ұстап  тұрып  сұрайтын  кәдесі. 

Қыз  анасы  оларға  кәдесін  жасайды,  кәде 

алған  риза  болып,  бақыт  тілеп  батасын 

беріп, жол болсын айтады.

Балдыз қалың

Кейде  қалыңдық  қайтыс  болатын  жай-

лар  кездеседі.  Мұндайда  қалың  малын 

төлеген болса, онда сол үйдің екінші қызын 

алуға құқы бар. Егер ер жігіт қалыңдығына 

ұрын барып, ол үйдің басқа қызы болмаса 

төлеген  малдың  жартысы  қайтарылады. 

Егер  бұрынғы  қалыңдығына  ұрын  барған 

күйеу  енді  балдызын  алатын  болса,  онда 

бұрынғының  үстіне  «балдыз  қалың» 

төлеуге тиіс. Оған түйе бастатқан бір тоғыз 

қосылады.  Күйеу  бұрынғы  қалыңдығына 

ұрын  келмеген  болса  «балдыз  қалың» 

төленбейді.



Қапқа салар

Қалыңдығын  алуға  келген  күйеу  барлық 

жол-жоралғысымен, 

яғни, 


құдалық 

кәдесімен,  үлкендерге  арналған  сый-

сияпатымен,  той  малымен  келеді.  Той  

басталды.  Қыз  өз  үйінен  аттанар  алдында 

оның әкесі барлық құдаға киіт кигізеді. Күйеу 

баласына  да  сыйлық  береді.  Бірақ  ол  киіт 

емес «қапқа салар» деп аталады. Ол бағалы 

киім, қымбат ер тоқым, жігіт жарақтары не-

месе мал болуы мүмкін. Әрине, бұл қайын 

атаның  дәулеті  мен  мырзалығына,  абырой 

беделіне сай жасалатын жолды дәстүр.

«Жиған тергеніңді 

тойда шаш» деп ба-

бамыз айтып кет-

кендей, халқымыздың 

көптеген дәстүрлері 

тойға байланысты 

екен. Азды-кемді 

атап өткенімізбен 

ұмытылып бара 

жатқандары да 

баршылық. Оқып 

шығып ұнағанын 

таңдаңыз.

Біз білмейтін салт-дєст‰р




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет